Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 10:28, лекция
Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда Visual Basic ортасы және олармен жұмыс істеу тәсілдері таныстырылған.
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Панель түймелерінің қасиеттері жеткілікті:
Name, Caption, Cancel, Default, Enabled, Visible, т.б. Әр түйменің қасиеттері объект формаға орнатылып, таңдалған кезде қасиеттер терезесінде көрінеді. Name-ге енгізілген атау бойынша VB бір объектіні екіншісінен ажырата алады. Caption қасиеті формада орнатылған объектінің ішіне жазылатын мәтінді анықтайды. Enabled, Visible қасиеттері объектіге қол жеткізуді шектеу үшін пайдаланылады. Егер Enabled мәні False’ке тең болса, объект қойылмаған күйде қалады, Visible мәні False болса, объект экранда көрінбейді, т.с.с. (Enabled-қосылу, Visible-көріну).
1.6-сурет. Элементтер панелі
1-көрсеткіш (Pointer)
2-графикалық өріс (Picture Box-сурет қорабы)
3-үстіне жазу өрісі (Label)
4-мәтіндік өріс (TextBox)
5-рамка (Frame)
6-командалық түйме (CommandButton)
7-жалауша (CheckBox)
8-ауыстырып қосқыш (OptionButton)
9-құрастырылған өріс (ComboBox)
10-тізім (ListBox)
11-жатық айналдыру белдеушесі (HScrollBox)
12-тік айналдыру белдеушесі (VScrollBox)
13-таймер (Timer)
14-дискжетектер тізімі (DriveListBox)
15-каталогтар тізімі (DirListBox)
16-файлдар тізімі (FileListBox)
17-фигура (Shape)
18-сызық (Line)
19-сурет (Image)
20-берілгендер элементі (Data)
21-OLE элементі (OLE)
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
Visual Basic – те программа дайындалатын арнайы терезе бар. Оны код терезесі деп атайды. Терезені төмендегі командалардың бірі арқылы ашу мүмкін:
1.7-сурет. Код терезесі
Терезеде:
Терезенің ішіне формаға байланысты End Sub (процедураны аяқтау) операторымен аяқталатын процедура моделі (үлгісі) жазылып қойылған. Оның тақырыбы:
Private |
Sub |
Form_Load() |
ï |
ï |
ï ï ï |
1 |
2 |
3 4 5 |
Процедураны бірнеше формаларда пайдаланатындай етіп жариялау да мүмкін. Ол үшін Private орнына Public кілттік сөзін жазып қою жеткілікті (Public – көпшілік).
Астын сызу белгісі ( _ ) арқылы бөлініп жазылатын Form_Load – процедура атауы деп аталады. Атау қайсы объект оқиғасы өңделетінін білдіреді. (Жалпы, VB әр типті процедура тақырыбына оқығаны өңдеуді бейнелейтін атауды енгізіп қояды).
Процедура модулі ішіне оқиғаны өңдеу командалары (процедура денесі) енгізілуі тиіс. Әр жол теріліп болған сайын КҚ (каретканы қайтару, енгізу) клавишін басу керек не Жоғарыдан төмен ( ¯ ) клавишін басуға да болады.
Жалпы, код терезесіне жазылатын процедураны оқиғаны өңдеуіш, үзілісті өңдеу процедурасы не программалық код деп атайды. Код терезесі ашылғанда оның бірінші жолында айнымалылардың сипатталуын тексеретін Option Explicit операторы көрінуі де мүмкін. Айнымалы сипатталмаған болса, ол программа жұмысын тоқтатады.
Windows-тағы сияқты Visual Basic-те программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға объект орнатуы, форманы не формада орналастырылған объектіні тышқан арқылы шертуі не мәзірді таңдауы мүмкін. Оның әр іс - әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға–қосымшаның жұмыс істеуі кезінде пайда болатын нәрсе. VB’те әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, элементтер панелінің CommandButton түймесі арқылы формада орнатылған Command1 түймесін (объектісін) шерту Click (Басу) оқиғасын шақырады. Оқиға тек пайдаланушының іс - әрекеті арқылы шақырылмауы да ықтимал. Мысалы, жүйе қандай болмасын бір терезені жүктегенде Load оқиғасы өндіріледі.
Әр объектіге байланысты оқиғалар бірнеше болуы да мүмкін. Мысалы, формаға байланысты оқиғалардың 30-дан асатыны жоғарыда ескертіліп кетілді, олар:
Load (жүктеу);
Mouse Down (тышқан түймесін басу);
Paint (кескіндеу);
KeyPress (клавишті басу), т.б.
Таңдалған объектінің оқиғалар тізімі код терезесінің оң бөлігінде көрінетін өрістің тілсызық түймесін шерткенде шығады.
Қарапайым программа құру. InputBox,
MsgBox функциялары. Print операторы
Visual Basic’те айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Бейсикте пайдаланылатын Input (енгізу) операторы жоқ. Оның орнына стандартты сұхбаттық терезесі және онда мән енгізілетін өрісі бар InputBox (енгізу қорабы) функциясы қолданылады. Программада функцияны мынадай түрде жазуға болады:
< Атау > = InputBox (< атау > [ , “ < мәтін > “ ] )
мұндағы < атау > - айнымалы идентификаторы (атауы), жолдық айнымалы;
< мәтін > - InputBox функциясы терезесінің тақырып қатарына жазылатын символдар тізбегі;
Квадрат жақшалар ([, ]) – олардың ішіне ешнәрсе енгізбеуге болатынын білдіру белгісі.
Нәтижені MsgBox функциясының стандартты шығару терезесінде не формада шығару мүмкін (message – мәліметтер қорабы).
Мәнді MsgBox терезесіне шығару функциясының жазылу түрі:
MsgBox ( < атау> ) [, , “ < мәтін > “ ]
Мұндағы үтірлер арасындағы бір символдық бос орынға түйме нөмірін жазуға не жазбай бос тастап кетуге болады.
Ескерту. InputBox, MsgBox функцияларын басқа түрде (қысқаша) жазу да мүмкін. Мысалы:
x= InputBox “ < мәтін > “ ; MsgBox “ < мәтін > “
Бұлардың біріншісі
енгізу терезесін шығарып, мән енгізілетін
өрістің жоғарғы жағында
Мысал. х=4,6 үшін у=3х+5 функциясының мәнін табу керек.
Есепті Load оқиғасын және InputBox, MsgBox функцияларын пайдаланатын шешу тәсілі:
Private Sub Form_Load( )
Dim X As Single, Y As Single
x=InputBox (x, “x=”)
y=3*x+5 : MsgBox (y), , “y=”
Бейсикте массивтер ғана DIM операторы арқылы сипатталатын. VB’те бір процедура ішінде пайдаланылатын барлық айнымалыларды DIM арқылы сипаттау мүмкін.
1.8-сурет. Енгізу терезесі.
Ескерту. Шығару терезесіне нақты санды енгізген кезде IBM Бейсикте қойылатын нүкте орнына әдеттегідей үтір (,) таңбасын қою керек.
Программа денесіне MsgBox функциясы енгізілгендіктен, экранға нәтижелік мән енгізілген MsgBox (шығару) терезесі шығады. (1.9-сурет).
Ескерту. Процедура денесіне x=InputBox(x) командасының орнына меншіктеу командасын (х=4.6) енгізу де мүмкін. Программаға нақты сан нүкте (.) арқылы бөлініп енгізілуі тиіс (х=4.6).
1.9-сурет. Шығару терезесі.
Шығару терезесін пайдаланбай,
нәтижелік мәнді форма
InputBox функциясы арқылы енгізілген аргумент мәнін де формада көрсетуге болады. Ол үшін жоғарғы қасиеттерді орнатып, процедура ішінде InputBox-ты меншіктеу командасынан соң Print “x=”; x операторын енгізу жеткілікті.
Print операторы (әдісі) берілгендерді басып шығару үшін де пайдаланылады. Берілетін команда:
Printer. Print <мәтін>
Мұндағы Print – басып шығару операторы;
Printer – принтер объектісі;
<мәтін> - программалық кодқа енгізілген бір қатарлық мәтін.
Printer объектісінің басып шығару параметрлерін орнататын қасиеттер терезесі жоқ. Оның әр қасиеті программа мәтінінде орнатылуы тиіс. Мысалы: a1$, a2$ айнымалыларының мәндері болатын мәтіндерді 14 пиксельдік шрифпен басу командалары:
а1$= “Біз студенттерміз,”
а2$=”олар да студенттер.”
Printer.FontSize=14
Printer.Print a2$
Ескерту. 1. Printer объектісінің қасиеттері мен командалары VB’тің анықтама жүйесіне енгізілген (Print Object).
Есепті пайдаланушы интерфейсін құрып шешу
Түрлі нәтижелерді форманың арнайы орындарында көрсету – VB жүйесімен жұмыс істеуде орындалуы тиіс интерфейс талабы. Бұл үшін формада қажетті объектілерді алдын ала орнатып, код терезесінде осы объектілерге арналған процедуралар құру керек. Осыған сәйкес, өткен тақырыпта берілген мысалды келесі тәсілдерді пайдаланып шешкен жөн:
1.10-сурет. Интерфейстік элементтер орнатылған форма.