Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:09, доклад
ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұлтаралық қақтығыс, түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұ. қ-тың көрінісі ретінде Израиль — Палестина қақтығысын айтуға болады. Арабтар мен еврейлердің жерге таласуы 1947 — 48 жылдардан бастап қарулы қақтығыстар формасынан үздік-создық жалғасып келе жатыр. Ұлтаралық қақтығыстар қатысушы топтардың өшпенділігі мен жауығуы жағдайында өрши түседі. Мұны Түркиядағы күрд мәселесі де дәлелдеп келеді. Күрдтердің өздері жинақы тұратын аймақта Күрдістан мемлекетін құру мақсаты түрік-күрд қайшылықтарына себеп болуда. Батыс Еуропа елдерінде лаңкестіктің қаупін ислам дінімен байланыстырудың орын алуы мұсылман халықтарының өкілдерін қудалауға негіз болуда. Кейбір жағдайда жеке бір ұлттың шектен тыс шовинистік пиғылдары да Ұлтаралық қақтығысқа әкеледі.
Ібилет
1.Этноқақтығыстың ұғымы.
ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұлтаралық қақтығыс, түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұ. қ-тың көрінісі ретінде Израиль — Палестина қақтығысын айтуға болады. Арабтар мен еврейлердің жерге таласуы 1947 — 48 жылдардан бастап қарулы қақтығыстар формасынан үздік-создық жалғасып келе жатыр. Ұлтаралық қақтығыстар қатысушы топтардың өшпенділігі мен жауығуы жағдайында өрши түседі. Мұны Түркиядағы күрд мәселесі де дәлелдеп келеді. Күрдтердің өздері жинақы тұратын аймақта Күрдістан мемлекетін құру мақсаты түрік-күрд қайшылықтарына себеп болуда. Батыс Еуропа елдерінде лаңкестіктің қаупін ислам дінімен байланыстырудың орын алуы мұсылман халықтарының өкілдерін қудалауға негіз болуда. Кейбір жағдайда жеке бір ұлттың шектен тыс шовинистік пиғылдары да Ұлтаралық қақтығысқа әкеледі.
2. ХХ ғасырдағы үнді-пәкістан соғыстары. ірінші Үнді-Пәкістан соғысы (Бірінші Кашмир соғысы) 1947-1948 жж. орын алды. Оның басты себебі Кашмир Махараджасы Хари Сингхтің провинциядағы халықтың көпшілігі мұсылман болуына қарамастан, Үндістанға қосылу туралы шешім қабылдауы болатын. Соғыс қимылдары 1947 жылдың 29 қазанда пәкістандық пуштун және дарий тайпаларынан құрылған жартылай қаруланған, саны екі мыңға жететін әскерінің басып кіруінен басталды. Екі күннен кейін олар Сринагарды басып алды, одан сескенгае махараджа Хари Сингх Делиге қашты. Ол 27 қазанда Үндістанға қосылу туралы келісімге қол қойды. Пәкістан князьдіктің солтүстік бөлігін Азад (Еркін) Джамму мен Кашмир атымен өз территориясы деп жариялады. БҰҰ-ның 1949 жылы 1 қаңтарда қабылдаған резолюциясына байланысты екі ел келісімге келді. Келесі ашық түрдегі қарсыластық 1965 жылғы қыркүйекте болған Екінші Кашмир соғысы деген атпен белгілі. Негізгі себеп- Пәкістанның үнді штаттары болған Джамму мен Кашмирде көтеріліс ұйымдастыру әрекеті болды. Бұл операция «Гибралтар» деген жасырын атқа ие болып, үнді үкіметіне белгілі болған ол көздеген нәтижесіне жеткен жоқ. 1қыркүйекте Пәкістан ресми түрде Кашмирдің үнді бөлігіне өз әскерлерін енгізді. Осы кезден бастап екі ел арасында ашық түрде соғыс басталды. Үндістан да әскери қимылдар эскалациясы алдында қарап қалған жоқ, 6 қыркүйекте олар пәкістандықтарды алғаш рет Кашмир территориясынан тысқа шығарып жіберді де үнді армиясы Пәкістан территориясындағы Лахор қаласына дейін басып кірді.
3.Израиль мемлекетінің пайда болуы. Қазіргі Израиль мемлекеті 1947 жылы 29 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімі негізінде 1948 жылы 14 мамырда өз тәуелсіздігін жариялаған. Оған бұрынғы Палестина жерінің 56%-ы (14 мың км2) беріліп, Израиль мен оның төңірегіндегі аймақ бейтарап зона деп жарияланды. Жаңа мемлекет құрыла салысымен оған қарсылық ретінде бірнеше араб мемлекеті басып кірді. Соғыс 1 жылдан аса уақытқа созылып, Израильдің пайдасына шешілді. Ол басқа елдердің қарсылығына қарамастан, БҰҰ шешімімен арабтық Палестина мемлекетіне берілген жердің көп бөлігін (6,7 мың км2) және Иерусалим қаласының батыс бөлігін басып алды. Израиль басып алған жерлерінен 1 млн-нан аса арабтарды қуып жіберіп, БҰҰ-ның 1948 жыды 11 желтоқсанда шығарған босқындардың отандарына қайтып оралу құқы туралы қарарын орындаудан бас тартты.
ІІ билет 1. Этноцентризм. Ұғым мен мазмұны. Этноцентризм - [грек, ethnos - тайпа, халық, centrum - шоғырлану, орталық] - адамның өмірдегі барлық құбылыстарды өз этникалық тобының құндылықтарымен өлшеп, бағалауға бейімдігі; өз өмір салтын артық көріп, басқаларға таңу. Ұғымды 1883 ж. Л.Гумплович енгізіп, 1906 ж. У.Г. Самнер дамытты. Оның пікірінше, этникалық топтың ішіндегі қатынастар мен топаралық қатынастардың арасында айырмашылық алшақ. Егер топтың ішінде жолдастық және ынтымақтастық басым болса, топтар арасында күдікті, шүбәлі, күмәнді және жауласу басым. Этноцентризм бір жағынан этникалық топтың бірлігін қалыптастырып, көрсетеді. Қарабайыр деңгейде басқа этникалық топтарға салқын қарайды.Этноцент¬ризм идеология ретінде - ұлттық-этникалық санасезімнің теориялық деңгейі дамуының өнімі.
2. Араб-израиль қақтығысы. Араб-Израиль соғыстары — Израиль мен араб елдері арасында, негізінен, 1948 — 49, 1956, 1967, 1973 және 1982 жылдары болған ірі әскери жанжалдар.
1947 ж. 29 қарашада БҰҰ
Бас Ассамблеясы Палестина
3. Ауған соғысы. 1978 жылы сәуірде Ауғанстанда, кейін сәуір революциясы деп аталған төнкеріс болды. Билік басына ауған коммунистері – Ауғанстанның халық-демократиялық партиясы келді. Өкіметті жазушы Нұр Мұхамед Тараки басқарды. Бірақ бірнеше айлардан кейін партия билеушілері арасында күрес басталады. 1979 жылы тамызда партияның екі көсемдері Тараки және Амин арасында күрес басталады. 16 қыркүйекте Таракиді орнынан түсіріп, партиядан шығарып, түрмеге жабады. Көп кешікпей ол қайтыс болады. Бұл жағдайлар Мәскеудің наразылығын тудырды. Партия ортасында жаппай тазалау мен жазалау да наразылықты тудырды. Амин Ауғанстанға кеңес әскерлерін революциялық өкіметті нығайту үшін сұрады. 1979 жылы 12 желтоқсанда кеңес басшылары оның сұрауын қанағаттандырады. Бірақ Амин өкімет басынан кету керек болды . Кеңес әскерлері Ауғаныстанға енгізілді. Амин президент сарайының штурмы кезінде граната жарылысынан қаза табады. Батыста Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кіруі наразылық тудыртты. «Қырғи-қабақ соғысы» жаңа күшпен жанданды. 1980 жылы 14 қантарда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ауғанстаннан «шет әскерлерінің» шығарылуын талап етті. Бұл келісімге 104 мемлекет дауыс берді. Сол кезде Ауғанстанда қарулы қарсыласу күшейе бастады. Оларға қарсы Аминнің жақтастары, революциялық өкіметтің қарсыластары күресті. Кеңес Одағында Ауғанстанда ешқандай соғыс жоқ деді. Алайда олар елде бандиттер жүргенсіздік жасап жүр деді. Оларды «душмандар» деп атады, яғни жаулар. Құпия түрде Пәкістан арқылы құрама штаттар оларды қарумен және ақшамен көмекпен қамтамасыз етті. Повстансалар Ауғанстанның көптеген бөлігінде бақылау орнатты. Оларды джихад қасиетті ислам соғысы ұраны біріктірді. Олар өздерін «маджахеттер» яғни сенімдерінің күресшілері деп атады. Ауғанстандағы соғыс 10 жылға созылды. Соғыс барысында миллионға жуық ауғандар қайтыс болды. Кеңес әскері ресми деректер бойынша 14 453 адамынан айырылды. 1987 жылы маусымда бейбітшілікті орнатуда алғашқы қадамдар жасалынды. Жаңа Кабул өкіметі повстансаларға «ұлттық уақытша бітім» жасауды ұсынды. 1989 жылы сәуірде Кеңес Одағы Женева қаласында Ауғанстаннан әскерін әкету келісіміне қол қойды. 15 мамырдан әскер елден шығарыла бастайды. 9 айдан кейін, 1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан кеңестің ақырғы солдаты кетті. Осы күн Кеңес Одағы үшін Ауған соғысының аяқталуын білдірді.
ІІІ
1. Этникалық сәйкестігі қақтығыстың факторы ретінде.
2. КСРО мен Ауғанстан соғысының тарихы. Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демокр. үкіметті” қолдап, көршілес елдің соц. бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемл. хауіпсіздік к-ті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемл. басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. КСРО әскерлерінің енгізілуі, 1979 жылдың желтоқсаны.Ауғанстан Ислам партиясының моджахедтері, 1987 жыл.ОТБ деректертері бойынша Ауғанстан оппозиция күштері, қыркүйек 1985 жыл.Қазақстан үлесі Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.
3. Үнді-пәкістан жанжалының ғаламдық маңызы және оны реттеудің жаңа мүмкіндіктері.
Билет.4
1. Этникалық
қақтығыстың себептері және
2. Қазіргі кездегі Ауғанстан мәселесі.
3. Югославия ыдыруына дейінгі жағдайы.
12 бил ет 1 сурак
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілер
Үстіден астыға: Дүниежүзілік сауда орталығындағы өрт. Пентагонның бұзылған бөлігі. 175 рейстің Оңтүстік мұнарамен соқтығысу сәті. Өрт сөндіруші Граунд-Зирода көмек сұрауда. 93 рейстегі ұшақтың қозғалтқышының бөлігі. 77 рейстің Пентагонмен соқтығысу сәті.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілер (кейде жәй ғана 9/11 деп аталады) — Америка Құрама Штаттарында орын алған төрт өзара келісілген жаңкештілік террористік шабуылдардың тізбегі[1]. Бұл шабуылдардың жауапкершілігі «әл-Қағида» террористік ұйымында жатыр[2].
Сол күннің таңында «әл-Қағидаға» қатысы бар он тоғыз лаңкес төрт топқа бөлініп төрт рейстік жолаушылар ұшағын басып алды. Әрбір топ бастапқы ұшу дайндығынан өткен кем дегенде бір адамнан құралды.
Басқыншылар бұл лайнерлердің екеуін Нью-Йорктегі Манхэттеннің оңтүстік бөлігінде орналасқан Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларына бағыттады. Амеріцан Аірлінес 11 рейсі ДСҮ-1 мұнарасына соқтығысты (солтүстік), ал Ұнітед Аірлінес 175 рейсі ДСҮ-2 мұнарасына (оңтүстік) соғысты. Соның нәтижесінде бұл екі мұнара қасындағы ғимараттарға үлкен нұқсан келтіріп, құлады[3]. Үшінші ұшақ (Амеріцан Аірлінес 77 рейсі) Вашингтон маңында орналасқан Пентагон ғимаратына бағытталды. Төртінші авиалайнердің (Ұнітед Аірлінес 93 рейсі) жолаушылары мен экипажы ұшақ басқаруын лаңкестерден тартып алғысы келді[4]; ұшақ Пенсильвания штатындағы Шенксвилл қаласының маңындағы далада құлады.
19 лаңкестен басқа, шабуылдар
нәтижесінде 2977 адам қаза тапты,
тағы 24 із-түссіз жоғалып кетті.
Қаза тапқандардың көбісі
Қайғылы оқиғаның ресми версиясы бірқатар журналистер, ғалымдар мен куәгерлердің тарапынан сынға ұшырады. Тәуелсіз тергеулер өткізіліп, олардың кейбірінің желісі бойынша деректі фильмдер түсірілді.
12 билет 3 сурак
3. Қазақстандағы этникаралық және конфессияаралық қатынастардың қазіргі жағдайы.
Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдыреті, мемлекетіміздің халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсер ете, анық көрініс берді. Мемлекет ешқашан дінсіз өмір сүрген емес, мемлекеттің дін мен бірге өмір сүретіні, мемлекет пен діннің арақатынаста болуы, сонымен қатар, мемлекет өз аумағында дінге қатысты заңдық күші бар заңнамалық-құжаттары мен заңды қабылдап, оны іс-жүзіне асыратыны белгілі.
Қазақстанда соңғы он жылда қалыптасқан жаңа қоғамдық-саяси ахуалдың көріністеріне назар салсақ, қоғамдағы дін мен діни бірлестіктердің рөлі өзгерді, яғни дін мен діни бірлестіктердің қоғамдық беделі және қоғамдық өмірдің әр түрлі тұстарына ықпалы айтарлықтай өсіп, мәртебесі кеңейді. Қысқа мерзім ішінде дінге сенушілердің және діни бірлестіктердің саны бірнеше есеге артып, қоғамда олардың қызметінің саны бірнешеге артып, қоғамда олардың қызметінің белсенділігі жоғарылады, қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бөлігіне айналды, мемлекеттік конфессиялық қатынастардың сипаты өзгерді.
Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық.
Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топтар бар. Республикамыздың 63 пайызы қазақтар және оларға қоса ұйғыр, татар, өзбек, түрік, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балқар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі суннит жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе IV Кәрім Аға Ханның 1936 жылы елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-нәсихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі және 1534 мешіт жұмыс істейді. Ал қазіргі таңда Қазақстан аумағында 2300-ден аса мешіттер жұмыс істеуде. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі дін екенін және халқымыздыңтарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы және біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап өтуіміз қажет.
Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделілеу көрінеді. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс сияқты. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. Қазақстандағы православие шіркеуі тікелей Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейдегі бөлім екені белгілі.Христиандардың еліміздегі екінші тармағы католицизмдіұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлемінде жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік.Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркеуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн болар. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған Қазақстанда қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 ж. 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2008 жылы Қазақстанда 46 конфессияға тиесілі 4000-нан аса діни бірлестіктер жұмыс істеген. Ал дәл осы қазіргі таңда Қазақстанда 4551 діни бірлестіктер бар (салыстыра кетсек: 1990 жылдары олардың саны небәрі 670 болатын). Олардың арасында 2337 исламдық, Қазақстанның аумағында православтық шіркеуге жататын 281 діни бірлестік, олардың 230 орыс православие шіркеуі, 7 старообрядтық шіркеу, римдік-католиктік шіркеуінің 82 бірлестігі, 1189 протестанттық бірлестіктері жұмыс істейді. Қазіргі Қазақстандағы дәтүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 Бахай, 2 трансцендентальдық медитация қауымы. Ұлы Ақ Бауырластық 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б.Елімізде шетел миссионерлері жұмыс істейді, атап айтатын болсақ 8 мұсылмандық, 33 православтық, 172 католиктік, 133 протестанттық. Кейінгі уақытта католик, протестанттық және дәстүрлі емес діни құрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде. «Йогова күәгерлері» бірлестігінің миссионерлік қызметі ерекше қарқын алуда. «Йогова күәгерлері» Қазақстандағы сан жағынан өсіп келе жатқан конфессия болып отыр.«Йогова күәгерлері» діни орталығы Есік қаласында орналасқан. Йогова күәгерлерінің 79 діни бірлестіктері әділет органдарында ресми тіркелген және 30-дан аса жергілікті қауымдары бар. «Йогова күәгерлері» саны 20 мыңға жуық. 1999 жылы діни бірлестіктердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді біріктіреді.