Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 12:20, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде, олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр.

Вложенные файлы: 1 файл

Автоколикти багалау жана нуска.docx

— 123.41 Кб (Скачать файл)

мұнда И1 – жүріп өткен жол  тозуының көрсеткішінің 1000 км жүріп өткен жолға;

Пф  - қарайтын күні нақты жүріп өткен жолы мың км;

И2 – уақыт факторына байланысты ескіру көрсеткіші ,% жылына

Дф  - қарайтын күні нақты эксплуатация ұзақтығы, жылдарон белгіге дейінгі дәлдік;

Спидометрлердің бұзылғандығынан  немесе ондағы көрсеткіштерді  дұрыс  түсінбеу салдарынан көбінесе оның нақты  жүріп өткен жолын анықтауға  және оны дұрыс ресурспен салыстыруға  мүмкін емес. Сонымен қатар нақты  жұмыс істеу мерзімі тіркеу құжаттарымен анықталады. Бұл жағдайда бағалау  бойынша есеп беруде есептеу арқылы алынған жүріп өткен жол (Пф) көлемін  кіргізеді. Тасымалдаудың әр түрі үшін (кесте 2) көлік құралдарының орташа жылдық жүріп өткен жолдарының мәндері  негізінде мұндай есептеулерді жүргізуге  болады.. 

Кесте 2

Көлік құралдарының орташа жылдық жүріп өткен жолдары

Тасымалдау түрлері

Жолаушылық, мың.км.

Жеке

20

Такси

100

Қызметтік

55

Мотоциклдер

10


 

 

Нарықтық бағалау тәсілі.

Нарықтық тәсілдің мазмұны мәліметтер базасынан бағаланатын автокөлікның аналогын, сұраныс пен ұсыныс бағаларын табу болып табылады.  Бағалау мақсатына және автокөлікның маркасына байланысты бағалар бойынша мәліметтері бар әр түрлі басылымдар пайдаланылады. Егер шет елдік көліктер бағаланса, онда әдетте дайындаушы-фирмалар немесе олардың дилерлерінің каталогтары қолданылады. Бұрынғы эсклуатацияда болған автомобильдердің (10 жылдан көп емес) бағалары және олардың бастапқы бағалары жайында толық ақпараттар DAT (Германия) және SCHWACKE (Швейцария) каталогтарында басылып шығады.

DAT каталогында автомобильдің үш  бағасы бар: жаңа автомобиль  бағасы(Neupreis), дилердің ішкі бағамен  сатып алуы(Einkauf) және басқа сатып  алушылар үшін баға (Verkauf). Соңғысы  әлдеқашан жоғары – ол өзіне  үлкен салықты қосады.

Қалпына келтіру құны (қайта өндіру, орын басу алғашқы құндары) дайындаушы заводтардың бағасы немесе дилерлер бағасы негізінде алынған мәліметтермен  анықталады. ОТҚ (орын басудың толық  құны) құрастыратын жалпы шығындарға автомобиль бағасынан басқа сауда  үстемесі және эксплуатация (сату) орнына дейін жеткізу шығындарының құны, сонымен қатар кедендік төлемдер, кедендік құнды анықтау жағдайынан басқа кіреді.

Негізіг статистикалық сипаттамалар[7]

Сонымен, бағалаушы жұмыс істейтін ақпараттар едәуір дәрежеде кездейсоқ шамалар категориясына жатқызуға болады.

Кездейсоқ шамалар бұл  алдын ала болжанбайтын шамалар.  Кездейсоқ детерминирленген шамалардан айрықша кездейсоқ шамалар үшін алдын ала дәл қандай мән қабылдайтынын белгілі бір жағдайларға байланысты білуге мүмкін емес, тек қана оның таралу заңын көрсетуге болады. 

Таралу заңы деп кездейсоқ шамалар мен ықтималдық мәндерінің жиынтығы атайды. Барлық ықтималдықтар сомасы бірге тең, себебі қандай да болмасын  ықтималдықпен шама осы мәндерді қабылдайды.

Кездейсоқ сипатта алынған іріктеу  мәліметтерін қолданғанда зерттелетін  көрсеткіш мәндері қандай мүмкін ықтимал заңдарға бағынатынын білу қажет. Математикалық статистикада қолданылатын бірқатар ықтималдықтардың үлестірімі бар. Үлестірудің ең көп  қолданылатындардың бірі қалыпты үлестірім  болып табылады. Орта шекті теорема  қалыпты үлестірімнің рөлі туралы  теориялық негіздемесі болып  табылады. Осы теоремаға сәйкес кез  келген заң бойынша үлестірілген n орта тәуелсіз кездейсоқ шаманың үлестірілуі іріктеу мәндерінің мөлшері артқан сайын ол қалыптыға жақындайды. Егер көп мөлшердегі тәуелсіз (үлкен емес) әсерлердің (бақыланбайтын факторлар әсері) нәтижесі ретінде алынған кездейсоқ шама болса, онда орта шекті теоремаға сәйкес кездейсоқ шама қалыпты үлестіру заңы бойынша таралады деуге болады.

X кездейсоқ шама қалыпты таралған, егер оның ықтимал тығыздығы мына теңдікпен сипатталса: ( -°° < x < °°)(5.1.1)

 

мұнда \у және о2 — қалыпты таралу параметрлері (кездейсоқ шаманың математикалық күтімі және оның дисперсиясы). Егер таралу параметрлері белгілі болса, онда ықтимал тығыздығы 5.1.1 анық болады.

Егер абсцисса осінде  x, ал ордината осінде — сәйкес тығыздық мәндерін f(x) қойса, онда белгілі қоңырау тәрізді Гаусса қисығы шығады. Сурет 5.1.1  ц = 20; о = 1 және ц = 20; о = 2 үшін қисықтар көрсетілген.

 ц = 0 және о2 = 1 болғанда f(x, \\., о) функциясы қалыпты болады. Бұл түрде ол кестеленген.

5.1.1 ықтимал тығыздығына келесі  қалыпты таралудың функциясы  көрсетілген:

Бақыланатын шамалардың сипаттамалары  — іріктеу дисперсиясы (дисперсия  обағалауы)

(5.1.4)

Және іріктеудің орташа квадраттық (стандартты)  ауытқуы

(5.1.5)

Стандартты ауытқу  s — орташа мән төңірегідегі кездейсоқ шаманың таралу өлшемі, мера разброса случайной величины вокруг среднего значения, имеющая размерность, совпадающую с размерностью случайной величины, что полезно при определении погрешностей расчетных оценок.

Аталған статистикамен жиынтық  мәлеметтерді баяндаумен қатар басқа  тәсілдер де қолданылады.

Медиана, немесе орта шама, кездейсоқ  шамаларды тең бөлікке бөледі. Оны есептеу үшін барлық жиналған ақпараттарды өсу немесе кему арқылы орналастыру керек. Содан егер n — тақ сан болса, онда медиананы реттелген тізбектің ортасындағы тұрған мән ретінде анықтайды.

Мода — жиынтық мәліметтерде ең көп кездесетін шама.

Егер жиналған жиынтық мәліметтер келесі реттелген тоғыз саннан тұратын  тізбек болса:

24 26 27 29 30 31 31 33 35,

Онда орта шама 30 — бұл медиана, ал реттелген тізбекте ең көп кездесетін мән  31 — бұл мәліметтер модасы.

Медиана және мода орташа мәнге қарағанда  аз пайдаланылады.

Мәліметтер таралудың сипаттамасына  іріктеудің вариация коэффициенті де жатады:

v = (s/ xср)x100%.       (5.1.6)

v s ауытқуының орташа квадраттық мәнін көрсетеді,  xср жиынтық мәліметтердің орташасынан пайызбен, сондықтан ол дәл бағалау үшін қолдануы мүмкін.

Жоғарыда қарастырылған кездейсоқ  шамалардың сипаттамалары бас жиынтықтың сипатамаларына сәйкес келетін нүктелі  бағалау болып табылады.

 

2.3 Mercedes-Benz  300 SE 2.8 автокөлік құралының тәуелсіз бағалау

Тапсырысты орындау үшін меншік иесі (сенімді тұлға) көлік құралын  қараудан өткізіп, оның құжаттарын ұсынады. Егер автокөлік құралы оның кешенділігіне  тәуелсіз, жүруге жарамсыз болса, онда оны қосымша ақыға сақтау орнында (автотұрақта) қарайды [18]. Сонымен қатар  меншік иесі (тапсырыс беруші) қарауды  жүргізу үшін барлық жағдай жасауы керек (барлық жақтан автокөлік құралына ашық жолдар, жарықтандыру, зерттеу  барысында тәртіп пен қауіпсіздікті  қамтамасыз ету және т.б.).

Автокөлік құралдарын қарау тапсырыс беруші (немесе оның сенімді уәкілі) және басқа да мүдделі тұлғалар (жақтар) қатысуымен жүзеге асырылады.

Мүдделі тұлғаларды (сенімді уәкілдерді) тапсырыс беруші шақырады. Шақыру міндетті түрде кейіптелген (персинифицировано) қарау жүргізу күні, уақыты мен  орны көрсетілуі тиіс. Әдетте, шақыру телеграммамен  беріледі, және ол хабарландыру хаты ретінде  тапсырылуы тиіс.

Хабарландыру (телеграмма) адресатқа  қарау жүргізуге 3 күн қалғанға дейін  ғана тапсырылады, ал егер шақылылатын  адресат осы қалада тұрмайтын  болса – 6 күн қалғанға дейін.

Әрбір көрсетілген қызмет бойынша  құжат рәсімделіп, тапсырыс берушіге ұсынылады. Онда келесі мәліметтер көрсетіледі:

    • автокөлік құралының нақты жағдайы;
    • тапсыру (зерттеу) күніне автокөлік құралының құны;
    • бұзылған автокөлік құралының қалпына келтіру (жөндеу) құны ;
    • автокөлік құралының тұтыну ерекшеліктерінің құнының төмендеуі.

Құжаттар көлік құралын қараудан кейін, 10 күн ішінде дайындалып тапсырыс берушіге ұсынылуы тиіс, сонымен қатар  тапсырысты орындаушы кәсіпорынның бланкінде рәсімделіп, орындаушы  және сараптамалық ұйым бас қарушысы қол қойып, мөрмен куәландырылуы  тиіс.

Егер мүдделі жақтардың біреуі қарау нәтижесімен келіспейтін  болса, онда оны ҚР Азаматтық кодексі  бекіткен тәртіпке сәйкес қарсылығын білдіре алады.

Автокөлік құралын қарау нәтижесінде  бекітілген ақпарат экспертке автокөлік  құралының ұсыну уақытына құнын  есептеуге мүмкіндік береді. (Қосымшалар 1, 2)

 

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛЫН БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

  1. Бағалау жүргізу үшін негіз: 13-қараша 2010ж. Тапсырыс берушімен – Қарағанды облысы бойынша Көлікті бақылау басқармасының автокөлік құралын бағалау туралы шарт.
  2. Бағалауды жүргізу мақсаттары мен міндеттері: сату мақсатында автокөлік құралының нарықтық құнын бағалау.
  3. Бағалау объектісі – автокөлік құралы. Типі – жеңіл автомобиль.

Маркасы, моделі - Mercedes-Benz  300 SE 2.8

Категориясы (АВСД, тіркеме) – В  Тіркеу сан-реті - М 058 ХЕМ

Идентификациялық  сан-реті  (VIN):   В ТО 3002503

Қозғалтқыш: моделі – 104    № 123

Шасси  (рама) №  -  Шанақ (коляска) №  - 000100

Түсі: сұр                   

Шығарылған  жылы: 1997

Көлік  құралының  төл-құжаты: сериясы   77 АА   № 1234567

Ерекше белгілері: автомобиль Германиядан Қазақстан  Республикасына кіргізіліп, МАИ-де тіркелді және 2000ж. қараша айында ЖШС ЖК «М-Интер-трейд»-тің  балансына қойылды.

4.Автокөлік  құралының меншік иесі: ЖШС ЖК  «М-Интер-трейд»

Меншік иесінің  мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Рысқұлов көшесі, 5/52.

5. Бағалау  жүргізу мерзімі: 13-қараша 2010ж.

6. Бағалау  орны: Қарағанды қаласы.

7. Автокөлік  құралының баланстық құны: 1 миллион теңге.

8. Бағалауды  жүргізу барысында келесі құжаттар қолданылады:

8.1. Көлік  құралын бағалау стандарттары.

8.2. Әдістемелік  және нормативті – техникалық  құжаттар: Көлік құралының қалдық  құнын техникалық жағдайын ескере  отрырып, бағалау әдістемесі.

8.3. Ақпаратпен  қамтамасыз ету: Super Schwacke (Eurotax) анықтағышы, «Калькуляция» анықтағышы.

9. Эксплуатация  басынан жүрісті есептеу:

Эксплуатациялау басынан бағалау мерзімінде автокөлік  құралдарының нақты жүрісі Lн спидометр бойынша анықталады. Ал егер спидометрлік бұзылған немесе оның нақты жағдайы нормативті құжаттар талабына сәйкес келмесе [14], эксплуатациялау басынан нақты жүрісі есептік жолмен анықталады.

Эксплуатациялау басынан шетел өндірісінің жеңіл  автомобильдерінің жүрісін есептеу 2-қосымша кестесінің мәліметтеріне  сүйеніп, жүзеге асырылады.

                              m                           n

Lн ═∑Li шет + ∑    Li ҚР                                    (1.2.)

                                          i=1                    i=m+1

Автомобиль  алғашқы 3 жылында Германияда эксплуатацияланған, кейінгі 3 жыл- Қазақстан Республикасында. Super Schwacke (Eurotax) анықтағышына сәйкес Mercedes-Benz  300 SE 2.8 автомобилі 5.4. категориясына  жатады. Көлік құралының қалдық құнын  техникалық жағдайын ескере отрырып, бағалау  әдістемесі төмендегідей:

Lн ═(25.35+22.5+21.01) + (14+14+13) = 109.9 мың км.

Эксплуатация  басынан нақты жүрісі (есептік  жолмен анықталды): 109,9 мың км.

10. Автокөлік  құралының қалдық құнын есептеу.

10.1. Жұмысқа  қабілетті, қайта жинақталған  (разукомплектованный), агрегаттарын  ауыстыру және қайта жабдықтау  жүргізілмеген, сонымен қатар  ақаулығы мен эксплуатациялық  дефектілері жоқ автокөлік құралының  қалдық құнын Сқалд есептеу.

Сқалд есептеу нарықтық әдіспен жүргізіледі. Газеттер, журналдар мен ұсталған шетел жеңіл автомобильдерінің құны туралы ақпарат бар басқа да басылымдар мәліметтері бойынша 6 жыл жасы мен эксплуатация басынан жүрісі орта есеппен 110 мың км. Mercedes-Benz  300 SE 2.8 модельді жеңіл автомобильдің Алматы қаласының көлік құралы нарығындағы бағалары:

1 – 17 мың долл.                             5 – 16,5 мың долл.

2 – 16,5 мың долл.                          6 – 18 мың долл.

3 – 20 мың долл.                             7 – 18,2 мың долл.

4 – 17 мың долл.                             8 – 17,5 мың долл.

Сқалд = (С1+С2+С3+...+Сz)/Z             (1.2)

Есептік мәні Сқалд = 17 587,5 долл.

2010 жылдың 13-қараша күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген, АҚШ долларының бағамы: 1долл. – 148,2 теңге.

Есептік мәні Сқалд = 2 606 467 теңге.

10.2. Бағалау  мерзімінде автокөлік құралының  табиғи тозуын Ин есептеу.

Автокөлік құралының эксплуатациялау басынан  жасы мен жүрісін ескеріп, табиғи тозуды төмендегі формуламен есептейді:

Ин = 100 (1-е-W)          (2.1.)

мұндағы: W - эксплуатациялау басынан автокөлік құралының жасы мен                        нақты жүрісіне тәуелді функция.

Информация о работе Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау