Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен Ресей

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2014 в 20:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бергі уақытта отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, оның сипаты, қазақ зиялылары мен қоғам қайраткерлерінің қызметі жайлы бірқатар ғылыми еңбектер дүниеге келді. Осыған қарамастан көптеген мәселелер, әсіресе түрікшілдік қозғалысы, оның шығу себептері мен алғышарттары, барысы мен нәтижесі, мәні мен мазмұны әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Осы орайда Түркия мен Ресейдегі түрікшілдікті теориялық-методологиялық жағынан, салыстырмалы түрде зерттесек қазақ тарихының жаңа қырлары ашылатынына күмәніміз жоқ. Сондықтан түрікшілдік мәселесін тек қозғалыс ретінде сипаттап қана қоймай, оны түркі халықтарының өзара ынтымағының дамуы және империалистік мемлекеттердің үстемдігіне қарсы бағытталған аса маңызды құбылыс қатарында қарастырған жөн.

Содержание

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------2-4
І.Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы------------------------------5-7
1.1.Осман империясының қоғамдық құрылысы.
1.2.Антифеодалдық қозғалыстар мен көтерілістер-----------------------8-9
1.3.Осман империясының жаулап алушылары-------------------------10-11
ІІ.Осман империясының сыртқы саясатындағы орыс мемлекеті.
2.1.Осман империясының сыртқы саясатындағы
өзекті мәселелер--------------------------------------------------------12-14
2.2.Орыс-түрік соғыстары--------------------------------------------------15-18
Қорытынды------------------------------------------------------------------------19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------20

Вложенные файлы: 1 файл

Кейінгі орта ғасырдағы Осман.doc

— 197.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

              1.2.Антифеодалдық қозғалыстар мен көтерілістер 

 

ХҮІ ғасырдың басында Кіші Азияның шығысында шаруалар көтерілісі болды. Оның көсемі өзін Шахқұлы деп (Исмаил шахтың) атады. Сөйтіп, ол өзін шииттік бағытты жақтаушы екенін білдірді. Оны сунниттік бағыттағы түріктер Шайтан құлы деп атады. Түрік әскері көтерілісшілерді Сивас қаласының оңтүстігінде талқандады. Аман қалған көтерілісшілер Әзірбайжанға қашты.

 Шаруалардың жаңа көтерілістері  Токата мен Амасья аудандарында  өріс алды. Оны Нуралы деген  шаруа басқарды, ал ол өлген  соң Жәлел деген басқарды. 1519 жылы  оның отрядтары Анкара маңында  талқандалды. 1525 жылы баба-Зуннун басқарған көтеріліс болды. Көтерілісшілер Сивас қаласының маңында талқандалды. 1526 жылы Малатья ауданында көтеріліс болды. Көтерілісті шиит бағытын ұстанушы Календершах басқарды. Ол көтеріліс те жеңілді.

  Осман империясының сыртқы  саясаты бай Закавказье жерлерін бағындыруды көздеді. Бірақ түрік-османдардың бұл арманын жүзеге асыруға Сефевидтер кедергі келтірді. 1525 жылы Турция Алжирды басып алды. 1524 жылдан 1533 жылға дейін Турция Габсбургтер империясымен соғыс жүргізді. Венгрияны жаулап алумен аяқталды. Шешуші шайқас 1526 жылы Дунайдағы Мохач қаласының маңында болды. Вегер, чех әскерлерін талқандап, түріктер Буда және Пешті алды. Трансильван воеводасы Иоанн Запольені  Венгрияның королі етіп тағайындады да, оны өзінің вассалы деп жариялады.

1529 жылы түріктер Венаны біраз  уақыт қоршап, ала алмай кейін  қайтты. 1547 жылғы келісім бойынша  Венгрияны Австрия мен Түркия  бөліп алды. Трансильвания (Румынияның  солтүстігі)Турция вассалына айналды. Закавказьедегі соғыс әрекеттерін  Түркия 1533-1538,1547-1555, 1578-1588 жылдары жалғастырды. Осман империясы мен Сефевидтер державасы арасындағы 1555 жылы Амасьеде жасалған бітім шарты бойынша Батыс Армения (Ван көлінің бассейіні), Батыс Грузия Түркия қарамағына көшті. Ал Шығыс Армения мен ШығысГрузия-Иран мемлекетінің қол астына кірді. Түріктер Арменияны курдтердің билеп-төстеуіне берді.

Арменияның үстем таптары азаматтық күресінде үміттерін Батыс Европа елдеріне, әсіресе Венеция көпестеріне артты. Әрине, Венеция тек армяндардың бостандығы туралы емес, өзінің саудадағы үстемдігін ойлады. Закавказье халықтары үшін әсіресе 1578-1588 жылдардағы иран-түрік соғысы өте ауыр болды. Түріктер Грузияға басып кіріп, Тбилисиді алды. Түрік әскерлері Арменияға кіріп, Ереванды талқандады. Ганжа мен Ширванды басып алып, Дербентке дейін жетті.

1578 жылы Карабах пен Оңтүстік  Әзірбайжанды да қол астына  қаратты. 1578 жылы Кырым татарларының  көмегімен Шемаха, Баку қалаларын, келесі -1579 жылы Тебризді басып  алды.

  1587 жылы Грузияның басып  алынған жерлерін Гурджистан  уалаятына айналдырды. Ал ислам дінін қабылдаған грузин бай-феодалдарының мал-мүліктері аан қалды. 1595 жылы Гуджистанда ең алғашқы адам санағы жүргізілді. Бұл санақ бойынша жыл сайын түрік қазынасына 9,5 млн. Сом салықтан жиналатын ақша түсіп тұратын болды. 1590 жылғы Иранмен жасалған бітім бойынша Бүкіл Закавказье Түркияның қол астына көшті. 

   Түрік иелігіне қараған халықтар өз қожаларына тікелей тәуелді болды. Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін әкімшілік-басқару жағынан санжакқа (облыстарға) бөлді. Санжактарды түрік сұлтаны тағайындаған бейлер басқарды. Балқан түбегіндегі жер түрік сұлтанының иелігіне көшті. Түрік жерінен шаруаларды көшіріп әкеліп, оларға жер бөлді. Феодалдық жер иелігі – спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер – вакуф деп аталды.

Балқан түбегіндегі халықтарға өте ауыр мемлекеттік салықтар салынды. Жер салығы – харадж енгізілді. 5 - 7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиелеп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Райя» деген сөз «мал» деген мағынаны білдірді. Харадж салығы кәпірлерге (христиан дініндегі адамдарға) салынатын салық еді. Үшір салығы - өнімнің түсімінен алынатын салық (оннан бірі) түріне жатты. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады. Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіне тыйым салынды. Ислам дінін қабылдағандарға жеңілдіктер жасалды. Ежелгі славян тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балкан түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық құреске шығып отырды.[24.137]

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       1.3. Осман империясының жаулап алушылықтары

 

   Осман империясы жаулап алынған елдердің халқын тек қарудың күшімен ғана бағындырып, ұстап отырды. Түріктер құлдыққа түсірген барлық халық: Закавказьеде грузиндер мен армяндар. Орталық Европада венгерлер өздерінің тәуелсіздігі жоландағы күресті тоқтатпады. Жаулап алушыларға қарсы оңтүстік славяндар да ғасырлар бойы күрес жүргізді. Болгар және серб партизандары –гайдуктар-қалаларға жиі-жиі шабуыл жасап тұрды, шаруалар көтерілістеріне қатысты. Гайдуктардың күресі жөнінде халық өлеңдерінен көп жағдайлар мәлім болды. Ер жүрек партизандар-«өздерінің жерін қайтарып алу, өздерінің балаларын босатып алу, әйелдерін құлдықтан құтқару, өздерінің әкелерін еске алу, өздерінің аналарының кегін алу үшін...» ормандар мен тауларға кетті. Олар бір-бірінен айырылмауға, ақырына дейін адал болуға ан берді. Өлеңде гайдуктар түріктерден жасырынып жүріп, «ашыққан кезде тау топырағын жеуге, шөлдегенде жапырақтардың суын соруға» тура келді деген сөздер айтылады. Ормандар мен тауларды партизандардан тазарту жөніндегі түрік әскерлерінің әрекеттерінен түк шықпады. Шаруалар өз өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан гайдуктарды жасырды, бір үзім нандарын бөліп жеді, қауіп-қатерді ескертіп отырды.

   Жаулап алушалырдың  ауыр езгісіне қарамастан, славян  халықтары өздерінің мәдениетін, әдеп-ғұрыптарын, тілін көзінің қарашығындай  сақтады. Мұсылман дінін қабылдап, сұлтан жағына қызмет істеуге  шығып кеткен славян феодалдарын еңбекшілер барынша жек көрді. Өздерінің ерлік күрестері арқасында Балқан түбегінің халықтары Осман империясын әлсіретті және Батыс Европаны түріктердің жаулап алуына кедергі болды.

    Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.

   Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.

  XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.

  Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге дейін ұлттық мемлекет құрғанда ғана  жүзеге асатын-ды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ІІ.Осман империясының сыртқы саясатындағы орыс мәселесі.

  2.1.Осман империясының  сыртқы саясатындағы өзекті мәселелер

 

  І Петр кезінде  Ресей мемлекетінің күшеюіне  байланысты, оның Еуропа елдеріне  ықпалы нығая түсті. Орыс мемлекетінің  Балқан халықтарына қолдау көрсетіп, көмек беруі түріктердің бұл жердегі саясатына нұқсан келтірді. Еуропадағы билігінен айырлғысы келмеген түріктер ХҮІІІ ғасырда Ресеймен және Австриямен соғыс жүргізді. Бұл түріктердің еуропалық иеліктеріндегі халықтардың наразылығын күшейтті.

   1730 жылдың басында  өкіметтің бұйрығымен өте жоғары әскери салық енгізіліп, бұл қала халқының шектен тыс наразылығын тудырды. Осы жылы күзде Стамбұлда  Патрон Халил бастаған қала кедейлерінің көтерілісі басталды.

  Қолына жасыл жаалу  ұстаған Патрон Халилдің соңынан  қаланың кедейлері ілесті. Көтерлісшілер саны біртіндеп өсіп, бүкіл Стамбұл қаласын қамтыды. Көтерлісішлірге янычарлар әскері де қосылды. ІІІ Ахмед  Сұлтан тақтан тайдырылды. Қазанның 2-сінде сұлтан тағына келген І Махмұд Патрон Халилді қабылдайды. Ол Көтерлісшілер атынан ауыр салықтарды жоюды талап етеді. Сұлтан бұл тілекті қабылда лды. Осыдан кейін көтерлісшелірдің құрамындағы әр түрлі әлеуметтік топтар Патрон Халилді одан әрі қолдаудан бас тартты. Көтерлісшілердің ұйымшылдығы әлсірегенін пайдаланған сұлтан өкіметі 1730 жылы қарашаның 25-інде Патрон Халилді алдып қолға түсіріп, өлтірді. Сөйтіп, көтерлісшілерді шетінен қыруға кіріседі. Көтеріліс басылып тасталды.

  Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.  1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлт-азаттық күрестерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Наполеонның Ресейге жасаған жорығын пайдаланған Осман империясы сербтерге берілетін автономиялық құқық кепілдігін сақтамай, Бухарест  бітімін бұзып, азаттық күресіне қатысушыларды аяусыз жазалады. Бірақ 1815 жылы Сербияда жаңа көтеріліс бұрқ ете түсті . Түрік өкіметі сербтердің ішкі автономиялығын тани отырып , олармен келісімге келуге мәжбүр болды.

   1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғары билеушілерін абыржытты. Түрік сұлтаны II Махмұд «кәпірлергеқарсы қасиетті соғыс» жариялады. Елдің барлық жерінде гректердің қырып-жою басталды, астанада 10 мыңнан астам гректер өлтірілді, соның ішінде грек  патриархы да болды. Алайда мұндай қатыгез шаралар да көтерілісті тоқтата алмады. Гректердің өтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен , ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін  басу үшін  түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек көтерілісшілеріне қарағанда қаруы мен әскерінің саны көп Египет әскері 1827 жылы көтерілістің негізгі ошақтарын басты. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік  шабуылының ең ауыр кезеңінде басқа елдердень көптеген еріктілер келді. Дегенмен, Ресей  үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын  іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып  қалуға тырысты. 1826 жылы желтоқсандықтарды жазалау кезінде жоғалтқан беделін орыс қоғаының алдында қалпына келтіруге ұмтылған  I Николай  Грекияға толық автономия берілуін талап етті. Ресей Осман империясымен соғысуға ашықтан ашық  дайындала бастады.

   Ресейдің жеке-дара  күрес жүргізуіне Англия жол бермеді. 1826 жылы ағылшын – орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті. Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұт, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады. 1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет патшасының әскрі Грекияны тастап, Еліне қайтуға мәжбүр болды. Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық  жасауына қолайлы жағдай туғызып , 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-29 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Түркияға контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді. 1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды.

  II Махмұттың реформалары.  Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілісшілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасылардың қолдауына сүйенген II Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың әскер қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуық янычар  өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар  корпусы осылайша жойып жіберілді.

   30 жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық мәдениет  саласына  қайта құру жүргізілді. Тимар (сипақ) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды.

  Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империяның бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет(губерния) пен санджакка(уездерге) бөлінді, олардың билеушілерін орталық үкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жаңаруынан еуропалық үлгідегі бірқатар министерліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер   ашылды.  II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлға медициналық, әскери және теңіз инженерлік  училищелері  ашылды. 1831 жылы  түрік тілінде бірінші мемлекеттік  газет шығарыла бастады. Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға  жіберілді. Одан да маңыздырақ рефориалар  II Махмұд өлгеннен кейін  іске асырылды.

  «Шығыс мәселесінің» тууы.  Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін  аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси  немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мәселесі» туындады.

Информация о работе Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен Ресей