Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 10:28, лекция
Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда Visual Basic ортасы және олармен жұмыс істеу тәсілдері таныстырылған.
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Әр объектінің қасиеттері, оқиғалары мен әдістері бар. Программа ішінде объектінің орындайтын іс-әрекеті әдіс деп аталады. Әдіс объект атымен нүкте арқылы ажыратылып жазылады:
<Объект>.<Әдіс>
Әр объектіге қолданылатын әдістер түрлі – түрлі. Форма әдістері:
Show, Hide, Unload, Cls, Circle, Move, т.б.
Мысалы, программаға енгізілген Form2.Show әдісі (командасы) - Form2-ні экранда көрсету. Жалпы, объектіге берілген команда және процедуралар да әдістер деп аталады.
Visual Basic парамертлері.
VB редакторы жұмысына әсер етітін параметрлер Options (Таңдама, Параметрлер) терезесіне орналастырылып қойылған. Оны ашу үшін Tools – Options командасын беру керек. Терезеге алты қосымша бет орналыстырылған (1.17-сурет).
1.17-сурет. Options терезесінің Editor қосымша беті
Мысалы, Editor (Редактор) бетіне орнатылған жалаушалар:
- Auto Syntax Check (Қатені автоматты түрде тексеру);
Environment (Орта) бетінің Prompt To Save Changes (Өзгерісті тез сақтау) жалаушасы орнатылған кезде қосымшаны іске қосу алдында VB проектіні сақтауды ұсынатын сұхбаттық терезе шығарады, т.с.с.
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
Visual Basic’те пайдаланылатын берілгендер типтері:
Стандартты типтер |
Айнымалы мәндері |
Integer (бүтін, %) |
[-32768; 32767] аралығында |
Long (ұзын бүтін, &) |
[-2147483648; 2147483647] |
Byte (байт) |
[0; 255] |
Single (нақты, !) |
дара дәлдікті нақты (7 символ) |
Double (нақты, #) |
екі есе дәлдікті нақты (15 символ) |
String ($, жол) |
символдар саны [0; 65535] аралығында |
Variant (вариант) |
жан-жақты (сандық, жолдық не логикалық мәндер) |
Boolean (логикалық) |
True не False |
Currency (ақшалық) |
ақшалық сомалар |
Date (дата) |
дата |
Бұлардан басқа объектіге
Жатта қажетті орындар бөлу үшін айнымалылар Dim не Static операторлары арқылы сиппатталады (dimension - өлшем, static – статикалық, қозғалмайтын). Сипаттау үлгілері:
Dim x% |
Dim x As Integer |
Dim y, z # |
Dim y As Single, z As Double |
Static a$ |
Static a As String |
Dim, Static кілттік сөздерінің бірі бір процедура ішінде пайдаланылатын айнымалылырды сипаттау кезінде жазылады. Олардың орнына Private кілттік сөзін жазу да мүмкін. Мысалы:
Dim x As Single,
Static x as Single,
Private x as Single
сипаттамалары бірдей. Static арқылы сипатталған айнымалының ағымдық мәні процедура аяқталған кезде де сақталады; Dim, Private айнымалылырының мәндері жойылып кетеді.
Айнымалыны қосымшаның түрлі процедураларында пайдалану үшін оны код терезесінің (General) (Declaration) секциясында (бөлімінде) Public кілттік сөзі арқылы сипаттау керек (Public –көпшілік). Терезеде алдымен Option Explicit жазуы көрінуі мүмкін.
Ескерту. 1. Айнымалы атауы үшін кілттік сөздерден, кілттік символдар мен бос орын және тыныс белгілерінен басқа ұзындығы 255-ке дейін (кирилицамен қоса) символдар тізбегін алуға болады.
2. General / Declaration секциясы шығатын код терезесі форманы екі рет шертпей, алғашқы рет View – Code командасы берілген кезде көрінеді. Private арқылы жарияланған процедурамен тек бір формада, Public арқылы жарияланған процедурамен проектінің барлық формаларында жұмыс істеу мүмкін (олар барлық формаларда қолжетерлік).
Қарапайым программаларда сандық және жолдық айнымалыларды (х%, у, а$) вариант типті етіп сипаттау да мүмкін (Variant, жан-жақты). Бұл кезде айнымалылардың типтері көрсетілмей жазылады: Dim x, y, a.
Мысалы, процедурада айнымалылар вариантты типті етіп (Dim x, y) арқылы сипатталған. Оның қатесі жоқ. Редактор процедураға енгізілген вариант типті айнымалының типін өзі ажырата алады. Бірақ күрделі программаларда редактор қате жіберіп, бүтін типті айнымалылырды жолдық (символдық) деп қабылдауы мүмкін. Сондықтан айнымалыларды сипаттауда олардың типтерін де жазып қойған дұрыс.
Программада жиі пайдаланылатын тұрақтыны Const операторы арқылы сипаттау да мүмкін (Const – тұрақты). Мысалы, программа үзіндісін мына түрде жазуға болады:
Const pi = 3.1415926
R = 4.5 : h = 7
C = pi * r^2 * h
V = pi * r^3 * h / 3
VB’те пайдаланылатын математикалық операторлар мен стандартты функциялардың басым көпшілігі Бейсиктеғі сияқты:
+ (қосу); - (азайту); * (көбейту); / (бөлу); \ (бүтін бөлу); ^ (дәрежелеу); Mod (қалдықты есептеу); $ (жолдарды біріктіру, конкатенация);
Abs(x); Sin(x); Cos(x); Atn(x); Sqr(x); Exp(x); Int(x); Rnd(x); Mid$, Left$, Right$,
Str$(x) – сандық мәнді жолдық типті ету;
Val (x) – цифрлармен берілген жолдық мәнді сандық типтіге алмастыру, т.б.
Visual Basic’те құрылымдық программа құру үшін Qbasic’те қолданылатын құрылымдар пайдаланылады.
Тармақталу командасы
Тармақталу командасының құрылымдары:
1) If P Then S 1-нұсқа
2) If P Then
S
End If
3) If P Then
S1
Else P2 Then
S2
Else P3 Then
S3
....................
End If
Мұндағы Р, Р1, Р2, Р3, ... - шарттар;
S, S1, S2, S3, … - блоктар (бір сериялы операторлар).
Соңғысы - көп нұсқалы тармақталу (таңдау) командасы.
Тармақталу командасының бірінші және екінші құрылымдары бірдей. Бірінші құрылымды блокқа бір команда енгізілгенде ғана пайдалануға болады. Екінші құрылым барлық жағдайда қолданылады.
Мысал. Пайдаланушы интерфейсін құрып, ах2+bx+c=0 квадрат теңдеуін шешу керек.
Private Sub Command1_ Click ()
Dim a, b, c, d, x1, x2, x
а = InputBox (a, “a = “) : Label1.Caption = a
b = InputBox (b, “b = “) : Label2.Caption = b
c = InputBox (c, “c = “) : Label3.Caption =c
d = b^2 – 4* a * c
If d > = 0 Then
x1 = (-b + sqr (d) ) / (2 * a)
x2 = (-b - sqr (d) ) / (2 * a)
Label4.Caption = x1 : Label5.Caption = x2
Else x = «Нақты шешімі жоқ» : Label4.Caption = x
End If
End Sub
Private Sub Command2_ Click ()
End
End Sub
2.1-сурет. 3х2 - 4х +1= 0 тендеуін шешуде
көрінген интерфейстік форма
a, b, c мәндері үшін 3, - 4, 1 сандары енгізілген кезде көрінетін форма 2.1-сурете бейнеленген.
Ескерту. Алғашқы рет MsgBox терезесінде х1 мәні көрінеді. х2 мәнін терезеге шығару үшін ОК түймесін шерту керек.
Мысал. Int, Rnd функцияларын пайдаланып, форма терезесінің Label1, Label2 объектілері ішіне 15-тен кіші кез келген бүтін сандарды шығару керек. Егер оның біріншісінде 7 саны көрінсе, екіншісіне «Ура!» сөзі енгізіліп, программа жұмысы тоқтатылсын.