Буржуазиялық
революцияның маңызды шарасының
бірі конгрестің лоялистерді қарусыздандыру
және олардың иеліктерін тәркілеу туралы
шешімі болды. Мәселен, Пенсильваниядағы
Вильям Пенн, Мэрилендтегі лорд Балтимордың
иеліктері тәркілеуге ұшырады. Виргинияда
6 млн. акрге жеткен лорд Ферфакс
иелігі, Нью-Йоркте 3 млн. доллар көлеміндегі
59 жеке меншік жерлері, Массачусетсте
300 аристократия отбасыларының жеке
меншіктері тәркіленді.
Алғашқы
үш жыл бойы әскери қимылдардың
басты аймағы солтүстік және
орталық штаттар болды. Британ
стратегиялық жоспары Нью-Йорк
пен Гудзон өзенін жаулап алу
арқылы Жаңа Англияны қалған
ресурстарға бай штаттардан оқшаулауды
көздеді. Американ әскері қорғаныс
тактикасын ұстануға мәжбүр болды.
Ол тек британдық Канада шекарасында
бір ғана шабуылдау операциясын
қолданды. Қарсыластарының Гудзон
өзені жағалауын жаулап алуына
қарсы тұру мақсатымен қатар,
Канаданы антибритандық көтеріліс
жағына қосуға қол жеткізгісі
келді. I және II конгрестердің континентальді
деп аталуы да жай емес, себебі бұл жерде
Англияға қарсы солтүстік американ континентіндегі
барлық отарлардың бірігуі көзделді.
1776 ж.
тамыз айының соңында Вашингтон
басқаруындағы американ армиясы
Нью-Йоркті қорғауда жеңіліс тапты.
Осындай қиын жағдайда генерал
Чарльз Ли өзінің армиясымен
ағылшындарға берілді. Кейінірек
ол тұтқыннан жіберіліп, Вашингтоннан
кейінгі басқарудағы екінші тұлғаға
айналады. Оның сатқындығы туралы
ешкім білген жоқ, бұл мәлімет
80 жылдан соң белгілі болады. 1776-1777
жж. конгресс армиясы қару - жарақ
мәселесінде түрлі қиындықтарды
бастан кешірді. Бірінен соң
бірі болып жатқан жеңілістердің
нәтижесінде армия әскери рухын
жоғалтты. Ол 34 мыңнан 4 мың адамға
дейін қысқартылды. Осы тұста
Томас Пейн өзінің «Американ
дағдарысы» деп аталатын журналын
шығара бастады. 1776 жылы Вашингтон
Трентондағы британ лагеріне
басып кіріп, мыңдаған ағылшындарды
тұтқынға алды. 1777 жылы қаңтарда
ол Принстонда ағылшындарға қарсы
жаңа тойтарыс береді.[9]
2 Саратога түбіндегі
жеңіс
2.1 АҚШ-тың құрылуы
Британ
басқаруы Гудзонды жаулап алу
үшін 1777 жылы күзде үш армия
күшімен шабуылдауды ұйымдастырды:
Канада шекарасынан жылжитын
Бургойн армиясы, Онтарио көлінен
шабуылдайтын Сен-Лежер армиясы,
оның құрамында көптеген американдық
торилер мен индеецтер болды,
Гудзон өзені бойындағы ауданда
соғыс қимылдарын жүргізетін
Клинтон армиясы. Соғыс қимылдары
ағылшындар үшін сәтсіз жүргізілді.
Жаңа Англия штаттарының барлық
тұрғындары оларға қарсы шықты.
1777 жылы 19 қазанда Бургойн армиясы
Саратога түбінде қоршауға алынды.
Олар Гейтс басқаруындағы американ
армиясына берілуге мәжбүр болды.
Мұны естіген Сен-Лежер армиясының
торилері қашып кетті, ал индеецтер
қаруды ағылшындарға қарсы бұрды.
Енді американдарға
қарсы соғыспау шартымен жеңімпаздар
әскери тұтқындарға Англияға
қайтуына рұқсат берді.
Саратога
түбіндегі жеңіс британ басқаруының
стратегиялық жоспарының құлауын
білдірді. Ол американ халқының
ұлттық тәуелсіздігін алуында
айтарлықтай маңызға ие болды.
Англияға қарсы отарлардың әскери
қимылдарының басында Франция
өзінің бейтараптылығын жариялады. Тәуелсіздік декларациясын
дайындау үшін Томас Джефферсон, Бенджамин
Франклин, Джон Адамс, Роджер Шерман, Роберт
Ливингстон кірген комиссия құрылды.
Тәуелсіздік декларациясы
1776 жылы 4 шілде күні қабылданды. Жаңа
мемлекет – Америка Құрама
Штаттары өзінің дербес өмір сүруін бастады. Бұл күн бүгінге
шейін Америка Құрама Штаттарының Ұлттық
мейрамы. Декларация үлкен өрлеу үстінде
қабылданды. Шіркеулерде дұға оқылды, штаттарда салюттер
берілді.
Декларацияның
мазмұны британ отаршыларымен
байланысты ескі тәртіпке қарсы
күресіп отырған буржуазия мен
оның кейбір плантатор одақтастарының
мүддесіне сай келді. Оған бұл
құжатты қабылдауға қол қойған
депутаттардың құрамы куә. Қойылған
56 қол иелерінің 13-і көпес, 8-і
плантатор, 28-і адвокаттар, 7-і еркін
мамандық иелері. Бұл құжаттың тарихи
маңызы зор. Солай бола тұра кемшіліксіз
де емес. Құлдықты сол күйінде қалдырды,
үндістерге ештеңе берген жоқ. Әйелдерге
теңдік бермеді. Декларация нәтижесінде
Америкада үкімет билігі ұлттық буржуазиямен
плантаторлар блогының қолына өтті.[10]
Саратога
түбіндегі жеңіс француз үкіметін
американдықтармен одақ және
сауда туралы келісімге келуіне
итермеледі. Бұл келісім 1778 жылы
6 ақпанда Парижде бекітілді. Осыдан
кейін ағылшын үкіметі көтерілісшілерге
бейбіт ұсыныстармен келеді. Олар
американдықтардың Франциямен одақтасуынан
бас тартуды және өздерімен
одақты қайта құруды сұрайды.
Бірақ конгресс ГеоргIII-нің ұсыныстарын
қараудан бас тартты. Конгресс
отарлардың толық тәуелсіздігін
мойындауды және британ армиясы
мен флотының шығарылуын талап
етті.
Ал
Франция Англияға қарсы соғысқа
шықты. Ол сондай-ақ Испанияны
соғысқа кіргізу үшін өзінің
дипломатиялық ықпалын қолданды.
Испания азаттық соғыстың өзінің
Америкадағы отарларына таралуынан
қорықты, алайда ол Еуропадағы
Гибралтардың қайтарылуы туралы
уәдеге қарсы тұра алмайды
да, 1779 жылы Англияға қарсы соғысқа
енеді.
Англияға
тиімсіз қалыптасып жатқан күрделі
халықаралық жағдай, ағылшын монархі
Георг III-ні орыс императрицасы
Екатерина II-ден көмек сұрауға
мәжбүр етті. Англия басшысы орыс
императрицасынан Еуропада тыныштық
пен тұрақтылықты қайта орнату
үшін тым болмаса, теңіз күштерінің
жартылай демонстрациясын сұрады.
Басқаша айтқанда, Георг III Ресейден
әскери теңіз көмегін сұрады.
Англияға қарсы соғыстағы отарлардың
жеңісіне Ресей жанама түрде
үлесін қосты. Бейтарап державалар
саудасына қарсы ағылшын флотының
жауластық әрекеттеріне жауап
ретінде орыс үкіметі 1780 жылы
бейтарап елдер Лигасын басқарды.
Ол қарулы нейтралитет саясатын
жариялады, оған көптеген Еуропа
мемлекеттері қосылды. Бейтарап
державалардың қарулы эскадралары
өздерінің сауда жолдарын қорғай
бастады. Қарулы нейтралитет келесі
негізгі бастамалардың қорғалуын
жариялады:
1) Бейтарап
державалардың соғысушы мемлекеттер
порттарымен еркін саудасы;
2) Қару-жарақтан
бөлек, кез келген жүктердің
бейтарап кемелерде еркін
өткізілуі;
3) Нақты
белгілі бір себептерсіз, бейтарап
кемелердің британ флоты жағынан
теңізде тоқтатылуына және тексерілуіне
тыйым салынды.
Осы
негізгі қағидаларды Екатерина
бейтарап державаларға өздерінің
флотының күштерімен қорғауды
ұсынды. Қарулы нейтралитеттің жариялануы
Англияның толығымен оқшаулануына
алып келді. Енді солтүстік
елдердің барлығы Англия олардың
саудасын бұзатын болса, оған
қарсы шығуға дайын еді. Бастапқыда
Ресейдің қарулы нейтралитет
ұсынысын Швеция, Дания және Голландия
қабылдады. 1781 жылы оларға Пруссия
және Австрия қосылды. 1782 жылы
– Португалия, 1783 жылы екі Сицилия
корольдігі де қосылды. Осылайша,
Ресей Англияға қарсы күресте
АҚШ-қа қолдау көрсетті. Алайда
айта кетерлік жайт, Ресей мен
жас американ мемлекетінің арасындағы
дипломатиялық қатынастар аса
қиындықпен қалыптаса бастады.
Ресей дипломаттары АҚШ-тың бар
екендігін мойындады, бірақ олар бұл мемлекеттің
ресми тәуелсіздігін мойындаудан бас
тартты. 1780 жылы қазанда қарулы нейтралитет
қағидасына АҚШ қосылды.
Бұдан бөлек Америкада соғыс жалғасып
жатты. Ағылшындар жеңіске жетіп отырды.
Ағылшындар Оңтүстіктегі бірқатар қалаларды
өртегеннен кейін, ағылшын генералы Корнуоллис
Оңтүстік Каролинаны басып алады да, Вирджинияға
жылжиды. Осы кезде конгресс Лоренсті
Парижге қосымша көмек сұрауға жібереді.
Лоренс Б. Франклиннің көмегімен Франциядан
жаңа төлем-ақы алуға қол жеткізді. Ол
Америка үшін үлкен қарыз алды. Франциядан
АҚШ-қа көмекке үлкен эскадра және жаңа
әскерлер, 20 мың адамға қару жіберілді.[11]
Тәуелсіздік
үшін соғыстың аса қиын жағдайларында
американдықтар тағы да Франциядан
көмек алады. 74 жасар Б. Франклин
конгресті қызметтен босату және
Отанына оралуын сұрайды. Алайда
конгресс одан Англиямен бейбіт
келіссөздер жүргізуді сұрайды.
Франклин өзінің орнында қалды.
Испания Гибралтарды басып
алды. Француздар Үндістанда әскери
операцияларын жүргізе бастады.
Соғыс әрекеттері Вест-Индияда
да жүріп жатты. Кейінірек Англияға
қарсы коалиция соғысқа Голландияның
енуімен кеңейді. Франция, Испания
және Голландияның біріккен флоты
Англияның теңіздегі үстемдігін
жойды. Америкадағы соғысты әрі
қарай жүргізу Англия үшін
өте қиын болды.
В.И.Ленин:
«өзінің азат етілуі мүддесінде
американ халқы отарлы державалар
арасындағы қайшылықтарды пайдаланып,
Англияға қарсы Франциямен және
Испаниямен келісімге келеді. Бұл
Солтүстік Америкадағы ұлт-азаттық
қозғалыстың жеңуіне әкеледі,»
- деп көрсетті.
Жақында
ғана Саратогада жеңіске жеткен
американ армиясы 1777-1778жж. Валлей-Форджтағы
қатаң қыстауда ашықты. Тикондерогада
12 мың әскерге 900 етік болды.
Вашингтонның айтуынша, оның армиясы
жасаған жорықтардың жолдарында
жалаң аяқ жүргендердің қанды
іздері қалған. Олардың тәуелсіздік
үшін күресіп жатқандығы оларға
үлкен күш берді, айтарлықтай
қуат пен рух берді. Ағылшындар
өздерінің әскер санын американдық
торилер, индеецтер арқасында
ұлғайтты. Олар шпионаж, сатып
алу әдісін өте кең қолданды.
Кейбір мәліметтерге байланысты,
көтерілген отарлардағы ақшаға
жұмыс істейтін британ агенттерінің
саны 25 мыңды құрады. Бұл агенттер
британ басқаруын мәліметтермен
қамтамасыз етті, сатып алумен
айналысты, қарулы отрядтардың
көмегімен жазалау экспидицияларын
жүргізді, Вашингтон өміріне қарсы
құпия қастандықтар жасады. Ағылшындар
сондай-ақ оны сатып алуға дейін
барды. Жоғарғы титулдар және
өмірлік зейнетақылар сондай-ақ
Франклинге, Хэнкокке, Джозеф Ридке
және басқа да көптеген патриоттарға
ұсынылды. Тек 1780 ж. аяғында генерал
Бенедикт Арнольдтің сатқындығы
мәлім болды.[12]
Соғыстың созылуында жас республиканың
мемлекеттік билігінің әлсіздігі
де маңызды рөл ойнады. АҚШ-тың
алғаш конституциясын – «Конфедерациялар
және мәңгілік одақтың баптары»
- конгресс 1777жылы қабылдады. Осыдан
кейінгі екі-үш жыл ішінде бұл
конституция бүкіл штаттармен
бекітілді. Ол ортақ қарсыластан
қорғану мақсатында біріккен
штаттардың өзіндік мемлекеттік
бірлік ретіндегі суверенитетін
сақтады. Конгресс бір палатадан
тұрды. Ол тұрғындардың санына
тәуелсіз, әрбір штаттың тең дәрежедегі
мөлшеріне байланысты бір жылға
сайланды. Атқарушы биліктің басшысы
ретінде президент билігі орнаған жоқ.
Конгрестің салық жинау құқығы болмады,
штаттар өзінің валютасын және тарифтік
заңдарын сақтады.
Саратогада ағылшындардың жеңілуінен
кейін және соғыс әректтерінің
Оңтүстікке қарай жылжуынан кейін
соғыс бес жылға созылды. Бұл
жерде ағылшындар құл иелерінен
қолдау табатынына сенді. Алайда
сол уақытта сондай-ақ өздерінің
жағына негрлерді де қосқысы
келді. Американ құл иеленушілері
негрлерге аса қатаң, өлім жазасына
дейінгі шараларды қолданды. Соғыс
барысында отарлардағы негритян
тұрғындарының бесінші бөлігі, шамамен
алғанда 100 мың адам ағылшындарға
өтті. Сонымен қатар көптеген
негрлер отарлардың тәуелсіздігі
үшін күресті. 1775 жылы Оңтүстік
Каролина өкілдері конгресте
армияға негрлерді алуға тыйым
салынатындығы туралы айтты. Алайда
Вашингтон құлдардың көптеп ағылшындарға
қашуының көбеюінің ықпалымен
конгрестің үкімін орындаудан
бас тартуға мәжбүр болады.[13]
Ал
1777 жылы қаңтарда конгресс бос
негрлерді армияға алуға рұқсат
береді. Оңтүстік Каролина мен
Джорджияның құл иеленушілері
негрлерге қару беруден бас
тартады, себебі олар негрлердің
өздеріне қарсы шығатынынан қауіптенді.
Нәтижесінде бұл екі штатты
ағылшындар оккупациялайды. Бұл
жерден оларды шығаруға көптеген
күш керек болды.
Негрлердің көпшілігі американ
революциясын қуана қарсы алады,
олар бұл революция оларды
құлдықтан босатады, азат етеді
деп күтті. Негрлер флотта қызмет
етті, партизандық отрядтарда күресті,
олар баға жетпес күрестер
жүргізді.
Американ
армиясы полкының құрамында ер
адамның киімін киген негр
қызы – Дебора Ганнет та
күресті. Ағылшындармен күресте
француздар құрған Гаити аралынан
келген негрлер легионы ерекше
көзге түсті. Негритян халқының
батырлары Остин Дабни және
Джон Иди құл иеленушілік штаттарда
да марапатталды. 1778-1779 жж. Батыстағы
операциялар аса маңызға ие
болды. Бұл жерде ағылшындар
индейстік тайпалардың көмегімен
үлкен территорияларды басып
алды. Бірақ 1779 жылы ақпанда Роджерс
Кларк басқаруындағы отрядтар
оларды талқандады.
1778
ж. аяғында британ армиясы Саваннаны
басып алды және 1780 жылы көктемде
Оңтүстік Каролинаның астанасы
Чарлстонды алды. 1780 жылы тамызда
Кэмденде американдықтар үлкен
жеңіліске ұшырады. Оңтүстіктегі
операциялардың американ жағына
тиімді болуы Оңтүстік армияның
басқаруын Тәуелсіздік үшін соғыстың
көрнекті қолбасшысы Натаниэль
Гринге берумен байланысты болды.
Гриннің келуіне дейін Оңтүстіктегі
армия әлсіз болды. Оның басты күші ұсақ
фермерлерден құралған партизандық отрядтар
болды. Кішігірім отрядтармен партизандар
британдарға шабуылдап, ұсталмайтындай
болып, өздерінің ормандардағы, таулардағы
және батпақтағы базаларына оралып отырды.
Қимылсыз қатардағы тактикаға үйренген
британ әскерлері партизандармен күресуге
жарамсыз болды. Сол себепті көптеген
жоғалтуларға ұшырады. Көбінше «батпақ
түлкісі» деп аталып кеткен партизан көсемі
Френсис Марионның атынан британ әскерлері
қорқып, қашқан. Басқарудың демократиялық
бөлімінің өкілі генерал Грин партизандық
отрядтармен қарым-қатынас орнатқаннан
кейін, ол жоспарланған, жүйелі тактикаға
көшті. 1781ж. басында Грин британ генералы
Корнуоллис армиясын бірқатар жеңілістерге
ұшыратты. Кейінірек екі Каролина да және
Джорджия жаулардан азат етілді. Шешуші
күрестер Вирджинияда болды. Бұл жерде
жас француз маркизі Лафайет және генерал
Уэйн басқаруындағы екі американ армиясы
әрекет етті.[14]