Мохандас Карамчанд Ганди (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2014 в 03:33, реферат

Краткое описание

М. Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп атады. 1899 - 1902 және 1906 жылғы ағылшын-зулус соғыстары кезінде М. Ганди сол жақта тұрып жатқан үнділерден ағылшындарға көмек көрсететін санитарлық жасақтар құрады. Бурлар мен зулустардың күресін әділ күрес деп есептегенімен, ол үнділердің ағылшындарға жәрдемі Үндістанға өзін өзі басқару құқығын беруге септігін тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында өз халқын ағылшындық отаршылдық езгіден аман сақтап қаламын деп те ойлады. Ол заманда үнді халқын аман сақтап қалудың бірден бір жолы осы тәсіл екені де даусыз еді.

Вложенные файлы: 1 файл

ГАНДИ.docx

— 104.38 Кб (Скачать файл)

Махатма Гандиді аса құрметтеген Джавахарлал Неру ол туралы 1926 жылы былай деген:

"Ганди - крестьяндық  көзқарасы бар, дүние-мүлік, киім-кешегі  де содан аумаған ұлы крестьянин... Ганди көсем ретінде аспаннан түсе қалған жоқ. Миллиондаған аш-жалаңаш қарапайым халықтың арасынан шықты, солардың мұңын мұңдады, жоғын жоқтады. Оның өзі айтқандай "басты арманы - барлық адамдардың көз жасын құрғату" еді (121-бет).

"Махатма Ганди 1948 жылдың 30 қаңтары күні немерелері  Ава мен Мануды қасына алып, қашанғысындай тап-таза ақ киімін  үстіне іліп, бақ ішіндегі Жаратқанға жалбарыну орнына ақырын басып келе жатады. Сағат тілі тура 17 сағат 17 минутты көрсетіп тұр еді. Үстіне хаки киген бейтаныс бір адам топтан суырылып алға шығып М.Гандиге:

- Бүгін сіз кешігіп қалдыңыз.

- Иә,- деп ақырын дауысымен асықпай жауап бере берген көсемге қатарынан екі рет оқ атылады. Ол оқтың бірі - дәл жүрекке, екіншісі - ішін көктей өткен еді.

- Құдайым-ай!..-деген жалғыз ауыз сөзге ғана келген Махатма Гандидің шыттай таза ақ киімі қызыл қанға боялып, ұлы тұлға мәңгілікке көз жұмады..." (бұл да сонда, 322-бет).

 

 

 

                        Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста

  • Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өнідру жолындағы еңбек қана.

  • Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?

  • Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс емес.

  • Ұлттың ұлылығы мен кеудесінің кеңдігін олардың жан-жануарларға деген қарым-қатынасына назар салып-ақ байқауға болады.

  • Жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты қаласақ, алдымен сәбилерге назар аударуымыз керек. 

  • Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол.

  • Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.

  • Шынайы өмірде ішкі проблемаларыңмен бетпе-бет келген кезде дін жайлы білімдерің адыра қалып, түкке тұрғысыз болып көрінеді.

  • Кез келген адам қаласа, өзінің ішкі дауысын ести алады. Ішкі дауыс кез келген адамда болатынына сеніңіз.

  • Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі басталады. 

  • Шын махаббат қайтарым талап қылмайды.

  • Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.

  • Әлемнің кеңдігі сол - барлық мұқтажды жарылқай алады, тарлығы сол - дүние қуып, көзін шел басқан сараңды ешқашан қанағаттандыра алмайды.

  • Біз тыңдаймыз, бірақ үнсіз қалу үшін емес. 

  • Мақсатыңды тап, ресурс табылар.

  • Адам баласын құрдымға апаратын нәрселер мыналар: принципі жоқ саясат, ұжданнан жұрдай болып  тән рахатына бөлену, жұмыссыз байлық, мінезсіз білім, моральсіз бизнес, адамгершіліксіз ғылым...

  • Өтірікші шындығына келгенде өзін-өзі алдайды. 

  • Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас.

  • Құдайды іздеген адамда дін жоқ.

  • Зорлық-зомбылықпен келген жеңіс жеңіліспен пара-пар. Бұндай жеңістің ғұмыры қысқа.

  • Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1. Жуков Е. Махатма Гандидің өмірбаяны 
2. Ульяновский Р.А. Мохандас Карамчанд 
3. Литман А.Д. Современная индийская история 
4. Дж. Неру. Открытие Индий. 
5. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 288-305 
6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 273-276 
7. Ганди М.К. Менің өмірім. 
8. Намбудирипад Е.М. Махатма Ганди 
9. Ганди М.К. Статьи, речи 
10. Синха Н.К. Банерджи А.Ч. История Индий. 
11. Азад А. Индия добивается свободы.  
12. Неру Дж. Взгляд на всемирную историю  
13. Ковальев И.М. Судьбы Индийских племен. 
14. Бэшем А. Чудо которым была Индия.

 

 


Информация о работе Мохандас Карамчанд Ганди (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.)