Интернет және оның мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:28, реферат

Краткое описание

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-біріме бейнелі түрде байланыстыруда. Информатиканың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соңы пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информатциялық қор тәрізді ертектегі “ханшалардан” күнделікті “күніңізге” айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар.

Содержание

Кіріспе 3
1.Интернет және оның мүмкіндіктері 4
1.1.Интернеттің негізгі түсініктері 5
1.2 Интернет қызметі. Электрондық пошта 6
1.3.World wide web қызметі 9
2. Интернетте жұмыс істеу 11
3. Интернетте мәліметтерді іздеу 11
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15

Вложенные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ ИНФОРМАТИКА.doc

— 116.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

  •  
    Кіріспе

  •  

    Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы  кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-біріме бейнелі түрде байланыстыруда. Информатиканың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соңы пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информатциялық қор тәрізді ертектегі “ханшалардан” күнделікті “күніңізге” айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісінде күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society – Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге “даналық көзі” болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

    Реферат құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімі. Жалпы көлемі бет.

     

     

     

     

     

     

  • 1 Интернет және оның мүмкіндіктері

  •  

    Интернет – кез-келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялық жабдық пен серверлері бар.

    Әрбір торапта көбіне UNIX операциялық  жүйесін басқару арқылы жұмыс  істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер - сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

    Торапты оның иесі - провайдер деп  аталатын (ағылшынның “provide” -қамтамасыз ету деген сөзінен) ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.

    Интернет әр түрлі ережемен жұмыс  істейтін желілерді біріктіреді. Бұл  ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді.

    Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

    Интернет желісіне әр түрлі ақпараттық плотформаларда, әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭВМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келсімдер (хаттамалар) қолданылуы тиіс. Сонда ЭВМ-ның қай- қайсысы да басқа кез келген ЭВМ–нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.

    Интернеттің артықшылығы – ол түрлі  көлемде әр алуан тақырып бойынша  өзінде сақтаулы мәліметтерді экран  бетінде көрсетіп бере алады.

    Хаттама - Ақпаратты желіде беру ережелері (келсімдер, стандарт).

    Интернет хаттамаларының екі типін айырған жөн:

    - базалық хаттамалар, Интернет (IP және TCP) компьютерлерінің кез келген  типтері арасындағы электронды  хабарларды заттай жолдау үшін  жауап береді. Бұл хаттамалар  өзара тығыз байланыстылығы соншалықты  оларды көбіне “ IP/TCP хаттамасы ” атты бірыңғай терминмен белгілейді;

    - өте жоғарғы деңгейдегі қолданбалы  хаттамалар, мамандандырылған Интернет  қызметі жұмыс істеу үшін жауап  береді: http хаттамасы (гипермәтіндік  хабарды беру), frp хаттамасы (файлдарды  беру), telnet хаттамасы (қол жетудің қашықтауы), электронды поштаның хаттамалары және т.б.

    TCP (Transmission Control Protocol - хабарларды басқару  хаттамасы) көліктік деңгейдегі  хаттама. Ол ақпарат берудің  қалай өтетіндігін басқарады.

    Бұл хаттама бастапқы хабарды бірнеше  шағын фрагменттерге – пакеттерге бөледі. Әрбір пакетке тақырып қойылады, әрбірінде қызметтік ақпарат бар (жіберуші мен алушының адрестері, хабардың идентификациясы, хабардағы пакет нөмірі және т.б.)

    Тапсырылған адрес бойынша жеке пакетті жеткізу үшін IP - хаттама (Internet protocol) жауапкершілік танытады.

    Бүкіл әлемдік желінің әрбір  қатысушының өзінің бірегей адресі (IP-адрес) болуы тиіс. Мұнсыз TCP - пакеттердің  қажетті жұмыс орныны нақты жеткізілуі жайлы айтуға болмайды. Бұл адрес  төрт байтпен бейленеді, мысалы: 195.38.46.11.

    IP - адресінің құрлымы қайсыбір TCP - пакет өтетін әрбір компьютер  осы төрт сандар бойынша алушыға  “жақын” болып шығатын пакетті  жуықтағы көршіге жолдау керектігін  белгілей алады. 

  • 1.1Интернеттің негізгі түсініктері

  •  

    Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы – желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғауын айтады.

    Барлық компьютерлік желілерін  қолданудағы негізгі мақсат – олардаң ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтаммасыз ету.

    Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, программалық және ақпараттық. Ақпараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылыр, сол құрылғылардың сыйымдылығы  және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.

    Қашықтағы компьютерлерде сақталған  мәліметтер ақпараттық ресурстарды  құрайды.

    Интернет дегеніміз – дүниенің әр түпкіріндегі тұтынушыларды бір- бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын еңауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізге күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.

    Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе зертеушілердің бір-бірімен  жылдам мәлімет алмасуы жатады.

    Интернет күннен-күнге  қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және жеке әрбір отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

  • 1.2 Интернет қызметі. Электрондық пошта

  •  

    Электронды пошта, немесе e-mail (electronic mail-электронды пошта), адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды поштаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушы арасында “электронды хаттармен- мәтіндік хабарламамен” оперативті өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды поштаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабарды, құжаттарды, сызуларды, фотасуреттерді, бейне материалдарды беру, ғылыми журналға сирек кітаптарға, жарнамаға жету және әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету, мекемелермен ұйымдарға құжат айналымын қолдау, ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды поштаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electronic Data Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қас-қағым сәтте “электронды қойылған қолмен” қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.     

    Ізденіс каталогтары тақырыптық ізденіс  үшін қызмет етеді. Ізденіс серверлерінің  үй парақтарының сыртқы түрі, дәлірек айтқанда графикалық безендірілу сан қилы. Дегенмен, кез келген жағдайда терезеде Табу Кнопкасымен қатар орналасқан, сұраныс деп аталып кеткен, ізденіс үлгісін енгізу өрісі бар.

    Титул парақтарындағы ізденіс каталогтарында әрқашан мазмұны, тақырыптық бөліктердің тізімі тұрады, сіз олардың қажетті сайттарды іздеп табасыз. Ең көп таралған ізденіс программалары (мәліметтер базасы) – Yahoo.com, Altavista.com, Rambler.ru, Aport.ru, Rax.ru.

    Интернет каталогтарының типтік және ең әйгілі өкілі - Yahoo! (WWW.yahoo.com).

    Мұндай жүйелердегі ізденісті  сұранысыңызға сәйкесетін рубриканы (категорияны) іріктеуден бастаған дұрыс. Yahoo! мәліметтер базасының барлығы  мұндай категорияларға бөлінген:

    Arts&Numanities (өнер және басқа гуманитарлық сабақтар), Business&Economy (бизнес және эканомика және т.б.) Әрбір категория ретінде ең танымал бағыныңқы категориялар ұқсас жазылған. Қажеттісін шерте отырып, керекті парақты таңдауға болады.

    Ізденіс клиенттері алфавиттік нұсқағыштар сияқты жұмыс істейді. Клиент ізденіс аумағын сипаттайтын сөз немесе сөз тобын береді, мәселен: Қазақстан + білім + информаттандыру және көрсетілген терминдер бар Web –парақтарына арналған сілтемелердің тізімін алады.

    Alta Vista (Alta Vista.digital.com) серверлері ізденіс жүргізгіңіз келсе, Alta Vista енгізу өрісінде сұраныс мәтінін теріп, Ізденіс (сурет) батырмасын басу керек.

    Alta Vista ізденіс жүйесінің көмегімен  түйінді сөздер бойынша ақпарат  іздеу.

     Ең қарапайым сұраныс - мысалы, сіз берген “Информатика” сөзі бар Internet парағын алу.

    Егер сұраныс бірнеше сөзден тұрса, онда Alta Vista мынадай келсімдер  қарастырылған:

    Бос орын қалдырып, терілген бірнеше сөз OR (Немесе) логикалық  операциясына сәйкесетін сұранысты  белгілейді. Мысалы, Экономикалық информатика сұранысы бойынша не “экономикалық” немесе “информатика” (немесе екі сөз де біден) бар парақтар таңдалып алынады.

    Тырнақшаға алынған бірнеше  сөзді жүйе біртұтас ретінде (символдық  жол ретінде) қабылдайды. Мысалы, “экономикалық  информатика” сұранысы бойынша осы символдық жолы бар құжаттар іріктеледі.

    “+” (плюс) белгісімен біріктірілген  сөздер And (және) логикалық операцияна сәйкес келеді. Мысалы, сұраныс бойынша осы екі сөзі де бар (бәлкім, бөлек-бөлек) құжаттар таңдалып алынады.

    Желідегі ізденістің тиімділігі едәур дәрежеде пайдаланушының тәжірибесі ой-өрісіне байланысты. Белгілі бір машина зердесіне сенуге болмайды: сіз өзіңіз осы тақырып жөніндегі мамандардың лексикон ерекшеліктерін, терминдердің ықтимал үйлесімін және т.б. ескеруге тиіссіз.

    Телеконференция қызметі электронды поштаны циркулярлық жолдауға ұқсас, оның барысында бір хабар бір корреспондентке емес, үлкен топқа (мұндай топтар телеконференция немесе жаңалықтар тобы деп аталады) жіберіледі. Жаңалықтар тобын пайдаланудың негізгі әдісі, барлық әлемге карта, сұрақ қою үшін және осы сауалдың мәнісін білгендерден кеңес немесе жауап алу үшін қолданылады. Сонымен бірте сұрақтың мағынасы осы телеконференция тақырыбына сәйкес келетін қадағалау да маңызды. Әлемнің көптеген жоғары білікті мамандарды өз іс-қызметі саласына қатысты топтарда болатын телеконференция хабарын жүйелі қарайды. Мұндай қарап шығу ақпараттың мониторингі деп аталады. Жүйелі мониторинг мамандары әлемде олардың мамандықтары бойынша нендей жаңалық болып жатқанын, адамдар қауымен қандай проблемалар мазасыздандыратынын және өз жұмысына неге басқа назар аудару керектігін дәл білуге мүмкіндік береді.

    Телеконференцияда хабар  жолданғанда кері байланыс үшін өзіңіздің электронды пошта адресін көрсету табылған. Тікелей өндірістік іс-әрекетке қатысы жоқ, корреспонденцияның электронды “пошта жәшігі ” артығымен толу қаупі бар жағдайларда іскерқатынас-хаттарда қолданылатын негізгі адрес тегін пошта қызметтері бірінің серверін жолдайды, мысалы www.hotmail.com.

    Жаңалықтар тобындағы  хабарлардың орасан зор көлемі мақсатқа бағытталған мониторингті едәуір қиындатады, сондықтан кейбір топтарда конференция  тақырыбына қатысы жоқ пайдасыз ақпаратты (көбіне жарнамалық) алдын алы “іріктеу” жүргізіледі. Мұндай конференциялар жаңғырту (модератор) деп аталады. Модератор ретінде адам ғана емес, белгілі бір түйінді сөздер бойынша хабарларды сүзгіден өткізетін программа да шығады. Соңғы жағдайда автоматты модерация туралы айтады.

    Электрондық пошта байланысы.

    2000 жылдан бастап мемлекетіміз барлық біліммекемелерін және мектептерді компьютермен қамтамасыз ете бастады, содан бері жалпы ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келеді. Соңғы бір, екі жылдан бері мектептерді Дүние жүзіндегі ауқымды Интернет желісіне қосуды іске асыра бастады. Осы ауқымды Интернет желісіне қосуылу кезінде серверлерде электрондық пошта жәшігін құрып онымен байланыс құру керек. Көп жағдайда оған Microsoft Outlook Express программасы қолданады.

    Электрондық пошта құру барысында алдымен қай пошталық сепверлерді пайдаланасыз соны анықтап алыңыз, мысалы, mail.kz, mail.ru, yandez.ru, ramber.ru, hotbox.ru, және т.б. Осы серверлердің біреуін ашып, алдымен пошта жәшігін дайындап алуыңыз қажет, ол үшін пошталық серверлерді өзіңіз құратын пошта атын (логин) және жасырын сөзді (пароль) енгізіп теру (регистрация) батырмасын шертесіз.

    Серверде пошта жәшігін құрып болған соң, Microsoft Outlook Express программасын баптауыңыз керек. Бұл программа арқылы поштаны қабылдап және жөнелте аласыз.

    Мысалы: umutker@hotbox.ru

    Электрондық пошта жәшігінің аты (Логин).

    @ - арнайы электрондық пошта белгішесі.

    Hotbox – пошта сервері.

    ru – пошта сервері орналасқан мемлекет.

    Microsoft Outlook Express

    Outlook Express программасында біріншіден  жазбаларды тіркеу баптау болып табылады.

    Ол үшін сізге Сервис – Учетные  записи дегенде Интернеттегі жазбаларды тіркеу (Учетные записи в Интернете) терезесі ашылады.

    Пошта терезесін шертіп, Қосу       Почта (добавить   Почта) дейсіз. Енді Интернетке қосу шебері іске қосылады (Мастер подключения к Интернету) бұл терезеде бірінші атыңызды енгізіп әр қарай (Далее) дейсіз.


    Информация о работе Интернет және оның мүмкіндіктері