Астанам-қазағымның жүрегі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 16:21, реферат

Краткое описание

Астана дегенде аузымызға ең бірінші бәйтерек түседі.Ал шет елдік азаматтар үшін Қазақстан дегенде еліміздің ордасы Астананы айтары сөзсіз.Күннен-күнге құлпырып келе жатқан Астананы көріп болашақтың қаласына айналар,әлі де өзіне таң қалдырып тамсандыра беретін,келбеті көз тартар,кез-келген жанды нәзік те сыршыл бейнесімен,жыл сайынғы емес күн сайын жаңарып отыратын әсем ғимараттарымен ,жанға сезім дарытып,тәтті ертегіге толы ұмытылмас сәттер сыйлайтын жас қаланың бүгіні мен болашағы жарқын,келешекте еліне үлкен тартулар дайындап қойған жас та болса бас қала ретінде санауымыз әсте орынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Астанам.docx

— 36.70 Кб (Скачать файл)

                     Астанам-қазағымның жүрегі

Астана дегенде аузымызға ең бірінші бәйтерек түседі.Ал шет елдік азаматтар үшін Қазақстан дегенде еліміздің ордасы Астананы айтары сөзсіз.Күннен-күнге құлпырып келе жатқан Астананы көріп болашақтың қаласына айналар,әлі де өзіне таң қалдырып тамсандыра  беретін,келбеті көз тартар,кез-келген жанды нәзік те сыршыл бейнесімен,жыл сайынғы емес күн сайын жаңарып отыратын әсем ғимараттарымен ,жанға сезім дарытып,тәтті ертегіге толы ұмытылмас сәттер сыйлайтын жас қаланың бүгіні мен болашағы жарқын,келешекте еліне үлкен тартулар дайындап қойған жас та болса бас қала ретінде санауымыз әсте орынды.Сонау артқа көз жіберіп,

 

 

Елбасы және Астана

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы  20 қазандағы Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы (қазір Астана) Қазақстанның астанасы болып жарияланды.

1994  жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі астананы көшіру туралы шешім қабылдады. Одан кейін дайындық жұмыстары басталды.

1998 жылғы 6 мамырда  Президент Жарлығымен, жергілікті  атқарушы және  өкілетті органдардың, жұртшылықтың пікірлері ескеріліп, үкімет жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Ақмола Астана қаласы деп, қайта атауға ие болды. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.

Астанада  2010 жылы — 11 жылғы үзілістен соң — ЕҚЫҰ (ОБСЕ) саммиті  өтсе, 2011 жылы Қазақстан астанасы 7-ші қысқы Азия ойындарын қабылдады. Астана дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтетін алаң болып табылады.

2013 жылғы тамызда  Астанада бокстан дүние жүзінің  17-ші чемпионаты, ал 2014 жылы ауыр  атлетика бойынша 81-ші әлем  чемпионаты өтуге тиіс.

2017 жылы Астана  халықаралық мамандандырылған ЕХРО  халықаралық көрмесін қабылдайды.

Астана неге көшірілді?

Елбасына Астананың  «Бас құрылысшысы» Алтын медалі Тәуелсіздік  сарайында «Қазақстан-2009» деген  атпен өткен сәулетшілердің, қала құрылысын салушылардың VII форумына қатысушылар алдында тапсырылды. Нұрсұлтан Назарбаев — Астананың  бас құрылысшысы ғана емес, бас  сәулетшісі әрі барлық идеялардың авторы. Бұған Ресейдің бұрынғы президенті, қазіргі премьер-министрі Дмитрий  Медведевтің: «Қай сапарымда да Астана қаласының қарқынына, айрықша қуаты  мен ішкі үндестігіне таң қалудан  танбай келемін. Әрине, осынау салмақты көрсеткіштердің артында Қазақстан  халқының және оның көшбасшысы Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың қыруар еңбегі жатыр. Біз барлығымыз оның бұл қалаға тек еңбегін ғана емес, өзінің рухын, жанын салғанын жақсы білеміз. Сондықтан  бүгін Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың төл перзенті, тамаша табысы мен  мақтанышы деп турасын айта аламыз»  деген бағасы дәлел.

Мұндай пікірлер әлемнің көптеген ірі қайраткерлері  тарапынан айтылды.

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің «Еуразия жүрегінде» кітабында: «… Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне, осындай қала» — деп жазды.

«Мәскеу бір күнде  салынған жоқ» деген сөз ірі қалалардың ғасырлап қаланатынын бейнелесе, Астананы жүз жылдық өлшеммен бір күнде  салынды деуге әбден болады. Елбасы Жарлығымен, жоғарыда айтқанымыздай, 1997 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласы Қазақстанның астанасы  болып жарияланды. Қаланың  бұрын Целиноград, кейін Ақмола атанғаны  белгілі.  Қазіргі Астана —көлемі 200 шаршы шақырымды алып жатқан үлкен мегаполис. Ретіне қарай айтсақ, 1920 жылы Қазақстанның  бірінші астанасы  Орынбор болып, 1925 жылы Қызылордаға  көшірілгенін  білеміз. 1929 жылы астана Алматыға ауыстырылды. Алматының  елдің географиялық орталығынан қашық, бір шетте орналасқандығы, құрылыс салатын орынның жоқтығы, басқа да көптеген мәселелер астананы Ақмолаға көшіруге себеп болды.

Астана 32 фактормен  таңдалды, олар: әлеуметтік-экономикалық индекстері, климаты, жалпы көрінісі, пейзажы, сейсмикалық жағдайы, қоршаған ортаның табиғилығы, көлік инфрақұрылымы, құрылыс салу мүмкіндігі, т. б.

Қала қоғамдық құрылыс  пен саясаттың өзгеруіне сәйкес, 1961 жылы Ақмоладан  Целиноград атауын  иеленіп, 1992 жылы бұрынғы Ақмоласына қайта оралса, кейін ғаламдық түсінікке сәйкес Астана деп аталды.

Елбасы жоғарыда аталған кітабында: «Бұл қала, Қазақстанның жаңа астанасы менің мақтанышым еді,  сондықтан оның атауын сан  құбылтуға жол бере алмайтын едім. Онда Ақмоланы қалай атаған, дәл айтқанда, қалай қайта атаған жөн?  Ол атау қазақстандықтардың, еліміздің барша ұлты мен ұлысының ғана  емес, кірпияз шетелдіктердің де көңілінен шығуы керек.

…Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде  Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз  — Астана! Қазақша әдемі естіледі. Қомақты, ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай  естіледі. Бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық реңк бар. Астана!» —  деп жазып, Бразилияның  астанасы Бразилия деген мысал келтіреді. Ана бір жылы Қазақстанға ресми сапармен келген Бразилия президенті Луис Игнасиу Лула де Силва бас қала келбетіне таңданыс білдіріп, атауының да айтуға жеңіл екенін айтты.

Жер «түбінен» келген президент «Біріккен Ұлттар Ұйымын қайта құру және  американдық долларды басқа халықаралық валютаға ауыстыру қажеттігін» де сөз етті. Елордада осындай  ғаламдық пікірлер туындайды.

Елбасы 1998 жылғы 6 мамырда  Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласын Астана  деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Қазір Астана атауының құлаққа сіңіскені сондай, жүз жыл бойы солай аталып келе жатқандай сезіледі.

Барлық арысымыз осында

Елбасы өз кітабында  «көшелердің және барлық ауданның атауларын  өзгерту керек еді, Бұл жер  «Октябрь, Краснознамен, Совет, Ленин» деген сияқты өткен заман атауларының  тұнып тұрған қорығы десе де болғандай-тын» — деп, сол кезеңді айқын бейнелейді. Қазір ше? Мәселен, біз Мағжан Жұмабаев, ана бір жылдары қалалық мәслихаттың  жалғыз қазақ депутаты шырылдағанмен, Өскеменнен мүйіс көше атауы бұйырмаған ақын атындағы кең көшемен, жүргізушісі, билетші кассирі галстук тағынып, бір қалыпты киім киген автобуспен келе жатырмыз. Кондуктор хабарлағандай, келесі аялдама — Мұқан Төлебаев көшесі, одан әрі Ғабиден Мұстафин, Ұлттық ғылыми-зерттеу институты, «Мирас»  мектебі, «Жібек жолы» болып, қазаққа  аса жақын атаулармен жалғасып кете береді. Қазақтың барлық арыстарының ескерткіштері — Астанада, оларға берілген көше атаулары — Бас қалада. 

 

Бүкіл ауыл көшіп  келгендей

Көшедегі қазақтардан  көз  сүрінеді. Ұлттарды бөлу үшін емес,  Астананың барша ұлт пен ұлысқа ортақ, оның ішінде жергілікті халыққа етене ыстық әрі жақын  екенін айтып отырмыз. Астананы көшірудегі  бір ой Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы тұрғындарды солтүстік өңірге қарай қоныстандыру болатын.

Қазір Астанада әрбір  ауылдан бір-екілі отбасы бар  десек қателеспейміз. Мәселен, Ырғыз, Бөрілі, Арқалық, Баянтау, Балқантау, Мойынты, Сарқан, Қордай, Балқаш, Обаған тағы басқа  осындай көше атаулары еліміздің  Бас қаласында бүкіл республика елді мекендерінен көшіп келгендердің көптігін көрсетеді.

Астанаға әр қиырдан  келушілер көп. Артынып-тартынып, балаларына, туған-туыстарына, құдаларына, әртүрлі  тойларға, бас  қаланы көріп қайтуға арнайы сапарға шығушылар жеткілікті.

Бізбен сөйлескен  екі бойжеткен Орынбордан Астананы тамашалау үшін демалыс алып, арнайы келіпті. Әсерлері күшті. Тілдері аралас, жүректері таза, «ата-бабам қонысы — Астана» деп дүрсілдеп тұр. «Бес күн болдық, ХХІ ғасырдың қаласын, қазақтың Астанасын көрдік» деп  көңілдері алып-ұшады.

Астана  тұрғындары  қазір қанша?  Көшіп келушілер, оқу бітіріп жұмыста  қалып қоятындар өте көп. 1999 жылғы халық санағына сәйкес Астанада (ол кезде Ақмола) 319 мың халық тұрса, қазір 700 мыңнан астам тұрғын бар. Ал болжам бойынша ол 2030 жылы ғана 550 мың адамға жетуге тиіс еді. Енді бұл жорамал түзетіліп, қаланың Бас жоспары бойынша 2020 жылдың  өзінде тұрғындар саны 1 миллионға жуықтайды делініп отыр. Қала тұрғындары 2012 жылғы 1 қаңтарда 750 мың құрағанын ескерсек, миллиондық меже қашық емес.

Бұрын Целиноградты көріп,   Ақмолада өткен ғасырдың 90-шы жылдарында аялдап, араға ұзақ жылдар салып, бүгін Астанаға  барған адам өзін басқа ғаламшардан келгендей сезінеді. Бірін-бірі қайталамайтын, бірақ ұлттық реңді қатаң сақтаған, әлемдік сәулет өнерінің ең озық үлгілері Астанада тоғысқан. Хауыздар, гүлзарлар, көріністері бөлек зәулім тұрғын үйлер, әртүрлі ғимараттар Есілдің сол жағалауындағы құрылыс, көпірлер, ескерткіштер, демалыс орындары бәрі ғажайып, бәрі жаңа. Бәйтерек, Тәуелсіздік сарайы, Хан шатыры және басқа ғимараттар туралы көп жазылып келеді. Сондықтан бәрін тізбелемей отырмыз. Жазып жеткізу қиын, Астананы арнайы барып көру қажет.

10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан астанасының көшірілуінің 15 жылдығына арналған ресми қабылдауға қатысты.

Жиналғандар күрделі  кезеңде астананы ауыстыру туралы стратегиялық шешім қабылдау Нұрсұлтан Назарбаевқа ғана тән ерекше қасиет екенін ерекше атап өтті.

СТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Он бес  жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы (қазіргі Астана) 1997 жылдың 10 желтоқсанынан Қазақстанның астанасы болып жарияланды.

Қазақстан Республикасының  Жоғары Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдаған болатын. Осыдан кейін дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. Құрылыс қарқынын арттыру әрі инфрақұрылымын дамыту мақсатында  1997 жылы Ақмола қаласында (қазіргі Астана) Ақмола арнайы экономикалық аймағы құрылды. Ол белгілі бір деңгейде жаңа елорданың дамуына өз септігін тигізді. ҚР Президентінің астананы көшіру туралы Жарлығы жарыққа шыққаннан кейін Алматыда Ақмолаға мемлекеттік органдарды қоныстандыру жұмыстары басталды.

1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде халықаралық таныстырылымы 1998 жылы 10 маусымында өтті.

Астана күні  6 шілде күні аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы Алматыдан Ақмола ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады. 1999 жылы  ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.

Бүгінде Астана түрлі халықаралық  деңгейдегі шараларлы өткізетін орталыққа айналып үлгерді. Мәселен,  2010 жылы елордада  11 жылдық тоқыраудан кейін ЕҚЫҰ саммиті ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар өткен жылы  7-ші қысқы Азиада ойындары да жоғары талапқа сай ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі де тұрақты өткізіліп келеді. Астана алдағы уақытта да осындай жоғары деңгейдегі шараларды өткізу орнына айналады. Атап айтқанда, 2013 жылы тамызда Қазақ елінің елордасында бокстан 17-ші әлем чемпионаты, ал  2014 жылы ауыр атлетикадан 81-ші әлем чемпионаты өтеді. Бұдан бөлек, Астана 2017 жылы  EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені жоғары деңгейде өткізуге барын салатын болады.

Автор: Марлан Жиембай  

Басты сөздер: Астана

 

 

Он  бес жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы (қазіргі Астана) 1997 жылдың 10 желтоқсанынан Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 

Қазақстан Республикасының  Жоғары Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдаған болатын. Осыдан кейін дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. Құрылыс қарқынын арттыру әрі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1997 жылы Ақмола қаласында (қазіргі Астана) Ақмола арнайы экономикалық аймағы құрылды. Ол белгілі бір деңгейде жаңа елорданың дамуына өз септігін тигізді. ҚР Президентінің астананы көшіру туралы Жарлығы жарыққа шыққаннан кейін Алматыда Ақмолаға мемлекеттік органдарды қоныстандыру жұмыстары басталды.

1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде халықаралық таныстырылымы 1998 жылы 10 маусымында өтті.

Астана күні 6 шілде күні аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы Алматыдан Ақмола ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.

Информация о работе Астанам-қазағымның жүрегі