Шағын және орта бизнесті несиелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 01:16, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясы және ел басшылығы Қазақстанды ең жақсы дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосу жөнінде аса ауқымды міндет белгілеп отыр. Осы міндетті жүзеге асыру үшін отандық кәсіпкерлік қуатты экономикалық серпілістің локомотиві болуға тиіс. Ал ол Қазақстандық бизнестен алда тұрған міндетке сәйкес сапалық тұрғыда түбегейлі өзгертуді талап етеді.

Содержание

Кіріспе…………………...……………………………………....................................3
1 тарау. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәні мен маңызы.
1.1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары...................................................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибе...........................................................................................................13
1.3. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері және оның келешекте дамуы ..........................................................18
2 тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау.
2.1. «Цесна банк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау...............28
2.2. Ауылшаруашылық саласы бойынша лизингтік несиелендіруді талдау....35
2.3. Шағын және орта бизнесті несиелендіру Ақмола облысы бойынша........46
Қорытынды.................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

кур ж Шагын жане орта бизнесті несиелендіру.doc

— 558.00 Кб (Скачать файл)

- өндіріс салаларына мемлекеттік қолдау болған жағдайда отандық 
бюджет қаражаттарын тарту;

- көрсеткен қызметтері үшін белгілі бip мөлшерде пайда алады.

Қаржылық лизинтік келісімге қатысушылардың тағы бip тобы — лизинг алушылар болып табылады. Олар үшін  тиімділік неғұрлым сезімтал болуы қажет, ондай болмаған жағдайда лизинг npoцeci өзінің тартымдылығын жоғалтады. Ондай тиімдіктерге мыналарды жатқызуға болады:

- мүлік лизинг берушінің балансында болғандықтан лизинг алушы мүлікке      салынатын        салықтан      босатылады.        Лизинг бектісінің жеделдетілген амортизацияның пайдаланылуы оған өндірістi жедел түрде жаңартуға, қайта құруға мүмкіндіктер береді;

- сыртқы көздер есебінен капиталдар тарту лизинг ipі қаржылық ресурстарды жинақтамай-ақ жаңа өндірістi ұйымдастыруға көмектеседі.

Сонымен бipгe, лизингтік  төлемдер лизинг объектісі пайдаланудан түскен табыстар есебінен төленетіндігін ескеру қажет және лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілген тауарлар іске асыру мүмкіндіктеpi бар;

- маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелерді шешудің 
жеделділігі;

- келісімді  қамтамасыз етудің тиімділігi. Ceбeбi, лизингтік мүлік кепіл ретінде  алынатын болғандықтан несие  алғаннан гөpi, лизинг бойынша мүліктерді алу ыңғайлы;

- шағын және  орта фирмалар үшін лизинг  қаржыландырудың мүмкін болатын жалғыз әдici;

- лизинг алушы  үшін мүліктердің табиғи және  моральдық тозу тәуекелдіктерінің  азаюы. Мұндай тәуекелділіктер  мүліктер уақытша пайдалануға алынатын болғандықтан лизинг берушіге өтеді.

Әрине, қаржылық лизинтік келісімнің өзіне тән кемшіліктepi де бар. Жоғарыда айтылғандай, лизинг бepyшi үшін мүліктердің моральдық жағынан  тез тозу және лизинтік төлемдерді уақытында алмау тәуелділіктері бар. Ал, лизинг алушы үшін лизинг құны сол мүлікті сатып алу бағасынан жоғары болуы мүмкін. Бipaқ, барлық елдерде салықтық және амортизациялық жеңілдіктердің енгізілуі, лизингтік бизнестің тез қарқынмен өсуінe әкелді. Miнe осындай жaғдайлар қаржылық лизингтік қатынастардың кемшілік жақтарын жауып кетеді.

Қазіргі таңда  Қазақстан кәсіпорындары жақын  және алыс шетелден машина-техникалық импортты, отандық өндіруші-заводтардан  техниканың жеткізілуін мұқтаж етеді, бірақ осы техниканың толық құнын  қаражат жоқтығының салдарынан төлей алмайды және несие алу кезінде белгілі бір қиындықтарға шалдығады. Қорытындысында экономиканың барлық салаларында негізгі қорлар моральді түрде ескірді және физикалық түрде тозды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан өңірінің экспортқа бағытталған өндіріс кәсіпорындарында негізгі қорлар 50 және одан да жоғары пайызға тозған. Барлық салалардағы физикалық тозған және моральдік ескірген негізгі қорларды тез және түбегейлі өзгерту мұқтаждығы, шағын және орта бизнестің дамуының және оның технологиялық қолдауының темпі мен масштабын тездету қажеттігі «лизинг» деген ұғымға көңіл аударудың және практикалық қызығушылықтың маңызды алғы шарттары болды.

Соңғы кезде  лизингтік компаниялардың дамуына  байланысты лизинг алушылар негізінен  өндірістік жабдықтар мен автокөлікті сұрайды. Көбінесе лизинг компаниялары осы бағытта қызмет етеді, өйткені біздің мемлекетте шетелде сияқты лизингтің басқа нысаналарына әлі де болса дамымаған. Сонымен бipгe, қазіргi кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және әcipece ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгi құралдарын жаңартудың, құрылғылар мен машиналар пapкін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмec мәселелердің бipi болып табылады

Лизингтік төлемдерді қосымша материалдарда көрсетілген  техникалық құралдардың көмегімен мынадай кестені қарастырайық (ә). Кесте бойынша техниканың атауы, құны, лизингке алу мерзімі, % ставкасы, алғашқы 20 % жарна сомасы, 1 айда төленетін сома, толық мерзім ішінде төленетін жалпы сома, үстеме пайыз сомасы көрсетілген. Төмендегі кесте негізінен ауылшаруашылық техникалары, құрылыста қолданылатын техникалар, жол жөндеу техникалары және жер қазатын экскаваторлар мен жүк көтергіш крандар көрсетілген.

Лизингтік төлемдер деп лизингтік келісім-шарт бойынша  лизингтік мүлікті пайдалану  құқығы берілген лизингке алушының лизингке беруші төлейтін жалпы сомасы.

Сонымен бipгe, лизингтік төлемдерді есептеу кезінде мүліктергe салынатын салықты ескеру қажет. Ceбебi, мүлік лизинтік келісім-шарттың барлық мepзімi ішіндe лизингке бepушінің балансында болады. Лизингтік төлемдерді анықтау негізінде төлеу мерзіміне тәуелді лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және амортизациялық аударымдарды есептеу әдістepi жатыр.

Сөйтіп, лизингтік  төлемдердің жалпы сомасы тұрақты  өлшем болып саналмайды, ол лизингтік  мүліктің құнын қайтару жылдамдығына тәуелді.

Қаржылық лизинтік қызметтерді тұтынушылардың iшінен  экономиканың нақты секторларын, соның  ішінде шағын және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп қарастырудың маңыздылығы зор. Бәрімізгe белгілі, шағын және орта кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары өндіріскe қажетті мүліктерді сатып алу үшін жеткіліксіз. Ал, алғашқы қаржылық жағдайларының және кепілдік қабілеттерінің төмендегі банктік несиелерді алуда кедершілер туғызады. Miнe, осындай жағдайларда нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорындар үшін лизинг - құтқарушы құрал ретінде көрінеді. Еліміздегі кәсіпкерліктің шағын және орта бизнес формаларын несиелендіруді қолдауға қызығушылықтары бар лизингтік компаниялар құрылғыларды сатып алуга кететін алғашқы шығындарды өздеріне алады. Kiшi кәсіпкерлікті жүргізу үшін қажетті құрылғылар, яғни, сүт, ет сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін, өciмдік майларын, сусындарды дайындайтын кішi зауыттар, асхана және байланыс құрылғылары және т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады. Лизингтік компаниялардың, кішi және орта бизнес кәсіпкерлікке көп көңіл бөлу қажеттілігінің тағы бip ceбeбi, кішi бизнес лизингінің объектілері тәуекелдіктер пайда болған жағдайда оларды басқа қымбат емес келісімдер арасында бөлулеріне мүмкікдіктер бар. Kiшi және орта кәсіпорындардың дамуына лизингтік құрылғылар жолымен бағытталған инвестициялық қызмет ақша қаражаттарын пайдаланудың неғұрлым ceнімдi механизмі болып табылады. Осы шағын және орта кәсіпорындардың өзіне қажетті құрал техникаларын қандай жолмен алу тиімділігін қарастырайық.

    1. лизингтік компаниялардан лизингке алу жолы;
    2. кәсіпкер өз ақшасына сатып алу жолы;
    3. кәсіпкер банктен несие алып өзіне керекті құрал-жабдықты сатып алу.

Мысал үшін 50 000$ шамасында тұратын техника мен  жабдықты 5жылға алайық (Цеснабанк лизинг мысалында).

9. кесте  Лизинг схемасы арқылы техниканы мен жабдықты алу

               артықшылығының салыстырмалы кестесі                                  

Көрсеткіштер/

Варианттар

Лизинг арқылы алу, $

Банк несиесі  арқылы алу, $

Өз қаражаты есебінен алу, $

1. Жабдықтың  таза құны

50 000

50 000

50 000

2. Алғашқы жарна  мөлшері (% ставкасы)

10000

0

0

3. Несиелендіру  мерзімі

 

5 жыл

 

5жыл

 

5жыл

4. Сақтандыру

Техника мен  жабдық - лизинг заты ретінде қаралады

625 қаржыландыру сомасынан есептеледі

0, бірақ бұзылу  және жойылу қауіпі бар

5. Несие үшін % сомасы (кеден және тасымалдау  төлемдерін есептемегенде, % ставкасы)

16 % ставкасы кезінде 18363

16 % ставкасы кезінде 22954

0

6. Негізгі қарызды  өтеу сомасы

 

40 000

 

50000

 

0

7. Барлық төлемдер

58363

73579

50000

Басқа факторлар

1. Айналымдағы  капиталға әсері

Айналымнан  алу 10000, негізгі қорларға көп әсер етпейді

Әсер етуі көп  емес

Айналымнан  шығару 50000. айналымдағы капиталға  әсері көп және негізгі қорларды толықтыруға несие тартуды талап етуі мүмкін.

2. Кепіл беру  талабы

Қажет емес аванс  мөлшері 20% құраса

Несие сомасына және несиенің барлық мерзіміне % үшін кепіл 

Негізгі қорларды толықтыру үшін несие алу кезінде  несие сомасы және % кепіл қажет 


 

Кестеде көрсетілгендей техниканың импортының қаржылық артықшылықтары белгілі. Жабдықтың құны 50 000 АҚШ доллар болған жағдайда сіз оны лизинг арқылы алсаңыз несие алумен салыстырғанда 15216 АҚШ долларын үнемдейсіз. Лизингке жабдықты не болмаса техниканы алатын болсақ 20% мөлшерде алғашқы жарна төлейміз яғни 10 000 АҚШ доллар. Алғашқы жарна төлемеген жағдайда техника мен жабдыққа кепіл ретінде жылжымайтын мүлік, құнды қағазды қоямыз. Ал несие алу және өз қаржысына сатып алу кезінде алғашқы жарна төлеудің қажеті жоқ. Сақтандыру кезінде лизингке алған затымыз лизинг заты ретінде қарастырылып оған сақтандыру сомасы төленбейді, ал банк несиесі арқылы алу барысында 5 жылға 625 АҚШ доллары есептеледі. 16 % ставкасы кезінде  40 000 АҚШ долларына (20% алдын ала жарна төлеу бойынша) лизингке жабдық пен техниканы алуда 5 жылға үстеме пайыз сомасы 18363 АҚШ долларын құрайды. Банк несиесі арқылы алуда 5 жылға үстеме пайыз 22 954 АҚШ долларын құрайды , бірақ ол 50 000 АҚШ долларына есептелінеді. Бұл екі операциялар арасынан 15 216 АҚШ долларын үнемдейміз. Егер жабдықтың құны одан артық болса үнемдеу сомасы да көбірек болады. Ал сіз Лизинг қызмет банк қызметіне альтернатива (балама) болмайтынын ескеру қажет. Лизинг қызметі екінші деңгейдегі банктер үшін қосымша табыс алудың қосымша қайнар көзі болып табылады. Лизингті инвестициялау ретінде де (лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы қатынастар), несиелеу ретінде де (екінші деңгейдегі банктер мен лизинг беруші арасындағы, лизинг беруші мен басқа қаржы институттары арасындағы қатынастар) қарастыруға болады.

Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және ұзақ мерзімдi қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы экономиканың нақты секторларын несиелеуге ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейде бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Сонымен бipгe, коммерциялық банктер несиелердің  қайтарылмай қалу тәуекелдіктерін төмендету мақсатында несие беру шарттары күннен-күнге күшейтуде.

Miнe, осындай  мәселелерге байланысты бүгінгi таңда Қазақстанда қаржылық лизингтік  қызметті жедел дамыту үшін  қажеттіліктер тууда. Яғни, жоғарыда көрсетілген мәселелерді, оның iшінде экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы шешуге болады. Ceбeбi, қaзipгi кезде елімізде жұмыс icтеп тұрған қаржылық институттардың бірде бipeyi жоғарыда көрстеліген мәселелерді шешуге дайын емес.

Тағы бip айта кететін жағдай экономиканың нақты секторларын дамыту шеңберінде қаржылық лизингтік кең түрде дамуы төмендегідей жағдайларға мүмкіндіктер береді.

  1. Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемін жоғарылату арқылы оларға деген сұраныс үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз ету.
  2. Экономиканың нақты секторларына, яғни, өндіріске жаңа техникалар мен технологияларды енгізуді жеделдету. Елде бәсекелестік өндірісті құру.
  3. Өндірістік салалық құрылымын жетілдіру. Өнеркәсіптік өндіріске дұрыс көңіл бөлген жағдайда елдегі шикізат, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қорыта айтқанда, лизинг берушінің қызметін атқара отырып коммерциялық банктер лизингтік қатынастардың дамуының негізгі приоритетті бағыттарын анықтайды. Осы бағыттарды анықтау кезінде бүгінгі күнi, олар ең алдымен халыққа қызмет көрсету сапасын дамытуға және сапасы өте жоғары халық тұтынатын тауарларды шығаруды ұйымдастыруға арналған лизинг объектілеріне көп көңіл бөлулepi қажет деп ойлаймын.

Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің тәжірибелік  тұрғыдан альтернативі болып табылатын  күрделі қаржыны қаржыландырудың  ерекше формасы. Ол өндірістi компанияларға  көп шығын жұмсамай-ақ қажетті  тауарларды алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг - уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешенi. Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып алу-caтy туралы келісім-шарттардың лизинг үшін осы келісім-шарттардың күрделілігі тән.

 

2.3. Шағын және  орта  бизнесті несиелендіру Ақмола  облысы бойынша

Нарық жағдайында шағын  кәсіпкерліктің экономикадағы алатын үлес салмағы өсе түспек. Шағын  және орта бизнес – бұл бюджет қоржынын толықтырушы ғана емес, қосымша жұмыс орындарын ашып, ел экономикасы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта. Сондықтан, мемлекет шағын және орта бизнесті Іс жүзінде қолдап отыруға ынталы. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі оның қызметін белгілі шеңберде бақылауды белгілеу және өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасау болмақ.

Осы тұрғыдан алып қарағанда Ақмола облысында да шағын  және орта бизнесті дамыту бағытында  айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұған дәлел, соңғы жылдардағы шағын кәсіпкерліктің облысымызда қарыштап дамуы, оның өндірістегі алатын үлес салмағының уақыт өткен сайын артуы. Мәселен, облысымызда 2006 жылдың 1 қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 32,3 мың болды, ол 2005 жылға қарағанда 14% артты, соның ішінде 64,7% немесе 20,9 мың жеке кәсіпкерлер, 6,3 мың-шағын кәсіпорындар (19,6%) және 5,1 мың-шаруа қожалықтары (15,7%) тіркелген. Аймақтық көрсеткіш бойынша ең белсенді кәсіпорындар саны Көкшетау (33,7%), Степногорск (9,5%) қалаларында, Щучье (10,5%) аудандарында орналасқан.

Көпшілік белсенді заңды тұлғалар-шағын кәсіпкерлік  нысандары саудада-54,8%, ауыл шаруашылығына-17,3%, өнеркәсіпке-2,7%, құрылысқа-1,5% және т.б  салаға-23,7% маманданған. 2005 жылы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен зайымшы-банктің қаржыландыруы тәртібінде 31 кәсіпкерге 128,9 млн. теңгенің несиесі берілді (64,45 млн.теңге-облыстық бюджет қаржысынан). Несиелендірілген жобалар жүзеге асқанда 261 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелендіру