Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:15, реферат
Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы. Солтүстік Американың 1775-1783 жж. тәуелсіздік үшін соғысы Англия тарапынан жасалынып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылықты дәріптеп, Солтүстік Американың наразылығы мен бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті.
ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті.
Кіріспе
1 ХVІІІғ. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
1.1 Отарлардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
1.2 Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
2 Саратога түбіндегі жеңіс
2.1 АҚШ-тың құрылуы
2.2 Соғыстан кейінгі жағдай
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1784-1787
жылдары АҚШ конгресі батыс
жерлерін мемлекеттік жер деп
жариялады, сауда-өнеркәсіптің
Революцияның
ең басты мәселесі – құлдық
шешілмеді. Солтүстік
К.Маркс:
«Еуропа буржуазиясы үшін
Тәуелсіздікке
қол жеткізгеннен кейінгі және
Федералды Конституцияның
Жалпы нәтижесінде АҚШ-та
Колумбтың Американы ашуы
және оны Европалық теңіз
Вирджиния отарында пайда болған Джеймстану форты ағылшындардың алғашқы қонысына айналады. Алғашқыда отарлаушылар өмір сүру қамын жасады. 1616 ж темекі игеріліп Англияға өткізу арқылы ғана жаңа қоныстанушылардың көңілін өзіне аударды.
І Карл 1625 ж Вирджинияны королдің отарлы деп жариялап губернаторды тағайындады .
Вирджинияның әлеуметтік қатынастары мен қоғамдық құрлысы өзге отарлар үшін үлгі болады.
Осылайша отарлау администратциясының мүшелері губернаторлардың басқаруымен пайда болды, ал орта топтың мүшелері- ағылшын джентрилері, яғни акценерлер мен бақуатты қоныстанушылар болды. Олардың барлығы толық құқылы азаматтарға жатқызылды.
Жеке меншік отарлы жерлердің қатарына Оңтүстік және Солтүстік Королина, сонымен қатар бастапқыда Нидерландының иелігінде болған ,кейін 1664 ж ағылшындар мен жаулап алынған Нью-Йорк провинциясы қосылды. Жаңа Амстердам қаласы Нью-Йорк деп өзгертілді. 1685 ж оның иегері герцог Йоркский король Яков 2 айналған соң, отар король иелігі деп жарияланды.
Француз иелігіне таяу аймақтардың солтүстік шығыс бөлігіне қоныстану процессі корпаративтік типтегі отарлаудың пайда болуына әкелді. Оның иегерлері Америкаға қоныс аударған діни қауымның мүшелері еді.
1620 ж діни қуғындауға ұшыраған пуритан-сепаратистердің тобы Плимуттық компаниямен келісімге тұрып, қәзіргі Масачусетс штатына келіп қоныстанады. Мұнда олар жаңа Плимут қонысын қалайды. Отарлаушылар «азаматтық қоғамды» орнатады.
Отарларда қатаң тәртіп орнатылды. Король билігін мойындап отар басшылығы «Иерусалим» мен «Ханаанға» ұқсас қоғам құрып дінсіздерді қуғындады. Пуритандық священниктердің ықпалы зор болды. Діни фанатизм орта ғасырлық сипатқа ие болды. ХҮІІІ ғ басына таман діни езгіге тиым салынды.
Солтүстік Америкада феодалдық қатынастарды орнату нәтижесіз болды. Плантациялық шаруашылықтың болашағы зор болды.
Американдық қоғамның негізгі ерекшелігі, онда әр адам Европаға қарағанда үлкен табысқа жетуіне мүмкіндігі зор болды. Америкада құл саудасына, алаяқтыққа қарамастан, американдықтардың негізгі бөлігі өз еңбегімен жеке меншікке ие болып, орта тапты құрды. Еркін отарлаушыларды билікке бағындыру өте қиынға соқты. Олар құқығы мен бостандыққа жасалған кез-келген қысымға қарсы шықты. Американдықтар экономикалық,саяси, діни бостандыққа ұмтылды.
Англия отарлы аймақтың иегері болғанына қарамастан, Солтүстік Америкаға Европаның барлық елдерінен қоныс аударылды. Англияның отарлы аймақтағы кәсіпкерлердің еркіндігін шектеп, өзіне бағындыру әрекеті тәуелсіздік жолындағы соғыстың алғышарттарының бірі болды.
1774 ж Филадельфияда бірінші континенталды конгресс жиналады. Қабылданған «құқық деклариясында» отаршылардың өзін өзі басқару, өмір, еркіндік, жеке меншік құқығы ескеріледі.
Екінші контименталды конгресс енді американдық үкіметтің конгрессі болды. Конгресс партизан отряттарын өз армиясы деп таныды және оған бас қолбасшы етіп Виргиния плантаторы, полковник Джордж Вашингтонды тағайындады.
1776 ж 4 шілде күні конгресс П.Джефферсонмен құрастырылған Декларацияны қабылдады. Бұл тек американдық емес, бүкіл әлемдік тарихтың төрінде алатын маңызы өте зор құжаттың бірі болды. Адам құқығы туралы Декларация ХҮІІІғ француз ағартушыларының, ХҮІІғ ағылшын философтары, соның ішінде Д.Локктың теориясына сүйенді.
Тарихта алғаш рет мемлекеттік құжат мемлекеттік құрлыстыың негізі ретінде халық суверенитетінің принціпін жариялады. Декларация бойынша отарлар «кез келген мемлекет секілді - сауда жүргізуге, соғыс жариялауға, бейбіт келісімге тұруға, одақ жасасуға құқығы бар», «тәуелсіз және еркін штаттар» болып есептеледі.
Қазіргі таңда АҚШ үкіметінің басты мақсаты жаһандағы көшбасшылык жағдайын ұстап қалудың жолдарын іздестіріп, «үшінші дәрежелі» елдерге жаңа отаршылдық позициялары мен американ монополияларының мүдделері құтқарудың мәселелерін қарастыруда. АҚШ-тың үстемдік етуші топтары шектеус із жанталаса қарулануды монополиялардың үстеме пайдасының көзі және қалған мемлекеттерге ықпал етудің «көзір картасы» деп санайды. Олар жанталаса қарулануға, бір жағынан, американ экономикасының, ғылыми мен техникасының " дем берушісі", екінші жағынан, өз қарсыластарын «қалжыратудың» құралы ретінде үміт артады.
Американ қоғамы мен саясатында агрессиялық-реакциялық сипат теңденция қаншалықты күшті болса да, елге қандай соғыс құмар авантиюристік топтар басшылық етіп отырса да олар қандай әскери күшті құрып, пайдалануға тырысса да, олардың қоғам дамуының объективті заңдылықтарына кедергі жасай алмағанын және жасай алмайтыйын, адамзаттың баянды бейбітшілікке, прогресс пен әлеуметтік әділдік шыңдарына ұмтылған қозғалысын тоқтата алмайтынын тарихи тәжірибе мен қазіргі заман дәлелдеп отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі