Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 11:39, курсовая работа

Краткое описание

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған.

Вложенные файлы: 1 файл

Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті.doc

— 241.50 Кб (Скачать файл)

977 жылы ақшаға мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында мың жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйеге теңдеп әкетеді.

Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птоломей әулетінің өкілі) бұйрығымен Книдтік Сострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.

2006 жылғы зерттеу бойынша  қайта құрылған моделі.

Александрия шамшырағы өз заманындағы  өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы  үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта флюгер желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал) міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған мұнара зәулім шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған. Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Александрия шамшырағы 14 ғ-да жер сілкінісінен қираған.

Александрия маягы

Александрия маягы керемет көрініс  болды: ол түнде жарық шашып, кемелерді  су астындағы жартастарға соғылып  қалмауларынан сақтандырып тұратын. Әлемнің жеті кереметінің ең соңғысы болып салынған маяктың практикалық пайдасы да болды, ол әрі бекініс, әрі қарауыл мұнарасы болды. Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. Ол 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады.

Салыну себептері

Александр Македонский Александрия  қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы  жартастарға үнемі кемелер соғылып  апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады.

Маяктың құлауы

Ақырында Александрияны арабтар басып алып, қала құлдырап, төмендеп кетті, кеме тоқтайтын жерді батпақ басты, Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербеліс салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.


Информация о работе Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті