Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 15:05, курсовая работа

Краткое описание

Журналист ол - қоғам айнасы, радиодан болсын, теледидар мен газеттен болсын берілген кез-келген ақпарат қоғамдық көңіл-күйдің қалыптасуына өзіндік ықпал етеді. Әсіресе радио халықтың басым көпілігі тыңдайтын ақпарат құралы болып келе жатыр. Бүгінгі, ақпарттың қарыштап дамыған заманында, теледидар мен интернет дамып, радионың орнын аздап ығыстырғанымен, өзінің табиғи болмысы,ақпарат таратудағы шапшаңдығы жөнінен, әлі де болса алдыңғы қатардан көрініп келе жатыр. Себебі газет немесе теледидардан берілген ақпаратты алу үшін оған белгілі уақыт жұмсау қажет. Интернеттен ақпартат аларда әуелі сол хабар берілген сайтты іздеу мен уақыт өткізіп аласыз.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Қазақстанда радионың пайда болуы........................................................5
1.1 Қазақ радиожуранлистикасының даму кезеңдері..........................................7
1.2 Кеңес дәуіріндегі қазақ радиосы......................................................................8
ІІ тарау. Радио журналистиканың міндеттері.....................................................10
2.1 Ақпараттық міндеті.........................................................................................11
2.2 Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті......................................................13
2.3 Мәдени ағартушылық міндеті........................................................................15
ІІІ тарау. Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы
көзқарас.................................................................................................................18
Қортынды...............................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі.........................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ МӘДЕНИ АҒАРТУШЫЛЫҚ ФУНКЦИЯСЫ.docx

— 66.20 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

І тарау. Қазақстанда радионың пайда болуы........................................................5

1.1 Қазақ радиожуранлистикасының  даму кезеңдері..........................................7

1.2 Кеңес дәуіріндегі қазақ  радиосы......................................................................8

ІІ тарау. Радио журналистиканың міндеттері.....................................................10

2.1 Ақпараттық міндеті.........................................................................................11

2.2 Қоғамды әлеуметтік  топтастыру міндеті......................................................13

2.3 Мәдени ағартушылық міндеті........................................................................15

ІІІ тарау. Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы

 көзқарас.................................................................................................................18

Қортынды...............................................................................................................22

Пайдаланылған әдебиеттір тізімі.........................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Журналист ол - қоғам айнасы, радиодан болсын, теледидар мен газеттен болсын берілген кез-келген ақпарат қоғамдық көңіл-күйдің қалыптасуына өзіндік ықпал етеді. Әсіресе радио халықтың басым көпілігі тыңдайтын ақпарат құралы болып келе жатыр. Бүгінгі, ақпарттың қарыштап дамыған заманында, теледидар мен интернет дамып, радионың орнын аздап  ығыстырғанымен, өзінің табиғи болмысы,ақпарат таратудағы шапшаңдығы жөнінен, әлі де болса алдыңғы қатардан көрініп келе жатыр. Себебі газет немесе теледидардан берілген ақпаратты алу үшін оған белгілі уақыт жұмсау қажет. Интернеттен ақпартат аларда әуелі сол хабар берілген сайтты іздеу мен уақыт өткізіп аласыз. Ал радиода арнайы уақыт жұмсап, күтудің қажеті жоқ. Кез-келген адам жұмысын істеп жүріп-ақ, радиодан берілген хабарды құлағымен естіп, көңілге түйе алады. Радионың бұл қасиеті  КСРО-дағы қауырт еңбек кезінде өзін байқата алған. Әсіресе, соғыс кезінде, халық ақпарат алудың негізгі құралы ретінде радиоға басымдық береді.

Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы айтқандай “қазіргі сөз макулатурасы көбейген кезде қалың бұлттан жарып шыққан, түн түнегін түріп” тастаған айдай болып тіл қататын”  әуе толқынының әйгілі жүргізушісі болу үшін журналистиканың барлық  мүмкіндіктерін жете пайдаланып, мың құбылған тәсілдер мен әралуан пішіндердің сан қилы қисындары мен толып жатқан ерекшеліктерін жан-жақты меңгеріп, аудиторияны баурап алатын тартымдылық, шешендік өнер мен интеллектуальдық деңгейдегі тапқырлықты өз образы, өз имиджі ретінде бойына сіңіріп, қалыптасқан  қолтаңбасы ретінде халыққа ұсынуы керек. Бірақ, журналистің елдік тұлға дәрежесіне көтерілуі үшін бұл әлі жеткіліксіз. Өйткені, ол - қоғамдық пікір қалыптастыратын БАҚ өкілі. “Судың да сұрауы бар” демекші, эфирдегі жүргізуші сөзі де белгілі бір жауапкершілік шеңберінен аспауы шарт. Іс-әрекет мазмұны кестесінде бұл ереже – норма – заң ретінде көрініс тапқан.

  Болашақ журналист ретінде өзіміздің кәсіби біліктілігімізді арттыруда теориялық ілімдерге баса назар аудару, университет қабырғасынан мүмкіндігіміз жеткенше білім алу, біздің басты міндетіміз. Соның нәтижесінде біз  университет қабырғасында жүріп, өз мамандығымыздың өмірдегі қолданыс аясынан, іс жүзіндегі тәжірибелі тәлімдерінен, дүниежүзілік деңгейдегі жаңашыл бағыттарынан хабардар боламыз. Демек, болашақ мамандығымызды тәжірибе жүзінде көзбен көріп, қолымен ұстап, белгілі бір дәрежеде сол іспен тікелей шұғылдану біздің қазіргі таңдағы қажетті сұранысымызға айналып отыр деген сөз.

 Соған орай осы еңбекте, қазақ радио ғылымының атасы, Н.Омашевтің "Радио журналисика" және "Қазақ журналистикасы" (ІІІ том) еңбектерін М.Барманқұлов кітаптарын негізге ала отырып, және басқа да ғалымдардың еңбектері бойынша, бүгінгі радионың сан қырлы міндеттерінің,  Н.Омашев бөлген үш негізгі тобына:

1. Ақпараттық міндеттері;

2. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеттері;

3. Мәдени-ағартушылық міндеттеріне, анықтама беріп өтеміз. 

 Тақырып өзектілігін  ашу мақсатында Қазақстандағы  радионың алғаш пайда болған  кездегі қоғамдық сана қалыптастырудағы  міндеттері мен сол бағыттағы  еңбектеріне тоқталамыз. Және бүгінгі таңдағы радионың атқарып отырған негізгі міндеттері мен қызметін қазіргі журналистиканың жанырларына деген көзқарастарды саралаймыз.

Зерттеу жұмсының мақсаты-радио журналистиканың басты міндеттеріне (функцияларына) теориялық тұрғыдан сипаттама жасау.

Зерттеу жұмысының міндеті:

- Ақпараттық функциясына  теориялық тұрғыдан тоқталып  өту;

- Қоғамдық әлеуметтік  топтастыру функциясына сипаттама  беру;

- Мәдени-ағартушылық функциясының теориялық тұрғыдан мәнін ашып, оның маңызды тұстарын ерекше атап өту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ РАДИОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

 

Қазақ жерінде әуе толқынына таралған алғашқы радио хабар туралы қоғам арасында әлі күнге нақты пікір жоқ. Қоғамда қазақ радиосының пайда болуы туралы сан алуан  пікірдің қалыптасуы, олардың бір байламға түсірлмеуі қазақ радиосының туған жылын белгілеуде жаңсақтыққа ұрындыруда. Белгілі ғалым Марат Барманқұлов радионың пайда болуы жайындағы пікір алуандығын былай түсіндіреді: "Қазақстанда жаппай хабар бере бастау уақытын анықтаудағы кездесетін қиындықтар мынаған байланысты,зерттеушілер бұл хабарды: а) өзіндік хабарға, ә) Мәскеу хабарына, б) республика хабарына, в) жергілікті хабарға, г) радио хабарға, ғ) Морзе әліппесі көмегімен берілетін деп деп бөледі. Ал бұған республика астанасының Орынбордан Қызылордаға, одан кейін Алматыға көшірілгені келіп қосылады.[1]

 Ғалымның бұлай деуіне  негіз бар. Мысалы "Полвек в  пути" жинағында жаряланған мақалаларында  осы салаға біраз жетекшілк жасаған Н.Сыздықов пен И.Колчин: "Қазақстанда радио алғаш рет 1923 жылы жұмыс істеді" -дейді. Бірақ олардың қандай дерекке сүйенгені көрсетілмеген. Радиостанцияларды қабылдап таратушы, тек қабылдаушы немесе таратушы болып бөлінетінін ескерсек, олардың тұжырымына күмән көбейе түседі.

Қазақ радиосының тарихын зерттеушілерінің бірі- Р.Сағымбеков "Алматыдан сөйлеп тұрмыз" кітабында : "1912 жылы Александр фортындағы радиостанцияның меңгерушісі Шпанов-Егоров, Түркістан пошта-телеграф округінің жоғары мәртебелі бастығына кезекті шағым жолдап,стансаға іргелес салынған тұрғын үйлерді жөндеуге қаржы сұрайды"-дейді.

Профессор М.Барманқұлов алдыңғы зерттеушілерге қосылып, "Қазақстандағы алғашқы радио станция 1913 жылы Форт-Александровскіде жұмыс істеді. Ол Ресейдің бұрыш-бұрышындағы 16 радио станцияның  бірі еді",-деп жазады.

Қазан револютциясынан бұрынғы патша Ресей тұсындағы байланыстың жүйесін қарастыратын кітаптың (Развитие связи в СССР, М,1967) "Радио байланыс" деп аталатын бөлімшесінде осыған байланысты біраз нәрсе айтылады. Ресейдің пошта және телеграф басқармасына қатысты комерциялық радиостанциялар құрылысы 1909 жылы жаңадан салына бастайды. Оған ашық теңіз үстіндегі корабільдермен байланыс жасау үшін жағалаулардағы радиостанциялар салу жөніндегі халқаралық конвенция түрткі болыпты. Осындай радиотелеграфтық желі Ресейдің оңтүстік бөлігіндегі Форт-Петровскіні байланыстыратын.

Осында келтірілген деректерден шығатын қортынды мен біз жоғарыда талдаған мұрағаттық деректер сәйкес келеді. Егер радиостанца жұмысын 1912 жылы бастаған болса, оған қажетті бөлшектердің жетпеуі жайлы шағымның 1913 жылы жазыуы, тұрғын үйдің тарлығы, жарамсыздығы жайлы екі-үш жыл өткізіп барып шағымдануы заңды құбылыс.

Қазақстанның сол кездегі халқының үштен бір бөлігі қоныстанған Сырдария мен Жетісу губерниялары Түркістан Республикасына қарады. Сондықтанда осы Республиканың орталығы, қазіргі Өзбекстан астанасы, Ташкент қаласында таратыла бастаған радио хабарларды тек өзбек ағайындарға теліп қою біржақтылық болар еді. Өйткені ол округте тұратын барлық халықтардың тұрғылықты тілдерін қолдануы бірдей болған еді. Оған "Радиослушатель" журналында (1928,№ 5) басылған мына бір мақала дәлел бола алады. "Қарақұм қаласынан Ташкентке жергілікті ұлтынан өкіл келді. Ол Ташкеттің радиостанциясына қазақ тілінде хабар тарату өтініш жасады. Болыстың көптеген қыстаулары мен ауылдарында дауыс үдеткіштер мен қабылдағыштар барлық бартын. Радиостанция өз бағдарламасына қазақ тілінде хабарларды енгізді".

Сонымен, Қазан революциясына дейін Форт-Александровскі мен Түркістанда радиостанцалар болды. Олардың жұмысы мынаған саяды.

Біріншіден, радиостанциялардың жалпы халыққа арналған кең аудиториясы болған жоқ. Ұйымдастырушылар мен алдына ондай мақсатты қойған жоқ. Радиохабарды тек байланыс үшін қолданып желілі телеграфты қайталады.

Екіншіден, Радиостанцияалар мемлекетке қарағанымен,шын мәнісінде түрлі ведомостваларға қызмет етті. Олар: әскери және әскери-теңіз,сол сияқты пошта-телеграф ведомоствалары еді. Еліміздің барлық радиостанцияаларын бір мақсатқа бағындыратын,оның дамуын қадағалап отыратын жеке ұйым болған жоқ.

Үшіншіден, Қазақстан жеріндегі балық радиолар негізінен әскери бөлімшелер арасын байланыстыратын желі қызметін атқарды. Олардың әскери байланыстағы рөлімен салыстырғанда шаруашылық, әкімшілік және саяси өмірге араласуы жоқтың қасы еді.[2]

Қазақ радиосының туғын жылын нақтылауда бір мәселенің басы ашық болуы керек. Егер радио мекемесінің толық атауы "Радиовещание", яғни радио тарату екенін ескерсек,радионың алғашқы байланыс құралы ретіндегі рөлін бұған жатқызуға болмайды.

Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1921 жылға 29 кыркүйектегі шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болды. Онда қазан айынан бастап Орынбордағы радиостанца арқылы күн сайын 1600 сөзден тұратын өздері дайындаған радиобюллетеньді республикаға тарату құқы берілді. Ендеше 1921 жылдың қазан айын республикалық Қазақ радиосының туған күні деп атауға толық негіз бар. Өйткені бұған дейін ресми түрде ондай құқық беріліп,республика әуе толқынына тараған радио хабар болған жоқ. Дәл осы айдан бастап арнайы кесте (сетка) бойынша республикада жұмыс істеп тұрған радиостанциялар арқылы елді мекендердің барлығына дерлік жүйелі түрде хабар таратылғанын айғақтайтын дәлелдер бар. Мысалы, Орынбордағы орталық станца тәулігіне екі рет белгілі уақытта Мәскеуден берілетін РОСТА-ның хабарын транцляциялады. Ертеңгісін және кешкісін бір сағаттан өздері дайындаған бюллетень түріндегі радиохабарын тарататын.[3]

1.1 Қазақ радиожурналистикасының  даму кезеңдері

 

Қазақ халқының мәдениетін, тілін, тарихын. дінін т/б ұлттық нақыштарын ғасырдан-ғасырға жетелеп, насихаттап келе жатқан радиожурналистика,бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы ретінде қалыптасты. Журналистиканың басқа да салалары тәрізді ол да тарихта өз ізін қалыптастырды. Тәуелсіздік алған тұсқа дейінгі қоғамдық дамуымыз Ресей империясымен байланысты болғандықтан,әрі радионың отаны да сол ел екенін ескеріп, қазақ радиожурналистикасының дамуы да сол елмен сәйкестендіріліп зерттелуде. Ресейлік ғалымдардың тұжырымдамасын негіздей отырып қазақ радиосының даму кезеңдерін, төмендегіндей кезеңдерге бөліп қарастырамыз:

 

1. Радио бағдарламалардың  қалыптасу кезеңі                     1921-1927 жж.

2. Тоталитарлық мемлекет  радиосы                                 1927-194 жж.

3. ҰОС жылдарындағы радио                                                1941-1945 жж.

4. Соғыстан кейінгі халық  шаруашылығын 

    қалпына келтіру  кезеңіндегі радио                                   1945-1950 жж.

5. Тоталитарлық мемлекет

     және әлеуметтік  тоқырау дәуірі                                       1950-1985 жж.

6. Қайта құру және жариялылық  радиосы                           1985-1991 жж.

7. Нарық кезеңіндегі радио                                            1991ж. - бері қарай

 

Қазақ радиожурналистикасының пайда болуы,дамуы, нақты қызмет көрсетуі, хабарлар таратуы тікелей РОСТА-ның жұмысымен байланысты өрбіді. Патшалық Ресейдің ықпалымен қазақ даласында Түрік РОСТА-ның құрылуы үлкен жаңалық болды. Түрлік РОСТА-ның міндеттері мен атқарған қызметтері жөнінен зерттеу деректері төмендегіндей: "Түркістан телеграф агенттігі алғашқында ақпараттық хабарларды түр-түрге бөлген жоқ. Олар негізін орталықтан түскен және жергілікті ақпарат болып шартты түрде екіге бөлінді. Орталықтан алынған ақпарат елімізде болып жатқан саяси жаңалықтар,совет үкіметінің дерективалары жөнінде жөнінде түсінік береді. Түрік РОСТА репортерлері жұмысындағы басты міндет тыңдаушыға ақиқат факті жеткізуге болады. Бұқара халықты совет үкіметін орнатуға қатыстыру жолында жүргізіліп жатқан табанды күрес кезінде, шыншыл хабар беруге аса үлкен көңіл бөлді. Жұртты жаңылдыратын материялдар бергеннен гөрі тексеруден өткізіп барып, тарату негізгі принціпке айналды.

Ресейдегі радио қозғалыс өрістеген сайын Түрік РОСТА-ның қызметі де жандана түсті. "Алғашқы РОСТА радиогазеті 1924 жылдың 24 қарашасында эфирге шықты,1928 жылдың ортасына қарай 80 радиогазет, 1930 жылы-300-дей, бұдан басқа фабрика завоттан-179, колхоздардан-100-деген радиогазеттер 29 халықтың тілінде шығып тұрды",-деген деректер келтірілген еді "Әуе толқынында-Қазақ радиосы" атты еңбекте.

"Осы жылдар хабарларын  әлеуметтік-саяси бағыттарына қарап  төмендегіндей бөлуге болады:

- қоғамдық-саяи;

- ағартушылық;

- көңіл көтерушілік;

Ал пішіндік жағынан:

- радиожиналыс;

- радиотеатр;

- радиоүндесу;

- радиоконцерт"- деп "Қазақ  радиожурналистикасы" атты еңбекте  қарастырылғанын ескерсек,бұл анықтаманың  Қазақ радиосының соңғы жылдардағы  хабарларына да қатысты екенін,тіпті  көп тұста қайталанып та келгені  анық.[4]

Қазақстанда 20-жылдардың басында радиостанциялары бар жерлерде радиоәуесқойлар үйірмелері ұйымдастырыла бастады. Олар әуесқойларға радио ісінің негіздерін оқытумен қатар, детектролық радиоқабылдағыштар жасауды үйретті. Еңбекшілердің бұл бастамасы Қазақстанда, Радио Достар Қоғамын құруға алып келді. Сөйтіп ол радионы насихаттау жөнінде радиоқабылдағыштар жасау мен орнатуда, әуесқойларға көмек көрсету жөнінде, қалалар мен селоларда радиоландыру ісінде үлкен жоспарлы жұмыстар басталды.

Информация о работе Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы көзқарас