Шағын және орта бизнесті несиелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 01:16, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясы және ел басшылығы Қазақстанды ең жақсы дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосу жөнінде аса ауқымды міндет белгілеп отыр. Осы міндетті жүзеге асыру үшін отандық кәсіпкерлік қуатты экономикалық серпілістің локомотиві болуға тиіс. Ал ол Қазақстандық бизнестен алда тұрған міндетке сәйкес сапалық тұрғыда түбегейлі өзгертуді талап етеді.

Содержание

Кіріспе…………………...……………………………………....................................3
1 тарау. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәні мен маңызы.
1.1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары...................................................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибе...........................................................................................................13
1.3. Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері және оның келешекте дамуы ..........................................................18
2 тарау. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау.
2.1. «Цесна банк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау...............28
2.2. Ауылшаруашылық саласы бойынша лизингтік несиелендіруді талдау....35
2.3. Шағын және орта бизнесті несиелендіру Ақмола облысы бойынша........46
Қорытынды.................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

кур ж Шагын жане орта бизнесті несиелендіру.doc

— 558.00 Кб (Скачать файл)

Салалық талдау көрсеткендей, өнеркәсіп саласына бөлінген несиенің жалпы сомасынан 102,1 млн.теңге және 79,2% бағытталған. Мал шаруашылығын дамытуға 20,6 млн.теңге (16%), қызмет саласына-6,2 млн.теңге (4,8%) бөлінген.

Төмендегі 10 кесте  бойынша банктердің шағын кәсіпкерлерге  берген кредиттері жайлы қарастыруға  болады.

10. кесте    Банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектелеріне берген

                   несиелері, экономика салалары  бойынша  

                   млн. теңге  кезеңнің соңына   

Экономикалық  салалары бойынша

2003жыл

2004жыл

2005жыл

2006жыл

Барлығы

196 212

288 367

470 168

566 361

Өнеркәсіп

28 708

41 108

46 727

57 689

Үлесі, %

14,6

14,3

9,9

10,2

Ауыл шаруашылығы

29 636

29 862

50 096

55 212

Үлесі,%

15,1

10,3

10,7

9,8

Құрылыс

20 171

39 806

83 450

97 004

Үлесі,%

10,3  

13,8

17,7

17,1

Көлік

2 141

5 125

13 754

18 172

Үлесі,%

1,1

1,8

2,9

3,2

Байланыс

530

1 469 

758

1 634

Үлесі,%

0,3

0,5

0,2

0,3

Сауда

93 037

119 965

189 824

224 344

Үлесі,%

47,4

41,6

40,4

39,6

Басқалары

21 990

51 032

85 559

112 308

Үлесі,%

11,2

17,7

18,2

19,8


              

Статистикалық бюллетень №2(147) АҚПАН 2007ж.

 Кестеден  көріп отырғанымыздай банктердің  берген несиелерінің сомасы 2003 жылдан 2006 жылдар аралығында бірнеше  есе өскендігін байқаймыз. Банктер  қандай саланы болмасын қаржыландыруда. Өнеркәсіп саласында банктерден бөлінген қаржы 2 есеге дейін өскендігін байқадық. Ауылшаруашылық саласында да осынша қаржыландыру болған. Ал құрылыс саласы бойынша банктер бірнеше есеге дейін қаржыландыру көлемін жоғарлатқанын кесте бойынша көріп отырмыз.

  Сонымен қатар 2005 жылдың аудандық және қалалық бюджеттен шағын бизнес субъектілерін несиелендіру үшін 40,6 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 39,1 млн.теңге жұсалды, нәтижесінде 383 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Екінші деңгейлі банктермен 4181,6 млн.теңге сомасының  несиелері берілді, оның ішінде Көкшетау-2613,5 млн.теңге (62,5%), Щучье-16,6% (693,7 млн), Атбасар-5% (208,4млн) аудандарына бөлінді.

Экономика салалары бойынша саудаға 1441 млн.теңге (34,5%), ауыл шаруашылығына-1157,2 млн. теңге (27,8%), өнеркәсіпке 258 млн. теңге (6,2%), басқа қызмет түрлеріне 1325,4 млн. теңге (31,5%) несие бөлінді.

    Мұнымен  қоса, кәсіпкерлікке несиелік қолдауды  Зеренді ауданындағы “Шағын несие”  Қоғамдық қор өкілдері, “Шағын  кәсіпкерлікті дамыту қоры”   акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалы, ауылдық  несиелік серіктестіктер көрсетті. 2005ж. “Шағын несие” қоғамдық қоры өкілдерімен 7,5 млн. сомасына 105 проект несиелендірілді, ол 2004ж. деңгейімен салыстырғанда 38 проектке артық, аймақтық филиалымен 162 млн. теңгенің 30 проектісі несиелендірілді, ол 2004ж. қарағанда 5 есе артық.

Шағын бизнестің  қалыптасуының негізгі жағымды  жағдайының  бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын  жасау мен дамыту болып табылады.

Облыс бойынша 3 бизнес – инкубатор және 8 бизнес – орталықтары тіркелген. Бизнес – инкубаторлар келесідей заңды тұлғалармен ұсынылды: “Инвест Консалтинг – Көкшетау” ЖШС (Көкшетау), “Феникс ЛТД” ЖШС (Степногорск), “Атбасар бизнес – инкубаторы” ЖШС (Атбасар).

Көкшетау қаласында  бизнес – инкубаторын құру үшін “Евразия” қорынан 19,5 мың АҚШ долларымен гарант түрінде және облыстық бюджеттен ақша бөлінді. Ұйым 4 жыл қызмет істеп келеді, ол кәсіпкерлерге консалтингтік қызметтер көрсетеді. Бизнес – инкубатормен шағын және орта  бизнес салаларына “Агробизнес кәсіпорындары үшін халықаралық   маркетинг және менеджмент”, “шағын бизнес субъектілеріне салық салу” және т.б. тақырыптарында оқыту, семинарлары жүргізіледі.

“Атбасар бизнес – инкубаторы” ЖШС “МЭН”  ЖШС қаржылай қолдауы арқасында  құрылып, оған аудан  кәсіпкерлеріне  консалтингтік қызмет көрсету үшін офистік тұрақжай және қажетті оргтехникалар бөлінді. Мұнда бизнес – жоспарлар жасау, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, құрылтай құжаттарын дайындау, компьютерлік техникамен мамандар дайындау және қайта даярлау, ақыл-кеңестер ұсыну жөнінде жұмыстар  жүргізілуде.

Степногорск қаласында  орналасқан “Феникс ЛТД” ЖШС жалпы  алаңы 10 мың  шаршы метрді құрайтын 2 екіқабатты  ғимараты бар болса, оның бүгінде 20% ғана игерілді. Бұл жерде  алкогольсіз сусындар құятын, жартылай фабрикаттар, биотехнологияларға сіңгіш өнімдер және т.б.  шығаратын шағын кәсіпорын  орналасқан. Қаржылай қолдаудың  болмауы қалған  алаңның бизнес-инкубатор үшін толық көлемде қамтылуына мүмкіндік берілмейді.[18.7]

2006 жылдың 1 қаңтарына  дейін облыста аудандық, қалалық әкімдіктердің мәліметі бойынша шағын кәсіпкерліктің 36,9 мың  субъектісі тіркелген. Бұл 2004ж. деңгеймен салыстырғанда 14,1% көп. Тіркелген субъектілердің жалпы санының 6,8 мыңы заңды тұлғалар (18,5%), 24,6 мыңы – жеке кәсіпкерлер (66,5%), 5,5 мыңы – шаруа қожалықтары (15%).

Аймақтық көрсеткіш  бойынша ең белсенді кәсіпорындар саны Көкшетау – 33,7%, Степногорск – 9,5% қалаларында, Щучье ауданында -11,3% орналасқан. Шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің басым  көпшілігі – 53,7% сауда саттықпен, 16,7% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіптік өндірісте – 2,6%, құрылыста – 2,1% және басқа да іс түрлерімен - 24,9% шұғылданады.

Кәсіпкерліктің  тұрақты дамуының ең басты кепілінің  бірі ретінде Елбасының кәсіпкерлерге  несие берудің көздерін молайтуды талап етуде. Сондықтан кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында 2005ж. әртүрлі көздерден жалпы сомасы 8,8 млрд. теңгенің несиесі бөлінген. Облыстық бюджеттің қаржысынан 170 млн. теңге бөлініп, іске асырылды.

2007 жылдың 1 қаңтарында  дейін облыста статистика басқармасының және аудандық, қалалық әкімдіктердің мәліметі бойынша шағын кәсіпкерліктің 36,3 мың субъектісі тіркелген. Бұл ана  жылға қарағанда 13,9%  көп. тіркелген субъектінің жалпы санының 25,5 мыңы  немесе 70,2% жеке кәсіпкерлер, 5,2 мыңы – шағын кәсіпорындар (14,4%) және  5,6 мыңы шаруа қожалықтары (15,3%).[25.9]

 

 

Қорытынды

 

Қорытынды ретiнде Қазақстан  Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлi жақсарту мен экономиканы  дамыту үшін шағын және орта бизнес кәсіпкерлер тобын жетiлдiруге алып баратын әрi кәсiпкерлiк қызмет саласын несиелендіру iсiнiң мақсаты да жүйелі түрде қажет екендiгiн атап өтудi жөн деп санау қажет.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Оның “Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы” Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрi жетiлдiрiп, жер-жерде азаматтарды шағын және орта бизнеске тарту үшiн қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселенiң ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретiнде қарастырды. Алайда, қабылданған шаралардың iс жүзiнде нақты жүзеге асуы жеткiлiксiз болып отыр. Шағын және орта бизнесті несиелендіруге қолдау көрсетуге бөлiнетiн қаржы мардымсыз, оны қаржыландырудың ықтимал көздерiн iздестiру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Ал, банктер тәуекелi төмен iрi кәсiпорындарға ғана несие бергендi жөн санайды. Менiң ойымша, мұндай көзқарасты түбегейлi өзгерту қажет. Iрi компаниялар мемлекет қолдауына мұқтаж емес, ал шағын және орта кәсiпорындарды мемлекет мiндеттi түрде қолдауы керек. Тез арада шағын және орта кәсiпкерлiктi нақты қаржылық қолдайтын арнайы инвестициялық шараларын жүргiзген дұрыс. Шағын кәсiпорындар жеңiлдетiлген несиелердi алып қана гүлдене алады және берiлетiн жеңiлдетiлген несиелердi халықтың салымдары есебiнен, зейнетақылық жинақ қорлары мен бюджеттен тыс қорлар қаржылары есебiнен алуға болады , қазіргі уақытта оған бюджеттік деңгей жеткілікті.

 

Шағын және орта бизнестi қолдаудың негiзгi мақсаты-олардың  әлеуметтiк-экономикалық қызметiн тиiмдi атқаруына мүмкiндiктер жасап, өмiр  сүру мерзiмiнiң неғұрлым ұзаруына ықпал  ету. Менiң пiкiрiмше, мемлекеттiк қолдаудың бағыттары бойынша бiрнеше нақты шараларды iске асыру қажет.

Бiрiншi шара - шағын және орта бизнестің  мүдделерін қорғайтын салық реформасын жасау керек, атап айтқанда, бiрiншiден, экономиканың бұл саласына мемлекет тарапынан таза фискалдық көзқарасты өзгерту; екiншiден, тиiмдi инвестициялар тарту үшін салық жеңiлдiктерiн енгізу.

Кәсiпкерлердiң тауар өткізу нарығын  кеңейту үшін оларды тікелей қатыстыру  керек. Мемлекет мұқтаж өнiмдердi шығаруға шағын және орта бизнес нысандары  үшiн мiндеттi түрдегі кiшi квота енгiзу, тауар өткізу нарығындағы шағын кәсіпорындардың тұрақтылығын нығайта түседі. Сондай-ақ ойға қонымды протекционизм мен импортқа квота енгізу де шағын фирманың “тынысын кеңейте түспек”.

Екiншi шара - шағын және орта кәсiпкерлiкке қаржылық жәрдем беретін арнайы қаржылық қорларды құру.  Бұл қорлардың шағын және орта кәсіпорындардың қаржылық қауқары мен “ірге тасына” қарай, тiптi, несие алуға кепiлдiк бере алатындығы мақұл.

Үшiншi шара - монополияға қарсы  күрес, әдiлеттi бәсекелестік орнату, тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс жүзінде жетiлдiру үшін республика бойынша шағын және орта бизнесті қолдаудың жүйесін жасау.

Расында да, шағын және орта бизнесті экономиканың мықты буынына айналдыру  үшін оның қуатты инфрақұрылымдары ауадай қажет.

Өтпелі экономикада  шағын және орта бизнестің бiртiндеп қалыптасуы заңды құбылыс. Мемлекет  тарапынан жiберiлген кемшiлiктер мен  қателiктердi уақыттың өзі түзеп  отыратыны да белгiлi. Дей тұрғанмен, шағын және орта бизнесті дамытудың, мемлекеттік қолдаудың жоғарыда ұсынылған үш деңгейлі жүйесі бүгiнгi күні маңызды көрiнедi. Республикалық, аймақтық және жергiлiктi деңгейдегі мемлекеттік қолдау механизмдері нарық экономикасының ең белсендi бөлiгiнiң – шағын және орта бизнестің дамуына даңғыл жол ашады.

Жұмыстың барысында мынандай жағдай анықталды:

1. шағын және орта  бизнесті несиелендіруді қолдау  мен басқарудың әдістері мен  озық үлгілері ұсынылды;

2. еліміздің экономикасына  тән өзіндік ерекшекліктеріне  сәйкес шағын және орта бизнесті  несиелендіруді қолдау мен дамытудың тұжырымдамасы дайындалды;

3. зерттеу объектісін  басқарудың қағидаларына сәйкес  оны үдете дамытудың  экономикалық  механизмдерін (несие беру, инвестиция  тарту, салық салу, баға деңгейін  реттеу, инновациялық белсенділікті  арттыру және т.б.) жетілдіру негізделді;

4. өндірістің негізгі  салалары мен инфроқұрылым сферасында  әрекет етуші кәсіпкерліктің  шаруашылық байланыстарын нығайтудың  бағыттары айқындалды;

5. шағын кәсіпкерлік  пен бизнесті несиелендіруді  дамыту мен қолдаудың аймақтық  астарлары мен жолдары көрсетілді;

6. шағын кәсіпкерлік  пен бизнесті мемлекеттік қолдаудың  жүйесі және оның құқықтық  базасын одан әрі жетілдірудің  жолдары жөнінде ұсыныстар енгізілді. 

Мен өзiмнiң дипломдық  жұмысымда қазақстандық шағын және орта бизнестің тууы мен қалыптасуына жiтi шолу жасай отырып, ең бастысы шағын және орта кәсіпорындарды несиелендіру мен қаржыландырудың мән-мағынасына талдау жасау тиімді. Осының нәтижесінде шағын және орта бизнесті несиелендірудегі мемлекеттік қолдау мен реттеудің қажеттiлiгiне толық мүмкіндік бар.

Сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарда қызмет ететін жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі өзiнiң өзектiлiгiн жойған жоқ. Орташа айлық жалақысының төмен емес деңгейі, жұмыскерлердің ағымдық коэффициентiнiң  жоғары болуына ықпалын тигiзедi. Сондықтан мұндай мәселені шешу үшін мемлекеттік органдар, әлеуметтік қорғау органдары кәсiпкерлiк құрылымдарының жұмысын үйлестіру, іс-шараларын әзірлеу қажет деп ойлаймын. Шағын және орта кәсiпкерлiк үшін салық жүйесін ықшамдау мақсатында зейнетақы қорына ақша аудару, патент үшін төлемнен басқа барлық салықтарды, алымдарды, төлемдерді жойып тек айналымнан алынатын салық қана енгiзу қажет сияқты.

Сонымен қорыта айтқанда, осы жоғарыда аталған шаралар  тезірек енгiзiлiп, оны ұйымдастыру  дәрежесі жоғары болғанда шағын және орта  бизнес кәсіпорындарының тиiмдiлiгi артуға тиісті.

Президент кәсiпкерлiктi дамытуға, шағын және орта бизнестi, iшкi сұранысты кеңейту мен нығайтуға  қолдау бiлдiруде мемлекеттiк саясаттың  жаңа, рынокқа бағынған тетiктерiн ұсынып келедi. Әлемдегi 50 мықты мемлекеттердің қатарына қосылу оңай тiрлiк емес.

Бизнесіміз өрiстесiн. Артта қалғандарға қарап жағдайымыз жақсы деп салыстырмайық, алға кеткендермен жарысып, жағдайымызды солармен салыстыра iлгерi басайық.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.Сәбден О,  Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті  басқару-Алматы: Білім, 2002ж.

  1. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы: Оқу құралы.Алматы: Қазақ университеті, 1999-184 бет.
  2. К.Б.Бердалиев Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2001.
  3. Сахариев С.С, Сахариева А.С. Әлем экономикасы (оқулық) I-бөлім. Алматы, Дәнекер.-2003ж.
  4. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория (оқулық)
  5. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауы //Алматы, 2006ж.
  6. Мейірбеков Б.Қ. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау жолдары мен дамыту әдістері. Автореферат-Алматы, 2004ж
  7. Мейірбеков Б.Қ. Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер. //Хабаршы Қазақ Ұлттық инженерлік академия 2004-№1, 164-169 бет
  8. К.Б.Бердалиев, С.Ы.Өмірзақов. Басқару негіздері: Алматы, Экономика 1997ж
  9. АльПари экономикалық журнал – 2004 ж №1.
  10. //Қаржы. №4/2004ж.
  11. Ұлттық қоғамдық-саяси журнал //Ақиқат. 4/2004-30 бет.
  12. //Көкшетау газеті 2004ж, 9 желтоқсан.
  13. //Арқа ажары газеті. 2005ж, 26 ақпан.
  14. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры: (несие алудың тәртіптері) //Көкшетау газеті, 2004ж 9 желтоқсан
  15. //Саясат-Policy-2003 №12-32-35 бет.
  16. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 ж бағдарламасы. // Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Актілер жинағы. 2003-№49, 10-11 бет.
  17. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерліктімемлекеттік қолдау туралы» Заңы 19.06.1997ж
  18. Чекмарева Е.Н. Лизинговый бизнес. М., 1993 ж., 40 б
  19. //Хабаршы-Вестник журналы-№3(43)-2004
  20. //Арқа ажары газеті №21(16190)
  21. //Егемен Қазақстан газеті. 25 қаңтар №20-23(24276)
  22. //Егемен Қазақстан газеті. Жеке кәсіпкерлік: тірлік, табыс, тәуекел. 11 ақпан 2006 ж, №34(24287)
  23. //Арқа ажары газеті. 18 ақпан 2006ж, №20(16189)
  24. Райхан Н.Шағын кәсіпкерлік:кеше мен бүгін.//Ақиқат-2005-№5, 44-47б
  25. Мейірбеков Б. Шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау керек.//Ізденіс-Поиск-№4, 34-39 бет
  26. Шағын кәсіпкерлік даму деңгейін рейтингтік бағалау әдістемесі //Журнал “Поиск”-2002ж, №2-0,5
  27. АльПари экономикалық журнал2005ж №3
  28. Экономикасы дамыған елдердің шағын кәсіпкерлігі //Журнал “Поиск”-2003ж-0,6
  29. Салықтық реттеу.//Хабаршы-№2(36)-2003-27 бет
  30. Шағын бизнесті дамыту жолдары. //Хабаршы-№1(41)-2004-134 бет
  31. Проблемы развития малого бизнеса. //Хабаршы-№6(40)-2003-76 бет
  32. //Казахстан: Экономика и жизнь-19996-№2, с 10-16.
  33. Малый бизнес в Казахстане: понятие, современное состояние малого бизнеса. //Предприниматель и право-2005-№11, с 7.
  34. //Технологии управления. 2004-№4 с 16-18.
  35. //Банки Казахстана 2005-№4 с 22-27.
  36. // Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының хабаршысы 2004-№2, 140-141 бет
  37. Шағын бизнеске ұдайы қамқорлық. М.Есенбаевпен кездесу.//Көкшетау-2004ж 1 сәуір
  38. Дамудың алғы шарты бар. //Арқа ажары-2005ж, 26 ақпан.
  39. Аташева Д.О.Шағын кәсіпкерлік:тәжірибесі, өзекті мәселелері және дамуын кешенді бағалау. Автореферат.Алматы, 2004-30 бет
  40. Статистикалық бюллетень N 2 (147) АҚПАН 2007ж
  41. WWW.tsb.kz
  42. WWW.halykbank.kz
  43. WWW.akorda.kz

Информация о работе Шағын және орта бизнесті несиелендіру