Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781) - қазақ халқының әйгілі ханы. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре. Шежіре деректері бойынша Шыңғыс хан - Жошы хан – оның төртінші ұлы - Тоқайтемір - Қожа - Бадақұлан - Өріс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Әз Жәнібек - Жәдік - Шығай хан - Ер Есім хан - Жәңгір хан - Уәли Сұлтан - Қанішер Абылай сұлтан - Көркем Уәли - Абылай (Әбілмәнсүр) хан болып таратылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Абылай хан.doc

— 199.50 Кб (Скачать файл)

Елде тәртіп орнатпаса, старшындардың өзара бейбіт өмір сүрулері мүмкін еместігін Абылай хан түсінді.

Абылай ханға Ресейдің канцлері, Орынбор және Сібір губернаторлары сенімсіздік білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын жіберіп, бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20-сы күні Омбыдан Брегадир Фонфрауендорфтан полковник Лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық боларымыз анық.

«Құпия хат.

Қырғыз-қайсақтың жерінде мына жағдайларды барлап білу қажет:

1. Олардың жасырын әскерлері қай жерлерде орналасқан, қандай мекенде, саны қанша, Ресей жерінен қашықтығы қанша?

2. Оның тұрақты әскері бар ма? Қанша, қай жерде? Оның бас старшындары кім?

3. Абылай сұлтанның негізгі мақсаты не? Негізгі басшылары кім? Менің жіберген хатыма жауап болмады. Ол хат кімнің қолына берілген?

4. Ресейге шабуыл  жасайтын әскерлері бар ма? Шабуыл жасау ойлары бар ма? Егер болса, не үшін?

5. Қытайды жақтайтын қырғыз-қайсақтар немесе басқа халықтар бар ма? Қанша?

6. Қырғыздардың басқадай бөтен ойлары бар ма? Көрші елдермен қарым-қатынастары бар ма? Соғыс қаупі туып тұрған жерлері жоқ па?

7. Бұқара, Қашғар, Жәркент, Ташкент, Түркістан, тағы басқа да жерлермен ұрыс-керістері бар ма? Олар өзара тату болса, тез арада олармен ымыраласуға ниеттері бар ма?

8. Жазда Абылай сұлтан сырт жаққа, Көкшетау жағына көшіп бармақшы. Ол қайда барады, әрі қарай басқа жерге бармай ма?

9. Батырларды  сыртынан бақылау керек.

10. Қабылан сұлтан Орынбордан жіберілген аудармашы Гуляевты қысымға алыпты. Ресей туралы ойын білу керек. Олардың қулықтарын ешкім байқамады ма? Абылай сұлтан, Күлсары батыр, тағы басқаларды бақылауды өте құпия түрде жүргізу керек».

Міне, жоғарыдағы тапсырманы оқыған адам Абылай ханның ресейліктердің айдауымен жүрген адам еместігіне көзі жетеді. Абылай ханның билік жүргізу жүгі аса ауыр болғанын байқайды.

Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болу керек.

Абылайдың Ресеймен карым-қатынасының сан қырын бір мақалада толық ашып беру мүмкін емес. Сол елдің мұрағаттарында жатқан баға жетпес қазыналар негізінде құрастырылған менің 2 томдық «Абылай хан» атты кітабымнан, биыл Алла бұйыртса, баспадан шығатын 3-ші томынан Абылай ханның, оның серіктерінің жүздеген хаттарымен қалың жұрт танысады деген үміттемін. 
Тарихи жыр

Абылай хан  – тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын казақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз. Жыр Абылайдың балалык шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын коркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нактылы өмірде болған. Жыр Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сүлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдын «Ұлттар» баспасынан жарық көрген 4 томында (1985), одан кейін «Абылай хан» атты кітапта (А., 1993), «Казак халык әдебиеті» көптомдығының 1- ші томында (1995) жарияланды.[2] [3] 
Пайдаланған әдебиет 
↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1 
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 
↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

 

 

 

 

 


Информация о работе Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781)