Мексика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:44, реферат

Краткое описание

Мексика Құрама Штаты — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Мексиканың жалпы жер көлемі 1 972 550 км². Жер көлемі жөнінен Мексика дүниежүзінде 13 орынды алады. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Мексикада дүниежүзінің ең ірі агломерациясының бірі – Мехико қаласы орналасқан. Мексика ұлы тарихымен ерекшелентін мемлекет.

Содержание

І. Кіріспе
Мемлекеттің тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық-географиялық жағдайы
2. Табиғат жағдайы мен байлықтары
3. Мемлекеттік құрылысы
4. Халқы:
а) Халқының динамикалық өсімі
б) Этникалық құрылымы
в) Тілі
г) Діні
д) Нәсілі
е) Орналасуы мен таралуы
5. Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
в) көлік қатынасы
6. Халықаралық байланыстары
7. Туризм, экологиясы

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Мексика СРС.docx

— 391.70 Кб (Скачать файл)

         Мексиканың көпшілік бөлігінде  тропиктік, солтүстігінде субтропиктік  климат белгілері басым. Қаңтардағы  орташа температурасы 10 — 20°С-қа  дейін жетеді. Шілдедегі орташа  температура 15— 30°С. Жауын-шашынның  жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі  ірі өзені — Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі — Чапала.

        Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче. Негізінен Мексиканың климаты орманның болуына да қолайлы. Мысалы батысында Sierra Madre (қылқан жапырақты) деп аталатын орман алқаптары бар.Сонымен бірге оңтүстік жазықта бар. Дуранго және Чиуауа мемлекеттегі ірі ағаштар. Целлюлоза және қағаз үшін тропикалық ағаш арттыру, жинау елді мекендерде өнеркәсіп базасын арттырады. Бірақ мұндай бағалы ағаштар қоры біршама дерлік таусылған.

        Мексика таулы қыраты Мексика жерінің көпшілік бөлігін алып жатқан таулы өңір. Солтүстігінде біртіндеп Колорадо үстірті мен өлы жазыққа ұласады. Ауданы 1,2 миллион километр квадрат. Көпшілік бөлігінің биіктігі 1000 — 2000 метр.

                                     

        Мекика таулы қыратының шығысында Шығыс Сьерра-Мадре (4054 метр), батысында Батыс Сьерра-Мадре (3150 метр), оңтүстігінде көлденең Жанартаулық Сьерра жоталарымен қоршалған. Сөнбеген жанартаулар — Орисаба (5700 метр — Мекика тауының және Мексиканың ең биік жері), Колима, Попокатепетль. Мекика таулы қыраты негізінен әктас, құмтас, мергель және лавалық тұнбалардан құралған. Күміс, қорғасын, сүрме, мырыш, сынап, темір және марганец кентастары, алтын, мыс, тағы басқа пайдалы қазбалар өндіріледі. Климаты негізінен тропиктік, континентті. Жылдық орташа температурасы қаңтарда 1400 метр биіктікке дейін 9 — 140С, негізінен қыста солтүстігінен солтүстік суық ағыстың өтуіне байланысты мұнда температура – 200С-қа төмендейді, ал шілдеде 15 — 200С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 200 — 400 миллиметр, сыртқы таулы аудандарында 2000 — 3000 миллиметр. Құрғақ климатты солтүстік бөлігінде өзен торы жоқтың қасы (тек Рио-Гранденің оң саласы Кончос өтеді). Оңтүстігінде өзендер біршама жиі, суы мол (Лерма, Бальсас); мұнда тектоникалық көлдер (Чапала, Куицео, тағы басқа) кездеседі. Өсімдік дүниесі негізінен суккулентті; кактустың 500, агаваның 140 түрі өседі. Тауларда қарағайлы ормандар мен субальпілік шалғындар бар. Жануарлардан бұғы, кемірушілерден тиін, егеуқұйрық, жыртқыштардан сілеусін, пума, қасқыр, түлкі; құстардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері мекендейді.

Мексика шығанағы Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс (Атлант мұхиты) жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы шағын теңіз. Ауданы 1555 мың километр квадрат, суының көл. 2332 мың километр куб. Миссисипи, Рио-Гранде тағы басқа өзендері құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 — 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 — 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады. Су бетінің орташа температурасы жазда 29°С, тайыз бөлігінде 30 — 31°С; қыста 18 — 20°С. Беткі қабатының тұздығы 36,0 — 36,9‰. 2000 метр тереңдіктен астам жерлерінде суының температурасы (4,3°С) мен тұздығы (34,98‰) тұрақты. Кариб теңізіне қарай ағатын Юкатан ағысының жылдамдығы 50 — 200 сантиметр/секунд. Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысының бастамасы болатын Флорида ағысының жылдамдығы 300 сантиметр/секундқа жетеді. Тәулігіне бір, кейде екі рет толысып отырады. Планктон Балық және теңіз жәндіктері, шаян, тасбақа ауланады. Негізгі порттары: Жаңа Орлеан (Америка Құрама Штаттары), Хьюстон (Америка Құрама Штаттары), Веракрус (Мексика), Гавана (Куба). /3/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Мемлекеттік құрылысы

        Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын өлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Ресми тілі испан тілі. Елордасы Мехико қаласы.

         Мексика 31 әкімшілік ауданға бөлінеді және бір федеративті округтен тұрады деп жоғарыда атап кеттік. Олар:

 

     

Федералдық аймақ

Әкімшілік орталығы

Аумағы, 
км²

Халқы, 
(2010)

Тығыздығы, 
адам/км²

0

Мехико (Федералды аймақ) 

Мехико 

1499

8 851 080

5904,66

1

Агуаскальентес

Агуаскальентес

5589

1 184 996

212,02

2

Веракрус

Халапа-Энрикес 

72 815

7 643 194

104,97

3

Герреро

Чильпансинго 

63 749

3 388 768

53,16

4

Гуанахуато

Гуанахуато 

30 589

5 486 372

179,36

5

Дуранго

Виктория-де-Дуранго 

119 648

1 632 934

13,65

6

Идальго

Пачука 

20 987

2 665 018

126,98

7

Кампече

Сан-Франсиско-де-Кампече

51 833

822 441

15,87

8

Керетаро

Керетаро 

11 769

1 827 937

155,32

9

Кинтана-Роо

Четумаль 

50 350

1 325 578

26,33

10

Коауила

Сальтильо 

151 571

2 748 391

18,13

11

Колима

Колима 

5455

650 555

119,26

12

Мехико (штат)

Толука-де-Лердо

21 461

15 175 862

707,14

13

Мичоакан

Морелия 

59 864

4 351 037

72,68

14

Морелос

Куэрнавака

4941

1 777 227

359,69

15

Наярит

Тепик 

27 621

1 084 979

39,28

16

Нижняя Калифорния

Мехикали 

70 113

3 155 070

45,00

17

Южная Нижняя Калифорния

Ла-Пас 

73 677

637 026

8,65

18

Нуэво-Леон

Монтеррей 

64 555

4 653 458

72,09

19

Оахака

Оахака

95 364

3 801 962

39,87

20

Пуэбла

Пуэбла-де-Сарагоса 

33 919

5 779 829

170,40

21

Сакатекас

Сакатекас 

75 040

1 490 668

19,86

22

Сан-Луис-Потоси

Сан-Луис-Потоси 

62 848

2 585 518

41,14

23

Синалоа

Кульякан 

58 092

2 767 761

47,64

24

Сонора

Эрмосильо 

184 934

2 662 480

14,40

25

Табаско

Вильяэрмоса 

24 661

2 238 603

90,78

26

Тамаулипас

Сьюдад-Виктория

79 829

3 268 554

40,94

           

27

Тласкала

Тласкала 

3914

1 169 936

298,91

28

Халиско

Гвадалахара

80 137

7 350 680

91,73

29

Чиуауа

Чиуауа

247 087

3 406 465

13,79

30

Чьяпас

Тустла-Гутьеррес

73 887

4 796 580

64,92

31

Юкатан

Мерида

39 340

1 955 577

49,71




 

 

Мексика Президенті

2006 жылы  10 шілдеде Мексикада кезекті президент сайлауы болды. Бұл  сайлауда Фелип Кальдерон жеңіске жетті, ол 14 981 268 дауыс жинады (35,88 %). Оның басты қарсыласы Революциялық Демократиялық партиясының мүшесі Андрес Мануэля Лопес 14 745 262 дауыс жинады (35,31 %). 2006 жылы қыкүйек айында Фелип Кальдеронды президент деп таныды. Жаңа президент өз орнына 2006 жылы 1 қаңтар айында алты жылға отырды. 2012 жылы 1шілде күні, кезекті президент сайлауы болды , ол сайлауда Энрик Пенья Ньето жеңіске жетті.

 

Парламенті

Екі палаталы конгрес — Сенат (128 орын, алты жылға) және Депутаттар палатасы (500 орын, үш жыл мерзімге сайланады). 2009 жылғы сайлау нәтижесі бойынша депутаттар палатасына жеті партия сайланды:

  1. Индустриалды-революциялық партия (PRI) — 241 депутат (35 сенатор)
  2. Ұлттық Басқару партиясы - 147 (52)
  3. Демократиялық Революциялық партия (PRD) —72 (31)
  4. Жасыл Экология партиясы (PVEM) —17 (4)
  5. Еңбек партиясы (PT) —9 (3)
  6. Жаңа Алянс партиясы (PNA) —8 (1)
  7. Конвергенция — 6 (2) /4/

 

 

4. Халқы

Мехикано — Мексиканың негізгі халқы. Мексика халқының саны — 112,5 млн  адам (2010 жылғы мәлімет бойынша,  дүние жүзінде 11орында). Мексикалықтар дүниежүзінде көп тараған ірі ұлттар қатарына кіреді. ХХІ ғасырдың басында олардың саны 105 млн адам болған.

1994 жылы Мексика Бай  мемлекеттер клубына мүше болды.(OECD). Дүниежүзінде 4 орында тұрды АҚШ, Германия, Жапония елдерінен кейін.  Бірақ халықтың 60%-ы кедейлікте  өмір сүруде. 2012 жылғы мәлімет бойынша жұмыссыздар саны жалпы халықтың 3,88%-ын құрайды.

         Мексикалықтардың жалпы саны 91 миллион, оның 78 миллиондайы Мексикада, 12 миллионы Америка Құрама Штаттарында, 25 мыңы Канадада, шағын бөлігі Латын Америкасы мен Испанияда тұрады. Негізінен — метистер. Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, тағы басқа) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласуынан пайда болған. 19 ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан. Испан тілінде сөйлейді. Діні — католик. Негізгі кәсіптері — жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал ш. (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар (альдеа) мен хуторларда (ранчерия) қауымдастықтың орталығы (пуэбло) тұрады. Орталыққа шіркеу, тоғай, құдық, фонтан, ауылдық басқару үйі, мектеп орналасқан алаң енеді. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштерден, тастан, ағаштан салынады. Дәстүрлі тұрғын үйлері көбінесе бір бөлмелі, терезесіз келеді. Әшекейленіп безендірілген ішкі ауласы кең болады. Дәстүрлі киімдері испан мен үндіс халықтарының киім үлгілеріне ұқсас. Аяқтарына үндіс халқы киетін ашық сандал, ер адамдар мақта матадан тігілген жейде, шалбар киеді. Иықтарына ою-өрнекті жамылғы (серапе) жамылады. Бас киімдері — сомбреро. Әйел киімдері: мақта матадан тігілген қысқа кеудеше және тар, кейде белінен жиырылып, кең тігілген ұзын юбка. Бастарына шәлі (ребосо) тартады, оны күн ыстықта бетіне жауып жүреді. Тағамдарына ас бұршақ пен жүгеріні көп қолданады. Малды аудандарда сүт тағамдары басым. Мексикалықтарда ән мен би өнері жақсы дамыған. Атақты корридос-лирикадық және саяси мазмұнды өлеңдер, халықтық шекті аспаптар оркестрі — марьячикең тараған. Мекcика соғысы, америка-мексика соғысы (1846 — 1848), Америка Құрама Штаттары мен Мексика арасында Техас және Калифорния штаттары үшін болған. Соғысты ресми түрде Америка Құрама Штаттары жариялады. Соғыс барысында Мексика халқы басқыншыларға қарсы ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен (Рио-Гранде өз-нен солтүстікке қарай жатқан жерлер) айырылуға мәжбүр болды.

 

а) Халқының динамикалық өсімі

Мексика халқы жоғары қарқынмен өсіп келе жатыр. 2005 жылы әрбір әйел басына 2,5 нәресте дүниеге әкелу тиді, бұл көрсеткіш халықтың жылдам өсуіне септігін тигізді. 100 млн мексикандықтардың 50%-ға жуығы 20 жастан аспаған. Халықтың жылдық өсімі жылына 1,6 %-ды құрайды.

Орташа өмір сүру жасы— 73 жас еркектер, 78 жас әйелдер.

Некеге отыру орта жасы: ерлер үшін-24,1, әйелдерге-21,6

Жастық құрамы— 0-14 жас: 28,7 %, 15-64 жас: 64,9 %, 65жас және қарттар: 6,4 % (2010  жылғы мәлімет).

     

        Мексика халқының табиғи өсімінің кестесі, жылдар бойынша:

 

Жылы

Халық  саны

1

3000000

500

5000000

1000

3000000

1300

9000000

1500

16000000

1700

7500000

1800

4500000

1900

13607000

1950

36789000

2000

99429000

2010

112322757

2012

114500000

2014

119713200


 

 

Мексика халқының өсімінің диаграммасы:

 

         2010 жылғы санақ бойынша айтатын болсақ Мексика халқының  57,464 млн әйелдер 54,858 млн ерлер. Ең жоғары халық тығыздығы - Несауалькойотль Мексикада 17 шаршы километрге 537 адам мемлекетте. [2]

Қазіргі заманғы этникалық құрамына үш ірі топтарының өкілдері кіреді: еуропалықтар, туған үндістер мен африкалықтар. Жалпы 30% үндістер және 2% басқа топтар 5% (Азиялықтар, мулаттар және афромексикандықтар), 63% метистер болып табылады. 2005 жылы, әрбір әйел басына шаққанда 2,4 бала болды. Қазірде бұл көрсеткіш  төмендеуде. Мексикалықтардың 40% бес мемлекетте тұрады. 7,1 миллионы Веракруста, 6,6 млн в Халискода, Мексикада 14 миллионы, Федералдық округте 8,7 млн, және 5.4 миллионы Пуэбла штатында. Мексика халқының ең азы шамамен Төменгі Оңтүстік Калифорния штатында өмір сүреді, бар жоғы 512 мың адам.

 

Халқы жайлы қызықты деректер:

        Мексика  халқының 84%-ының үйінде компьютер бар, 19,6%-ы өз үйлері мен өз пәтерлерінде тұрады.

1994 жылы, Мексика бай елдердің (ЭЫДҰ) клубына қатысты. Мексика бай отбасылардың саны бойынша (АҚШ, Германия кейін, Жапония) төртінші орында тұр, бірақ халықтың 60% кедей өмір сүреді, және 27% кедейлік шегінен төмен. Мәдениеттік ерекшеліктеріне қарай жергілікті үндістер 62 этникалық топқа бөлінеді.Ең ірі тобы - Орталық Мексикада тұрады, науатльдар (шамамен 1,3 млн.), сондай-ақ келесі орында Чьяпас тұрғындары, және де Юкатан түбегіндегі Майя ұрпақтары (800 мың адам.) болып табылады.

        100 миллион мексикандықтардың 50% -дан астамы әлі 20 жасқа жетпеген. Халық санының өсу қарқыны жылына 1,6% -ды құрайды.

Мексикада жұмыс істейтін халықтың шамамен 22% ауыл шаруашылығында, 19% өнеркәсіпте ,13% - саудада, 7% - құрылыста, қалғандары - қызмет көрсету саласында жұмыс жасайды. 2002 жылы еркектер жұмыссыздық деңгейі 3.12% жетті, ал әйелдерде тиісінше 3,46% құрады. Жұмыссыздардың жалпы саны 2002 жылы13,3% болды.Тау-кен, ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы - 7,4 миллион адам. (Халықтың жалпы санының 16,9%); өнеркәсіптік өндіріс - 10 миллион адам. (Халықтың жалпы санының 24,5%); Қызмет көрсету саласы - 22,8 миллион адам. (Халықтың жалпы санының 58,3%); Басқа - 0,13 млн адам (жалпы халықтың 0,3%) жұмыс жасайды.Мексикада тәуелсіз зерттеулерге сәйкес, жұмыссыздық деңгейі жоғары 3,88% болды (2002 жылы 3.39%), сондай-ақ уақытша жұмыссыздық 4,67%-ды құрады.

 

б) Этникалық құрылымы

Халқының көпшілігі испандықтар (метистер) (60%), үндістер(30%), еуропалықтар — 9 %, қалғаны — 1 %.       

         Мексика негізінен көп ұлтты мемлекетке жатады. Мексика Конституциясының 2-бабында көп ұлтты ел екендігі атап көрсетілген.

         Мексикада отарлық үстемдік өріс алған кезде 300 мың испандықтар жер аударылған деп есептеледі. Ал негрлердің көпшілігі (шамамен 200 мың.), шахта плантацияларында жұмыс істеу үшін отарлық кезеңде елге әкелінген.

 

Ең көп ұлттар:

1. Науас - 2,4 млн. адам

2. Майя - 1,5 млн. адам

3. Сапотеков - 777 мың.адам

4. Мицтеко - 727 мың.адам

5. Отоми - 647 мың. адам

6. Тотонако - 411 мың.адам

7. Тсотциль - 407 мың.адам

8. Тселталь - 384 мың.адам

9. Масауа - 327 мың.адам

10. Масатеко – 306 мың. адам

 

в) Тілі

Мексика халқы негізінде испан тілінде сөйлейді. Тілі— 92,7 % халқы испан тілінде сөйлейді, 5,7 % — испанша және үндісше бір тілде, 0,8 % халық жергілікті үндіс тілінде сөйлейді. Сауаттылығы— 92 % ерлер, 89 % әйелдер, Жалпы сауаттылығы 91 % (2004 жылғы мәлімет бойынша).

         Мексика байырғы халықтары испан және 63 жергілікті үнді тілінің ұлттық тілдерін таниды. Ресми тіл испан тілі. Мексикада - әлемнің ең көп испан тілінде сөйлейтін халқы шоғырланған.  Испания еліне қарағанда шамамен 2,5 есеге көп. Шамамен елдегі бір миллион үндістер 60-тан астам тілдер мен диалектілерде сөйлейді.

Информация о работе Мексика