Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:15, реферат
Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы. Солтүстік Американың 1775-1783 жж. тәуелсіздік үшін соғысы Англия тарапынан жасалынып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылықты дәріптеп, Солтүстік Американың наразылығы мен бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті.
ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті.
Кіріспе
1 ХVІІІғ. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
1.1 Отарлардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
1.2 Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
2 Саратога түбіндегі жеңіс
2.1 АҚШ-тың құрылуы
2.2 Соғыстан кейінгі жағдай
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік
« Жалпы тарих, археология және география » кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
Орындаған: Сейлхан Баян
Тобы: Пик 10 – 3К
Қабылдаған: Отарбаева Гүлжан
Шымкент – 2012
Жоспар:
Кіріспе
1 ХVІІІғ. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
1.1 Отарлардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
1.2 Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
2 Саратога түбіндегі жеңіс
2.1 АҚШ-тың құрылуы
2.2 Соғыстан кейінгі жағдай
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы. Солтүстік Американың 1775-1783 жж. тәуелсіздік үшін соғысы Англия тарапынан жасалынып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылықты дәріптеп, Солтүстік Американың наразылығы мен бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті.
ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті.
Колониялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, ішкі және сыртқы сауда порты қалалар – Бостон, Нью-Иорк, Филадельфия, Балтимор, Чарлстон т.б. көбеюімен ерекшеленсе, мәдениет пен білімнің дамуы ХҮІІІғ басында колонияларда өз газеттері мен қоғамдық және жеке меншік мектептер, колледждердің пайда болуы, осылардың негізінде дүниежүзіне әйгілі америкалық университеттер Гарвард, Принстон, Колумбиялық, Иельский университеттері ашылғын.
Колониялық дәуірдің соңғы кезінде америкалық ағарту саласының саңлақтары, ойшылдары Бенжамин Франклин, Томас Джефферсон, ДЖон Адамс, Джеймс Мэдисон және де т.б ұрпақтар өсіп шықты. Мұның бәрі тек ұлттық тек материалдық жағынан ғана емес, сонымен қатар рухани байлықтың өскендігін, тәуелсіз ел боламын деген арманының тууына әкеліп тіреді.
Солтүстік Американың тәуелсіздік алуы мен АҚШ-ның құрылу тарихы, оның жүріп өткен жолдары, жеткен жетістіктері, бүгінгі таңдағы даму жолдары мен бағытттары кімді болса да ойландырмай қоймайды. Сондықтанда студент біздер үшін Америка Құрама Штаттарының тарихын білу, оның тәуелсіздік жолындағы күресін оқып-үйрену, егеменді еліміз үшін АҚШ-мен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату маңызды екендігін көреміз.
XX ғасырдың соңында КСРО құрамындағы 15 республика өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. Бір мемлекет басшылыған бағынған бұрынғы кеңестік республикалар енді алдағы уақытта тәуелсіздік алғаннан кейін олар қалай жүру керек, қандай бағыт ұстану керек деген мәселелері толғандырады.
Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның маңызды аспектілердің бірі АҚШ- мен де сыртқы байланысты үзбей қарым-қатынаста болуы, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі.
1775 жылы мамырда жиналған
екінші континентік конгресс
америка өкіметіне айналды.
Конгрестің аса маңызды шешімінің бірі - 1775ж 14 маусым күні қабылданған тұрақты әскер құру жөніндегі шешім болды. Дж. Вашингтон тұрақты армияның Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Ол ағылшын отарлық саясатын жек көретін, король үкіметінің кесірінен ондаған мың акр иелігінен айырылған адам еді.
1765ж күзде 13 Солтүстік
американ отарларының
Конгресс 1776ж көктемінен бастап шешуші қимылға көшті. Сол жылдың 10 мамырында барлық отарларға Ұлыбританияда тәуелсіз жергілікті үкіметтерін жасауға рұқсат берді. Бұл әрекет отарлардың тәуелсіздігін жариялауға қажетті алғышарт болып қалыптасты.
1776ж америкалық ағартушы
демократиялық бағыт идологы
басқарған құжат тарихта
АҚШ-тың тарихындағы аса құнды, тарихи маңызы бар «Тәуесіздік декларациясын» дайындау үшін Томас Джефферсон, Бенджамин Франклин, Джон Адамс, Роджер Шерман, Роберт Ливингстон кірген комиссия құрылды.
Қазіргі таңда да АҚШ халқы үшін аса бағалы «Тәуелсіздік декларациясы»1776ж 4 шілде күні қабылданды. Бұл күн бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттарының Ұлттық мейрам күні.
Декларация ағылшын королі
мен парламентін озбырлық әрекеттері
үшін және адам құқығын бұзғандығы
үшін айыптап, бұдан былай отарлар
«Еркіндікте және тәуелсіз штаттар»
деп саналсын (соғыс жариялауға,
бітім жасауға және кез-келген актілер
мен әрекеттерді жүзеге асыруға
толық құқықты екендігін
Декларацияның мазмұны Англия
отаршыларымен байланысты ескі тәртіпке
қарсы күресіп отырған
Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Солай бола тұрса да кемшіліксіз де емес. Құлдықты сол күйінде қалдырды, әйелдерге теңдік әпермеді. Декларация нәтижесінде Америкада үкімет билігі ұлттық буржуазия мен плантаторлар блогының қолына өтті.
Америка Құрама Штаттары деп аталған тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Америка Құрама Штаттарының тарихын зерттей отырып өзінің алдына мынандай міндеттер мен мақсаттарды қояды.
-ағылшын үкіметінің
Солтүстік Америкада жүргізген
отарлық саясатын жан-жақты
-Солтүстік Америкада ашылған алғашқы он үш штаттың колониялардың құрылуын;
-жергілікті үндістердің тағдырын;
-отарлардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын;
-тәуелсіздік соғыстың барысы мен қорытындысын;
- Тәуелсіздк декларация құжатының маңызы мен мақсатын;
-Америкалық ағарту
саласының өкілдері Т.
Осы міндеттерді аша отырып бүгінгі таңдағы АҚШ зерттеушілері өздерінің тұрақты мүдделерінің қатарына АҚШ-тың аумақты тұтастығын, халқының аман-саулығын және экономикалық- саяси институттыраның тұрақты әрі өнімді қызметінің сақталуын жатқызады. Сондықтан АҚШ демократиялык құндылықтардың қанат жаюы мен маңызды шикiзат корларының американ компанияларына ашық болуына мүдделi.
1 XVIII ғ. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары 1.1 Отарлардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Атлант мұхитының
Отардың iciн жолға қою үшін король үкіметі губернатор тағайындады. Отарда бірінші күннен-ақ қоғамдық құрылым қалыптасты. Вирджинияның тұрғындарының ең жоғарғы тобы — губернатор бастаған отарлық әкімшіліктің мүшелерінен, орташа топ — саны аз ағылшын джентельмендерінен, компанияның акционерлерінен, Америкаға келердегі шығынды өзі төлеп келгендерден яғни фримен — еріктілерден, ал төменгі топ — Вирджинияға компания есебінен жөнетілген адамдардан яғни белгілі мерзімге жұмыс icтeyre келісім-шарт жасасқан — сервенттерден тұрды..[1]
Вирджиния жері тың, ну күйде болатын. Содан да оны тазартуға көп күш керек болды. Англиядан әкелінетін сервенттер өте қымбатқа түсті. Үндістерді құлдыққа айналдыру әрекеті онша нәтиже бермеді. Отарға әкеліне бастаған қара еріксіздер негрлер еңбегі тіимді болды, ceбe6i оларға ешқандай келісім-шарт керек емес, өмірлік құлдар еді. Тұңғыш рет негр — құлдарды Вирджинияға 1619 ж. Голландия кемесінің капитаны әкеліп сатты. Егер 1630 жылы Вирджинияда бар болғаны 50 негр болса, 1660 жылы Солтүстік Америкада 950 негр болды, 1700 жылы негрлердің саны —23118, 1780 жылы 220582-ге жетті. Қaзipгi АҚШ-тағы негрлердің тарихы осылай басталған. XVII—XVIII ғасырлар барысында Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Жеке меншік отарларына Солтүстік және Оңтүстік Каролина, сондай-ақ Нью-Йорк провинциясы жатты. Жаңа Амстердам қаласының аты Нью-Йорк деп өзгертіледі де, бұл атау бүкіл отарға таралады. 1685 жылы оның иесі герцог Йоркский король Яков II болады, ал отар корольдікке айналады. Басқа иелерге берілген оның оңтүстік бөлігі Нью-Джерси деп аталынатын болды. Делавэр отары 1776 жылға дейін ресми түрде Пенсильвания құрамында болды. Орталық атлантикалық отарлар Пенсильвания, Нью-Йорк, Нью-Джерси — астық өңдеуге маманданды Солтүстік отарларда — Жаңа Англия (НьюГемпшир, Коннектикут, Массачусетс, Род-Айленд) қолөнер, мануфактура кең өpic алды. Фермерлік шаруашылық жасалды. Оңтүстікте Оңтүстік Каролина, Джорджия — құл еңбегіне негізделген плантациялык, шаруашылық негізделді. Онда темекі, индигофера, күріш, мақта өсірілді. Олар жерді өте дөрекі пайдаланды, 5—6 жылдан кейін жер тозды, жаңа жер алу керек болды. Бұлар өндірген аты аталған өнімдерін Англияның фабрикаларына өткізіп отырды. Сондықтан олар метрополиямен өте тығыз байланыста болды. Отарлардан балық, құнды терілер, ағаш, темір жөнелтілді.
Еуропада, әcipece, темекі өтімді болды. Егер 1666 жылы Америкадан 8 мың кг темекі сыртқа шығарылса, келеci жылы екі еселенді, он жылдан кейін 600 мың кг, 1690 жылы — 8 миллион кг, 1775 жылы — 40 миллион кг-ға жетті.
Солтүстік және Орталық отарларда қолөнер мен мануфактура дамыды. 1631 жылы сыйымдылығы 60 тонна кеме жасалса, 1650 жылы сыйымдылығы 300 тонналық, 1725 жылы 700 тонналық кеме суға түсірілді. Францияға, Испанияға, Португалияға балық өнімдерін апарып сатты.
Тоқыма өндірісі жасалды. Әуелі ол жергілікті сұранысты өтеді. Ал кейін рынок үшін өндіре бастады.
Король үкіметтері (Анна (1702—1714), I Георг 1714 ж. таққа келді) әбден күшейіп, енді өзінің колонияларын пайда табудың көзіне айналдыруға қажетті мүмкіндіктерге ие бола бастады. Отарлар тек Англиямен ғана сауда жасады, басқа елдермен, өзі қалаған тауарлармен сауда жасау еркi болмады. Бұл отарларда қалыптасып отырған жергілікті үстем тап өкілдері — буржуазияның мүддесіне қайшы келді. 1699-1750 жылдар арасында жүн, қалпақ, тepi, темір т. б. өнімдер түpi туралы қабылдаған король үкіметінің актілері жергілікті өнеркәсіпті одан әрі дамуын тежеді. Ақша шығаруға тыйым салды. Ағылшын кемелерін жасауға керек болады деп қоныс аударушыларға ағаштың тәуip түрлерін кесуге рұқсат бермеді. Батыстың бос жатқан жерлерінен жер алуға тыйым салды. Метрополия өзіне тиімді, қажет өндіріс салаларын дамытуға күш салды (кеме жасау, темекі, мақта өcipy).
Англияның король үкіметі жүргізген бұл шектеулер отарларда буржуазиялық бағытта дамуға үлкен кедергіге айнала бастады, әрине, бұл жерде отарлардағы капиталистік даму тоқтап қалған екен деген ұғым тумасын, буржуазиялық бағыттағы даму одан әpi жалғаса берді. Қалалар өсті. 1713 және 1763 жылдар аралығында отарлардағы қала тұрғындары үш есе, жалпы отар тұрғындары — 5 есе өсті..
Оңтүстіктің плантаторлары да сауда және қаржы операциялары арқасында тез байи түсті. Бұл бағыт олардың да метрополияның отарлардың буржуазиялық дамуына жасап отырған шектеулеріне деген наразылығын күшейтті.[2]
Американ ұлты қалыптаса бастады. Оның көрінісі Бенджамин Франклин 1727 жылы негіздеген Филадельфиялық хунта болды. Бұған жергілікті баспагерлер, қолөнершілер, саудагерлер, клерктер, тағы басқалар білім алуға жұмылдырылып, отанының тағдыры үшін жаны ашығандар мүше болып бірікті.
Американ халқының ұлттық санасын оятуда және дамытуда зор еңбек сіңіргендердің 6ipi жер аристократиясының ортасынан шыққан жан-жақты білімді адам Томас Джефферсон, ол ағарту ілімін уағыздады. Франклин де, Джефферсон да француз және ағылшын ағартушыларының ілімдерінің ықпалында тәрбиеленген адамдар еді. Бұлардың еңбектерінен осы ықпал сезіліп тұрады.
Территориялық жағынан тұтастығы, ортақ тiлiнiң қалыптасуы мен ортақ мәдениеттің жасалуы XVIII ғасырдың ортасында Англияның Солтүстік Америкадағы отарларда жаңа ұлттың қалыптасқандығының сөзсіз белгісі eді. Осылайша Англиядан бөлінуге қажетті — дербес республика құруға керек шарттардың 6әpi Солтүстік Америка отарларында толық қалыптасып болды. Бұл айтылғандардың бәрі болайын деп тұрған Солтүстік Американың буржуазиялық революцияның алғышарты — себептері.