Электрондық оқыту әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 19:02, реферат

Краткое описание

Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, мұғалімдер, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, компьютерлер және де басқа білім беру үдерісіне қатысушылар пайдаланатын өзіндік интернет ретінде қызмет етеді. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге – копьютерлік бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға – қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға – өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына мүмкіндік береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім беру үдерісіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең негізгісі, барлық үйренушілерге тең мүмкіндік берілетін оқытудың жаңа парадигмасы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Электрондық оқыту әдістері
Білімді бағалау әдістемелері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Электонды оқулық.docx

— 32.71 Кб (Скачать файл)

    2020 жылы әрбір оқушы мен мұғалімде дербес компьютер болады деп көрсетілсе, кең жолақты Интернет желісіне қосылу қазіргі кезде 36%, Бағдарлама аясында ол көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарлануда. Интерактивті оқыту жүйесіне 151 мектеп қосылып, біздің орталық қызметкерлерінің басқаруымен апта сайын облыстық интерактивті сабақтар, дәрістер, семинарлар өткізіліп отырылады. Облыс көлемінде интерактивті құрылғыларды оқыту үрдісінде пайдалану бойынша 122 семинар-тренинг, мультимедиалық-лингафондық кабинеттерде орнатылған «Пифагор» бағдарламасы бойынша 38 семинар-тренинг өткізілді.

   Алдағы уақытта да қомақты жұмыстар атқарылады, яғни алдағы он жыл да түбегейлі өзгерістерге толы болмақ. Ол өзгерістерді сапалы орындауға қажетті құрал-жабдық базасы бар, Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, елді, білім беруді жаңғыртуға атсалысуға біз де ниеттіміз. Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен бекітілген білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, тұңғыш рет (e-learning) электрондық оқыту жүйесін енгізу міндеттері анықталды.

   Қазақстанда 2015 жылға қарай электрондық оқыту жүйесімен 50% білім беру мекемелерін, ал 2020 жылға қарай 90%, білім беру мекемелерінің барлық деңгейін қамту жоспарланған. Мектептер мен колледждерде мұғалімдердің жұмыс орнын заманауи нұсқадағы компьютерлермен, мультимедиалық проекторлармен және интерактивті тақталармен жабдықтау жоспарланып отыр. Мұғалімдердің жұмыс орнынан басқа кітапхана, медицина қызметкерлерінің бөлмелері, мұғалімдер бөлмесі компьютерлермен жабдықталады. Мектеп компьютерлері 4-тен 10 Мбит/сек дейінгі өткізу қабілеті бар Интернетке қосылады.

   Электрондық оқыту жүйесімен бірге басқару жүйесі де жаңартылады. Мектептер мен колледждердің жаңа технологиялық инфраструктурасы басқару жүйесінің әртүрлі – мектепті (SMS), сыныпты (CRMS), оқытуды (LMS), тестілеуді (TMS), әлеуметтік өзара әрекетті (CMS), психологиялық-педагогикалық мониторингті (MPcMS) және білім беруде пән саласының электрондық әдістемелік жүйесі (MMS) талдамаларын болжайды. Мұның бәрі компьютерлік бағдарламалар ретінде әзірленген, мұғалімдер мен оқушыларға, директорлар мен оның орынбасарларына, сынып жетекшілері мен психологтарға, медицина қызметкерлері мен кітапханашылар үшін функционал болып есептелетін электрондық оқыту жүйесінің жалпы платформасын құрайтын бөлімдер. Олардың бәрі Ұлттық білім беру дерекқорларымен байланысты. Әрбір жүйеден күнделікті жеке-жеке түсетін мәліметтер ағымы кез келген білім беру деңгейін басқарушыға шынайы жағдайды білуіне, білім беру мекемелерінің рейтингін және олардың даму болашағын әділ анықтауға мүмкіндік береді.

   Электрондық оқыту жүйесімен бірге білім беру жүйесінің мазмұны цифрлық форматқа ауыстырылады. Цифрлық білім беру контенті алуан түрлі болады, бұл педагогикалық және инфокоммуникациялық технологиялардың кіріктірілу деңгейіне байланысты. Біздің көзқарасымыз бойынша, мектепке дейінгі тәрбие беруде компьютерлік жаттықтыру ойындары, орта мектепте – электрондық оқулықтар, колледждерде – виртуалдық жаттығу құрылғысы, жоғары оқу орындарында – электрондық ғылыми-зерттеу зертханалары жетекші рөл атқарады.

   ҚР БҒМ-нің осы күнгі іске асырылып отырған бағдарламасы бойынша мектептер мен колледждердің серверлеріне барлық пәндер мен әрбір тақырыптар бойынша цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) орнастырылады. Бұл тек Ұлттық Ақпараттандыру Орталығының (ҰАО) дайын ресурстары ғана емес, мұғалімдердің, оқушылар мен студенттердің өздерінің дербес талдаулары, ең маңыздысы – шетелдік педагогтардың ресурстары. Биылғы жылы мектептерге арналған 6 пән және колледждердің 38 пәндері бойынша 7043 ЦБР-ы әзірленді. Қазір ЦБР-ы тек отандық қана емес, әлемге әйгілі мына «СИВЕКО-Румыния», «With Education –Англия», «Young Digital Planet – Польша» компанияларымен бірге әзірленді.

   Шетелдік компанияларды тарту педагогикалық тұрғыдан дәлелденген, себебі біздің бағдарламамыз бойынша олардың әзірлеген ресурстарымен бірге мектептерге жаңа оқыту әдістемесі келеді. Ал олардың елеулі айырмашылықтары бар, онда практикалық бағыттылық, интерактивтілік басым түрде беріледі де, түсіндірме-иллюстративтік тәсіл деңгейі азырақ.

Егер де біз осы елдерге жүздеген мұғалімдерді олардың тәжірибесін үйренуге жіберсек, мұндай нәтиже болмаған болар еді. Қысқа мерзімде жаңа әдіснаманы меңгеруге, біреудің әдістемесін өзінің жұмысына ендіруге мұғалімнің бәрі бірдей қабілетті емес. Бұл үдеріс көп зерттеушілікті, уақыт пен жігерлілікті талап етеді.

   Бұл жағдайда біз, ресурстармен бірге біздің мектептердегі сабақтарға жаңа оқыту әдістемесін, мысалы, профессор Раду Джугуреанудың (Румыния) математиканы оқыту әдістемесін енгіземіз. Тағы бір маңыздысы, авторлық ұжымды таңдау ҚР БҒМ-нің бастамасымен Астана қаласында 2012 жылғы 16 наурызда құрылған цифрлық білім беру контентін әзірлеушілердің халықаралық консорциумында жүзеге асырылды.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

    Қорытындылай келе, E-learning оқыту жүйесі – әлемдегі ең озық білім беру формасы.Оқушы қай мектепте оқыса да, қалалық немесе шалғайдағы ауылдық және шағын комплектілі мектепте оқитынына қарамай, оқу үдерісіне енуге тең мүмкіндік алады, басты тұлға оның өз ұстазы болып қала береді, бірақ енді жалғыз емес, республиканың озық мұғалімдерімен, ғалымдарымен бірге, оқушыға қашықтан жаңа тақырыпты түсіндіреді және әрбір тақырып бойынша оның оқу жетістіктерін тексереді.

  Кеше ғана Интернет пен басқа заманауи инфокоммуникациялық технологиялар болмаған кезде, бұл ертегі тәрізді еді, ал бүгінде мемлекет бұл шынайы және болашақ кәсіби іс-әрекетке даярлаудың қуатты факторы болу үшін барлық жағдайды жасап отыр. Мектеп оқушыларын электрондық оқыту, оларды іс жүзінде барлық қызмет түрлері электронды болатын, ал кәсіби іс-әрекет шынында Интернетсіз, компьютерсіз және желілік әлеуметтік, кәсіби қоғамдастықсыз мүмкін болмайтын болашақ өмірге дайындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

                      Пайдаланылаған әдебиеттер

  1.  http://www.izden.kz
  2. Журнал «Информатика негіздері»  № 1 – 2005 ж  (11-14 б) 
  3. Журнал «Мектеп» № 11        
  4. Сайт: www. e.edu.kz/

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Электрондық оқыту әдістері