Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:33, курсовая работа
Бұл жұмыста қазақ публицистикасының бастаулары болып табылатын Орхон-Енисей ескерткіштері, батырлар жыры, жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын қарастырылады.
I. Кіріспе..............................................................................................1-3
II. Негізгі бөлім
Көне жазба ескерткіштері — публицистика бастаулары........4
1.1. Күлтегін ескерткіші.............................................................5-6
1.2. Тоныкөк ескерткіші.............................................................6-7
Батырлар жыры — ауызекі публицистика үлгісі........................7-9
2.1. Батырлар жырындағы публицистикалық сарын....................9-11 2.2. Қобыланды батыр жыры...........................................................11-14
3. Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын......14-17
3.1. Асан қайғы.......................................................................17-19
3.2. Қазтуған Сүйінішұлы...........................................................20
3.3. Доспамбет жырау............................................................20-22
3.4. Шалкиіз Тіленішұлы.......................................................22-23
III. Қорытынды.............................................................................24-26
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................27
Үшінші
топтағы жыраулар поэзиясындағы публицистикалық
сарын туралы сөз еткенде, мынадай қорытындыға
келуге болады: біріншіден, жыраулар дөуір
үнін, замана шындығын жеткізеді. (XV-XIX
ғ.ғ. тарихи шындық); екіншіден, өмірде
болған тарихи нақты окиғалардың, сол
кездегі саясаттың, коғамдык маңызы зор
оқиғалардың көрінісі бола білді. (Қазақ
хандығының қүрылуы, қазақ-қалмак шапкыншылықтары,
орыс отаршылдығы, үш жүздің ынтымағы,
Абылай түсындағы казак хандығының нығаюы,
сүлтан, төрелер озбырлығына халық наразылығы,
үлт-азаттык көтерілістері; т.б.); үшіншіден,
жыраулар поэзиясының - мемлекетті басқару
қүралы, мемлекет идеологиясы деңгейіне
көтерілуі; төртіншіден, тарихта болған
хан, би, сүлтан, төрелердің атқарған ісінің,
жетістік, кемшіліктерінің жырлануы (Жәнібек
хан, Есім хан, Би Темір, Баймағамбет сүлтан,
Жөңгір хан, Абылай хан, Рүстем төре, т.б.);
бесіншіден, қазақ елінің түтастығын корғаған
батырлар ерлігіне арналған мадақ, арнау
жырлары, жоктаулардың жазылуы (Орақ, Мамай,
Ер Шобан, Қабанбай, Бөгембай, Ер Барақ,
Исатай, т.б.); алтыншыдан, жыраулар поэзиясында
қазақ даласында қазір де бар тарихи жер,
су атаулары келтіріледі (Еділ, Жайық,
Сарыарка, Ойыл, Жем, Сағыз, Өзен, Арал,
Шаған, Қара Ертіс, Алтай, Алатау, Шыңғыс-тау,
Баянаула, Абралы, Маңрақ, Сырдария, Балқаш,
Нарын, т.б.);
жетіншіден, өмірде болған көптеген адамдар
жайынан деректер келтіріледі (Сүйініш,
Бозтуған, Бәке, Бекболат, Жаукашар, Өтеміс,
Жақия, Махмут, Қаныкей, т.б.); сегізіншіден,
жыраулар хан шешімін, жүрт тілегін жеткізіп
қана қоймайды, белгілі бір іс-әрекетке
жұмылдырады, белгілі бір мәселенін шешімін
табуға тырысады (Ынтымақ, бірлікке үндеу,
ел корғауға шакыру, орыс отаршылдығынан
сақтандыру, азаттық кетерілісіне шақыру,
халық мүктажын өтеу т.б.); тоғызыншыдан,
жыраулар поэзиясында қазіргі публицистиканың
дәстүрлі өзегіне айналған сөз қайталау
арқылы айтар ойды күшейтіп жеткізу, публицистиканың
баяндау төсілі, оқиғаны көзбен көріп
бақылау аркылы суретгеу әдісі, өмір фактілерін
контрасты түрде салыстыра отырып мәселе
мәнісін ашу, үгіттеу, насихат айту, сатиралық
публицистиканың алғашқы үлгілері, памфлет,
репортаж, сүхбат, хат, суреттеме сияқты
жанрлардың бастау алар белгілері көрініс
табады.
Сонымен, публицистика – белгілі бір уақыт пен кеңістікті камтитын заман шежіресі, дәуір үні. Өткен кезеңдерде қандай коғамдық-саяси ахуал болғандығын, халык жағдайын, әлеуметтік өзгерістер мен шаруашылық бағыттарын сол уақытган қалған ауызекі мұралар арқылы және баспасөз бетінде жазылып, жарияланған публицистика арқылы бүгін біле аламыз. Ал бүгінгі болып жатқан қым-куыт оқиғалар публицистиканың алтын арқауы арқылы келер ұрпак жадына жол тартады.
Пайдаланған әдебиеттер: