Көлік қозғалысының қоршаған ортаға кері әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 14:00, реферат

Краткое описание

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы.Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5.157х1015 тоннаға дейін. Атмосфера бірнеше қабаттан тропосфера, озон, стратосфера мезосфера термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Вложенные файлы: 1 файл

көлік экологиясыWord.doc

— 1.25 Мб (Скачать файл)

 

Көлік қозғалысының қоршаған ортаға кері әсері 
 
      Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы.Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5.157х1015 тоннаға дейін. Атмосфера бірнеше қабаттан тропосфера, озон, стратосфера мезосфера термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы болмайтын атмосфера ауасының ластануы оп оңай әрі ластану барлық жер бетіне тез арада - ақ таралады. 
Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс әрекетінен болады. Табиғи ластану жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан орман, дала өрттерінің әсерінен болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану.Ластайтын заттар өндірістен автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады.Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады.Қазақстанда ірі ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар мен фабрикалар көп шоғырланған қалалар, мұнай газ т.с.с өндірістерді айтуға болады. 
       Оған ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар автокөлік санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар белгілі болады. Ауаға шығатын заттардың химиялық құрамы пайдаланылған отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына, өндірістегі технологиялық процестерге, т.б . жағдайларға байланысты. Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері мен елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3,0 млрд тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы 1 млрд тоннадай шығып тұрады.

        Шикі мұнай өзінің табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын. 
Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын қоздырады (экземе) ; Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді. Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде соңы өлімге апарады (ШРК дан асып кетсе); Көмірдің тотығы (СО) исі мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның ШРК мөлшері – 20 мг/ м3. Егер концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда - ақ адам өліп қалады. Азот тотығы қанды улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырына тікелей әсер етеді. Азоттың қос тотығы тұншықтыратын исі бар, қоңыр түсті газ. 
       Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 м3 кубқа жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. ШРК – 5 мг/м3 Атмосфера ауасы өмір тіршілік үшін аса маңызды, тіршілікке нәр береді. Сондықтан атмосфераны ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың түріде көп -ақ. Соның бірі автокөлік екені белгілі.               Биологиялық қорлардың, соның ішінде өсімдік, жануар және адамның улануы 
Қолайлы жағдайда өмір сүру мүмкіндігінің жоғарылауы 
Қозғалысқа қатысушылардың күйзелісте болуы 
Жеке тұлғаның тіршілік кеңістігінің кеңеюі 
Аумақтарды бөлу есебінен өмір сүретін кеңістіктің азаюы 
Тұтынушы үшін әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсетуге қол жетімділік 
Ландшафтың биологиялық өнімділігінің қысқаруы 
Тауарлардың кең түрлеріне, өнімдерге дәл дайын болған кезінде қол жеткізуді қанағаттандыру 
         Қала құрылыстары мен ауылдық ландшафттар үйлесімінің бұзылуы 
Тез жүруден қуанышқа бөлену, қолайсыз ауа райы жағдайындағы комфорт және қолайлы болу. 
       Атмосфера ауасын ластайтын негізгі факторлардың бірі автокөлік болып табылды. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер машинадан шығатын түтіннің құрамында, әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді. 
Сапалы бензин құйылып, тоқтаусыз жүрген көліктен бөлінетін газдың құрамында 2, 7% жанбайтын көмірсутегінің тотығы болады.Машина жылдамдығын баяулатқан кезде оның мөлшері 6, 9% -ға дейін артады.Бұдан машинаны баяулатып жүру жиі болғандықтан қала ауасы көміртегінің тотығы көп бөлініп шығады. Бұл зат адам ағзасынан енетін болса, қан гемоглобині мен байланысып, оттегінің ұлпаларға жеткізілуіне кедергі жасайды. 
Бүгінгі таңда автокөлік көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. Көптеген мәліметтерге қарағанда бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынан анағұрлым жоғары екені анықталған. Қорыта келгенде автокөліктен осыншалықты адам ағзасына қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін білдік. 
 
      Сондықтан да  мынадай ұсыныстды қолдау қаже; 
1) Экологиялық таза жанармайлар ойлап табылса...... 
2) Қазіргі автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер орналастырылса..... 
3) Арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне тиым салынса...... 
4) Салауатты өмір салтын қалыптастыруда автокөлік орнына велосипед қолданылса..... 
5) Велосипед жүргізуге арналған жолдар және оған арналған тұрақтар салынуы қарастырылса..... 
6) Экологиялық таза отын пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарын жасаса.....

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа жолдар — ел өркендеуінің белгісі

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, өз пайдамызды мұқият есептей отырып, Қазақстанның шегінен тыс өндірістік көліктік-логистикалық объектілер құру үшін, елден сыртқа шығуға назар тіктеудің маңызы зор. «Біз қазіргі түсініктерімізден арылып, өңірде және барша әлемде – Еуропада, Азияда, Америкада, мысалы, теңізге тікелей шыға алатын елдердің порттары, әлемнің тораптық транзиттік нүктелеріндегі және тағы басқа, көліктік-логистикалық хабтар секілді қазіргі заманғы кәсіпорындар құруға тиіспіз. Осы мақсатта «Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция» арнайы бағдарламасын әзірлеу қажет болады», — деп үкіметке талап қойды. 
Бұған дейінгі Жолдауларында Президент айтып өткендей, біз өз транзиттік әлеуетімізді дамытуға тиіспіз. Бүгінде нәтижесінде 2020 жылы Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау екі есеге ұлғаюы тиіс болатын бірқатар ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр. 2050 жылға қарай бұл цифр он есе ұлғаюға тиіс. 
Осының бәрі басты мақсатқа — экспортымызды тек біздің өніміміз бен қызметтерімізге деген ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік нарықтарға қарай жылжытуға бағынуға тиіс. 
«Инфрақұрылым жасау, сонымен қатар, табыстылық заңына бағынуға тиіс. Жаңа бизнестерді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға бастайтын жерде ғана құрылыс жүргізу қажет. Шалғай өңірлерді немесе тұрғындарының тығыздылығы жеткілікті емес өңірлерді өмірлік маңызды және экономикалық қажет инфрақұрылым объектілерімен қамту үшін біз «инфрақұрылымдық орталықтар» құруға тиіспіз. Бұл үшін көлік жүйесінің озыңқы инфрақұрылымын құруды қамтамасыз ету қажет», — деп көрсеткен болатын Президент. 
Арада өткен екі жыл ішінде біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайды шынында да уақытынан бұрын зерттей білгеніне, алдағы өте қажет болатын мәселелерге тереңнен ой жібергеніне көз жеткіздік. Елбасы өзі жиі айтып жүргендей, Қазақстан құрлықтың ішінде орналасқан. Еуропа, Азия елдері сияқты арзан да қолайлы теңіз жолдарын пайдалану мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан қолдағы барды ұқсатып, қарт Каспийдің мүмкіндігін мейлінше молынан пайдаланып, барыс-келіс және алыс-беріс шаруаларын өзімізде бар инфрақұрылым арқылы іске асыруға тырысқан дұрыс. 
Н.Назарбаев қазан айының алғашқы күндері Маңғыстау облысына сапарлап барды. Мұнда Елбасы облыс орталығынан телекөпір арқылы «Боржақты – Ерсай» жаңа теміржолының құрылысын іске қосты. Бұл қарапайым тұрғындарға кәдімгі жаңалықтар тізбегіндегі бір ақпарат болып көрінгенмен, мәселенің өзегіне үңілген жұрт үшін аса маңызды хабар. Өйткені бұл бастама арқылы Маңғыстау түбегінде екінші жаңа порт пайда болады. Қазір елімізде жалғыз ғана Ақтау порты бар. Құрық ауданында салынып бітіп жатқан жаңа порты алдыңғы екі үлкен жоба – Өзен-Түркіменстан мен Бейнеу-Жезқазған темір жолдарындай тым ұзын болмағанымен, маңыздылығы олардан ешбір кем емес. 
Жақында ғана «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын халыққа жеткізген мемлекет басшысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытудың мемлекет бірінші кезекте назар аударуға тиісті шарасы екенін айтып өтті. 
«Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. 
Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық аудан орталығында орналасқан портынан ауқымды паромдық өткел және Боржақты — Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын» деп атап өтті Президент.       Осы Елбасының саясаты бойынша ашылған Боржақты-Ерсай теміржолының маңыздылығы сөзсіз. Бұл жоба — Каспий аймағының дамуына ерекше серпін беретін үлкен жоба. Ол Құрық портында паром кешенін салуға және жағалау аймағында бірқатар индустриялық жобаларды жүзеге асыруға инфрақұрылымдық негіз болады. Байырғы Ақтау портының жүк жөнелту қабілетінің төмендігі теңіз арқылы жүк тасымалы жұмыстарын қарқынды жүргізуге аздық етіп келген болатын. Жаңа теміржол желісі дәл осы олқылықтың орнын толтырады. Оған қоса жаңа портқа ірі су көліктері еркін келіп-кетуі үшін теңіз жағасындағы судың тереңдігі 22 метрден кем болмауы тиіс. Құрық ауданындағы жағалау тереңдігі 23 метрге жетеді.

        Бұл осы жағада 40-60 мың тонналық ірі танкерлерді қабылдауға болатынына айғақ. Жаңа порттың бөлектігі — Каспий теңізіндегі қыста қатпайтын бірден-бір порт.

      Ол теңіздің қазақстандық секторында мұнай операцияларын қолдаудың негізгі нысандарының бірі болмақ. 
       Уақыт өте келе дамыған портта мұнай және құрғақ жүктердің паромы, мұнай терминалы, кеме жөндеу және жасау зауыттары, теңіздегі операцияларды қолдау базасы, мұнай-газ зауыты, мұнай-химия кәсіпорны, тағы басқа да нысандар салынуы жобаланып отыр. Қазір кеме жөндеу және жасау зауыттарына қатысты жоба мен Боржақты-Ерсай теміржолын салу жобасы, сондай-ақ теңіз операцияларын қолдау жобалары басымдыққа ие болып отыр.   Боржақты-Ерсай теміржол желісінің құрылысына 9 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, Құрықтан жұмысшылар үшін екі бөлмелі тұрғын үйлерді де тұрғызу қарастырылып отыр. Жұмыстың бірінші кезеңі жылдың аяғына дейін аяқталады, яғни жол салынып болып, пойыздар жүре бастайды. 
       Осы жолдың бойында Ақтау-Құрық тас жолы да қиылысады. Жергілікті мамандар ақылдаса келе, тас жолды бір деңгейде теміржолмен қиылысатын етіп, ол жерге шлагбаум, күзетпелі өткел салу идеясын мақұлдады. Бұл теміржол арқылы Құрық теңіз порты мен оның айналасында жаңа өндіріс орындарын дамытуға жағдай жасалады. Жобалар толық жүзеге асырылғанда мұнда 4000-нан астам адам жұмыспен қамтылмақ. 
Ақтау портының жүк өткізу әлеуетін күшейту үшін тағы үш құрғақ жүк терминалдарының құрылысы жүргізілуде. Бұл өз кезегінде құрғақ жүктерді қабылдау мүмкіндігін 3 млн. тоннаға дейін көбейтеді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан 2000 шақырымға жуық теміржол салды. Қытайдың Ляньюнгон порты арқылы Достық-Жетігенді жағалаған жол Ерсай, Болашақ, Құрық, Ақтаумен Еуропаға, Парсы шығанағына шығады. Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырма беріп, мемлекеттің даму стратегиясында астын сызып көрсетіп, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды басты бағыт етіп таңдауы Қазақстанның транзиттік, көліктік-логистикалық хабына айналуына мүмкіндік берді. 
Боржақты-Ерсай теміржол желісі арқылы Құрық портын жандандыру идеясы бір күнде дүниеге келген жоқ. ҚР Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы №725 Жарлығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында Құрық портының жағалауындағы инфрақұрылым объектілеріне теміржол желісін салу көзделді. Қазіргі жоспарларға сәйкес, 2020 жылға қарай жаңа желімен жүк тасымалы шамамен 5 млн. тоннаға жетеді. «Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. 
Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол — шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады», — деп «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында атап өткен мемлекет басшысы болашақта еліміздің көліктік-логистикалық инфрақұрылымы дами беретінін, оның мемлекеттің бақылауында болатынын жеткізді. Боржақты-Ерсай теміржол желісі небары 14 шақырым болса да, Қазақстанның өңірлік мүддесіне жаңа мүмкіндіктер ашқалы отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті

Қазақстан ең ірі әрі халық көп қоныстанған құрлық - Еуразияның ортасында орналасқан. Біздің құрлықта жер шарындағы мемлекеттердің жартысы орналасқан. Мұнда адамзаттың 2/3 және әлемдік экономиканың 3/5 бөлігі шоғырланған. Аумағы жөнінен алып мемлекеттер (Ресей, Қытай), халық саны ең көп мемлекеттер (Қытай, Үндістан) және экономикасы аса қуатты елдер де (Жапония, Қытай, Германия) осы құрлықта. Еуразияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мен ЕуроОдак (ЕО) орналасқан.

Қазақстан саяси-географиялығы аймағы - Орталық Азия. Ол 5 мемлекетті біріктіреді.

Аймақтағы шет елдерде 1,5 млн этникалық қазақтар тұрады. Еліміздің шекарасының 14-і осы елдерге сәйкес келеді. Олар саудадағы, табиғи қорларды бірлесіп пайдаланудағы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды серіктестер болып табылады.

Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы

Жер көлемі бойынша (2 724,9 мың км2) Қазақстан әлемде 9-орын алады. Жер көлемінің ірі болуы - Қазақстанның басты артықшылығы болып саналады. Қазақстан әр алуан табиғи байлықтарымен де ерекшеленеді.

Бірақ үлкен аумақты игеру көп күш жұмсауды да қажет етеді. Алыс жақтарға жүк тасымалдау өнім бағасын қымбаттатады. Көлік жолдарын салу, табиғи қорларды игеру өте қымбатқа түседі. Көп жағдайда жұмсалған шығын тұтас салалар шығаратын өнім көлемінен асып кетеді.

Қазақстанда аумақты ұйымдастырудың үш буынды жүйесі қалыптасқан. Оның негізіне 14 облыс жатады. Облыстар аудандарға, аудандар - округтерге бөлінген. Облыс, аудан, округ әкімшілік-аумақтық құрылымның үш басты буыны болып табылады. Бұдан басқа, аумақтық бірліктерге қалалар жатады. Олардың ішінде ерекше орын алатындар - республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалалары.

Астана - мемлекетіміздің саяси орталығы, оның «визит карточкасы» тәрізді. Ол басты біріктіруші қызметті атқарады. Іскерлік белсенділік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде Астананың маңызы күн санап артуда.

Алматы — ғылымның, мәдениеттің, өндірістің орталығы ретіндегі ірі қала. Оның еліміздің өміріндегі маңызына байланысты Қазақстанның «Оңтүстік астанасы» деген бейресми атауы да бар.

Аумақтық бірліктердің жергілікті мәселелерді шешуде өзіндік, яғни жергілікті басқару мүмкіндігі бар.

Қазақстанды географиялық тұрғыдан 5 бөлікке - Орталық, Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік және Батыс аймақтарға бөледі.

Экономикалық-географиялық жағдайы

Ел аумағының ең басты сипаты - оның географиялық жағдайы болып табылады.

Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор.

Экономикалык-географиялық жағдай - елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:

  1. әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы);
  2. көрші елдерге (көршілік жағдай);
  3. халықаралық көлік жолдарына (көліктік-географиялық жағдай) қатысты анықтау.

ЭГЖ тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

Нарықтық-географиялық жағдайда АҚШ, ЕО, Жапония сияқты әлемдік экономиканың басты орталықтарының маңызы зор. Олардың нарықтары алдыңғы қатарлы технологиямен, сыйымдылығымен, төлем қабілеттілігімен тартымды.

Көршілік жағдайда Қытай мен Ресейді алуға болады. Олар әлемдегі үшінші жөне тоғызыншы орындағы экономикалар. Олар біздің ірі сауда серіктестеріміз болып саналады. Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан экономикалық деңгейі бойынша Қазақстаннан артта. Алайда, болашақта олармен де бірлесіп жұмыс істеудің бірнеше бағыттары жасалған.

Көршілік жағдайдың басты плюсі - көрші елдің аумағын үшінші бір елмен байланыс орнату үшін пайдалану. Оның интенсивтілігі мен географиясын көліктік-географиялық жағдай анықтайды. Ең қолайлысы - теңіздік жағдай. Қазақстанда ашық теңізге тура шыға алатын мүмкіндік жок (ішкі құрлықтық жағдай). Бірақ оның 2000 км-дей шекарасы батыста Каспий арқылы өтеді.

Жер үсті байланысы құрлықтағы шекараның ерекшеліктеріне тәуелді. Оның жалпы ұзындығы 13,3 мың км. Ресеймен шекара (7,5 мың км) негізінен жазық жерлермен өтеді. Онда табиғи кедергілер жоқ. Ел арасындағы шекараны көптеген темір жол мен автомобиль жолдары кесіп өтеді. Қытаймен арадағы шекараның көп белігі таулар арқылы өтсе, Орталық Азия мемлекеттерімен шекара жазық жерлермен жүргізілген. Бұл шекара арқылы әзірге 4 темір жол етеді: біреуі - Қытайға, үшеуі - Орталық Азияға апарады.

Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау (транзиттік жағдай) қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлыктық жағдайдың минустарын азайтады.

Табиғи-ресурстық әлует

Табиғи-ресурстық әлуетке табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар жатады.

Табиғи жағдай - қоршаған табиғаттың сипатын береді. Мысалы, климат (жұмсақ, қатал) немесе жер бедері (жазық, таулы). Табиғи жағдайлар шаруашылық қызметіне тікелей қатыспағанмен, оны жеңілдетеді немесе керісінше, ауырлата алады. Олар қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

Біздің еліміздің жер бедері шаруашылық жағдайы үшін қолайлы болып келеді.

Климат, керісінше, айтарлықтай қиындықтар туғызады. Ол, ең алдымен, жауын-шашынның аз түсуіне байланысты. Кең-байтақ аймақтар тұщы су жетіспеуінің зардабын шегуде. Бұл жерлердің игерілуіне кері әсерін тигізетін ең басты себеп осы. Еліміздің ең үлкен мәселелерінің бірі әлсін-әлсін қайталанып тұратын құрғақшылық, ол өнім алуға кесірін тигізеді.

Информация о работе Көлік қозғалысының қоршаған ортаға кері әсері