Картография

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:38, лекция

Краткое описание

Картография гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарымен байланысты Гуманитарлық ғылымдарға: экономика, тарих, жаратылыстану ғылымдарға: физикалық география, ландшафттану, осының ішінде салалық ғылымдарға: геология, климатология мен метеорология, топырақтану, ботаника, зоология және нақты ғылымдарға: математика, геодезия, кибернетика, статистика жатады.

Содержание

1. Географиялық карталарда қолданатын масштабтың түрлерін түсіндіру.
2. Географиялық карталардың жіктелуін және ерекшелігін білу.
3. Топографиялық карта бойынша есептер шығару.
4. Географиялық карта бойынша профильдер түсіру.
5. Географиялық карталар бойынша картографиялық проекцияларды ажырата білу.

Вложенные файлы: 1 файл

картография лекция.doc

— 5.51 Мб (Скачать файл)

  Транслитерация - әріптің бір алфавиттен екінші алфавитке атын айтпай- ақ көшуі. Бұл түрге көп жүгіне бермейді, мысалы кей жағдайларда, топонимнің нағыз дыбысталуы белгісіз болса. Мұндай жағдайлар болып тұрады , мысалы , Гренландиядағы эскимостық аттардың даниялықтардың картасына берілуінде немесе Австралиядағы байырғы аттардың ағылшын карталарына берілуінде.

   Дәстүрлі түр - жазылуында түпнұсқадан айырмашылығы бар, бірақ осы елдің ауызекі сөйлеуінде әлдеқашан тамыр жайған. Орыс топонимикасы мынадай үлгілерді білдіреді , карталарда Финляндия дәстүрлі жазылады , Суоми емес , Греция , Эллас емес , Грузия , Сакартвело емес , Шпицберген , Свальбар емес. Францияның бас астанасы Пари орыс тілінде Париж болды, итальян қаласы Наполи - Неаполь , ал Темс ағылшын өзені – Темза деген атқа ие болды .

   Шартты үлгілерде топонимикалық  белгілердің георгафиялық атауларымен  салыстырулары тура келеді.

   Аудармалы түр – атаудың бір тілден басқа тілге мағынасымен берілуі . Негізінен халықаралық дәстүр орнатқан елдерге қатысты ,мысалы Піл сүйегі жағасы, Добрая Надежда мүйісі, Скалистые таулары,Жасыл мүйіс аралдары, Отты жер, Қара теңіз. Жиірек атаудың тек жартысы аударылады : жаңа , кәрі , солтүстік , оңтүстік , үлкен , аз , орыс , татарлық – олар мән жағынан сын есім болып келеді . Үлгілер көп : жаңа оңтүстік Уэльс, Солтүстік Каролина,Үлкен Хинган, Кіші Антиль аралдары, Орыс Ашнягы, Татар Ашнягы және сол сияқты.

Географиялық аттардың берілу түрі

 

Топонимика тілі

Жергілікті ресми

Фонетикалық

Транслитерация

Дәстүрлі

Ағылшын

Француз

Неміс

Итальян

Норвег

Фин

England

Paris

Wien

Genova

Norge

Suomi

Ингленд

Пари

Вин

Дженова

Норье

Суоми

Енгланд

Парис

Виен

Генова

Норге

Суоми

Англия

Париж

Вена

Генуя

Норвегия

Финляндия


Жазулардың түрлері

   Шартты белгілерден басқа  , карталарда көп санды жазуларды  қатысады. Олар құрамның маңызды  элементін құрастырады , бейнеленген  обьектіні түсіндіреді , олардың  сапалық және сандық мінездемесін  көрсетеді ,анықтамалық мәлімет алу үшін қызмет етеді . Жазулар картаны байытады , бірақ оның оқуын бір уақытта төмендете алады . Жазулардың үйлесімді сан құруы және олардың дұрыс орналастырылуы картографиялық туынды жасауда маңызды мақсатты құрастырады.

   Жазулардың үш тобы  бөлінеді .

   Топонимдер – картографиялық  обьектінің өзінің меншікті атауы  . Олар рельеф элементтерінің  аттары- оронимді, су обьектілерінің  аттары-гидронимді , этностардың аттары- этнонимді, жануар әлемінің аттары- зоонимді және сол сияқты.

   Терминдер – картографиялық обьектіге қатысты ұғым. Бұл жалпыгеографиялық, геологиялық , мұхиттық , әлеуметтік - экономикалық және - басқа терминдерді бола алады ( мысалы ,«аудан»,«бұғаз»,«шығанақ» және басқалары.).

   Түсіндірмелі жазудың :

- сапалық мінездеме;

- сандық мінездеме;

- хронологиялық жазу;

- қозғалыс белгілеріне түсіндірме;

- меридиандардың және параллельдердің  цифрлеу және картографиялық  тор сызықтарына түсіндірме түрлері  бар.

        3. Топонимика ( грекше topos- орын және Noma -  ат ) - географиялық атауларды зерттейтін ғылым, олардың пайда болуын, мағынасын, дамуын, қазігі жағдайын, оларды белгілеуді зерттейді. Топонимика география, тарих және лингвистика ғылымдармен байланысты. Топонимия - қандай болмасын аумақ атауларының жиынтығы.

Топонимика бірнеше түрге бөлінеді:

·  Ойконимдер – елді мекендердің атаулары ( гр. oikos - пәтер-үй, мекен).

·  Астионимдер - қалалардың аттары (гр. asty - қала)

·  Гидронимдер - өзендердің аттары (гр. hydros - су).

·  Дримонимдер - ормандардың аттары (гр. δρΰς  ағаш).

·  Оронимдер - таулардың аттары (гр. oros - тау).

·  Урбанонимдер – қала ішіндегі нысандардың аттары (Urbanus - қалалық ).

·  Годонимдер - көшелердің аттары (гр. hodos - жол, көше, арна).

·  Агоронимдер - аудандардың аттары ( гр. agora - аудан).

·  Дромонимдер - хабарлау жолдарының аттары (гр. dromos - қозғалыс, жол).

·  Макротопонимдер – үлкен аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. makros - үлкен).

·  Микротопонимдер - кішкене аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. mikros - аз).

·  Антропотопонимдер – адам қолынан пайда болған географиялық нысандардың аттары              (гр. antropos - адам).

        3. Географиялық атаулар бұл топонимдер болып есептелінеді. Географиялық атаулар карталарды орналастыру кезіндегі нақты шараларды қажет етеді. Топонимика бес формада қолданылады:

  1. Жергілікті арнайы жерлер формасы, яғни бұл елдердің мемлекеттік тілімен жазылады.
  2. Фонетикалық формасы, яғни мұнда басқа тілде жазылуы.
  3. Салттық формасы, мұнда әрбір елдің тілінде жазылады.
  4. Ауыстыру формасы мағынасына қарай жазылады (Отты жер- Огненная земля).

   5.       Әріппен берілу формасы немесе оны транслитерация деп атайды. Бір әріппен беріле отырып, екінші әріпке көшу.

Лекция №10, 11.

Жалпы географиялық карталар

1. Жалпы географиялық карталар  болмысы.

2. Жалпы географиялық картадағы сулы нысандарды кескіндеу.

3. Картада елді мекендерді, территорияның  тығыздығын және орналастыру  реті.

1. Карта деп белгілі бір математикалық  ережелермен жер бетінің жазықта  кішірейтіліп, жинақтап бейнеленуін  айтады, онда географиялық нысандар шартты белгілер арқылы көрсетіледі. Картада жер шарының, күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардың, аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, жинақталып шартты белгілермен белгіленген.

Карталар мазмұнына қарай 2 түрге  бөлінеді: жалпы географиялық және тақырыптық карта.

Жалпы географиялық карта – жер  бетінің бедері кескінделен карта. Онда жер бетіндегі барлық нысандар бейнеленеді.

Топографиялық карта жалпы географиялық картаға жатады. Мынадай масштабтан

1:1000 000-нан 1:10 000-ға дейін құралған карталар топографиялық деп аталады.

Ең алғашқы топографиялық карталар (грекше topos – орын) жер бетінің нақты бір орнын (нүктесін) көрсетіп, ірі масштабта сол аумақтың шекарасын толық суреттеп берген.

Топографиялық карталардың негізгі  ерекшеліктері:

-   координаталар мен шартты белгілердің бірыңғай жүйесінде жасалуы;

- жергілікті жердің қазіргі  таңдағы жағдайын көрсетеді, картаның  масштабына сәйкес геометриялық  дәлдікті сақтайды;

- пайдаланушылар үшін ыңғайлы,  жергілікті жердің бағыт-бағдарын  жылдам анықтауға мүмкіндік береді;

Топографиялық карталардың негізгі  функциялары:

Анықтама – аумақ туралы географиялық мәліметтерді алуға, нысандардың орнын, олардың саны мен сапасы жайлы  толық мағлұмат алуға мүмкіндік  береді;

Метематикалық – географиялық координаттарын жоғары дәлдікпен есептеуге, жергілікті жердегі нүктелердің сипаттама беруге, ұзындықтарды өлшеуге, нысандардың ауданын және басқа да өлшеулер жүргізуге болады;

Технологиялық – негізі ретінде  пайдаланып, қосымша материалдарды  орналастыру.

Топографиялық карталарды негізгі үлгі ретінде әртүрлі зерттеулік және өндірістік жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланады.

2. Картадағы гидрогеографияның  элементтеріне өзендер, көлдер, каналдар, суқоймалар, бұлақтар және басқа  да су акваториясын бейнелейтін  нысандар жатады. Топографиялық карталардағы шартты белгілер шельфтік аумақтағы карталармен келісілген.

Жағалық сызықтар тұрақты, анықталған және тұрақсыз, анықталмаған деп жіктеледі.Топографиялық  карталар өзен жүйесінің, арналарының  үйлесімдік ерекшеліктерін, жайылманың, жағаларының үлгісін және сипаттамасын береді.

 Ірі өзендердің шартты белгілері  сапалық және сандық көрсеткіштермен  беріледі – ағыстың жыламдығы  мен бағыты, тереңдігі мен ені,  арнадағы топырақ, су деңгейі,  өткелдің бар болуы (паромдар, көпірлер, өткел) сарқырама мен табалдырықтар. Егер өзеннің атауы бас әріптермен жазылса, онда осы учаскеде кеме жүзеді.Кеуіп жатқан өзендер және өзендердің аумағы сызықтық пунктирмен, жер асты өзендердің аумағы нүктелі пунктирмен беріледі.

Каналдардың шартты белгілері түзу сызықтар және карта масштабында каналдың енін көрсететін екі параллельді сызықтар беріледі.

Карталарда теңіздердің және оның бөліктерінің, көлдердің, суқоймаларының, канал, құдық, бұлақ, соынмен қатар  жағалаулық сызықтағы объектілер атауы  жазылады.

3.  Ірі масштабты топографиялық карталарда барлық елді мекендер мен бөлек орналасқан құрылыстар көрсетіледі.

Елді  мекендер келесідей белгілеріне  байланысты бөлінеді:

- тұрғындарының  саны (шрифттің биіктігі)

- елді  мекен түрі (жалқы атауларды жазуға  қолданылатын шрифт түрі )

- саяси-әкімшілік  маңызы 

Ірі масштабты карталарда елді мекендердің  бөліктерін жасыл желектердің, көліктердің  аумағында, құрылыс жүргізіліп жатқан жерлерде көрсетеді.

Ірі масштабты карталарда барлық өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындары,                қоғамдық-мәдени нысандар, діни-мәдени құрылыстар (мешіт, шіркеулер) көрсетіледі.

Елді мекендердің атауларының  жазылуы

Қала

Мазмұны

МӘСКЕУ

ТМД-ның астанасы. Қала тұрғыны 1000000 жуық.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар, кемежай, теміржол станциялары, т.б. бар кенттер (село)

Майский

 1 000 адамнан асады

Артенмший

100 - 1000 тұрғын

Рудничный

100 тұрғыннан аспайды


 

 

 

Лекция №12.

Тақырыптық карталар

1.Тақырыптық карталар болмысы.

2.Картографиялық  әдістердің қолданылуы: белгі, сапалы  фон, ареал, нүкте, изосызықтар, сызық белгісі, қозғалыс белгісі, картодиаграмма, картограмма т.б.

1. Жалпы географиялық карта негізінде тақырыптық карталар жасалады. Мысалы, климаттық белдеулер картасы, тектоникалық карта және т.б. Тақырыптық карталардың мазмұны жалпыгеографиялық карталарға қарағанда кеңірек, үлкен көлемді қамтып, әртүрлі мәліметті береді. Кез келген тақырып картографиялық әдістердің көмегімен толық ашыла алады.

Тақырыптық карталар - белгілі бір  тақырыпқа байланысты ( тақырыпты, объектті, құбылыс, сала) немесе бірнеше тақырыптың үйлесуін көрсететін карта. Тақырыптық карталар табиғи (физико - географиялық) және қоғамдық (саяси - экономикалық) құбылыстарға, сонымен қатар олардың әрекеттесуіне байланысты бөлінеді. Табиғи және қоғамдық құбылыстар жөніндегі барлық мәліметтер оның тақырыбына байланысты белгіленіп, оның арнайы мазмұнына ие болады.

Тақырыптық карталар өзінің тақырыбының  мөлшеріне байланысты – жалпы (үлкен  тақырыптарға байланысты) және жеке немесе салалық (шағын ғана тақырыпқа байланысты) деп бөлінеді.

Карталар Жер туралы ғылым салаларындағы әр түрлі  мәселелерді шешу үшін арналған. Қазір  картасыз ешқандай жұмыстар жүргізіле  алмайды.

Бұл карталарды екі топқа бөлуге болады: қоғамдық және табиғи құбылыстар картасы.

  • Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтиды. Бұл топқа геологиялық, геофизикалық, жер беті және Дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физико-географиялық ландшафтану мен физико-географиялық аудандастыру карталары және т.б. жатады.
  • Қоғамдық-саяси карталарға экономикалық, саяси, тарихи, әлеуметтік-географиялық,  елді мекендер картасы жатады.

Табиғи құбылыстар карталарының жіктелуі

Геологиялық карталар

тектоникалық және неотектоникалық

литолого-стратиграфиялық

гидрогеологиялық

пайдалы қазбалар

сейсмикалық және вулканизм

геологиялық ортаны қорғау

құрылымдық-геологиялық аудандастыру

Метеорологиялық және климаттық  карталар

климат қалыптастырушы факторлар

термикалық режим

ылғалдану

қысым

жел режимі

атмосфералық құбылыстар

аудандардың климаты, ауа-райы және атмосфералық  әрекеті

Геофизикалық карталар

гравитациялық өріс

магниттік өріс

сейсмометрлік

электрлік өріс

жылу энергиясы

физикалық өлшемдер

Гидрологиялық карталар (құрлықтағы сулар)

гидрографиялық

су режимі

қар жамылғысы

мұздану режимі және гидрологиялық  құбылыстар

судың физико-химиялық сипаттамасы

судың ластануы

гидрологиялық аудандастыру

Жер беті және мұхит түбі рельефі (бедері)

Гипсометриялық және батиметриялық

Морфометриялық және морфографиялық

Геоморфологиялық (жалпы және жеке құбылыстардың)

геоморфологиялық аудандастыру

Мұхиттық карталар (теңіз және мұхиттардың суы)

Гидрографиялық

Физикалық қасиеттері (гидрофизикалық)

Су массасының динамикасы

Гидрохимиялық

Теңіздер мен мұхиттардың флорасы  және фаунасы

Мұхит суының ластануы

Мұхиттық аудандастыру

Топырақ картасы

топырақтың генетикалық түрлері

топырақтың физико-механикалық  қасиеттері

геохимиялық

климаттық

мелиоративті

топырақтың ластануы

топырақтардың аудандастырылуы 

Ботаникалық карталар

қазіргі өсімдіктер жамылғысы

қалпына келтірілген өсімдіктер жамылғысы

өсімдіктердің жеке түрлері

фенологиялық

өсімдік жамылғысының бұзылуы

геоботаникалық аудандастыру

Зоогеографиялық карталар

Жануарлардың жеке түрлері

Жануарлар кешені

Зоогеографиялық аудандастыру

Медико-географиялық карталар

Нозоареалдар (ареалдардың ауыруы)

Аурулар мен эпидемиялардың таралуы

Медико-географиялық аудандастыру

Аумақтарды емдеу

Жалпы физико-географиялық карталар

Ландшафтық

Қоршаған ортаның бұзылуы 

Табиғатты қорғау

Физико-географиялық аудандастыру

 

Информация о работе Картография