Мексика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:44, реферат

Краткое описание

Мексика Құрама Штаты — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Мексиканың жалпы жер көлемі 1 972 550 км². Жер көлемі жөнінен Мексика дүниежүзінде 13 орынды алады. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Мексикада дүниежүзінің ең ірі агломерациясының бірі – Мехико қаласы орналасқан. Мексика ұлы тарихымен ерекшелентін мемлекет.

Содержание

І. Кіріспе
Мемлекеттің тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық-географиялық жағдайы
2. Табиғат жағдайы мен байлықтары
3. Мемлекеттік құрылысы
4. Халқы:
а) Халқының динамикалық өсімі
б) Этникалық құрылымы
в) Тілі
г) Діні
д) Нәсілі
е) Орналасуы мен таралуы
5. Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
в) көлік қатынасы
6. Халықаралық байланыстары
7. Туризм, экологиясы

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Мексика СРС.docx

— 391.70 Кб (Скачать файл)

 

г) Діні

Діні — католиктер 76,5 %, протестанттар 4,9 %, атеистер  3,1 %, Иегова 1,1 % сиынбайтындар 13,8 %, басқа діндегілер0,3 % .

 

д) Нәсілі

Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, тағы басқа) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласуынан пайда болған. 19 ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан.

 

е) Таралуы мен қоныстануы

Негізі халықтың көпшілік бөлігі қала орталықтарына шоғырланған, және АҚШ пен шекаралас аудандарда көптеп шоғырланған. Қала халқы— 77 % ( 2008 жылғы мәлімет). Жыл сайын АҚШ шекарасына заңды және заңсыз қанша мың адам өтіп жатады. Осының салдарынан Мексика халқының 13 млн-ы АҚШ та өмір сүріп жатыр. Халқының 70%-дан астамы өз елінің азаматтары. Мемлекетте төрт қала миллионер: Мехико, (20 млн адам) Гвадалахара, (2,8 млн адам) Монтеррей,  (2,5 млн адам) Пуэбло, (1,5млн адам). Статистикалық мәліметтерге сүйенсек халқының 40 %-ы Мексиканың 4 қаласында тұрады. Олар: Мехикода, Федеральды округте, Веракрусте, Халискода және Пуэбла штаттарында. Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар (альдеа) мен хуторларда (ранчерия) қауымдастықтың орталығында (пуэблода) тұрады. /4/

 

 

5. Шаруашылығы

а) өнеркәсібі

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мексиканың өнеркәсібі жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіптің негізгі салалары -  мұнай мен тау-кен өндірісі болып табылды. Мексика күмісті өндіруден - капиталистік елдер арасында бірінші орынды иемденген, ал қалайы өндіруден - екінші, сурьма мен молибден өндіруден – үшінші орынды иемденген. Мексика қара металлургия бойынша бүкіл Америка елдері ішінен – екінші орынды (Бразилиядан кейін) иемденеді. Мексиканың қара металургиясы бүкіл мемлекетінің өнеркәсіптерін қамтамасыз етіп отыр.

Өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, балық аулауда - 7,4 млн адам, жалпы халықтың 16,9%-ы; өңдеуші салада - 10 млн адам, жалпы халықтың 24,5%-ы; байланыс саласында - 22,8 млн адам, жалпы халықтың 58,3%-ы жұмыс жасайды.

Мұнай, табиғи газ, темір рудаларын, күміс, сурьма және графит өнімдерін өндіреді. Мұнай Мексика шығанағымен Юкатан түбегінде көптеп шоғырланған. Қазіргі таңда Мексика мұнай өндіруден және экспортқа шығарудан дүние жүзіндегі ондық елдердің қатарына кіреді. Энергиясының басты бөлігін  ЖЭС-терден алады. Су энергетикасынан 20% жоғары энергия өндіреді. Жиі табиғи ресурстарды пайдаланады, бірнеше геотермальды станциялары бар. Уран қорынан да алдағы елдер қатарында және Чиуауа штатында ең ірі АЭС тің бірі «Лагуна Верде» орналасқан.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді.

Түсті және қара металлургия басты дәстүрлі өнеркәсіптерінің бірі болып табылады. Ірі металлургия комбинаттары Монклов, Ласоро-Карденас және Лос-Тручас. Өңдейтін салада түсті және қара металлургия, машина жасау, мақта мата, химия, мұнай химиясы жақсы дамыған. Мексика импортқа мұнай және мұнай өнімдерін шығарады.

Мексиканың мұнай өнеркәсібі. Мексиканың мұнай-газ өнеркәсібінде мемлекеттік Petroleos Mexicanos (PEMEX) компаниясы басты рөлді алады. 1938 жылы мемлекеттің мұнай-газ секторын меншіктеуінен кейін шетел компаниялары мексикалық мұнай-кен орындарын барлауға қатыспаған (кіргізілмеген). Алайда 2011 жылдың наурыз айынан бастап қана елде бірінші рет шетел компанияларына лицензиялы раундтар жүргізілді.

Мұнайдың қоры. PEMEX-тің мәләметі бойынша 2011 жылдың басында Мексикадағы дәлелденген мұнайдың конденсатты есепке алмағанда қоры - 1385 млн  тоннаны құраған. Мексиканың негізгі мұнай кен орындары елдің солтүстік шығысындағы шельфті ауданда (мұнайдың ауыр сорттарының 55,9%-ы) орналасқан. Елдің оңтүстігінде (мұнайдың жеңіл сорттарының 25,2%-ы) барланған. Мексиканың мұнайының бүкіл қорының 60,5%-ы ауыр сортты мұнай, жеңіл сортты 28,9%-ын жеңіл сортты, ал 10,6%-ын өте жеңіл сортты мұнай құрайды.

2010 жылы Мексикада 2 жаңа  мұнай кен орны ашылды. Солтүстік  шығыс шельфті аудандағы мұнайдың  дәлелденген қоры 2011 жылдың 1 қаңтарындағы  болжам бойынша – 775 млн тоннаны  құрайды. Солтүстік шығыс шельфті  ауданға  Кампече штатының жағалауы, Юкатан және Кинтана-Роо кіреді. Бұл аумақтағы ең үлкен мұнай кеніштері Cantarell (2011 жылдың басында дәлелденген қоры   – 297 млн т) мен Ku-Maloob-Zaap (472 млн тонн). Бұл аумақта жеңіл сортты мұнайдың қоры мұнайдың бүкіл қорының тек 0,8%-ын, ал ауыр сортты мұнай 99,2%-ын құрайды.

Оңтүстік-батыс аудан өзіне Мексика секторына жататын Мексика бұғазы мен Кариб теңізінің акваториясын қосып алып жатыр. Ең үлкен мұнай кеніштері Abkatun-Pol-Chuc (64 млн т) мен Litoral de Tabasco (108 млн т) болып табылады.

Солтүстік ауданда 27 штат орналасқан. Chicontepec Мексика территориясындағы ең ірі мұнай-газ қоры шоғырланған кеніш аумағы болып саналады. Оның геологиялық қоры 2,4 млрд тонна деп болжануда.

Өндіру. 2010 жылы Мексикада 128,8 млн тонна мұнай өндірілген, бұл көрсеткіш 2010 жылғы көрсеткіштен 1,0%-ға төмен. 2010 жылғы бұл өндірілген мұнайдың 54,2%-ы солтүстік-шығыс шельфті ауданға тиесілі болған. Ал 21,1%-ы оңтүстік-батыс ауданға, 20,6%-ы оңтүстік ауданға және 4,1%-ы солтүстік ауданға тиесілі болған.

  Мексикадағы ірі мұнай кеніштері:

Ku-Maloob-Zaap – 42,0 млн тонна 2010 жылы,

  • Cantarell – 27,9 млн т,

  • Abacatun-Pol-Chuc – 14,8 млн т,

  • Litoral Tabasco – 12,4 млн т,

  • Samaria-Luna – 10,9 млн т,

  • Bellota-Jujo – 8,0 млн тонна.

PEMEX компаниясының 2021 жылға  арналған жоспары бойынша Chicontepec-тен  жылына 30 млн тонна өндіру көзделініп  отыр.

Мұнай экспорты. Мексика мұнайды көп экспорттаушы ел болып табылады. 2010 жылы 68,0 млн тонна мұнай шетелге экспортталған, ол 2009 жылғы сыртқа шығарылған мұнай көрсеткішінен 11,3%-ға көп.

Мексиканың мұнайын көп мөлшерде АҚШ импорттайды, 2010 жылы АҚШ бүкіл экспортталған мұнайдың 83,8%-ын сатып алған. Испания 2010 жылы 8,5%-ын, Үндістан 2,0%-ын, Қытай 1,9%-ын, Канада 1,8%-ын импорттаған. Мексика мұнайды шетелдерге теңіз транспортымен экспортқа шығарады, тасмалдайды. Елдің үлкен мұнай терминалдары: Cayo Arcas, Pajaritos, Dos Bocas және Salina Cruz.

Мексикадағы ең маңызды индустриалды өнеркәсіптің бірі – автомобиль өндіру. Автомобиль көліктерінің сапасын дүние жүзі мойындаған. Мексиканың автомобиль секторы Латын Америкасы мен көптеген дамушы елдерде айырмашылық жасайды. "Үлкен үштік" (General Motors, Форд және Chrysler) Мексикада 1930 жылдан бастап жұмыс жасайды, ал Фольксваген және Ниссан заводтары 1960 жылдары ғана салынған. Кейіннен Тойота, Хонда, BMW, Мерседес-Benz заводтары салынған. Пуэбле қаласында 70-ке жуық Фольксвагеннің бөлшектерін шығаратын индустриалды өндіріс заводтары орналасқан.

Мексиканың әуе-космостық өнеркәсібі жоғары жүйелі ұшақ түрлерін жасап шығарады.  Қазіргі таңда Мексика әуе ғарыштық өнеркәсібін дамытуда. Әсіресе тікұшақтар құрастыру мен реактивті ұшақтар құрап шығару қарқынды дауда. Шетел фирмалары, MD тікұшақтары және  Бомбардир ұшақтарды Мексикада құрастырады.

Мексика құрылыс материалдарын өндіретін дүниежүзіндегі бірден-бір ел. /5/

 Мексикада жеңіл және тамақ өнеркәсібі, өнеркәсіптік өндіріс, шағын, және жартылай қолөнер кәсіпорындар басым; ауыр өнеркәсіп - Көбінесе ірі кәсіпорындар. Негізгі секторлары мұнай өңдеу, мұнай-химия, түрлі-түсті металдар; тығыз байланысты жергілікті ресурстық базасы. Мұнай және газ қоспағанда Тау-кен ісі, баяу өңдеуші өнеркәсіп дамып келеді. Негізгі мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі салалары және орталықтар болып табылады. Мексика шығанағы жағалауында және тау-кен өндіру және басқа да облыстардың темір және болат өнеркәсібі шоғырланған.

 

б) ауыл шаруашылығы

         Мексикада ауыл шаруашылығы ерте заманнан бастап жақсы дамыған. Ертеде ацтектер Мексика аумағының ауыл шаруашылығына қолайсыз климат жағдайына қарамастан ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп, оның жемісін көрген. Ацтектердің өмір сүрген уақытынан бастап, Мексиканың аумағында жүгері мен асқабақ көптеп егіліп, өсірілген. Олар жүгері өсіру үшін Тескоко көлінің маңында жасанды аралдар жасаған. Сол аралдарда дәнді дақылдар мен бау-бақша өсірген. Сонымен қатар агава көп өсірілген. Агаваның шырынынан алкогольді ішімдіктер жасаған. Ал какао мен бидай сол дәуірде ақша орнына жүрген, сондықтан олар қол жетімсіз болған немесе аз мөлшерде егілген.

Бертін келе Мексика аймағын мекендеген халықтар жүгеріден басқа табак, ананас, чили бұрышын өсіре бастаған. Ал мал шаруашылығынан жергілікті халық мүйізді ірі-қара малды көптеп өсірген. Жер аумағының көп бөлігі жайылымды жерлер болған. Маңызды аграрлы реформалар Мексика революциясынан кейін Ласаро Карденасаның кезінде жүргізіле бастаған.

Қазіргі заманғы Мексиканың ауыл шаруашылығының өсімдік шаруашылығында бұрынғыдай жүгері, арпа, соя, күріш, жеміс-жидек, қызанақ өсіріледі. Мал шаруашылығында сиыр, қой-ешкі құстар өсіріледі. Ең негізгі экспортқа шығаратындары: жүгері, лобия, арпа. Олар Мексиканың солтүстігінде егіледі. Жеміс-жидектерінің жартысы шетелдерге экспортқа шығарылады. Мысалы бүкіл кофенің  1,5 %-ы экспортқа шығарылады екен. Жағалау бөліктерде балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған.

Мексика халқының жартысы ауыл шаруашылық саласында жұмыс жасайды. Бірақ ауыл шаруашылығындағы жұмысшылар саны мен фермерлердің саны жылдан-жылға азаюда. Мысалы, 1950 жылы ауыл шаруашылығында бүкіл халықтың  22,5 %-ы жұмыс жасаса, 1997 жылы бүкіл халықтың тек 22%-ы ғана жұмыс жасайды екен. Оған себеп елдің көп штатында ауа-райының қолайсыздығы, таулы аймақтар және техниканың жоқтығы. Ауыл шаруашылығына қажетті жаңа техникаларды тек ірі фермерлер ғана сатып ала алады. Ал кішігірім шаруа адамының қолы техникаға жетпейді.


 

Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығы жақсы дамыған.

Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, соя, жеміс-жидек, қызанақ шаруашылығы, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістерін өсіру дамыған. Ал мал шаруашылығында ірі қара мал,  сиыр, қой өсіру және құс шаруашылығы жақсы дамыған.

Егіншілік ауыл шарашылығының  жетекші  саласы. Ел  аумағының 33%-ын  егістік алып  жатыр. Ол жер аумағының 28 млн гектарын алып жатыр. Оның   80%-ына дәнді  дақылдар өсіріледі.  Егістік алқаптың   15%- ына техникалық дақылдар  егіледі. 4.2%-ын  бақ  пен  жүзім  баулары  алып  жатыр.

Елде  балық  шаруашылығымен  айналысатын   кәсіпкерліктер  өте  көп:  жылына  шамамен  180 мың  балық ауланады.  Ел  аумағының  шамамен  25%-ын  орман  тоғай  алып  жатыр.

Мексиканың ауыл шаруашылығы жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының әсіресе етті-сүтті мал шаруашылығы жақсы дамыған. Мексиканың солтүстігінде бұғы шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен бірге мүйізді ірі қара, шошқа көп өсіріледі. Мексикада қант қызылшасын, картоп, ячмень өсіріледі. Балық аулау жақсы дамыған, оның ішінде сельд және треска істеу негізгі шаруашылықтары болып табылады.

Ауыл шаруашылығында Мексика халқының 3%-ы жұмыс істейді. Бірақ ауыл  шаруашылығы жақсы дамыған, әрі механикаландырылған, бүкіл өндірілген өнім Мексиканың өзіне ғана емес, сонымен қатар экспортқа шығаруға да жетеді. Бұл саланың негізін ірі-ірі кәсіпорындар құрайды. Олар елді 90% өніммен қамтамасыз етеді. Аграрлық Мексиканың жетекші саласы — етті-сүтті ірі қара мал өсіру. Ірі қара мал бүкіл Мексика аумағында өсірілсе, шошқа мен үй құстары елдің оңтүстігінде ғана өсіріледі. Егін шаруашылығы үшін бүкіл ел аумағының 7%-ына жуығы пайдаланылады. Өңделетін жерлердің басым бөлігі оңтүстік аудандарда шоғырланған, мұнда бидай, сұлы, күнбағыс, картоп егіледі. Тиімді технологияның арқасында Мексика өзінің бидайға, қара бидай мен картопқа деген мұқтаждығын толық қанағаттандырады.

Мексиканың ауыл шаруашылығы механикаландыру мен химияландыруға сәйкес егістік пен бақша дақылдарының шығымдылық дәрежесімен және мал шаруашылығымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығы ұлттық жалпы өнімнің 4 %-ын береді.1945-65 жылдары аралығында жеке шаруашылық саны 500 мыңға азайды.Ұсақ шаруашылықтар күйзеліп, ірі шаруашылықтар дамыды. Ауыл шаруашылығы жоғары дәрежеде механикаландырылған, өнімділігі жоғары, тыңайтқыш мол қолданылады. Барлық жерінің 57 %-ы ауыл шаруашылығына пайдаланылады, оның жартысынан астамы жыртылған. Ауыл шаруашылығының басты саласы- мал шаруашылығы (14 млн-дай мүйізді ірі қара,19 млн-нан астам шошқа,ол барлық өнімнің 75 %-ын береді. Азық- түлік дақылдарынан бидай, арпа, қант қызылшасының маңызы зор. Маңызды дәнді дақылдары –бидай (5,7 млн.тонна, 1970), күздік бидай (2,7 млн.тонна), сұлы (2,5 млн. тонна), арпа (4,8 млн. тонна). Басқа дақылдардан картоп (16 млн. тонна), қант қызылшасы (13,8 млн. тонна) егіледі. Барлық жерде бақша, жеміс шаруашылығы дамыған.

1950 жылы ауыл шаруашылығы  саласында 4,7 миллион адам қызмет  етсе,1989 жылы 0,9 миллион адам қызмет  атқарған.

Жүгері – Мексиканың қуат базасының үлкен бөлігі, негізгі азық-түлікгі болып табылады. Ал бидай дақылы негізінен Тынық мұхитының солтүстiк-шығысы мен Орталық Мексикада орталық Мексикада көп өсіріледі. Күріш – мемлекеттің дәстүрлі мәдени дақылы. Сондай-ақ маңызды дақылдардың ішіне құмай да кіреді. Ол жағалау аудандарда өсіріледі. Мақта өндіру суару аудандарында шоғырланған. Мақта өсіру Солтүстік-Батыс аудандарда төменгі ағыстарында, ал қант қамысын өсіру Кубалық қант АҚШ нарығында жабылғаннан кейін артты. Мастер кофе ағашы плантациялары елдің оңтүстік бөлігінде таулы аудандарында және өрескел бар құнарлы топырақ облысы саналатын аймақтарда, Карс ойпатының солтүстік жағалауында Юкатан түбегінде өсіріледі. Экспорттық мәні жоғары өнімдерге қызанақ, жаңғақ, ерте пісетін көкөністер, цитрус, ананас, және басқа да тропикалық және субтропикалық дақылдар жатады.

 

в) көлік қатынасы

Мексиканың көп жерінде көлік қатынасы жақсарып, транспорттық жолдар салынса да таулы аймақтарға жету қиындық тудыруда. Сапалы транспорт желісінің болмауы елдің территориясының жер бедері әркелкі болуына байланысты. Ұзақ уақыт бойы көлік қатынасының дамымауы ел экономикасына кері әсерін тигізді. Мексиканың көлік қатынасы темір жол, автокөлік, әуе және теңіз транспорт түрлерінен тұрады. Әуе көлігі маңызды қызмет атқарады. Елде жергілікті желіге жататын 33 аэропорт, халықаралық 55 аэропорт бар. Ең ірі аэропорты мемлекеттің астанасы Мехико қаласында орналасқан.

Автокөлік жолдарының ұзындығы - 249 520 км. Асфальттелген жолдар 37%-ды құрайды. Мексиканың автострадалары- «автобаны» (автомобиль қатынасына арналған арнайы жабдықалған  кең тас жол) Америкадағы ең жақсы жолдардың біріне жатады. Автокөлік жолдары елдің солтүстік және орталық бөлігінде көптеп салынған. Елдің ең басты магистралі Сьюдад-Хуарестен Сьюдад-Куаутемокке дейінгі шоссе жолы. Үлкен автомагистральдары Мехиконы Тихуанамен, Акапулькомен және Веракруспен байланыстырады. Тасымалдың 20%-ы автотранспорттың үлесіне тиеді.

Информация о работе Мексика