"Даму" кәсіпкерліктің даму қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 07:30, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. Шағын және орта кәсіпкерлік секторының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

2 - Курсовой.doc

— 1.40 Мб (Скачать файл)

Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредит желісі – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде экономикалық өзгертулерге жәрдемдесу мақсатында, 1991 жылы халықаралық шарт негізінде құрылған . ЕБРР бірден бір мейлінше табысты жобаларының бірі 1998 жылдан бері Қормен бірлесе жүргізіп отырған Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы болып табылады. ЕҚҚДБ мен жоба бастамашысы болып отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақсаттарына сәйкес, Қазақстанның шағын бизнес Бағдарламасының басты міндеті елдегі барлық шағын бизнестің қаржы ресурстарына қол жеткізуін қажетті институционалдық құрылымдарды дамыту және кредиттеу әдісін енгізу арқылы қамтамасыз ету болып отыр.

Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша ЕҚҚДБ-мен 10 жыл  мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына қарыз туралы келісім жасалды.[4] Аталған Бағдарлама бойынша кредиттеу қарыз алушыларға кредит беру шарттарын өздігінше анықтайтын және де экономика саласының барлық кәсіпорындары қаржыландырылатын уәкілетті екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде IPC (Internationale Projekt Consult) халықаралық фирма консультанттарының қатысуымен шағын кәсіпорындарға берілетін қомақты кредит санын банктер жедел түрде қарастыруы үшін арнайы әзірленген әдіс бойынша жұмыс жасайтын шағын бизнесті кредиттеу жөніндегі секторлар құрылған.

Отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы;

Аталған Бағдарламаны Қор дайындады, ал заемшылар қайтарған қаражат Қор келешекте ШКС-н тікелей кредиттеуге пайдалануы үшін Қордың жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталды.

Азия даму банкінің ауылшаруашылығы  секторы үшін бағдарламалық заемның  екінші траншы Азия даму банкінің (АДБ) бағдарламалық заемдарының қаражаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жабдықтарды  сатып алуды, машина-технологиялық стансалар үшін ауылшаруашылық техникасын кредиттеу, ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін көзделген азық-түлік көтерме базары мен базардың өзге инфрақұрылымдарын құру үшін, сонымен қатар қажетті айналым қаражаттарын қаржыландыру үшін тағайындалған. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, кредит қаражаты екінші деңгейдегі уәкілетті банктер арқылы соңғы заемшыға ұсынылды. АДБ заемының екінші траншы қаражатын меңгеруге екінші деңгейдегі 12 банк және «Астана-Финанс» АҚ қатысты. 2004 ж. желтоқсан айында ҚР Қаржы министрлігі мен Қор арасында кредит келісіміне қол қойылған, осыған сәйкес Қор жобаларды Бағдарламалық заемдардың екінші траншы қаражаты есебінен өз бетінше кредиттеуге құқығы бар.

Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, 2007 ж. 1 қазанға шаққанда, Қор тарапынан жалпы сомасы 54 675,4 мың АҚШ долларына 95 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама бойынша 4 719 жұмыс орны құрылып, құпталды. [7]

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ (2002-2004 жж.)

2001-2002 жж. ел экономикасының  жоғары қарқынмен өсуі және  Қазақстанның ЖІӨ ортажылдық  өсімінің 11,6% -ға дейін, 2003-2004 жж. 9,3% өсуі  Қазақстан Үкіметіне шағын кәсіпкерлікке  үлкен қолдау көрсетуге мүмкіншілік  берді. Осы жылдары бірқатар  жарлықтар шықты:

2003 – « Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.

2004 – « Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті 2004-2006 жж. дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік Бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығы.

Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік  саясат Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының (одан әрі- Стратегия) 2003 ж. бекітілуіне байланысты жаңа шабытқа ие болды. Стратегияның басты міндеттерінің бірі – жеке секторды қолдайтын және бәсекелі артықшылықты жетілдіретін, нақты өндірістерде қосымша құн элементтерін меңгеретін, ғылыми және жоғарғы технологиялы экспортқа бағытталған өндірістерді құруды ынталандыратын, елдің экспорттық әлеуетін тауар және қызмет көрсету пайдасына әртараптандыратын, әлемдік сапа стандартын енгізетін, ықпалдастықты әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосу жолымен әлемдік экономика деңгейіне ұштастыратын кәсіпкерлік климат орнату және қоғамдық институттар құрылымын құру болып табылады. Осы мерзімде Қор барлық филиал желісін құрған болатын. Енді кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау тек облыстық маңызы бар қалаларда ғана емес, және де ауылдық жерлерде де мүмкін болады.

2002 ж. бастап, Қор шағын бизнесті  өз қаражаты есебінен жылдығы  12% -бен 5 жылға кредиттеуді, 2004 ж . маусым айынан бастап проценттік ставка жылдығы 10% -ға дейін төмендеді. [6]

Шағын кәсіпкерлік субъектілері кредиттерін  қаржыландыру сол кезде екінші деңгейдегі банктер арқылы және тікелей өз меншігі  есебінен жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламалар :

  • ШКС-ті республикалық бюджет есебінен кредиттеу Бағдарламасы;
  • Шағын қалаларды 2004-2006 жж. дамыту Бағдарламасы іске асырылуда.
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерін (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін) Қазақстан Республикасы бюджеті есебінен кредиттеу Бағдарламасы

Аталған бағдарламаның  мақсаты ШКС-тің қалыптасуы мен  экономикалық өсуін ынталандыру, оның ішінде Қазақстан экономикасын дамытудың  приоритетті бағыттарына сүйене отырып, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту , шағын кәсіпкерлік және жеке жұмысбастылық саласында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу. ШКС (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін) республикалық бюджет қаражаты есебінен кредиттеу Бағдарламасының басында табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі мен Қор кредит қаражаты лимиттерін барлық облыстарға бөлуді әзірлеп, бекітті. Кредит берілетін жобалар үшін приоритетті бағыттар тізбесі белгіленді.

Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша  қаржыландыру қайтарылатын қаражат  есебінен жүргізіледі.  

Шағын қалаларды 2004-2006 жж.  дамыту Бағдарламасы

Қазақстанда халық саны 50 мың адамнан аспайтын 60 шағын  қала бар. Оның ішінде 41 шағын қала шағын  қалалар санының 68% және ауылдық  аудандар санының 25% құрайтын тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады. Шағын қалалардағы өнеркәсіпті өндіріс бір-екі саладағы көрсетілген мамандандырумен сипатталады. Өзге салалар шамалы дамыған немесе өнеркәсіпті кәсіпорындары мүлде жоқ. Өндіріс көлемінің төмендеуі немесе қала құрылысымен айналысатын кәсіпорындардың тоқтап қалуы қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы құлдырауына алып келеді. Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдайлар жасау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шағын қалаларды 2004-2006 жж. дамыту Бағдарламасы қабылданды, оның міндеті шағын қалаларды олардың функционалдық типологиясына сәйкес дамытудың негізгі бағыттарын анықтау, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, шағын қалалардағы халықты жұмыспен қамтамасыз етуді күшейту болып табылады. Шағын қалалардағы инвестици ялық жобаларды кредиттеу және шағын кәсіпкерлікті дамыту  Қаржыландыру көлемінің құрылымы үшін жарғылық капиталды толықтыруға республикалық бюджеттен Қорға 1 500 млн. теңге бөлінген.


Қор Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында, ШКС үшін бағдарламада белгіленген барлық қалаларда ақпаратты-консультациялық семинарлар өткізді. Бұл шараға шағын қалалар әкімдіктері үлкен көмек көрсетті. 2007 ж. 1 қаңтарға шаққанда, осы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1 484,4 млн. теңгеге 281 жоба қаржыландырылды. 2 935 жұмыс орындары ашылып, мақұлданды. 2006 ж. бағдарлама толықтай орындалып, жұмысын аяқтады.

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ (2005-2007 жж.)

Кезең Қор қызметіне  елеулі ықпал еткен заңдар, жарлықтар мен қаулылар қабылдануымен сипатталады.

2005 – «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті 2005-2007 жж. дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 ж. 12 мамырдағы № 450 қаулысы;[6]

2006 – «Жеке кәсіпкерлік туралы туралы» Қазақстан Республикасы ның 2006 ж. 31 қаңтардағы № 124-III Заңы

2006 – «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жж. тұрақты даму кезеңіне өту концепциясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

2005 жылы мамыр айында  Қазақстан Республикасы Үкіметі  «Қазақстан Республикасындағы шағын  және орта кәсіпкерлікті 2005-2007 жж. дамыту жөніндегі жеделдетілген  шаралар Бағдарламасын» қабылдаған. Жеделдетілген шаралар Бағдарламасы  шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы заңды жетілдіруді, өмірге бейімді инфрақұрылымдық жүйені құруды, Қор рөлін шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жүйеқұрушы элементі ретінде күшейтуді, ШКС кредиттеу мөлшерін ұлғайтуды және т.б. қарастырады.

Осы бағдарламаға сәйкес, 2005-2007 жж. аралығында республикалық бюджеттен Қорға шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін 29 млрд. теңге мөлшерінде капитализациялауға қаражат бөлінген.

Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, мемлекет тарапынан  Қор қызметін қолдаудың өсуі, Қордың ШКС-ті қаржылай қолдау бойынша жинақтаған тәжірибесі, жұмысқа төселген кадрлық және техникалық әлеует, республикамыздың барлық өңірлерінде ашылған Қор филиалдарының желісі Қорды еліміздегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік институт ретінде нығайтуға объективті негіз болды және де ШКС-ті қаржылай қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға түрткі болды:

  • Жобалық қаржыландыру және лизинг;
  • Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы;
  • Екінші деңгейдегі банктерден алатын ШКС кредиттеріне кепілдік беру;
  • кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы ШКС оқыту-әдістемелік, ақпаратты-аналитикалық және консалтингтік қолдау көрсету.
  • Жобалық қаржыландыру және лизинг

Жобалық қаржыландыру Қордың шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі бірден-бір негізгі бағдарламаларының бірі болып табылады. Оның мақсаты шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың артықшылықты бағыттары бойынша ШКС жобаларын қаржылай қолдау, сонымен қатар банк секторы әлсіз қамтылған аймақтардағы кредит ресурстарына ШКС-ң қол жеткізушілігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор тәуекелін азайту және ШКС-ті қарыз қаражаттарын басқару дағдысына оқыту үшін жүзеге асырылатын жобаның құрама элементтерін кезеңмен (транштық – алдыңғы соманы табысты меңгеру нәтижесі бойынша) қаржыландыру енгізілді; бизнес-жоспарды әзірлеу және жобаны жүзеге асыру барысында тегін кеңес беру.

ШКС үшін республикамыздың шалғай жатқан елді-мекендері мен шағын қалаларынан, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жаңадаң бастаушы қатысушылар үшін және кепілдік қамтамасыздығының жетіспеушілігі салдарынан өндіріс саласында проблемаларға, ЕДБ пайыздық ставкаларының жоғары болуына, ШКС активтерінің төмен құнына және бастапқы бизнесті банктердің кредиттеуге ниетінің жоқтығына кездескен жобалары бар өзге ШКС үшін, Қордың жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі бойынша көрсеткен қызметі олардың жобаларын, әсіресе, өндірістік бағыттағы жобаларын жүзеге асыру үшін жалғыз жол болып табылады. ШКС-ті кредиттеу мақсатында Қордың жарғылық капиталын өсіруге республикалық бюджеттен бөлінген қомақты көлемдегі қаражаттың арқасында, 2007 ж. 1 қазанға шаққанда, Қор өз қаражаты есебінен жобалық қаржыландыру және лизинг бойынша жалпы сомасы 21 800,0 млн. теңгеден асатын 2000-нан аса жобаны қаржыландырды. 20 мыңнан аса жұмыс орны мақұлданып, құрылды

Оның ішінде жобалық қаржыландыру бойынша 19 000,0 млн. теңгемен 1 700-ден аса  жоба, қаржы лизингі бойынша 2 500,0 млн. теңгеден асатын сомаға 200 жоба қаржыландырылды. [4]

Қаржы лизингі

Қор 2004 жылдан бастап қаржы лизингі бойынша Бағдарламаны жүзеге асыра бастады. ШКС жобаларын қаржы лизингі бойынша қаржыландырудың басты мақсаты жоғары технологиялы және бәсекелесті жаңа өндіріске негізделген еліміздің өнеркәсіп базасын дамыту, ШКС қазіргі заманғы жабдықтарды, жаңа технологияларды сатып алу, шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оперативті шығындарды төмендету үшін нақтылы мүмкіншілік беру болып табылады.

Қордың осы қызмет түрінің маңыздылығы  ірі лизинг компаниялардың бастапқы бизнестің кішігірім жобаларын қаржыландырмайтындығы туралы фактіні күшейте түсті. Лизинг көмегімен шағын бизнес кәсіпорындарының бірден бір негізгі проблемалары – кепілдік қамтамасыздығының жетіспеушілігі немесе болмауы жөніндегі проблемалар шешілді.

ШКС жобаларын жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі бойынша қаржыландыру шарттары бір заемшыға 120 000 АЕК-ке дейін  жылдығы 10% сыйақы ставкасымен және негізгі қарыз бойынша 12 айға дейін жеңілдік мерзіммен қаржыландырудың максималды лимитін қарастырған.

Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы

Микроқаржыландыру, халықаралық таным  бойынша, кедейлік деңгейін төмендету, халықтың өмірін жақсарту және тұрмыс жағдайын көтеру үшін бірден бір негізгі құрал болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында  қаржы қызметі нарығы қарқынды дамып  келеді. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлік  сегменттерінің заем қаражаттарына  қол жеткізушілік проблемасы әлі  де болса орын алып отыр. Әсіресе, бұл проблема кәсіпкерлер активтерінің құны қаржы институттары заемдарын қамтамасыз етудің жалғыз түрі болып табылатын, ірі қалалардағы активтерге қарағанда нарық құны біршама төмен аймақтық деңгейде көрінеді.

Информация о работе "Даму" кәсіпкерліктің даму қоры