Интерактивная доска

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Интерактивті тақта кәдімгі маркерлік тақта сияқты. Оның да лотоктары бар, арнайы контейнерлер орналасқан, ластиктер мен маркерлердің түстеріне жауап беретін. Әрбір контейнерлерде оптикалық сенсорлар бар, қандай құралдардан сіз лотка алғаныңызды анықтайтын. Егер барлық маркелер мен ластиктер орнында болса, тақтаға қолыңызды тигізгенде тышқанмен жұмыс жасағандай көрінеді, мысалы, қолыңызға маркер алсаңыз тақтаға жаза аласыз.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................
І . Интерактивті тақта.
1.1 Интерактивті тақтаның мүмкіншіліктері......................................................
1.2 Интерактивті тақтаның түрлері, оның бағдарламалық жасақтамалары...
1.3 Интерактивті құралдар, олардың ерекшеліктері..........................................

ІІ. Орта мектептерде тақтаны қолдану мен АctivStudio бағдарламасында жұмыс жасау.
2.1 Орта мектепте интерактивті тақтаны қолдануың маңызы.........................
2.2 Сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның АctivStudio бағдарламасын қолдану.............................................................................................................
ІІІ. Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая интерактивті тақта.doc

— 2.42 Мб (Скачать файл)

 

№2 Лабораториялық жұмыс

Кітапхана Ресурсы

1.  Сақталған флипчартты  ашу және жаңа бет құру 

ACTIVstudio – ны іске қосып, Флипчарт 1 файлын ашыңдар. «Келесі бет»  құралын қолданып флипчартта жаңа бет құрыңдар. Флипчартты «Менің флипчартым» бумасында жаңа атпен сақтаңдар.

2. Бір флипчарт бетінен элементті келесі бетке көшіру

«Бетті таңдау» батырмасымен, үш беттен тұратын флипчарт беттерін тексер. 2-ші және 3-ші беттерді активтенжіру қалпына келтір. Егер де 3-ші бетте жұмыс жасағанда, алдымен 2-ші беттегі тақырыпты көшіріп алыңдар. Әрине, жаңа бетте қайтадан теріп жазуға да болады,  бірақ та көшіру әдісі тақырыптың әрбір бетте сол жерде шығатынына кепілдік береді. Бөліп алу батырмасы активтендірілгендігіне көз жеткізіп, 1-ші беттегі тақырыпты, 3-ші бетке көшіріңдер. Пайда болған менюден «Осында көшіру» командасын таңда. 3-ші бет активтендірілгенде қызыл жиекпен ерекшеленіп тұрады.

3. Мәтінді редакторлеу

Енді 3-ші беттегі мәтінді редакторлейік. Тақырыпта екі рет шерткенде, объектіні редакторлеу тақтасы  іске қосылады. Тақтадан  «Мәтінді редакторлеу» батырмасын таңда.  Мәтінді бірден ерекшелеп алу үшін құралдар тақтасынан  «Барлығы» батырмасын басу керек. Енді Кітапхана Ресурсын үйрену мәтінін теріп жазыңдар. Жаңа мәтін бұрынғы тақырыптың орнын басады. Мәтінді редакторлеу құралы тақтасын жабыңдар.

4. Кітапхана ресурсын  ашу

Флипчарт құралдар тақтасынан  «Кітапхана ресурсы» батырмасын басыңдар. Кітапхана ресурсы терезесі іске қосылады. Кітапхана ресурсы ACTIVstudio бағдарламасында өте маңызды бөлімнің бірі.

5. Көмекші сөздерді қолдану

Егер де меңзер ACTIVstudio батырмасының астында болса, көмекші сөздер шығады. Бұл құрал әрбір батырманың  функцияларын еске түсіріп отырады.

6. Жалпы кітапхана ресурсы 

ACTIVstudio бағдарламасы орналастырығаннан  кейін «Жалпы кітапхана ресурсы» мыңдаған ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді. батырмасын іске қосыңдар.

7. Ресурс тірегін қолдану

Кітапхана ресурсының сол жағындағы батырмада көптеген қажетті ресурс түрлерін таңдауға болады. «Жалпы кескіндер» батырмасын басыңдар. Тақтада  бірнеше кішкентай картиналар шығады. Көптеген суреттерді табу үшін Ресурс тірегін қолданыңдар. Мұнда барлық жалпы кескіндер орналастырылған бумалар бар. Ресурс Тірегінен + таңбасы, мұнда тағы да кіріктірілген бумалардың бар екенін көрсетеді. Ресурс тірегімен жұмыс жасап көрейік.

8. Кітапхана ресурсынан  жалпы кескіндерді таңдау 

Қазір кейбір құстарды іздестіріп көрейік. «Жалпы кескіндер» батырмасынан «Аңдар» бумасын табыңдар. Ондағы + батырмасын шерт. «Құстар» бумасын ашыңдар. Тақтада  буманың мазмұнын көреміз. Әрбір суреттің астында аттары жазылады. Егер де жазу жоқ болса, «Меню» батырмасының жоғарғы сол жақ шетіндегі Кітапхана ресурсы терезесіндегі менюден «жазбалар» командасын таңда.

9. Флипчарт бетіне Кітапхана  ресурсының объектілерін қосу

Кітапхана ресурсы терезесінің төменгі бөлімінде төрт бөлім бар. «Түссіздендірілген» бөлімі белгіленгенін тексер. Бұл суреттің фонын түссіздендіреді. Енді «Тасымалдау» бөлімі белгіленіп алғанын тексер. Бұл  суреттерді флипчарт бетіне тасымалдауға мүмкіндік береді. Енді құстарды флипчарт бетіне тасымалдаңдар.

10. Кітапхана ресурсын  бүктеу

Суреттерді флипчарт бетіне қойғаннан кейін, Кітапхана ресурсын беттің сол жақтың жоғарғы жағына «Бүктеу» батырмасын басып орналастырыңдар. Бүктеулі күйінде Кітапхана ресурсы экранда аз ғана орын алады және де оны кез келген мезетте қалпына келтіруге болады.

11. Объектіні  редакторлеу  құралы тақтасын қолданып суреттердің  көшірмесін алу 

 Бөліп алу құралының көмегімен  суреттің ортасына шертіңдер. Объектіні редакторлеу құралы тақтасы  іске қосылғанда, «Көшірмелеу» батырмасын үш рет шертіңдер, сонда бір суреттің үш көшірмесі пайда болады. Суреттерді жеке-жеке қойыңдар.

12. Объектінің көлемін  өзгертіп және оны айналдыру 

Объектіні редакторлеу тақтасының  құралын қолданып, суреттердің сыртқы түрін өзгертуге болады. Үш суреттің бірін белгілеп алып, объектіні редакторлеу тақтасының  көмегімен «Көлемін үлкейту» батырмасымен суреттің көлемін үлкейтеміз. Келесі суретті  «Көлемін кішірейту» батырмасымен  кішірейтеміз. Енді үш суреттің көлемі әр түрлі. Ал үшінші суретті «Бөліп алу» батырмасын шертіп көмегімен айналдырамыз.

13.  «Өшіру» батырмасын  қолдану 

Кез келген суретте екі рет шерткенде объектіні редакторлеу тақтасынан  «Өшіру» батырмасының көмегімен қажетсіз суреттерді өшіруге болады. Ескерту: Суретті флипчарттағы қоржынға  салуға болады. Бірақ та объектіні редакторлеу тақтасындағы құралды пайдалану ыңғайлы және де ол бөліп алынған суреттің жанында тұрады.

14. Тану құралын баптау 

Негізгі  құралдар тақтасынан  «Тану» құралын шерткенде, редакторлеу құралының тақтасы  іске қосылады. Қосу\өшіру батырмасы жасыл түсті болу керек, егер де ол қызыл түсті болса батырманың үстінен шерткенде тану батырмасы іске қосылады. Баптаудың төрт параметрі болады. Оларды келесі параметрлер бойынша өзгертуге болады:

әріпті тану , форманы тану , санды тану және де санды және әріпті тану батырмалары.

Батырманы басып әріптерді жазыңдар. Құрылғы ағылшын тілінде (Великобритания) орнықтырылған. Жылжымақ ортасында тұру керек, бұл мәтінді қолжазбадан машина мәтініне айналдырады. Әзірше тану құралының тақтасын  жаппаңдар.

Ескерту: Тану құралы тек қана ACTIVboard немесе ACTIVslate опциялары қосылғанда ғана жұмыс жасайды.

15. Тану құралының көмегімен  мәтін құру

Тану батырмасын қосқаннан бастап ACTIVstudio қолмен жазылған мәтіндерді мәтіндік объектілерге айналдырып отырады. Соңынан бұл мәтінді редакторлеуге болады. Көк түсті таңдап ал да өлшемін үшке қойып мәтін жаз. Көрсеткіш бетте болған кезде, қосымша иконканы көруге болады. Оның атқаратын қызметі, тану құралының бапталуына байланысты мәтін немесе формаларды жазғаннан кейін, олардың  өзгеріп тұратынын білдіреді. 

Әрбір суреттің астына, оның атауларын жазып шық. Тану құралымен бірнеше рет жұмыс жасап жаттығыңдар.

16. Жалпы фонды таңдау 

Кітапхана ресурсынан Жалпы фондар – Басқа Тірек ресурсын  таңда. Қолдану алдында фондарды қарап шығуға болады. Тасымалдау опциясында тұрғанын тексеріп алып, құстарға қажетті  фонды таңдап ал. Кейбір кезде фон барлық бетті алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа фонда екі рет шертіп, «Қасиет» батырмасында басып, терезенің сол жақ шетінде «Қасиет және іс-әрекеттер» опциясын қою керек. Қажет болғанда «Фонның орналасуы» менюінен «Тарту» опциясын таңдауға болады. Қажет болған жағдайда Фонды барлық бетке қоюға болады, 

«Қасиет және іс-ірекет» терезесінен «Түр» опциясына ауысып, онда мозаика көлемімен жолынан ашылған команданың ішінен «Көлемнің өлшемімен тарту» опциясын таңдап алуға болады. Бұл терезелерді жауып, флипчартты сақтап қойып ACTIVstudio-дан шығыңдар.

 

 

№4 Лабораториялық жұмыс

«Өшір және көрсет», сонымен бірге«Прожектор»

1. Сақталған флипчартты ашу

ACTIVstudio-ны ашып, Флипчарт 2 – ні іске қос және де Флипчарт 3 атымен келесі флипчартты сақтап қойыңдар. Бұл флипчарт өте үлкен көлемді болмақ. Бірақ та, оны қайтадан жазбайсыңдар, көшірмейсіңдер және де қоймайсыңдар, өйткені барлық беттердің көшірмесін аласыңдар да, қажет емес элементтерді өшіріп тастайсыңдар.

2. Флипчарт беттерінің  көшірмесін алу 

Флипчарт құралдар тақтасынан «Бетті таңдау» батырмасын басып, 4-ші беттің активті екендігін нобайдан шертіп тексер. 4-ші беттің фонында екі рет шертіп редакторлеу құралдар тақтасына  «Бетті Көшірмелеу» батырмасын таңдап алыңдар. 4-ші бетті активтендіру үшін оған  шертіп, «Бетті таңдау» батырмасында шертіп, бетті қалыпты күйіне қоюға болады.

3. Беттің фонын өшіру

 

Енді беттегі фонды өшіріңдер – ал оның себебін кейінірек білеміз. Менюден «Фонды өшіру» опциясын таңдап ал. Фонды ақ түспен бояп қалдыру үшін, түстер палитрасынан ашық-көк түс құралын таңдап алыңдар. Флипчарт бетін ашық-көк түспен бояңдар.

 

4. «Өшір және көрсет»  техникасы

«Қалам» құралын таңдап алып,  ашық-көк түсін таңдап ал.  Қаламның қалыңдығын таңдап ал, жазуды жауып қою үшін флипчартты сақтаңдар.

5. «Прожектор» құралын  қолдану 

Флипчартта кейбір арнайы презентацияны құру үшін ACTIVstudio-ның барлық құралдары қолданылмайды. Бұл құралдың бірі – «Прожектор» құралы.  Оның опцияларының ішінен «Дөңгелек прожекторды» таңда. Енді экранның нақты аймағын белгілеп алуға болады, егер де флипчарт  бетінде меңзерді жылжыта отырып, бақылау ортасының үлкейтіп немесе кішірейтіп бапта. Ал оны алып тастау үшін қайтадан «Прожектор» батырмасында шерту керек.

6. «Өшіргіш» құралын  қолдану 

«Өшіргіш» құралын таңдап алыңдар. Алдын-ала жазылған жазудағы ашық-көк түс маскасын өшіріңдер. Алғашқы жазулар өшірілмейді, себебі олар басқа қабатта. «Өшіргіш» құралы үстіңгі қабатта ғана активті. ACTIVstudio-ны жауып шығуға болады,  ал беттегі элементтер сақталып қалады. 

Ескерту: Аннотация негізгі қабатта, жазулар, тану құралының көмегімен құрылған ортаңғы қабатта орналастырылады.

 

 

№5 Лабораториялық жұмыс

Суреттермен жұмыс

Сақталған флипчартты ашу

ACTIVstudio-ны іске қосып, Флипчарт 4 терезесін іске қос, соңында жаңа  беттер құрыңдар.

Беттің Селектор құралын қолданып, флипчарттың беттерін тексеріп шығып, флипчартты қайтадан сақтаңдар.

2. Тақырып құру

Мәтін құралын алып беттің тақырыбын құрыңдар. Қаріптің көлемін таңдап «Дүниежүзі картасы» сөз тіркесін жазыңдар.

3. Жалпы суреттерді қодану

Кітапхана Ресурсын ашып Жалпы Кітапхана – Жалпы Суреттер – Карталар командасын орындаңдар.  Флипчарт бетінде «Дүниежүзі материктері» сөзін жазыңдар.

Ескерту: Кітапхана Ресурсы менюінен суреттердің қысқаша аттары жазылмаған, «Жазуларды» таңдап алыңдар. Егер картаны табу қиындық келтірсе, онда кез келген түрлі-түсті картаны пайдалану арқылы табуға болады. Алдағы уақытта үйрену бағдарламасына мұхиттардың аттарын да қосуға болады, бірақ ол үшін бос орын барлығына көз жеткізу керек. Кітапхана Ресурсын жабыңдар.

4. Аспектілі өлшемді қолдану

Суреттерді бөліп алғанда шетіндегі төртбұрыштарға көңіл бөліңдер. Төменгі оң жақтағы төртбұрышта басқаларына өзгеше өзгеріс бар екенін байқауға болады. Бұл төртбұрыш Объектінің өлшемі (пропорциясын сақтайды). Оны қолданғанда суретті үлкейткенде  бастапқы пропорциясын сақтап қалады. Төртбұрыштың көмегімен картаның диагоналы бойынша үлкейтіңдер. Бұл төртбұрышты қолдана отырып, картаны беттің өлшемімен бірдей етіп үлкейтіңдер.

5. Объектілерді қабаттар  арасында ауыстыру 

Енді, объектілерді үлкейткенен кейін, суреттер сапасын жоғалтады. Бұл жағдайды болдырмау үшін, суретті қабаттың астына орналастыруға болады. Суретте екі рет шертіп, объектілерді редакторлеу құралдар тақтасынан  Қасиет батырмасына басыңдар. Сыртқы түрді таңдап қабатты ортаңғыдан ең астына жіберіңдер.  Картаның суретін қағазда салғандай етіп орналастырыңдар

Беттің Қасиеті терезесін жабыңдар.

6. Тамызғыштың көмегімен  түстерді өзгерту 

Енді флипчарт бетінде Түстер палитрасынан кез келген түсті таңдап алыңдар. Тамызғыш құралын таңдап алғанда, түс таңдап алынған болса, тамызғышты қолдансаң, онда түсі өзгереді де, флипчарт бетінде жаңа түске енеді. Ашық көк түсті таңдап алыңдар. Түстер палитрасында басқа үш түрлі жасыл түс бар.  Қандай түспен бояу өз еркің. Тамызғыш активті болып тұрғанда, картада меңзер+ таңбасына ауысады. Бетте Тамызғышты басқанда түс + таңбаның астында болады. Дүние жүзінің картасынан Антарктиданы белгілеп алып, ашық түстің бірін таңдаңдар. Жаңа түс алдыңғы түсті ауыстырып активті болады. Құю құралымен жұмыс жасап көріңдер. Материктің бірін немесе фонын жаңа түспен бояңдар.

Егер де өздеріңе ұнаса, өзгерісті сақтап қоюларыңа болады немесе Болдырмау батырмасын басып алдыңғы жұмысты бастаған жерлеріңе қайта келулеріңе болады.

Ескерту: егер де түсті қателесіп алсаңдар, онда Басты менюден және Студияны баптау параметрлерінен – Құралдар тақтасынан  – Барлық құралдар тақтасын алып тастау батырмаларын шертіңдер. Бірақта естеріңде болсын, құралдар тақтасындағы  барлық баптаулардың түгелге дерлік  алып тасталады.

8. Суретті үлкейту үшін бетте Зум құралын қолдану

  Зум құралын таңдап алып, батырманы  басып тұру қажет. Бір-екі секундтан  кейін флипчарт беті үлкейе  бастайды.

9. Масштаб батырмасын  қолданып бетті қалпына келтіру

Тышқанның оң жақ батырмасын басып ұстап тұрсаңдар, сол жақ батырмасын басып ұстап тұрғаннан ерекшелігі суретті бастапқы қалпына келтіреді. Бірақ та, көлемді кішірейту әдісі – бұл қайтадан Тақырып тақтасынан  Көлем батырмасын таңдап алып, Бастапқы Көлемді таңдауға болады.

10.  Суреттің нақты  түсін таңдау 

Суреттің арнайы түсін таңдап өзгерткен кезде бетте көлем құралын пайдалану  өте ыңғайлы.  Картадан қара сызығын таңдап алып оның Көлемін өзгертейік. «Африка» сөзіндегі әріптерді үлкейтеміз. Ол үшін Түстер палитрасынан сызықтың түсін таңдаймыз. Көлем батырмасын басып, бетті бастапқы қалпына келтіріңдер.

11. Мәтіндік объектінің  түсін өзгерту үшін, Құю құралын  қолдану

Информация о работе Интерактивная доска