Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 18:18, дипломная работа
Жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сыныптарында информатика пәнін оқытуда, объектілік бағдарланған программалау негіздерін қарастырамыз. Object Pascal тілі – Delphi ортасындағы негізгі программалаушы құрал болып табылады. Бұл бөлімнің негізгі тақырыптарының бірі ішкі программалармен жұмыс істеу іскерліктері екендігі белгілі. Бұл тақырыпты меңгеру оқушыларға көбінесе қиындық туғызып отырады. Сондықтан теориялық мағлұматтар мен жаттығу есептерін тиянақты берудің оқу процесінде өзіміз қолданып жүрген тәсілін ұсынамыз.
Кіріспе……………………………………………………………………3
І. Графикалық мүмкіндіктер................................................5
1.1 Қозғалысты программалау………………………………5
1.2 Индикаторларды пайдалану…………………………5
1.3 Қарапайым графиктерді сызу әдістері…………………9
1.4 Функциялардың графиктері мен диаграммаларын сызу…………11
ІІ. Мультимедиялық мүмкіндіктер..…………………………12
2.1 Animate компоненті……………………………………………12
2.2 MediaPlayer компоненті…………………………………15
2.3 Дыбыс шығару. Дыбысты жазу.………………………………….....16
2.4 Видеороликтер мен анимацияларды көру………………………19
2.5 Анимацияны құру……………………………………………………20
III. Объектілі- бағдарлы программалаудың элементтері.………… 23
3.1 Объектілі-бағдарлы тәсілдердің негіздері..………………………23
3.2 Protected және private нұсқаулары……………………………27
3.3 Полиморфизм және виртуалдық әдістер………………………27
3.4 Қолданушының компоненттерін құру…………………………28
Қорытынды…………………………………………………………………38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………39
Қосымшалар………………………………………………………………40
1.TPersistent класы өзінің Tobject - алғы буын мүмкіндіктерін ұлғайтып, берілгендерді файлда сақтау, файлдан оқу әрекеттерін “орындай” алады, нәтижесінде оның барлық туындылары аталған әрекеттерді “орындайды”.
2.TControl класының бірнеше қасиеттерін қарастырайық. Мысалы, Align - тегістеу тәртібін орнатады, Caption - компонентің бетіне жазу шығарады, Color - компонентің түсін анықтайды, Enabled - компонентің екпінділігін көрсетеді және т.с.с. Бұл класс көптеген әдістермен қамтылған. Олардың арасындағы бірнеше әдістерді атап шығайық: Click- сырт еткізудегі оқиғаны өңдеуші үзіндіні шақырады, DblClick - екі рет сырт еткізудегі оқиғаны өңдеуші үзіндіні шақырады, Hide - копонентті жасырады, Show - компонентті көрсетеді, Refresh - компоненттің бейнесін қайтадан сызады және т.с.с. Оқиғалары: OnClick, OnDblClick және т.с.с.
3.4 Қолданушының компоненттерін құру
Визуалдық компоненттерді қолданудың негіздері.
Визуалдық компоненттер жиынағының (VCL) құрамындағы барлық компоненттердің алғы буыны ТControl класы деп саналады. Осы класс компоненттің мекен – жәйын, мөлшерін, оның тақырыбын, түсін және басқа да сипттамаларын қамтиды. Сипаттамаларымен бірге аталған класқа барлық визуалдық компоненттердің ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері жатады. Визуалдық компоненттерді екі үлкен топқа бөлуге болады: терезелік және де терезелік емес.
Терезелік компоненттер - белгілі бір қажеттілікке арнайы даярланған терезе. Оларға командалық батырмаларды, редакторлау терезелерін, қарап шығу белдеулерін және т.с.с жатқызуға болады. Терезелік элементттер TWinControl (Tcontrol класының туындысы) түріне жатады. Терезелік элементттерге фокусты беру төменгі екі әдістің біреумен орындалады:
Edit және Memo - ге фокусты бергеннен (пернелер тақтасымен байланыстырғаннан) кейін енгізу жолында редакторлау көрсеткіші жыпылықтап тұрған тік сызық түрінде пернелер тақтасынан символды енгізетін позицияны көрсетіп тұрады. Осы көрсеткішті жылжыту пернелер тақтасындағы көрсеткішті басқару пернелерінің көмегімен орындалады.
Мәліметті редакторлау
әрекеттерімен байланыспаған
Терезелік емес басқару элементттерінің негізі болып TControl - дың туындысы TGraphicControl түрі саналады. Терезелік емес басқару элементттеріне фокус берілмейді және оларды контейнер ретінде қолдануға болмайды. Терезелік емес басқару элементттерінің артықшылығы - дескриптордың қажеті жоқ болғандықтан, осындай элементтке кететін компьютердің ресурстары біршама төмен болады. Мысалы, программада құралдар тақташасын құрастыру үшін стандартты Button батырмасының орнына SpeedButton - жылдам батырмалардың орнатылғаны жөн.
Визуалдық компоненттердің көптеген ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері болады.
Қасиеттері
Программа құрастырылғанда және орындалғанда компоненттің сыртқы көрінісін және бет алысын қасиеттер арқылы басқаруға болады. Компоненттің көптеген қасиеттерін Объектілер бақылаушысы арқылы форманы қалыптастыру кезеңінде анықтауға болады. Жалпы компоненттің қасиеттер мәнін меншіктеу операторымен анықтауға да болады.
ТCaption түріне жататын Caption қасиеті компонентің атын (тақырыбын) жазатын жолдан тұрады. Caption - String түрімен ұқсас деп саналады. Тақырыптағы кейбір символдардың асты сызылып тұруы мүмкін, олар жедел қол жеткізу пернелерінің қисындастыруын көрсетеді. Көрсетілген символдың Alt пернесімен бірге басылуы осы элементтті тышқан тетігімен басуымен бірдей деп есептеледі. Пернелердің қиылысуын анықтау үшін тақырыптағы сәйкес символдың алдына & таңбасы қойылады.
Әдістері
Delphi ортасының визуалдық және визуалдық емес компоненттері көптеген әдістермен байланысты болады. Ол әдістер арқылы объектілерді құрастыру, оларды жойып тастау, сызу, бейнелеу, жасыру және т.с.с. операцияларды орындауға болады. Визуалдық компоненттерге жиі қолданылатын әдістерді қарастырайық.
SetFocus прцедурасы терезелік басқару элементтіне енгізу фокусын береді. Егер басқару элементті қазіргі мезетте енгізу фокусын қабылдай алмайтын жағдайда болса, онда қате шығады. Сондықтан фокусты элементтке беру алдында элементттің фокусты қабылдайтын қабылетін CanFocus функциясы арқылы тексеру керек. Егер функцияның нәтижесі True болса, онда элементтке фокусты беруге болады, керісінше (False) - элементт фокусты қабылдай алмайды. Фокусты қабылдамайтын жағдай - элементт екпінді емес күйде болуы, яғни оның Enabled қасиетінің мәні False болғандығы анықтайды.
Refresh әдісі Invalidate және UpDate әдістерін шақырып отырады. Invalidate әдісі Windows ортасына бейнені жаңарту қажеттігі туралы хабар жібереді. Жүйе осы операцияны мүмкін болғанда ғана орындайды. UpDate әдісі бойынша хабар келісімен бірден жаңарту операциясы орындала береді.
Delphi ортасының Edit, MaskEdit, Memo, RichEdit компоненттері арқылы информацияны енгізуге және оны өзгеруге болады. Edit компоненті Enter пернесінің басылғанына сезінбейді.
Информация о работе Delphi программалау ортасында графикалық компоненттерді пайдалану әдістемесі