Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:01, реферат
Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
a) Саяси иделогия ұғымы
b) Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
c) Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
3. Қорытынды
Жоспар:
a) Саяси иделогия ұғымы
b) Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
c) Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
3. Қорытынды
Саяси идеология - саяси сананың
құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология"
деген ұғым гректің идея - бейне
және логос - білім деген сөздерінен
шыққан. Ғылыми айналымға француз
ғалымы А.Дестют де Траси енгізген.
Ол идеологияны идеялар, олардың
қалай пайда болатындығы және
әрекет ететіндігі жөнінде ғылым
деп түсіндірді. Қазір идеология
деп адамдардың үлкен әлеуметтік
топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп,
олардың мақсат-мүдделерін білдіретін
және қорғайтын идеялар мен
Идеология сөзінің мәні – «идея туралы ілім» немесе «мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі. Идея – ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады. Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана идея идеология ретінде қабылданып іске асырылады.
Идеология –ол мемлекеттің,
қоғамның саяси жүйесінің пайда
болуымен бірге дүниеге келеді.
1.Саяси иделогия ұғымы. Идеоголия әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы мен дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немемсе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.
Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келген. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсаттарына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
Саясаттың қандай субъектісіне
болсын идеология қажет. Ол – адамдарды
рухани – біріктіріп, топтастырудың
және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар
саласында олардың іс-
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, олардың жүзеге асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзідік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну – әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология – сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.
Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында сондай-ақ түрлі насихаттық құжаттарды қалыптасады. Сондықтан А.Грамши «идеология халықтаң ұжымдық еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді» -деген.
Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеологтар-саясатшылар, фәлсалшылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын жазушылар, т.т. жасап шығарады. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіңдіріледі.
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік радикалдық, шовинистік, ұлтшылдық және т.с.с. болып бөлінеді. Кейбір ғалымдар идеолгояның ұғымдары мен принциптерін нақтылы ғалымдардағы сияқты тәжірибе жүзінде тексеріп, білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен қарайды. Бірақ, идеология қоғамдық-саяси шындықты бейнелейтінінедау келтіруге болмайды. Сондықтан К.Маркс «идеялар халық санасына сіңгенде материалдық күшке айналады» -деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан-бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттірді ғана қояды. Себебі, міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе болуға таянған кезде туады.
Бүгінгі таңда идеологияны тудыратын объективті себептер жойыған жоқ. Керісінше, қазіргідей өтпелі заманда оның маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеологияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, соғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, тарихи процестін заңдылықтарын дұрысырақ көрсетеді, ғылымға жақын келеді.
Идеологияның мақсаты мен мазмұны қолдаушының (ұсынушының) мүддесімен сәйкес келеді. Сол себептен идеологияны ұсынушылар: мемлекет, билік, саяси немесе жеке адам идеологияға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер идеологияны қолдануда қателікке жол берілсе, онда қоғам дамуының өзі қате жолға түсіп кетуі күмәнсіз. Тарихта бұндай жағдайларға ұшыраған мемлекеттер аз болған жоқ.
Негізінде, қандай идеологияны
таңдау қажет екенін шешуші халық
болуы тиіс. Саяси биліктің, мемлекеттің
ұстанатын идеологиясы
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері. Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі – либерализм. (Латынның либералис – еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді.
Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне , дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке-меншікке құқығы, нарықтың, бәселекелстіктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті – меншікті қорғау, «түнгі сақшылық» қызметін атқарады.
Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі – адамардың тендігі олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамынан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін өзі билеу және т.б идеяларымен байытты.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы
(1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің
әлеуметтік теңсіздіктің өсуін
тоқтатуға мүмкіндігі аз
Неолиберализм – азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі,
либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал
неолиберализм керісінше
— мемлекеттік реттеуді күшейтуді
ұсынады. Дегенмен, осы екі идеологияның
арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ.
Неолиберализм идеологиясының пайда
болуы қоғамда қалыптасқан
Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.ХҮІІІ ғасыр Еуропа, Америка және Азияның көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың дамып, капитализм қалыптасып, әлеуметтік теңсіздіктің күшейген уақыты болды. Ол кезде еңбекшілер мен кедейлердің, жалпы жоқшылыққа ұшыраған адамдардың мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік қорғау жүйесі жетілген жоқ еді. Сол себепті революция ұйымдастырып, буржуазиялық тапты ығыстырып, социализм орнату қажет деген идеялар кеңінен тарала бастады.1789 жылғы Ұлы Француз революциясы бұның іс жүзіндегі дәлелі болатын. Осы саяси құбылыстарға байланысты қалыптасқан консерватизм идеологиясының негізгі мақсаты — қоғам мен мемлекетті, олардың саяси жүйелерін бұрынғы қалпында сақтап қалу болды. Консервативтік идеология – қоғамды әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан, ретсіз реформалардан, әсіресе қатыгез, қантөгісті революциялардан сақтап қалу жолдарын ұстанды.
Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп,
идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды.
Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біраз
елдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осы
консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап консерватизм идеологиясының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіліп консервативтік ой-пікірдің басты бағыты жаңарған консерватизмге (неконсерватизмге) ауысты.
Неоконсерватизм –қоғамдағы
саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту
және саяси процестерді реттеу үшін
мемлекеттің рөлін күшейту
Немесе ол адам бұлжытпай тек діни дәстүрімен өзінің өмірін шектейтін болса, ол діни фундаментализмге (діни еріксіздікке) соқтырады.
Сондықтан консерватизмнің адамдарды қолайсыз жағдайларға әкеліп соғуы өз алдына, ол халықты жалпы дүниежүзілік жетістіктерден, өркениеттен тыс қалдыруы мүмкін. Осындай көріністерге сәйкес ағылшын саясаттанушысы Джон Стюарт Милльдің: “Бір рет болса да дәстүрден шығу – ол бостандыққа тағы да бір қадам жасау” – деген қағидасының маңызы өте жоғары.