Ақша қаражаттарының басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 12:01, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
•кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
•ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
•зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ

1.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын басқару
2. «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық ақша ағымына талдау жүргізу
2.1 «ӨзенМұнайГаз» АҚ қаржылық жағдайын талдау
3.Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау
3.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы
3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 521.50 Кб (Скачать файл)

Ескерту:www.kase.kz     

 Жоғарыда  қаражаттарының қолданылуын талдау  кестесі көрсетілген. Кесте ай немесе тоқсан бойынша құрылуы мүмкін. Ол үшін бас кітапты, журнал-ордерді, аналитикалық есеп көрсеткіштерін есепке ала отырып жасайды. Берілген форма ақша қаражаттарын оперативті басқаруға мүмкіндік беретін тікелей әдіс негізінде жасақталған.Ұзақ мерзімді қызмет нәтижесінде ақша ағымын тікелей  есептеу әдісі кәсіпорынның өтімділік 

деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал  оперативті  басқаруда тікелей әдісті қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуға ақша қаражаттарының жеткілікті болуына қатысты бақылау жүргізуде қолданылады. Бұл әдіс кемшілігі алынған қаржылық нәтиже мен ақша қаражаттарының абсолютті көлемінің өзгеруі арасындағы байланыстың ескерілмеуі.

    Жанама әдіс аналитикалық жағынан қолайлы. Ол алынған пайда  мен ақша қаражаттарының арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік  береді. Ақша қаражаттарын жанама әдіспен  есептеу, бухгалтерлік есеп шоттары  бойынша нақты ақша қозғалысын көрсетпейтін таза пайда көрсеткіші бойынша жргізіледі. Сондай-ақ, жанама әдіс қызмет түрлері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын талдауға негізделген және кәсіпорынның пайдасының нақты қайдан келетінін, қайда салыну керектігін көрсетеді.  

    Жанама әдіспен құрылған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, есепті уақыттың басына және аяғына арналған бухгалтерлік баланстар арасындағы байланыс құралы болып табылады. Себебі, ақша қаражаттараның шоттар бойынша есебі өзгеруінің өзге баланс баптары өзгеруіндегі айырмашылығын ашады.

Пайданың ақша ағымына  айналуына бірнеше түзетулер  қатары енгізіледі. Шаруашылық операциялар  және ақша қаражаттарының қозғалысы  жасақталу уақытына ақшалай емес факторлардың және уақытша келеңсіздіктің әсерін азайтады. Ақшалай емес инвестициялық және қаржылық операциялар мысалы ретінде, материалдық және материалдық емес айналымнан тыс активтерге алмастырылған акция және облигация эмиссиясы жатады, немесе бір капиталдық активтердің екіншісіне ауыстырылуы.

     Шетел тәжірибесінде ақшалай емес операциялар ағымдық қызметке қатысты бартерлік келісіммен ұсынылады. Мұндай келісімдерді ақша ағымдарын жанама әдіспен есептеу кезінде түзетулер талдауы жолымен жасақталады. Мұндай түзетулер таза пайда көрсеткішінің өсуіне немесе кемуіне әсер етеді.

Кәсіпорынның таза пайдасының өсуіне әсер ететін нақты түзетулер  келесідей:

  • негізгі құралдар және материалдық емес активтер бойынша аударылған амортизация;
  • запас қалдықтарының азаюы;
  • дебиторлық қарыздың қысқаруы;
  • болашақ кезең шығындарының азаюы;
  • жеткізушілер мен жабдықтаушылар арасындағы кредиторлық қарыздың өсуі;
  • бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың алдындағы кредиторлық қарыздың өсуі;
  • өзге де қысқа мерзімді міндеттемелердің өсуі;
  • алынған материалдық құндылықтар бойынша ҚҚС төмендеуі;

 

     Таза табыстан алынады:

  • негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы;
  • запастарды өсіру;
  • дебиторлық қарызды жоғарылату;
  • кредиторлық қарызды жоғарылату;
  • өзге де қысқа мерзімді міндеттемелерді қысқарту;
  • өткен жылғы бөлінбеген пайданы пайдалану;
  • резервтік қор қаражаттарын пайдалану;
  • болашақ кезең шығындарын өсіру;
  • алынған құндылықтар бойынша ҚҚС қалдығының өсуі.

 

      Егер есепті кезең нәтижесі бойынша шығын алынған болса, онда жанама әдісте есептемелер оның көлеміне негізделіп жүргізіледі.   

    Ақша қаражаттарын оперативті басқаруда жанама әдісті қолдану артықшылығы, ол қаржылық нәтижелер мен меншікті айналым қаражаттары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорын қызметіндегі кемшіліктерді анықтап,  олардан шығу жолдарын қарастыруға болады.

Әдіс кемшіліктері:

  • ішкі  қолданушылармен аналитикалық есепті жасаудағы жоғарғы еңбектілік;
  • бухгалтерлік есептің ішкі көрсеткіштерін қарастыру қажеттілігі (бас кітап);

Аналитикалық жұмыс  жүргізудегі екі әдіс бірін-бірі толықтырып, есепті кезең бойынша кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты түсінік береді. 

 

1.3 Кәсіпорынның  ақша қаражаттары ағымын басқару

Компанияның ақша ағымдары ашық жүйе ретінде қарастырылады.  
Компанияның жетістікке жетуі оның дер кезіндегі сыртқы әлеуметтік – экономикалық ортаға жылдам бейімделуінде.Компанияның ақша ағымдарының назарынан тыс қалдырмауы тиіс сыртқы жағжайларға: күшейген жаһандануы ушыққан бәсекелестікті, шикізаттар мен материалдар бағасының жоғарылығын, бұйымның өмірлік кезеңдетінің қысқаруын жатқызуға болады. Осы мүмкіндіктерді қаншалықты іске асыра алуды білу және олардың қоршаған ортаға қаншалықты қажет болатынын түсіну – бүгінгі күннің басты талабы. Жетістікті компаниялардың ақша ағымдары сыртқы қоршамға бейімделіп қана қоймай, мүмкіндіктері жоғары дәрежеде сәйкес келетіндей өзінің айналасында осындай орта қалыптастыру үшін белсенді әрекет етеді. Ешқандайда компанияның ақша ағымдары нарықта тауарларының барлық коммерциялық қасиеттері мен жылжыту құралдары бойынша бәсекелестерінен асып түсе алмайды. Олардың ішінен артықшылық беретіндерін талдау және нарық жағжайының даму тенденциясына көбірек сәйкес келетін және кәсіпорын қызметінің күшті жақтарын ең жақсы жолмен қолдана алатын стратегияны жасау қажет. Казіргі күні экономикалық ғылымда қойылған мақсаттарға сәйкес стратегиялардың екі түрін: портфельдік және бәсекелестік деп бөледі.  
        Портфельді стратегия компанияның жалпы іс - әрекетін және жекелеген қызмет аумақтарындағы бәсекелестік артықшылықтарын анықтап, және сол алынған бәсекелік артықшылықтарды ары қарай бәсекелік стратегиялар шегінде кешенді қолдануды қамтамасыз етеді.  
Компанияның ақша ағымын алатын болсақ тауар портфеліндегі тауарлардың қайсысына қаржы керек немесе инвестициялауды тоқтату керектігін және компанияның жалпы стратегиялық бағытын анықтау.  
Портфельдік стратегияларға қосымша бәсекелік стратегиялар компанияның әр қызмет бөліміне не істеу қажет екенін анықтайды. Бәсекелік стратигияны ауық – ауык стратегиялық шешімдермен қаптап отыру қажет стержень ретінде қарастыруға болады.

Мұндай шешімдерге: 

- саладағы бәсекелестікті таңдау; 

- мақсаттарды  анықтау; 

- бәсекелестік  стратегияларды жасау және іске асыру; 

- бәсекелестік  артықшылықты ұстап тұруды жатқызуға болады. Жоғарыда аталған компанияның әрекеттері өзара байланысты және бір – бірін толықтырады. Мысалы әр бір стратегиялық шешім сала туралы ақпаратты қажет етеді. Бәсекелестік стратегияны жасау және іске асыру компанияның ақша ағымдарының нақты алға қойған мақсатынсыз жүзеге асыру қиын. Нарықтағы жайғасымды ұстап тұру сол стратегияларының дер кезінде дұрыс іске асыруына байланысты. Бәсекелестіктің сипаты мен деңгейін анықтау үшін автор компанияның бәсекелестіктік стратегияларын жоспарлауға қатысты бәсекелестіктің бес күші моделін май өнімдерін өндіру саласында қарастырады. Модельге сәйкес бәсекелестік стратегияларды құру екі кезеңнен тұрады: компания әрекет ететін саланы талдау және сол саладағы бәсекестер жайғасымын анықтау. Бұлар:  
1.жаңа бәсекелестер пайда болу қауіп – қатері;  
2.алмастыру – тауарлар пайда болу қаупі;  
3.жинақтаушы бұйымдар жеткізушілерінің саудаласу қабілеттілігі;  
4.тұтынушылардың саудаласу қабілеттілігі;  
5.қазір әрекет етуші бәсекелестердің өзара бақталасуы.  
Салаға жаңа өндірістік қуат әкелетін және нарықтан өз үлесін алғысы келетін жаңа бәсекелес компаниялардың пайда болуы тауар ұсынысын көтереді де бағаға қысым көрсетеді. Бәсекелестің пайда болуы екі факторға байланысты: сұраныстың көбеюі және экономика заңдылығына сәйкес бағаның көтерілуі жаңа бәсекелестерді шақыру сигналы бола алады; нарыққа ену барьерлерінің деңгейі және сол нарықта жұмыс істеп жатқан компаниялардың жаңа бәсекелестерге реакциясы. Кәсіпорынның ақша ағымдарын басқару үшін маңызды қаржылық құжат болып кассадағы және банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары, яғни төлем балансы табылады. Ол басқарушыға операциондық және инвестициялық қарекетті оперативтік қаржыландыруды қамтамасыз етуге, мемлекет пен серіктестердің алдындағы міндеттемелерді орындауға, төлем қабілеттілігінде және кәсіпорынның активтерінің өтімділігіндегі өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді.

        Төлем балансын қалыптастыпудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның ақша қаражаттары мен төлемдерінің келіп түсуінің нақты мерзімдерін бекіту және олардың жоспарлы тапсырмалар түрінде филиалдарға жеткізу.

Төлем балансы меншікті қаражаттардың жағдайын бақылауға және қарыз құралдарын тарту мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Төлем балансы негізінде басты қажеттіліктерге қаражаттарды жұмсауды бақылайды. Бұл бақылаудың маңызы уақытша қаржылық қиыншылықтар туған кезде арта түседі. Бұл құжатты дайындау қажеттілігі несиелер бойынша төлемдер жасау тәртібінің өзгерісі кезінде, мемлекет, жабдықтаушылар, қызметкерлер және құрылтайшылар алдында төлемдік міндеттемелер бар болған жағдайда артады. Осының барлығы күн сайынғы ақша түсімдерінің ағымдары мен төлемдердің арасындағы тепе-теңдікке басқарушының ерекше назар аударуын қажет етеді. Егер, тепе-теңдік жоқ болса, онда кәсіпорын айналымына қосымша ақша қаражаттарын тарту шаралары немесе ағымдағы инвестициялық шығындарды төмендету шаралары қолданылады, ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары жасалады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.«ӨзенМұнайГаз» ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ

 

2.1 «ӨзенМұнайГаз»  Өндірістік Филиалы Акционерлік  Қоғамының шаруашылық әрекетіне талдау жүргізу  

 

« ӨзенМұнайГаз» өндірістікфилиалы  «ҚазМұнайГаз»  Акционерлік  Қоғамының № 580 жарлығы бойынша құрылып, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында орналасқан өндірістік филиалы болып табылады.

Қоғам «ЕмбіМұнайГаз» Акциеонерлік Қоғамы мен «Өзенмұнайгаз» Акционерлік қоғамын біріктіру  нысанында қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды. «ЕмбіМұнайГаз» Акционерлік Қоғамы  мен «ӨзенМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының барлық мүлкінің, құқықтары мен міндеттемелерінің  құқықтық мұрагері болып табылады. Сондай – ақ,  Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктік шоттары болады, өз атынан мүліктік және жеке  мүліктік емес құқықтарға ие болады және жүзеге асырады, жауапкершілікте болады және сотта талапкер және жауапкер бола алады. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, «Акционерлік қоғам туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де  нормативтік  құқықтық актілерін ( бұдан әрі – Заңнама деп аталады), сондай – ақ осы Жарғыны ( бұдан әрі – Жарғы ) басшылыққа алады.  Қоғам әділет органдарында  мемлекеттік тіркелген  сәтінен бастап  заңды тұлға мәртебесіне ие /16/

Қазақстанның Батыс  аумағының байлығын игерудегі Өзен кенорының ашылуы үлкен қуаныш болды. Өзен кенорыны келесі себептермен ерекшеленеді:

    • мол мұнай қоры;
    • мұнай қорының тығыздығы (Башқұртстан, Татарстан елдерімен салыстырғанда);
    • химиялық өнеркәсіпке бағалы шикізат ретінде ұсынылатын сапалы және күкіртсіз мұнай;
    • бұрғылау жұмыстарын жүргізудегі қолайлы жағдайлар;
    • кенорынды игеруге қолайлылық туғызатын аймақтық рельеф.

Маңғыстау аймақтық мұнай байлықтары жергілікті тұрғындармен ғасырлар бойы қолданылуда. Мысалы, Қарасаз, Таспас аймақтарының жер қабатының  бетіне шығатын 1959 жылы ССР жене КССР геологиялық министрліктер кеңесінің  эксперттік – геологиялық кеңесінде Маңғышлақ аймағында мұнай және газды іздеу, барлау жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданды. 1960 жылдың 5 қаңтарында шебер Ғазиз Абдирзаковтың бригадасы ең алғаш Өзен кенорынынан газ фонтанын ашты.

Ең алғаш  рет Өзен кенорыны мұнайы 1965 жылы 10 шілдеде  жаңа салынған  Мақат-Ақтау-Өзен теміржолы арқылы тиеліп жөнелтілді. 2 жыл ішінде ұзындығы 1450км созылған Өзен-Ақтау-Самара магистралды мұнай құбыры салынды. Бес жыл ішінде аймақтағы мұнай өндіру жылына 330 мың тоннадан 10,4 млн.тоннаға дейін көтерілді. 1977 жылы мұнай өндіру деңгейі Қазақстан бойынша жылына 20,3 млн.тоннаны құрады, оның 16 млн. тоннасын тек қана Өзен кенорыны берді. Осы мұнай өндіру кенорынының нәтижесінде қазіргі таңда 70 мыңнан аса адам тұратын Жаңаөзен мұнайшылар қаласы салынды. Көп көлемдегі мұнай өндірісін қамтамасыз ететін инфраструктура мен қажетті база құрылды.

Қоғам қызметінің  мақсаты  мен негізгі түрлері:

Қоғамның мақсаты –  дербес шаруашылық қызметін жүзеге асыру  барысында таза кіріс алу.

Қоғамның қызметінің негізгі түрлері:

  • геологиялық барлау, іздестіру жұмыстарын жүргізу және мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын, сондай –ақ жерасты сулары  кен орындарын игеру; мұнай, газ және жерасты және теңіз суларын өндіру, тасымалдау ; мұнайды дайындау және газды өңдеу, өңделген  шикізатты және өнімдерді сату;
  • мұнайға, газға және  суға арналған іздеу, барлау, құрылымдық  және пайдалану ұңғымаларын  бұрғылау, оларды  тоқтатып қою және тарату;
  • мұнай, газ кен орындарын, сондай – ақ жерасты су кен орындарын жайластыру;
  • өндіру және айдағыш ұңғымалардың сынау және игеру;
  • мұнайдың, газдың, судың және жыныстардың физикалық – химиялық қасиеттерін айқындау бойынша лабораторлық жұмыстар;
  • жерасты сулары кен орындарының монитоингін жүргізу;
  • сұйық газды, көмірсутегі қоспасын, пеш отынын және басқа да  газдың өңделген өнімін әзірлеу;
  • мұнай өндіруді қарқындаты;
  • жоғары – монтаждық жұмыстарды  жүзеге асыру;
  • бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі және басқа да арнайы жабдықтың түрлерін, көлік құралдарын, жеке  мұқтаждықтарға  қажетті  құрал – саймандар мен қосалқы  бөлшектерді  жасау, күрделі жөндеу;
  • технологиялық  мұнай – газ  кәсіпшілігі жабдығын монтаждау;
  • газды пештерге жеткізетін құбыр желілерін, сондай –ақ тіректі арматура мен қысым реттегіштерді  пайдалану, монтаждау және жөндеу;
  • газ жабдының жоспарлы – ескертулік жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • қысыммен жұмыс істейтін қыздыру пештерін, қазандықтарды, түтікт<span class="da

Информация о работе Ақша қаражаттарының басқару