Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 21:54, курсовая работа
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылыс және т.б. жұмсаламы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конститутциялық заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныйды, олардың дипломатиялық органдары ашылып, басқа елдерге үлгі болды.[2]
Кіріспе..............................................................................
І Халықаралық инвестициялардың теориялық аспектілері
1.1 Инвестиция түсінігі және оның мазмұны............................
1.2 Шетелдік инвестициялардың ерекшелігі
1.3 Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі..............
ІІ Қазақстандағы инвестициялық қызметтің даму жағдайын талдау.....
2.1 Қазакстандағы инвестициялық қызметтің бүгінгі тандағы жағдайы.......
2.2. Қазақстанның инвестициялық саясатының бағыттары
ІІІ Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру........
Қорытынды..................................................................
Пайдаланған әдебиеттер..........................
Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шы-найы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.
Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар үсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.
Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағ-дайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетгі деңгейде болмауы се-
бебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенса-циялайды.
Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын тол-тыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.
Бесінші - жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.
Алтыншы - тиісті әдістердің болмауы негізгі капитал-дың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.
Осының салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджет-ке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.
Көптеген экономистер мемлекеттік басқаруды аз талап ететін саясаттардың жүзеге асырылуы нұсқаларын ұсынып отыр. Бірақ жоғарыда аталған факторлар Қазақстан Республика-сының өзіне тән ерекшеліктері жағдайында инвестициялық бел-сенділікті көтеру үшін, қолайлы жағдайларды қалыптастыру әдістерін белсенді қолдану мемлекет тарапынан талап етіліп отыр (бәсекелестік қабілеті бар отандық өндірушілерді бюд-жеттік қаржыландыру және қолдау, балансталған сыртқы эко-номикалық саясатты (СЭС) жүргізу, өнеркәсіптік даму саясатын үйлесімді түрде байланыстыру және т.б.)-
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кеңістік өзінің терең на-рықтык өзгерістері сатысына енуде жоғары инвестициялық бел-сенділікті танытты. ІЖӨ құрылымында негізгі капиталға инве-стиция салудың үлесі 30-40%-тен асты. Қазақстан Республика-сында жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың мұндай са-палы сипаттамасы жоқ.
Үзаққа созылған өндірістік құлдырау, инфляцияның жоғары деңгейі - инвестициялық сұраныс жолындағы те- жегіштер болды. Бүл жағдайда талдау көрсетіп отырғандай, ин-і вестициялардың төмендеу динамикасы 1990 жылғы деңгейге қарасты ІЖӨ-нің төмендеуі динамикасынан бірнеше есеге : көбейіп отыр.
Инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін алғащқыI себептер қатарына мыналар жатады: бюджеттік саясаттың қатаңдығы және шиеленіскен ақпараттық хал-ахуал.
Айналым капиталының инфляциялық құнсыздануы, эко-! номикалық байланыстардың үзілуі, несиелерді берудегі шынайыі емес шарттар, жекешелендіру саясаты нәтижесіндегі ауыр [төлемдік дағдарыс - жаппай банкротқа ұшырау және халық ша-1 руашылығының барлық салаларының қаржылық жағдайының I нашарлауына әкелді.
Мұндай жағдайларда инвестициялық қүлдырау матери-алдардың да, өндіріс құралдарының да тікелей пропорционалды түрде қысқаруына әкеліп соқты.
Экономикалық жағдайдың ауырлығы халық шаруашы-лығының бірқатар салаларын, ең алдымен қор қүрайтын салалар үшін аман қалудың қиын жағдайларын туғызды. Экономикалық түрғыда аман қалу үшін қазба өнеркәсібі саласы аз шығынды болғандықтан, ішкі де, сыртқы да инвестицияларды тарту үшін өте басымды болды.
КСРО кезінде де көрініс тапқан техника мен құрал-жабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі, инвестиция-
лық сұраныс қысымының нәтижесінде негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі қордың моральдық емес, табиғи то-зуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың өзіндік қаржылары инвестицияға деген сұранысты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра алды.
Елдегі қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институтта-рының дүрыс қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өктемдік жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасады.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процестерінің ке-зеңцері іс жүзінде меншік формаларының ұдайы өндіріс процес-теріне әсер ете алмайды. 1993-1996 жылдарда Қазақстанға шетел инвестициялары 6,2 млрд. доллар көлемінде тартылды.
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын да-мытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады.
Өйткені Қазақстанда жүргізілген 4 кезең төмендегідей нәтижелерге әкелді:
• реформалаудың бірінші кезеңі - инвестициялық жекеше-лендіру қорының (ИЖҚ) қалыптасуына және капиталдьің үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына жағдай жасады.
• екінші кезең - жекешелендіру процестерінің белсенді жүруін және акциялардың мемлекеттік пакеттерінің 80%-ке дейіні шетелдік инвесторларға сатылуын қамтамасыз етті, осы уақытта төлемдердің төленбеуі және отандық тауар өндірушілердің банкротқа ұшырауы проблемалары қат-қабат жүріп отырды.
• үшінші кезең - жекешелендіру процесінде республикалық нарықта шетелдік банктердің рөлін "тереңірек" өтті; нәтижесінде инвестициялық саясатың аргентиналық қателіктері болған, атап айтқанда: аз шығынды әдіс өңдеу, ғылыми техноло-гиялар салаларының туындауына жағдай жасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту құралдарының дамуына жағдай жасады.
Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы "өсу нүктесі" болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты "өсу локомо-тивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік ре-формаларды үстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы рес-публика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъ-ектілерінің біріне айналдырды.
Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының баюы жағдайында жүріп жа-тыр және ұлттық валютаны жоюда.
Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардын құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді.
Экономиканың қазіргі кездегі төртінші кезеңге енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне кіру нәтижесінде мемлекет рөлін күшейту қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.
ІІІ Шетелдік инвестицияларды басқару
және реттеуді жетілдіру
1.1 Шетелдік инвестициялардың пайдалану жолдары
Еркін экономикалық аймақ – елдің басқа аймақтарында қолданылмайтын ерекше жеңілдіктер мен ынталандыру жүйесі бар, ұлттық экономикалық кеңістіктің бір бөлігі ретінде сипатталады. Еркін экономикалық аймақ – бұл осы немесебасқа дәрежеде жекеленген географиялық территория. Еркін экономикалық аймақтың негізгі белгілері:
Еркін экономикалық аймақтардың құрудың мақсаттары:
Еркін экономикалық аймақтардың жіктелуі:
І. Көбірек таралған жіктеу.
1) Бажсыз еркін сауда
аймақтары. Халықаралық транспорттық
жүйедегі тоғысуларда
а) Тауарға деген сұраныс пен бағаның жоғарылаанынша, оны сатуды кідірту;
б) Потенциалды көтерме сатып алушыларға өнімді көрсету;
в) Кейінгі мерзімде төмен баж салығын төлеу мақсатында өнімді өңдеуді жетілдіру (аяқтандыру).
2) Экспорттық өндірістік аймақтар – бұл экспортқа бағытталған сапалы өндірістерді ынталандырудың арнайы аймағы.
3) Жаңа және жоғары технологиялардың даму аймағы.
Мұндай аймақтардың көп саны АҚШ технопарктері, Еуропа, Жапония технопарктер, Қытай қызмет етеді. Оларды басқа елдерде «инновациялық орталықтар», «бизнес инкубаторлары» деп атайды. Бұл технопарктер жоғары технологияның ғылыми білімді салаларының дамуына бағытталған. Олар ағымдағы ғылыми қолданбалы мәселелерді шешумен айналысатын кадрлық, ғылыми және инженерлік потенциалдың шоғырлануына алып келеді. Эталонды технопарк «Силикон Вэлли» жаңа технология саласындағы өнімдерге деген әлемдік қажеттілігінің 25 % қамтамасыз етеді. Осы аймақтардың саны АҚШ-та 80-ге жақын. Ал Жапонияда ғылыми мекемелер негізінде 20 технополис құрылылды. Ал Қытайдағы жоғары технологияның дамыту аймақтары 50-ге жақын.
4) Бір қызметтің дамуына бағытталған арнайы аймақтар. Мысалы аграрлық, экологиялық (экополис), туристік.
5) Сақтандыру және банктердің
қызметтеріне арналған
6) Кешенді, көп салалы Еркін Экономикалық Аймақ.
ІІ. Ресей мамандарының өңдеулері бойынша шаруашылық маманданудың белгілері, жіктелуі бір схемада келтірілген. Әртүрлі Еркін экономикалық аймақтардың жалпы сипаты, ынғайлы инвестициялық ахул болып табылады. Оған кедендік, қаржылық, салық женілдіктері және сол немесе басқа елдердегі жалпы тәртіпті салыстыру бойынша артықшылықтыр кіреді.
Әртүрлі елдердегі аймақтар бойынша нақты жеңілдіктер мен стимулдар сандық жағынан айырмашылықтары бар, бірақ ереже бойынша олардың мәні бірдей болады.
Шаруашылық қызметтің белгілері бойынша Еркін экономикалық аймақтардың (ЕЭА) жіктелуі
Сауда-саттық |
Өндірістік өнеркәсіптік |
Техника енгізу бойынша |
Сервистік |
Кешенді |
1 Еркін кедендік |
Импорт алмастырушы |
Технополистер |
Оффшорлық |
|
2 Бонды қоймалары |
Экспорттық өндірістік |
Технопарктер |
Қаржы орталықтары |
|
3 Еркін порттар |
Өнеркәсіп парктер |
Жаңа және жоғарғы технологияның даму зонасы |
||
4 Еркін сауда аймағы |
Ғылыми-өнеркәсіптік парктер |
Туристік қызметтер |
||
Макиладорас (Мексика) |
Экопарк |
Женілдіктің төрт негізгі тобы бар:
Сонымен қатар бұл жеңілдіктер әртүрлі комбинацияларда қолданылады. Әлемдік тәжрибе көрсеткендей Еркін экономикалық аймақ қызметтерінің дамыған елдердегі жетістігі, олардың дамуының бастапқы кезендерінің жақсы жоспарланғанын көрсетеді. Бұл елдердегі Еркін экономикалық аймақтың құрылу келесідей тиімділікті қамтамасыз етеді: қосымша, яғни қосымша жұмыс орындарының елеулі санын алу, халықаралық сауда айырбасының дамуы, сыртқы сауда нәтижесінің жоғарылауы, ғылыми-өндірістік потенциалы.
Дамушы елдердегі Еркін экономикалық аймақтың жалпы сипаты:
1.2 Шетел инвестициялық тиімділігі халықаралық тәжрибеде
Дәл осы ТҰК – ға тікелей шетел инвестициясы 90 %, әлемдік сауданың және валюталық ресурстардың Ң бөлігі келеді. ТҰК техникалық жаңалықтарды шығаруда лидер және технологияларды бөлудің негізгі каналы болып табылады. Ол сонымен бірге жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді.
90-шы жылдардың ортасында әлемде 40 мың ТҰК қызмет етті. Олар өз елінің сыртында орналасқан 250 мың еншілес кәсіпорындарын өнеркәсіп өндірісінің 40 %- ін бақылады. ТҰК- дің кәсіпорында шығарылған өндіріс өнімінің көлемі 1 трлн. доллардан асып отыр, оларда 73 млн адам жұмыс істейді.
Информация о работе Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру