Мексика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:44, реферат

Краткое описание

Мексика Құрама Штаты — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Мексиканың жалпы жер көлемі 1 972 550 км². Жер көлемі жөнінен Мексика дүниежүзінде 13 орынды алады. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Мексикада дүниежүзінің ең ірі агломерациясының бірі – Мехико қаласы орналасқан. Мексика ұлы тарихымен ерекшелентін мемлекет.

Содержание

І. Кіріспе
Мемлекеттің тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық-географиялық жағдайы
2. Табиғат жағдайы мен байлықтары
3. Мемлекеттік құрылысы
4. Халқы:
а) Халқының динамикалық өсімі
б) Этникалық құрылымы
в) Тілі
г) Діні
д) Нәсілі
е) Орналасуы мен таралуы
5. Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
в) көлік қатынасы
6. Халықаралық байланыстары
7. Туризм, экологиясы

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Мексика СРС.docx

— 391.70 Кб (Скачать файл)

           әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                 География және табиғатты пайдалану  факультеті

            География, жерге орналастыру және  кадастр кафедрасы

                             Ғылыми география мамандығы

 

 

 

    СОӨЖ

 

                       Тақырыбы: Мексика

 

 

                                                  Орындаған:  Садықова Б.Б.

                                                          Тексерген: Мылқайдаров Ә.Т.

 

 

                                 

                                    

 

                                   Алматы 2015 жыл

                                   Мексика

Жоспар

І. Кіріспе

        Мемлекеттің  тарихы

ІІ. Негізгі бөлім

    1. Экономикалық-географиялық  жағдайы

    2. Табиғат жағдайы  мен байлықтары

    3. Мемлекеттік  құрылысы

    4. Халқы:

        а) Халқының  динамикалық өсімі

        б) Этникалық  құрылымы

        в) Тілі

        г) Діні

       д) Нәсілі

       е) Орналасуы  мен таралуы

    5. Шаруашылығы:

        а) өнеркәсібі

        б) ауыл  шаруашылығы

        в) көлік  қатынасы

    6. Халықаралық  байланыстары

    7. Туризм, экологиясы

 

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мексика Құрама Штаты — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Мексиканың жалпы жер көлемі 1 972 550 км². Жер көлемі жөнінен Мексика дүниежүзінде 13 орынды алады. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Мексикада дүниежүзінің ең ірі агломерациясының бірі – Мехико қаласы орналасқан. Мексика  ұлы тарихымен ерекшелентін мемлекет.

Мексикалықтардың  22 %-ы ауыл шаруашылығымен айналысты, 19 %-ы өнеркәсіпте , 13 %-ы саудада ,7 %-ы құрылыста, ал қалғаны қызмет көрсету саласында жұмыс жасауда. Негізгі кәсіптері — жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал шаруашылығы (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді.

Мексика экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері. Сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.

Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын өлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Валютасы - Мексика песосы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттің тарихы

                                        

          Мексика жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Шамамен б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап Орталық және Оңтүстік Мексикадағы тайпалар отырықшылыққа көшті, егіншілік, қол өнері, өнер, дін дамыды. Б.з. бастапқы кезеңінде Орталық Американың солтүстік-батыс бөлігіне майя тайпалары қоныстанды (қара Майя мемлекеті). 15 ғасырда бүкіл орталық Мексиканы өздеріне бағындырған ацтектер Теночтитлан қаласының (қазіргі Мехико) негізін қалады. 1519 жылы Э.Кортес бастаған испан отаршылары Мексикаға ішкерілей еніп, басқыншылық соғыс жүргізе бастады. Куаутемок басшылық еткен үндістер басқыншыларға қарсы табанды қарсылық көрсетті, бірақ 1521 жылы испандар Теночтитланды басып алды. 16 ғасырдың соңына қарай испандар Мексика жерін негізінен бағындырып болды. Байырғы халықтар жерлерінен айырылып, ауыр қанауға, аштыққа ұшырады. 25 миллионға жуық үндістердің 1605 жылы 1 миллионнан астамы ғана қалды. 1624, 1692 жылы Мехикода, 1660 жылы Оахакиде, 1761 жылы Юкатанда, 1767 жылы Мичоаканда үндістердің испан үстемдігіне қарсы ірі көтерілістері болды. Мексиканы отарлау барысында түрлі этникалық топтардың (еуропалықтар, үндістер, Африкадан әкелінген құл-негрлер) араласуы нәтижесінде 17 — 18 ғасырларда халықтың ортақ тілі мен діні қалыптасты. Отаршыларға қарсы жиі-жиі азаттық қозғалысы болып тұрды. 1810 жылы 16 қаңтарда діни қызметкер М.Идальго мен оның ізбасары Х.М. Морелос бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, басшылары өлтірілді. Соңында А.Итурбиде басқарған ұлт-азаттық күштер 1821 жылы 28 қыркүйекте Мехиконы азат етіп, Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ елде азамат соғысы басталды. 1824 жылы қазан айында конгресс конституция қабылдап, Мексиканы республика деп жариялады. 1833 жылы өкімет басына келген А. Санта-Ана конституцияға тыйым салып, елде диктатура орнатты. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Америка Құрама Штаттары Техасты отарлауға кірісті. 1846 жылы Америка Құрама Штаттары Мексикаға қарсы соғыс жариялады. Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен айырылып қалды. 1855 жылы Санта-Ана диктатурасы құлап, либералдық үкімет билікке келді. 1857 жылы жаңа конституция қабылданды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде ел экономикасы дамыған елдерден көп артта қалды. Экономиканы негізінен шетел капиталы биледі. 1910-1917 жылдары төңкеріс нәтижесінде елде демократиялық өзгерістер болды. 2-дүниежүзілік соғыс барысында Мексика үкіметі бейтарап саясат ұстанатындығын мәлімдеді. Бірақ фашистік қауіптің күшеюіне байланысты, 1942 жылы мамырда антигитлерлік коалицияның құрамына енді. Соғыстан кейінгі кезеңде Мексикада экономиканы дамыту мен демократиялық бостандықтар, әлеуметтік құқықтарды кеңейту жолында бірқатар прогресшіл шаралар жүзеге асырылды. /1/

 

1.Экономикалық-географиялық  орны

Мексика Құрама Штаты Солтүстік Америка материгінде орналасқан мемлекет. Астанасы Мехико қаласы ХV ғасырда Теночтитлан деген атпен қаланған. Мексиканың жалпы жер көлемі 1 972 550 км², оның ішіне Тынық мұхитында, Мексика шығанағында және Кариб теңізінде орналасқан аралдар (ең ірі Гваделупа аралы) және Ревилья-Хихедо архипелагы, Колифорния шығанағы кіреді. Жалпы аралдардың ауданы 6 мың км²-ге тең.

         Жер көлемі жөнінен Мексика дүниежүзінде 13 орынды алады. Солтүстігінде -  АҚШ-пен (3141 км) шектеседі,  Сьюдад-Хуарес қаласының шығыс бөлігінен Мексика шығанағына дейін шекара Рио-Гранде өзені арқылы өтеді. Оңтүстік-шығысында - Гватемала (871км) және Белизбен (251 км), батысында - Тынық мұқитымен, шығысында - Кариб теңізімен шектеседі. Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде — Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадре тау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Юкатан түбегі мемлекет территориясының 12 %-ын алып жатыр. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр). Геологиялық тұрғыдан алып қарағанда Транс-Мексикалық жаңартаулық белдеу елдің солтүстік аумағын ғана бөліп жатыр. Бірақ геосаяси жағынан Мексика Солтүстік Америкадағы мемлекет болып саналады.

    Мексика таулы қыраты Солтүстік Американың оңтүстігіндегі Мексика жерінің көпшілік бөлігін алып жатқан таулы өңір. Солтүстігінде біртіндеп Колорадо үстірті мен өлі жазыққа ұласады. Ауданы 1,2 миллион шаршы шақырым. Көпшілік бөлігінің биіктігі 1000 — 2000 метр. Мексика таулы қыратының шығысында Шығыс Сьерра-Мадре (4054 метр), батысында Батыс Сьерра-Мадре (3150 метр), оңтүстігінде көлденең Жанартаулық Сьерра жоталарымен қоршалған. Сөнбеген жанартаулар — Орисаба (5700 метр — Мексика тауының және Мексиканың ең биік жері), Колима, Попокатепетль. Мексика таулы қыраты негізінен әктас, құмтас, мергель және лавалық тұнбалардан құралған. Күміс, қорғасын, сүрме, мырыш, сынап, темір және марганец кентастары, алтын, мыс, тағы басқа пайдалы қазбалар өндіріледі. Климаты негізінен тропиктік, континентті. Жылдық орташа температурасы қаңтарда 1400 метр биіктікке дейін 9 — 14 С, негізінен қыста солтүстігінен солтүстік суық ағыстың өтуіне байланысты мұнда температура – 20 С-қа төмендейді, ал шілдеде 15 — 20 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 200 — 400 миллиметр, сыртқы таулы аудандарында 2000 — 3000 миллиметр. Құрғақ климатты солтүстік бөлігінде өзен торы жоқтың қасы (тек Рио-Гранденің оң саласы Кончос өтеді). Оңтүстігінде өзендер біршама жиі, суы мол (Лерма, Бальсас); мұнда тектоникалық көлдер (Чапала, Куицео, тағы басқа) кездеседі. Өсімдік дүниесі негізінен суккулентті; кактустың 500, агаваның 140 түрі өседі. Тауларда қарағайлы ормандар мен субальпілік шалғындар бар. Жануарлардан бұғы, кемірушілерден тиін, егеуқұйрық, жыртқыштардан сілеусін, пума, қасқыр, түлкі; құстардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері мекендейді.

Мексика шығанағы Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс (Атлант мұхиты) жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы шағын теңіз. Ауданы 1555 мың километр квадрат, суының көлемі 2332 мың километр куб. Миссисипи, Рио-Гранде тағы басқа өзендері құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 — 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 — 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады. Су бетінің орташа температурасы жазда 29°С, тайыз бөлігінде 30 — 31°С; қыста 18 — 20°С. Беткі қабатының тұздығы 36,0 — 36,9‰. 2000 метр тереңдіктен астам жерлерінде суының температурасы (4,3°С) мен тұздығы (34,98‰) тұрақты. Кариб теңізіне қарай ағатын Юкатан ағысының жылдамдығы 50 — 200 сантиметр секундына. Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысының бастамасы болатын Флорида ағысының жылдамдығы 300 сантиметр секундқа жетеді. Тәулігіне бір, кейде екі рет толысып отырады. Планктон Балық және теңіз жәндіктері, шаян, тасбақа ауланады. Негізгі порттары: Жаңа Орлеан (Америка Құрама Штаттары), Хьюстон (Америка Құрама Штаттары), Веракрус (Мексика), Гавана (Куба). /2/

Негізгі ірі өзені — Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі — Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче. Мексика — Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері, тағы басқа сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия./2/

Мексика мен Кариб теңізінің шығанағындағы  Мексиканың аумағында 150-ге жуық Тынық мұхитқа ішіне ағатын 2,3 өзендер бар. Су ресурстарын айқын көптігіне қарамастан, оларды бөлу бүкіл ел бойынша өте біркелкі емес. Бес өзендері - Усумасинта, Грихальва, Папалоапан, Коацакоалькос және Пануко- жер үсті суларының орташа көлемінің 52% құрайды, оның ішінде төртеуі (Панукоқоспағанда) Мексика шығанағы құяды және оңтүстік-шығыс Мексикада орналасқан (аумақтың 15% мен халықтың 12% ). Елдің (аумағының 47% және Мексика халқының шамамен 60%) солтүстік және орталық бөлігі су ресурстарын кем дегенде 10% дейін қол жеткізе алады.

                      

Оңтүстігінде орналасқан Balsas өзені бассейнінің, аумағында, Мексика халықтың шамамен 10% тұрады.

45 км оңтүстік-шығысқа  Гвадалахара орналасқан Чапала - Мексикада ірі тұщы көл. Бұрын  көлі Тескоко өйткені тұрақты су тасқыны (белгісіз көзі 1405 күн) үлкен алаңы болды, бірақ 1967 жылы сұйықтық құйылады.

 

2.Табиғат жағдайы мен байлықтары

         Мексиканың көпшілік бөлігін  Мексика таулы қыраты алып  жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде —Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадретау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр).

        Солтүстіктете арктикалық белдеу мен оңтүстігінде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Субарктикалық климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (батысында), қоңыржай континентті (шығысында). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының ортүстік бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын солтүстік бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы 20°С-қа дейін артады.. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солтүстігінде) 32°С-қа дейін (оңтүстігінде). Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстік -шығысында 1000 – 1500 мм, жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.

         Мексиканың белдеулері аралығындағы топырақтың барлық түрі кездеседі. Мысалы жазықты жерлерінде шымды-күлгін топырақ таралған. Қоңыржай белдеудің оңтүстігі мен субтропикте біркелкі топырақ субмеридиандық бағытта немесе жинақталған массивтер түрінде таралған.

                                          

        Мексика  таулы қыратында сұр, субтропиктік  шөл, Калифорния түбегінде тропиктік  шөл топырақтары таралған. Кордильера  беткейлеріне әр түрлі тау  топырағы, ылғалды бөлігін таудың  сұр топырағы, құрғақ өңірін таудың  қоңыр топырағы алып жатыр.

        Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі. Елде темір, қорғасын, мырыш,сынап кені көп. Мексикадағы жалпы мыс рудасының резервтері 1,7 млн тоннаны қамтиды. Мыс рудасының орналасқан жерлері Артвинда, Гиресун-Эспиеде, Ризе-Чайелиде, Элазыг-Эрганида, Кастамону-Кюреде және Сииртеде. Елдің үлесіне дүниежүзілік гидроргирумның 25 %-ы тиесілі. Сонымен бірге ел вольфрамның қорына өте бай және жүзге жуық мыстың кен орындары белгілі. Мексика хром рудасын, хромитті және оның концентраттарын ең негізгі өндіруші және экпортқа шығарушы. Мексикадағы хромиттің бағаланған қоры 26 млн тонна және осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде 4-орында. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енедіЭкспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.

Информация о работе Мексика