Бюджеттендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 19:35, курсовая работа

Краткое описание

Бюджет функцияларына жататындар: алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау, әр түрлі қызметтер мен жекелеген бөлімшелерді үйлестіру, басшыларды жауапты орталықтарының мақсаттарына қол жеткізуін ынталандыру, ағымдағы қызметтерді бақылау. Бюджеттендіру – бұл кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудың жеке жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.

Содержание

Кіріспе.
1.Кәсіпорындағы бюджеттік процестің ұйымдастырылуы
2.Бюджеттің функциялары
3.Жалпы және жекелеген бюджеттердің құрылымы
4.Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі
5.Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттің орындалуын талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Бюджеттендіру.doc

— 245.00 Кб (Скачать файл)

Сату жоспарын әзірлеу барысында ішкі және сыртқы факторлардың әсері ескерілуі керек.

Ішкі фактор кәсіпорынның өзіне байланысты шектеуді анықтайды. Оған жататындар, мысалы:

  • жаңа өнімді жобалау мүмкіндіктері (сатып алушылар талап ететін өнімді әзірлеудің мүмкін емесетігі);
  • кәсіпорындағы технологияның деңгейі (ыңғайлы жабдықтың болмауы);
  • өндіріс қуатының деңгейі (сатып алушыға қажетті мөлшерде және белгіленген мерзімде өнім өндіре алмау);
  • аса қажетті материалдардың (оларды сатып алатын қаражаттардың) және т.б.болмауы;

Бұл факторлар  кәсіпорынның өзімен байланысты болғандықтан, олардың шамасын анықтау аса  қиындық тудырмайды.

Сыртқы фактор сыртқы ортаның жағдайын (кәсіпорынға  қатысты)  және осы ортадағы кәсіпорынның орнын көрсетеді. Оған мыналар жатуы мүмкін:

  • кәсіпорын өндірген өнімге сұраныс деңгейі және оның маусымдық ауытқу деңгейі;
  • сұраныстың икемділігі (сұраныстың баға деңгейіне тәуелді болуы);
  • сатып алушылардың төлеу қабілеттері және оның өзгеру динамикасы;
  • кәсіпорынның нарықтағы үлесі;
  • бәсекелестердің саны мен мінез-құлқы;
  • елдегі жалпы экономикалық жағдай;

Сату бюджетін әзірлеу үшін басшылығы  барлық сыртқы шектеулер мен осы қызмет түрінің  ерекшелігіне қатысты болжаулы бағаларды  және нарықтық жағдайларды (мысалы, бәсекелестердің  ықтимал әрекеттері немесе шығарылған өнім бағасының ауытқуы), сондай-ақ жоспарлы кезеңдегі бизнестің жалпы экономикалық факторларының бағасын (мысалы пшылықтың болжаулы қарқыны немесе салықтық саясаттың өзгеруі) назарға алынуы керек. Әкімшілік сұраныстың ықтимал ауытқуы, шығарылатын өнімдердің ассортименті мен өзіндік ерекшеліктерінің болжаулы өзгерістерінің әсері сияқты сапалы факторлар да назарға алу қажет. Өнімнің сатылу көлеміне әсер етуі мүмкін барлық ішкі және сыртқы факторларды мұқият бағалағаннан кейін бюджетті жасауға кірісуі керек.

Сату көлемінің  сандық бағалауынан кейін болжаулы сұранысты қанағаттандыру үшін қанша  өнім өндіру керектігін анықтауға болады.

Сату бюджетін бекіткеннен соң сату жоспарында қалыптасқан деректердің негізінде  өндіріс бюджетін әзірлеуге және нақтылауға кірісуге болады.

Өндіріс бюджеті. Өндіріс бюджеті алдағы бюджеттік (жоспарлы) кезеңде шығарылатын өнімдердің түрі мен санын анықтайды. 

 

Өндіріс жоспары.

 

А бұйымы

В бұйымы

Сату болжамы

   

Жоспарлы жылдың соңындағы норма

   

Қорытындысына керегі

   

Жоспарлы жылдың басындағы қалдықтарды азайту

   

Өндіріс қорытындысы

   

 

Кәсіпорын сату бюджетінде көрініс табатын болжаулы сұранысты және жоспарлы кезеңнің соңындағы (ағымдық жылдағы өнімдердің ақырғы қорын қоса ескерумен) қалаулы қор көлемін назарға алып, өнім өндірудің құрылымы туралы шешімді негіздейді.

Жоспарлы сату көлемін заттай түрде белгілегеннен  кейін жоспарланған деңгейде дайын  өнімдердің қорларын өткізу және қолдау бюджетін орындау үшін өндірілетін  өнімдердің немесе қызметтердің бірлік санын анықтауға болады.

Заттай бірліктегі өндіріс көлемі былайша есептеледі:

Өндіріс көлемі (заттай бірлікте)=Өндіріс бюджеті+Сату бюджеті+Жыл аяғындағы дайын өнімдердің болжаулы қоры - Кезең басындағы  дайын өнімдердің қоры.

Өндіріс бюджеті заттай және ақшалай бірліктермен жасалады.

Ендігі жерде  өндіріс көлемі туралы деректерді ескере отырып, еңбек және материалдардың тікелей шығынының бюджетін әзірлеуге  кірісе беруге болады.

Өндірістің  жалпы шығынын анықтау үшін материал, еңбек шығындар мен үстеме шығынннан пайда болатын өнім бірліктерінің өзіндік құнын есептеу қажет. Сондықтан да бас бюджетті әзірлеудің келесі кезеңі жеке бюджеттерді жасау; материалды пайдалану бюджеті, еңбек шығынының бюджеті, үстеме шығын бюджеті.

Өндіріс жоспарының деректері негізінде материалдарды пайдалану бюджеті жасалады.

Материалдарды пайдалану бюджеті. Оны әзірлеу үшін өндіріс бюджетінде көрініс тапқан жоспарлы шығарылым туралы дерек және өнімнің әр түрін дайындау кезеңіндегі материалдарды пайдаланудың нормативтері туралы мәліметтер қажет болады.

Материалдарды сатып алуды жоспарлауда жоспарлы кезеңнің басында да, аяғында да материал қорының деңгейін ескеру керек.

Заттай бірлікте материалдардың шығынын есептеу  үшін мыналарды білу қажет:

  • есептік кезеңнің басындағы материал қорлары;
  • өндіріс бюджетін орындау үшін материалдарға қажеттілік;

Өндіріс жоспарын қамтамасыз етуге қажетті  материалдардың саны=Жоспарланған өнім көлемін өндіру үшін қажетті материалдар-Кезең  басындағы материалдар қоры.

Жоспарланған  өнім көлемін өндіруге қажетті материалдардың тікелей шығын есебі кестеде көрсетілген:

Атаулары

М11

М12

Жиыны

“А” бұйымының  саны (бұйым (кг)шығыны)

     

“Ә” бұйымының  саны (бұйым (кг)шығыны)

     

Қорытынды

     

 

Бұл бюджетті қалыптастыру барысында біз формула бойынша өнім өндірісіне қанша шикізат кететінін есептейміз.

Материалдардың  саны=Материал шығының мөлшері*Өндірілетін  бұйым саны

Ендігі жерде өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру үшін бізге  қаншалықты материал қажет екенін білгеннен  кейін, біз жоспарлы кезеңде сатып алатын материалдардың көлемін анықтауымызға болады.

Материалдарды сатып алу бюджеті. Бұл тұтас кәсіпорын және өнім түрлері бойынша заттай және құндық түрде алдағы бюджеттік кезеңдегі материалдардың, шикізаттың шығындары туралы ақпаратты қамтиды.

Материалдарды пайдалану бюджеті материалдарды  сатып алу бюджетін жасау барысында  жөнелтуші пункті ролінде болады. Шикізат өндірістің жоспарланған деңгейіне  көтеруге және бюджеттік кезеңнің соңына шикізат қорының  қалаулы деңгейін қалыптастыруға жеткілікті санмен сатып алынуы керек. Бұл бюджетті жасау барысында бастапқы қорлардың деңгейіне (яғни, ағымдық кезеңнің соңындағы қорларға) түзету енгізуді ұмытпау керек.

Сатып алу бюджетінде өндірістік міндеттердің орындалуына  қажетті шикізат пен материалдардың  саны мен сатып алудың  мерзімі анықталады.

Жоспарлы кезеңде  қанша материалды сатып алудың  қажет екенін есептеу үшін кезең  соңында кәсіпорын қорды қандай деңгейде шығару керектігін ескеру қажет.

Көрсеткіштер

М11

М12

Жиыны

Материалдар талап  етіледі,кг

     

Жоспарлы кезеңнің соңындағы мөлшер,кг

     

Қорытынды талап  етіледі,кг.

     

Кезең басындағы  қалдықтарды азайту

     

Сатып алуға  қорытынды

     

Баға, тг.

     

Сатып алу шығыны, тг.

     

 

Заттай бірлікте материалдардың шығынын есептеу үшін мыналарды  білу қажет:

  • есептік кезеңнің басындағы материалдар қоры;
  • өндіріс бюджетін орындау үшін материалға қажеттілік

Өндірістің  жоспарлы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге  қажетті материалдардың саны былайша  есептеледі:

Сатып алу көлемі (кг)=Өндіріс материалы+Жоспарлы кезеңнің соңындағы материалдар қорларының мөлшері-Жоспарлы кезеңнің басында қоймада пайда болған материалдардың қалдығы.

Сатып алудың құны сатып  алу бағасына сатып алынған материалдар  санының туындысы ретінде анықталады. Сатып алудың көлемі мен жоспарлы кезеңде өндірудің тікелей материалдық шығынды тапқаннан кейін тікелей еңбек шығынын есептеу қажет.

Негізгі өндіріс  персоналының еңбек шығыны бюджеті. Негізгі өндіріс персоналының қажеттілігін және жоспарлы кезеңде оның еңбекақы шығынын көрсетеді.

Еңбек шығыны өндірілген өнімнің тұрпаты мен санына, оның еңбек сыйымдылығына, еңбекақы жүйесіне байланысты болады. Бұл деректер өнім немесе қызмет бірлігінің санын бірлік сағаттағы еңбек шығынының мөлшеріне көбейтумен, ал ақша түрінде - қажетті жұмыс уақытын әр еңбекақының әр түрлі сағаттық мөлшерлемелеріне көбейту арқылы алынатын жоспарланған өндіріс көлемін орындауға қажет сағаттағы қажетті жұмыс уақытын анықтайтын еңбек шығынының бюджетін жасауда пайдаланылады.

Адам-сағаттардың саны бір  бұйымның еңбек сыйымдылығына бұйым сандарының туындысы ретінде есептеледі.

Тікелей еңбек шығынын (сомасын) құндық бағалау бір сағаттың төлем  мөлшерлемесіндегі адам-сағат сандарының туындысы ретінде болады.

Егер өндіріс  бюджеті кемітіліп, қажетті жұмысшылар санының  бағасы нақты, қажеттіліктен төмен болатын шаманы көрсету арқылы орындауға болады. Оның үстіне, әр түрлі жағымсыз салдарға соқтыратын қосымша шығын (мысалы, мерзімнен тыс еңбекақы) (мысалы, мерзімнен тыс төлеудің қажеттілігі ұйымның еркін ақшалай қаражатының көлемін кемітеді және оны әлдеқайда пайдалы мақсаттарға бағыттауға мүмкіндік бермейді) пайда болады.

Тікелей еңбек  шығынының бюджетін баламалы тәсілмен жасау өндіруші жұмыс уақытының  сағаттар санын “түзету” және оны  толық жұмыс уақытына келтіру  болып табылады.

Жоспарлы кезеңнің материалдары мен тікелей еңбек шығыны анықталғаннан кейін жалпы өндірістік шығынды есептеу қажет.

Жанама өндірістік шығындарға өндірістік бағдарламалардың орындалуына қажет өндірістік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге кететін шығындар кіреді.

 

Жалпы өндірістік шығын бюджеті

Шығын

Сома

Амортизация

 

Коммуналдық қызмет

 

Бақылау

 

Қосалқы персоналдың  төлемі

 

Жанама өндірістік шығынның жиынтығы

 

 

Үстеме шығын  шамасына ықпал ететін факторлардың осы себебі бойынша ол көптеген жағдайда өндірістің тікелей шығындарын анықтаудан гөрі әлдеқайда ауқымды болады. Егер, мысалы, күрделі қаржы жұмсау бюджеті жаңа завод сатып алуды қарастыратын болса, онда осы активтерге қатысты амортизациялық аударым өндірістің үстеме шығыны деп аталады.

Үстеме шығын  бюджетінің мүмкіндік шамасына қарай өзгермелі және тұрақты шығындарды шектеу керек.

Осы бюджетті жасау  үстеме шығыстарды тұрақтыға және өзгермеліге  жіктеумен болады, ол үшін олардың  шығарылған өнімдердің көлеміне байланысты зерттеледі. Егер үстеме шығын өндірістік бағдарламаларды қысқартуда немесе арттыруда өзгермесе, онда мұндай шығын тұрақты деп аталады.

Жалпы өндіріс  шығынының бюджеті нақты шығын  шығарушының (жабдықты күтіп ұстау  және пайдаланудың, жалпы салалық  тағайындаудағы негізгі құрал-жабдық амортизациясының  шығындары) өзіндік құныны шығарылу барысында бірден қосыла алмайтын болжаулы өндіріс шығындарының ретімен жасалған жоспарын білдіреді.

Бұл бюджеттің  екі мақсаты болады:

  • өндіріс және оған қызмет ету бойынша менеджерлер әзірлеген жалпы өндіріс шығындарының барлық бюджетін біріктіреді.
  • алдағы есептік жылдың жалпы өндіріс шығынының нормативтерін есептеуге деректер жинау;

Жалпы өндірістік шығын бюджетінің ықтимал баптары:

  • жабдыққа, машинаға және көлік құралына қызмет етет<sp

Информация о работе Бюджеттендіру