Журналист- қазіргі заман тарихшысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 11:17, курсовая работа

Краткое описание

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Бүгінгі күн – ертен тарих
2. Қазіргі заман-ақпараттың заманы
3. Журналист-жаңалық жаршысы


ІІІ. Қорытынды



Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Журналист қазіргі заман тарихшысы..doc

— 101.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

  Кіріспе

 

   Негізгі бөлім:

 

  1. Бүгінгі күн – ертен тарих

  2. Қазіргі заман-ақпараттың заманы

3. Журналист-жаңалық жаршысы

 

 

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды.

Е.П.Прохоров: «на журналистике лежит задача и по участию в формировании исторического сознания масс- представления об историческом движении, о прошлом, настоящем в его связях с прошлым и будущим. Человек должен ощущать себя, окружающее, страну, мир в историческом процессе становления , в рождении одних и отмирании других явлений, в развитии как результате действий людей, борьбы различных общественных  сил»,- деді [1,105б].

     Журналист тұлғасы-әлемнің сызбасы. Яғни,бұл дегеніміз мықты журналист қоршаған ортаны өзгерте алатын тұлға. Өйткені өзінің жазған дүниесі,туындысы арқылы ол жан-жағына әсер қалдырып,түрлі ойлар тудыра алады. Журналистің берген ақпаратынан адам дұрыс не бұрыс жаққа демде өгере алады. Сондықтан журналист әрдайым шыққан сөзіне, жазған дүниесіне абай болғаны абзал.

    Е.П.Прохоров: « Журналистика-один  из социальных институтов  общества»,-деді 

[2,6б ].

   Журналист әрқашанда өзге маман иелерінен дараланып тұрады. Өйткені ол өз бойына бүкіл қасиетті сіңіреді. Өнер саласын да,спорт саласын да, медицина саласын да,заң саласын да, яғни жан-жақты қамтиды. Журналист нағыз шебер тұлға. Оның бойында жазушылық та,ақындық та танылады. Сондай-ақ журналист ол нағыз психолог болуы керек. Қоғамның,қызметтестерінің,адамдардың жан дүниесін түсініп, оларға қажетті ақпаратты тарата білуі тиіс. Ол дүниеге материалистік көзқарастан туады. Журналист өзінің күнделікті қызметінде сұхбатты көп пайдаланады. Мұнда ол сұрақ қою үшін психолог және зерттеуші болады. Әр саланың адамына сұрақ қоя отырып, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында,арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.

        Журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдар жинау,өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет.

         «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады»,-деп Л.Фейербах [3,24-б] айтқандай журналист ең алдымен өз күшіне,қаламының ұшқырлылығына,ойының тереңдігіне,біліміне сенеді. Сол арқылы қоғамда зор ілтипатқа ие болады,маңызды орынды алады. Журналистің тағы бір керемет қасиеттерінің бірі ол-қабілеттілік, дарындылық, зейінділік. Қабілет-іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай,нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттердің дамып,қалыптасуы әртүрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейін (жұрттың бәріне ортақ оқи,жаза,есептей алу) репродуктивтік (жалпы қабілет),екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы қабілет) қабілет дейді [4,36-37б]. Міне, дәл осы екінші шығармашылық қабілет көпшілік журналистердің бойынан табылады.Себебі бұл адамның өз бейімділігі арқылы,творчестволықпен іс істеу арқылы қалыптасатын қасиет.Ал бұны әрдайым жетілдіріп отыру қажет,сонда ғана нәтижелік шығады. Бұл сөзге В.Обручевтің: «Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі»-деген сөзі дәлел бола алады [5,42-б].

      Журналистің жазған мақаласы,жасаған бейне материялы неғұрлым сапалы,дәлелді болса,ол соғұрлым көрерменнің жүрегіне қонымды болмақ.

          Өмірхан Әбдиманов  «Журналистикадағы ескі дәстүрді жаңа заман талабымен ұштастыру керек» деген мақаласында: «Қазіргі ахуалы да аса жаман емес деп санаймын. Есімі елге белгілі, журналистикаға еңбек сіңірген азаматтар жұмыс істеп жатыр. Сағымбай Қозыбаев – журналистиканың өткеніне қатысты біршама еңбектер жазған журналистиканың тарихшысы. Үлкендеріміздің ішінде қаламы жүйрік Кәкен Хамзин ағамыз бар. Құдайберген Тұрсын болса ұзақ жылдар телеарналардың қазанында әбден қайнап барып бізге оқытушылыққа келген, тәжірибеден теорияға ауысқан маманның бірі. Баспа ісінде пісіп-жетілген Сағатбек Медеубекұлы бар. Шетелдерден тәжірибеден өтіп келген мамандарымыз да жоқ емес»,-деді.

     «Творчество- өте зор,тұрақты және қатты жігермен істелетін еңбек»-деп Б.М.Теплов [6,81-б] айтқандай,мрасында творчество ақыл-ойға, ілім-білімге терең бойлағанда ғана пайда болатын құбылыс. Сонымен бірге, осынау журналистік мамандықтың тағы бір қасиеті- ол табиғи қабілет дарынға,яғни талантқа байланысты екендігі.

«Журналист – нан таратушы сияқты. Нан халыққа қаншалықты қажет болса нан таратушы да сондық нанды тұтынушыларына таратады. Журналист те қоғамның әр бір мүшесі үшін ақпарат татаратады және оның ақпараты адамның өмірінде өте маңызды,»- деп жас журналист Мұхаммеджан Болатұлының айтқаны бар еді.

  Журналистер де жазушылар секілді творчествомен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір-біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатады. Творчество- шығарма жасау, шығарма туғызу,шығармашылыққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лаборатория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. Міне, содан бері, осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. Онымен қоймай,бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады [7,137-б]. Өйткені журналист те творчествоның адамы. Ал, творчество жолы-қиын жол. Сондықтан жас журналист кәсіби тұрғыда мамандану үшін асығыстық жасамай, байыппен, ерінбей-жалықпай творчество тәсілдерін үйренуі тиіс.

  Материалды  жазу процесінде журналистен  көп нәрсе талап етіледі. Яғни, журналистің жазу өнеріне деген қабілеті қандай екені де осы тұста байқалады. Зерттеуші В.М.Горохов «Закономерности публицистического творчества» деген еңбегінде журналист туралы : «...ол неғұрлым сенімді түрде әдеби-публицистикалық еңбекті игерген сайын,соғұрлым оның алдынан объект толық ашыла түседі»,-дейді. Бұл пікірді біз де қолдаймыз. Шындығында, автордың потенциалы кең болған сайын,оның мүмкіндік қарымы да ұлғая түспек [8,142-б]. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы журналист тәжірибе жинақтап,шеберлікке ұмтылуы тиіс. Ал шеберлікте шек болмайды және шабыттың да орны ерекше. Шабыт- творчество адамының күш-қуатын арттырып,сенімін күшейтіп,қанаттандыратын,жоғары пафосқа жетелеп, рух беретін ғажайып құбылыс! Шабыт кезінде адамның зейіні творчестволық іске тұрақтанып, басқа істерден аулақтанады.

  М.А.Шолоховтың  жерлестерінің бірі және бірге балық ауласатын жолдасы мынадай бір уақиғаны айтады: «Шолохов қармағын салды да,аузына трубкасын тістеп, Донның жағасына отыра кетті. Ол осылай қозғалмай,бір нүктеден көзін айырмай бір сағаттан артығырақ уақыт отырды.

  Жолдасы  тіл қатса да, одан жауап ала алмады. Оның тұлғасының сіресіп, қозғалыссыз,көзін суға қадап,төңіректе не болып жатқанын елемеуі жолдасын үрейлендіреді. Ол енді Шолоховтың әрбір әрекетін аңдымақшы болды. Бір мезгілде Шолохов ұйқыдан оянғандай,балық аулайтын саймандарын жинап,үйіне қарай жүгіре жөнеледі. Ол сол күні бойы және түнімен столынан кетпей,ұдайы жазумен болды.»

  Зейіннің  осындай ерекше түйілуінің нәтижесінде  сана барынша өткірленіп, мейілінше айқындалады [9,157-б]. Шабыт бар жерде  журналист қиялы да өрістей түседі.Журналист қиялы өмір шындығына негізделсе құба-құп! Өмірдің, мәселенің мән-маңызын ашуы-журналистың басты парызы.Әрі бұл оның кәсіби маман ғана емес,адамгершілік қасиетін де ашатын жайт. Журналист, ең алдымен азамат бола білуі керек.

  Публицистика-өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы-шындық. Журналист өмір фактілері мен құбылыстарының бәрін бірдей,қалай болса солай жинақтай бермейді, ол мәселеге партиялық,қоғамдық мақсат тұрғысынан қарай отырып,осыған аса қажетті мысалдарын идеалына сай келетіндерін іріктеп алып,соларды шығармасына арқау етеді.

  Журналист  өзінің баспасөз бетінде жүргізген  үгіт-насихат және ұйымдастырушылық  жұмыстары арқылы қоғамдық санаға  белгілі бір үлес қосады,өзінің  шығармасы арқылы белгілі бір мәселеге бұқара назарын аударып,сол мәселенің төңірегінде пікір туғызады. Ол өз шығармасы арқылы қоғамдық жаңа пікірді ұсынады,белгісіз бір жайды анықтап береді, түсініксіз нәрсені түсіндіреді.

  Журналист  ғылыми-социологиялық әдіс арқылы  нақтылы әлеуметтік жағдайларды зерттейді. Жеке адамдар мен олардың өзара қарым-қатынастарына,көңіл-күйлеріне назар аударады.Фактілер мен құбылыстар арқылы өмір шындығын көрсетеді,осылардың көмегімен адам сезімін оятады. Сонымен қатар публицистік шығарма адамды жігерлендіретін,күш-қайрат беретін әлеуметтік сезімге бөлеуге тиіс. Журналист белгілі бір фактіні хабарлау арқылы немесе оны байыптап,қорытып жариялау арқылы өз оқушыларына жаңа әрі жақсы істерге бағыт-бағдар беруі мүмкін.

  Журналистің  шеберлігі жөнінде В.И.Лениннің  «Революция күндері» деген мақаласы тамаша мысал бола алады. В.И.Ленин публицистің міндеті-дәуіріміздің,заманымыздың,шежіресін жазу деп түсіндіреді.

  Журналист  қоғам өмірінің оқиғалары мен  құбылыстарына  ілесумен қатар, оларды сезе де, болжай да білуге, қоғам өмірінің оқиғалары мен құбылыстарын қорытындылай білуге, белгілі бір пікірге келуге, бүгінгі күн тарихының сабақтарынан ертеңгі күнге,келешекке,басқа бір жағдайда үлгі ала білуді,үлгі ете білуді үйреткен болатын В.И.Ленин. Демек, журналист өмір сүріп отырған дәуіріміздің шежіресін жазу үстінде, бұқара халықтың алып істерін аңдап біліп,көрегендікпен сезінеді [10,135-136 б].

  Журналистің  шеберлігі жеке шығармалардың  ерекшелігіне байланысты. Сол шығармаларға факті мазмұн болады, ажар береді, оның жүйесін құрап,желісі болып тартылады.Журналист «факті» деген сөздің мағынасына жан-жақты қарайды. Біздер факті деген ұғымды алғанда,оны «өмір шындығында болған оқиға,құбылыс» деп түсінеміз.Сөйтіп,біз «факті» деген сөзді қолданғанда шындық оқиғаны,құбылысты,іс жүзінде болатын нақтылы мәліметтерді еске аламыз.Осының өзі журналистің алдына мынадай негізгі талап қойды: факті-шындық және нақтылы болуға тиіс. Бірақ жинақталған фактілердің барлығы бірдей шығармаға пайдаланылмайды. Журналист кездейсоқ, елеусіз фактілерді емес,олардың маңыздыларын және ерекше елеулілерін ғана жазғалы отырған тақырыбына лайықтап пайдаланады. Фактілер оқырмандарға көбірек әсер етуі үшін журналист оларды анықтап,маңызын жан-жақты толықтыра, әсерлей түседі. Бірыңғай фактілерді пайдаланғанда салыстыру әдісін қолданады. Ал әр түрлі фактілерді қарама-қарсы қойып,оқырмандар алдында құбылыстың екінші бір мәнін ашқанда қарама-қарсы салыстыру әдісін келтіреді. Шағын фактілерді күрделендіре түсіп,оқырманға тигізер әсерін барған сайын күшейту үшін топтастыру әдісін қолданады.

  Қоғадық өмірдің барлаушысы ретінде журналистке білімдарлық қасиет те тән болғаны абзал. Ол жаратылыс пен қоғам даму заңдылықтарын жан-жақты меңгерген болса,нұр үстіне нұр. Публицистика-ауқымы кең дүние. Оқырман қауым журналистен татым-тұшымы мол,құнды шығармалар күтеді.Бұл талаптар мол білімдарлықтан туса керек. Білімдарлықтың өзі зейінділікке байланысты. Ал зейін-психикалық әрекеттің айналадағы заттар мен құбылыстарға бағытталып,түйдектелуі. Ол объектілерді анығырақ, ашығырақ тану үшін,жан қуаттарының оларға бет алып,жинақталуы үшін қажет. Егер зейін болмаса организмнің сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз, ой, дене еңбегінің жөнді,нәтижесі болмас еді. Егер адам бәрін де көңіл қоя істеуге әдеттенсе, зейін оның тұрақты ерекшелігіне айналып, зейінділікке ұласады. Журналист шығармасында әлеуметтік құбылыстар мен сан алуан фактілерді, деректерді пайдалануының өзі ерекше ұқыптылық пен зейінділікті қажет етеді. Жиналған көл-көсір фактілердің шындығына,дәлдігіне оқырманды сендіру, шеберлікке жетіле беру журналистің абыройын арттырады, сонда халық оның шығармасын сүйіп оқиды,оның есімін құрметтейді.

  Журналистік  шеберлікте шығарманың сюжетін  құру да шешуші роль атқарады. Шығарманың желісі журналистің көздеген мақсатына қарай құрылады және сол мақсатын айқындай түсуге жол ашады. Сюжеттен кейін журналист шығармасындағы тартыс жайлы айтсам. Журналист материалындағы тартысқа қазіргі кездің әлеуметтік-экономикалық немесе рухани тартыстарының тікелей көрінісі ретінде қарайды.

  Өмір  қайшылықтарының жан-жақтылығы журналистік творчествода сан алуан тартыстар туғызып, сюжет құру үшін түрлі әдістер қолдануға мүмкіндік береді. Журналист творчествосындағы тартыс үгіт пен насихаттың алдында тұрған міндеттерден туады.

Журналистік шеберлік шығарманың лайықты құрылысын да талап етеді. Шығарма құрылысы ішкі заңдылықтарын: ішкі құрылымдарының сайма-сай келуі, екінші қатардағы мәселелердің басты мәселелерге бағыныңқы келуі,нақты фактілерінің баяндалуы мен қорытындының жарасымды болуы, сөйтіп, шығарма құрылысының тартымды келуі болып табылады.

  Журналистің  шеберлігі оның жарияланған материалынан  байқалады. Бұл жолда әр журналистің өзіндік ерекшелігі болады. Осы тұста журналистік шеберлік бір ізділікке, егіздей ұқсастыққа,шаблондыққа итермелеу емес,керісінше әрбір журналистің «...ынта-жігеріне, жеке бастың әуестенушілігіне үлкен кеңшілік болуын,пікір мен шарықтаған ойға, форм мен мазмұнға кеңшілік болуын сөзсіз қамтамасыз ету қажет» деген сөз.

Журналистің өмірді тануы, оны көріп-біліп, барлық әсермен қабылдауы өте керек қасиеттердің бірі. Адамдармен қарым-қатынас жасай жүріп,өмірдің таңғажайып сырларына қанығу, оған құмарлана қарау арқылы өзіңнің ойыңды, ішкі сезіміңді дамытудың мәні зор. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға көмектеседі,рухани әлеміңді байытады.

Информация о работе Журналист- қазіргі заман тарихшысы