Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 19:59, курсовая работа
Интерактивті тақта кәдімгі маркерлік тақта сияқты. Оның да лотоктары бар, арнайы контейнерлер орналасқан, ластиктер мен маркерлердің түстеріне жауап беретін. Әрбір контейнерлерде оптикалық сенсорлар бар, қандай құралдардан сіз лотка алғаныңызды анықтайтын. Егер барлық маркелер мен ластиктер орнында болса, тақтаға қолыңызды тигізгенде тышқанмен жұмыс жасағандай көрінеді, мысалы, қолыңызға маркер алсаңыз тақтаға жаза аласыз.
Кіріспе........................................................................................................................
І . Интерактивті тақта.
1.1 Интерактивті тақтаның мүмкіншіліктері......................................................
1.2 Интерактивті тақтаның түрлері, оның бағдарламалық жасақтамалары...
1.3 Интерактивті құралдар, олардың ерекшеліктері..........................................
ІІ. Орта мектептерде тақтаны қолдану мен АctivStudio бағдарламасында жұмыс жасау.
2.1 Орта мектепте интерактивті тақтаны қолдануың маңызы.........................
2.2 Сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның АctivStudio бағдарламасын қолдану.............................................................................................................
ІІІ. Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер
Бөлшек құру құралының панелі
Математика сабағында бөлшектер құрады.
Калькулятор
Математикалық есептерді орындайды.
Пернетақта
Экранда пернетақтаны іске қосады және флипчарт беттерінде мәтінді енгізеді.
Веб-браузер
Сабақ кезінде ACTIVstudio-дан Интернетке қосылуға мүмкіндік береді.
Лента
Мәтіндік хабарлама құрады.
Ескертулер мен көрсеткіштер
Экранда ескертулер мен көрсеткіштерді жабыстырады (электронды
наклейка).
Координат центрі
Флипчарт бетінде айналу осьін орналастырады. Барлық объектілер осы нүктенің айналасында айналдыруға болады.
Флипчартты жазып алу құралы
Флипчарт бетіндегі әрекеттерді жазып алады және оны анимация түрінде көрсетеді.
Сағат
Экраннан сағатты көрсетеді.
Флипчарттың құралдар тақтасы
Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі.
Келесі бет
Флипчарттың келесі бетіне өту.
Флипчарттың соңына жаңа
Алдыңғы бет
Флипчарттың алдыңғы бетіне өту.
Бет таңдау
Флипчарт беттеріне қысқаша суреттеуге қарау және жұмыс беттерін таңдау.
Бетті ұйымдастыру
Флипчарт беттерін ретке келтіреді.
Бетті Сброс страницы
Соңғы сақталған флипчарт бетіне оралады – қосымша сақталған флипчартта ғана жұмыс жасайды.
Кітапхана ресурсы
Презентацияға қажетті кең көлемді ресурстарға мүмкіндік береді.
Айналдыру жолағы
Флипчарт бетінде жоғары және төмен қозғалыс.
Бетті редакторлеу құралдары
Бетті редакторлеу тақтасын іске қосу үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту жеткілікті. Құралды флипчарт бетінің қасиетін өзгертуге және флипчарттың құрылымын редакторлеуге қолданылады.
Тақырып қатары
Тақтаның орнын ауыстыру үшін, онда шерту жеткілікті. Ал батырмасын шертіп тақтаны жабуға болады.
Қиып алу
Флипчарт бетін жояды және оны басқа жерде қолдану үшін буферге орналастырады.
Көшіру
Флипчарт бетін көшіріп алып, оны басқа жерде қолдану үшін буферге орналастырады.
Қою
Соңғы қиып алынған немесе көшірілген флипчарт бетін қояды.
Өшіру
Флипчарт бетін өшіреді.
Қасиет
Флипчарт бетін және сыртқы түрін редакторлейді.
Бетін Сброс страницы
Соңғы сақталған флипчарт бетін қайтадан қалпына келтіреді.
Көшірме
Флипчарт бетін көшіреді.
Кітапхана ресурсы
кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады. Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс-әрекеттер, оқу жоспарлары да бар. Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз етілген. Кітапхана ресурсын іске қосу үшін, флипчарттың құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу керек.
Меню батырмасы
Кітапхана ресурсының сыртқы түрін өзгертеді.
Жалпы Кітапхана Ресурсы
Бұл буманың ресурстары басқа да жалпы қолданушыларға ортақ. Бума да программалық ресурстар бар.
Менің Кітапхана Ресурсым
Бұл папкада жеке қолданушының ресурстары сақталады.
Ресурсты іздеу
Нақты сөз арқылы ресурстарды іздеу. ACTIVstudio ресурстары топтастырылған, сондықтан да іздеу критерийін енгіз және тез іздеу батырмасын шерт.
Басқа Ресурстар папкасы
Папканың мазмұны, таңдап алынған батырманы «Басқа папканы қарау» көрсетеді. Жалпы Ресурс папкасы мен Менің Ресурсым арасында және таңдап алынған мазмұнның арасында қатынас жасауға болады.
Басқа папкадан іздеу
Компьютердің ішіндегі ресурстарды қарастырады.
Бүктеу\ашу
Экранда орын босату үшін, Кітапхана Ресурсын бүктеп қояды.
Ресурс тірегін көрсету\жабу
Ресурс тірегінің терезесін көрсетіп және оны жасырады.
Ресурс тірегі
Таңдап алынған категорияның ішіндегі категориясын көрсетеді.
Эскиз панелі
Әрбір эскизді алдын ала қарағаннан бастап флипчартқа қосқанға дейін қарастырады.
Жалпы\Менің Ресурсым
Жалпы Кітапхана Ресурсын қарастырғаннан бастап, оң жақтағы батырмаларды таңдауға болады. Батырманы шерткенде арнайы типті барлық ресурстарды таңдағанға байланысты қарап шығасың. Мәтін ресурсында, Жалпы\Менің мәтінім батырмасын шерт. Әр түрлі торларды қарау үшін Жалпы\Менің торым батырмасын шерт.
1. Жалпы / Менің коллекциям
2. Жалпы / Менің түсім
3. Жалпы / Менің торым
4. Жалпы / Менің кескінім
5. Жалпы / Менің мәтінім
6. Жалпы / Менің формам
7. Жалпы / Менің сызбам
8. Жалпы / Менің ескертпем
9. Жалпы / Менің дыбыстарым
10. Жалпы / Менің флипчартым
11. Жалпы / Менің флипчарт беттерім
12. Жалпы / Менің лентыам
13. Жалпы / Менің көрсеткіштерім
14. Жалпы / Менің бейнем
15. Жалпы / Менің веб-сілтемелерім
16. Жалпы / Менің іс-әрекеттерім
Нұсқаларды ары-қарай таңдап алып, флипчарт бетінде көрсетілген ескертулерді қосуға болады.
№1 Лабораториялық жұмыс
Жаңа флипчарт құру
Негізгі құралдар тақтасынан батырмасын басып жаңа толық экранмен бірдей флипчарт құрады. Кез келген уақытта осы батырманы басып флипчарт құруға болады. «Флипчарт» батырмасына қайта басып тағы да флипчарт құруға болады.
Қалам құралын пайдалану
Кез келген қиын істі бастағанда, алдымен онымен қалай жұмыс жасауға болатын ережесімен танысу қажет. Жұмыстың көбі негізгі құралдар тақтасы болып табылады. Өздерің байқағандай негізгі құралдар тақтасында – бөліп алу құралын– тіктөртбұрышты шекарасы бар түссіз фон; бұл сол құралдың активті екендігін көрсетеді. Бөліп алу құралы кез келген объектіні бөліп алу үшін қолданылады. Қазір бет таза болғандықтан, Қалам құралын басып активтендіруге болады. Оны активтендіру үшін, онда бір рет шерткен жеткілікті. Енді «а» әрпін флипчарт бетінде жаз.
Қаламның түсі және ұшының қалыңдығы
Негізгі құралдар тақтасында көк түстің ерекшеленіп тұрғанын байқауға болады. Басқа түске ауыстыру үшін, сол түсті шерту жеткілікті. Қаламның ұшының қалыңдығын 6 санына басып өзгертуге болады. Енді «ә» әрпін флипчартқа жаз, жаңа баптау іске қосылғанын көру үшін.
Қаламның селекторларын қолдану
Қаламның үстінде тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде қаламның селекторы іске қосылады. Бұл қаламның ұшын әр түрлі қолданудың әдістерін көрсетеді. Бір түрін қолданып «с» әрпін жазуға болады.
Бірнеше объектілерді таңдау және редакторлеу
Бөліп алу батырмасының көмегімен барлық үш әріпті бөліп ал. Қалай шертіп және орналастыруға болады:
1. Таңдап алынған объектінің жоғарғы сол жақ шетіне шерт.
2. Объектінің оң жақ төменгі бұрышында ACTIVpen – нің ұшымен шерт.
3. Әріптің айналасында төртбұрыштар
пайда болады. Бұл төртбұрыштар
объектінің бөлініп
Болдырмау құралын қолдану
ACTIVstudio
бағдарламасында қате жіберіп
алсаң, алаңдаудың қажеті жоқ, себебі
олардың бәрін де алып
Қайтару құралын қолдану
Қайтару құралы, болдырмау құралымен орындалған әрекеттерді қалпына келтіреді.
Осы құралдардың көмегімен бірнеше әрекеттер орындаңдар.
Тазалау құралын қолдану
Терезені тазалаудың басқа да амалдары бар. Тазалау батырмасын басып, пайда болған қосымша терезеден бетті тазалау жолын таңда. Бұл экранды тазалаудың тез және ең оңай амалы. Ал қосымша терезенің басқа нұсқалары флипчарт бетіндегі нақты элементтерді өшіру үшін қолданылады.
Өшіргіш құралын қолдану
Енді қаламның қалыңдығын 8-ге қойып, түстер палитрасынан көк түсті алып «abc» әріптерін флипчарт бетінде жазыңдар. Өшіргіш құралы флипчарт бетіндегі объектілерді жасыру үшін қолданылады. Өшіргіш құралының да қаламның қалыңдығына ұқсас өзіне тән нақты қалыңдығы болады. Өшіргіш құралын алып, оның қалыңдығын 20-ға қойып, қаламды пайдаланғандай, қолданып «а» әрпін өшіріңдер. Егер де өшіргіштің қалыңдығын 50-ге үлкейтсеңдер, онда бірден беттің үлкен аумағын өшіруге болады. Енді «с» әрпін өшіріңдер.
Объектілерді флипчарттың қоржынын қолданып өшіру
Объектілерді түпкілікті жою үшін, флипчарттың қоржынына тастау керек. Бөліп алынған объектіні, «а» әрпін қоржынға тастау керек. Ол үшін объектіні белгілеп алып, қоржынның беті ашылғанда ішіне тастау керек.
Объектілерді редакторлеу құралының көмегімен өшіру
Объектілерді редакторлеу құралының ішінде де объектілерді өшіру батырмасы бар. Бұл тақтаны іске қосу үшін, объектінің үстінен үздіксіз екі рет шертіп, содан кейін өшіру батырмасына басу керек.
Объектіні редакторлеу құралы тақтасының көмегімен объектінің көшірмесін жасау.
Бөліп алу құралының көмегімен үш әріптің, сол жақ жоғарғы бұрышынан, әріптің сызығының үстінен екі рет шертіңдер. Көшірме батырмасының үстінен бірнеше рет шертіңдер. Әрбір шерткен сайын, флипчарт бетінде әріптердің жаңа көшірмелері пайда болады.
Мәтін құралымен мәтіннің қасиеті құралын қолдану
Флипчарттың бетінде ACTIVpen-нің көмегімен баспамен де жазуға болады. Мәтін құралын таңдап алып, жұмыс бетінің ортасында, яғни жазу жазатын орынды белгілеп алып, сол жерде шерт. Сонда флипчарт бетінде меңзер пайда болады. Мәтінді редакторлеу тақтасы мәтіннің түсін, көлемін және эффектілерін өзгертуге мүмкіндік береді. Пайда болған терезеден мәтіннің үлкен көлемін және қаріптің басқа түрін таңдап алып, қисайтылған, көлеңке түсірілген батырманы басып, әріптің басқа түрін таңда. Енді «абс» әріптерін жаз.
Мәтін қасиетінің өзгеруі
Мәтінге енгізілген мәтіннің стилін өзгертуге болады. «абс» әріптерінің үстінен екі рет шерт немесе бөліп алу батырмасын таңдап ал. Осы мезетте экранда объектілерді редакторлеу құралының тақтасы іске қосылады. Бұл тақтадан «Барлығы» (Все) батырмасын шерт. Бұл команда мәтінді бөліп алып, оны әртүрлі стильмен өзгертуге мүмкіндік береді.
Ескерту: Егер де мәтіннің көлемін үлкейткенде, мәтін бір сызықтан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда мәтіннің оң жақ шетіндегі төрт бұрыштың көмегімен мәтінді бір жолға орналастыруға болады. Мәтінді редакторлеу құралы тақтасын жабыңдар.
Маркер құралын пайдалану
Маркер батырмасын басып, өздеріңе ұнаған түсті таңдап, флипчарт бетіндегі әріптің үстінен белгілеңдер.
Флипчартты сақтау
Басты менюден, негізгі құралдар тақтасының сол жақ үстінен Флипчарт – Қалай сақтау командасын таңда. Сонда флипчартты Менің флипчартым бумасында, Жалпы флипчарттар бумасында немесе басқа бумалар ішінде өз таңдауың бойынша сақтауға болады. Ал қазіргі жағдайда Менің флипчартым ішінде сақта, өйткені бұл ең ыңғайлы амал, себебі оны қайтадан тез табуға оңай тәсіл. Пайда болған «Флипчартты сақтау» терезесінде файлдың атына Флипчарт 1 жазып, сақтау батырмасын шерт. Енді сендер ACTIVstudio-ның негізгі құралдарын қолдану ыңғайлы. Басты менюден батырмасын шертіп ACTIVstudio қосымшасынан шығыңдар.