Этноқақтығыстың ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:09, доклад

Краткое описание

ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұлтаралық қақтығыс, түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұ. қ-тың көрінісі ретінде Израиль — Палестина қақтығысын айтуға болады. Арабтар мен еврейлердің жерге таласуы 1947 — 48 жылдардан бастап қарулы қақтығыстар формасынан үздік-создық жалғасып келе жатыр. Ұлтаралық қақтығыстар қатысушы топтардың өшпенділігі мен жауығуы жағдайында өрши түседі. Мұны Түркиядағы күрд мәселесі де дәлелдеп келеді. Күрдтердің өздері жинақы тұратын аймақта Күрдістан мемлекетін құру мақсаты түрік-күрд қайшылықтарына себеп болуда. Батыс Еуропа елдерінде лаңкестіктің қаупін ислам дінімен байланыстырудың орын алуы мұсылман халықтарының өкілдерін қудалауға негіз болуда. Кейбір жағдайда жеке бір ұлттың шектен тыс шовинистік пиғылдары да Ұлтаралық қақтығысқа әкеледі.

Вложенные файлы: 1 файл

билеты этнология казакша.doc

— 110.00 Кб (Скачать файл)

 

Сонымен қатар, мемлекетімізде протестантизмнің жаңа апостолдық шіркеулері, елушілер, методизм, меннонизм, ХХ ғасырдың басында АҚШ-та құрылған. Бұл ағымның ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан. Апостолдар рухындағы Евангелшіл христиандар өз жұмысын белсенді жүргізуде. Қазіргі кезде 3 мыңға жуық адамды біріктіретін 40 қауымдары бар. Пресветериандық ағым елімізде американдық, оңтүстік кореялық уағыздаушылардың миссионерлік қызметі нәтижесінде таралып жатыр. Американдық және корейлік уағыздаушыларға шет елдегі діни орталықтар көмек көрсетуде. Елімізде 20-дан аса пресветериан бірлестіктері бар. «Грейс-Благодать», «Бірінші пресветериан шіркеуі», «Алматы аймақтық пресветериан шіркеуі» бірлестіктері белгілі болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 билет  2 сурак1995-2001 Талибан қозғалысы

Бұл қозғалыс Ауғанстанның саяси сахнасына 1994 жылы шықты

«Талибан» сөзінің арабша төркіні «талиб» - білім іздеуші, оқушы.

Талибан қозғалысы Исламшыл студенттердің әскери ұйымы ретінде  пайда болды. Кеңес Одағының басқыншылық  әрекеттерінен қашқан босқын студенттер солтүстік-батыс Пәкстанда талибтер қозғалысын негіздеді. Оның құрамы «ауған соғысының жетімдерінен» жасақталды.Талибтер өздерін «Аллаһтың шэкірттеріміз»депатады.МақсаттарыИслам дінін таза ұстау; ауған жерінде Аллаһтың калауымен мемлекет орнату; Ислам билігін басқа елдерге тарату. Талибан көсемдерінің көпшілігі Пешеварға таяу жердегі Хаккани медресесін тәмамдағандар.

Негізін салушы молла Мохаммад Омар және молла Мохаммад Раббани.

Талибтер Хаккани медресесін өздерінің идеологиялық орталығы ретінде  ерекше қастерлейді. Көпшілігі өздерінің есімдеріне Хаккани сөзін қосып атайды. Көптеген сарапшылар Талибан қозғалысын Кеңес Одағына қарсы АҚШ-тың арнаулы мекемелері ұйымдастырды деп біледі. Кеңес-ауған соғысы жылдарында АҚШ моджахедтермен қоса талибтерді де қарулан дыр ды. Пәкстан арқылы ауған жауынгерлеріне «Стингер» зымырандары жеткізілді. Бұл әскер шуравиге (Кеңес эскеріне) қарсы жасақталған болатын. Кеңес әскері Ауғанстаннан шығарылған соң билікке талас тіптен күшейді. Талибтер сол кезде билік басында тұрған моджахедтер үкіметіне қарсы шықты.

1994 -1995 жылдарында пуштун  тайпасынан құралған талиб жасақтары  ауған жерінің 50%-ын бағындырды. Қандағар қаласы Талибан қозғалысының  ортасына айналды.

1996 жылында Кабулды  басып алып, талибтер өкімет басына  келді. Мохаммад Омар «мұсылмандар билеушісі» титулына ие болып, Шуру (кеңес) органын басқар ды. Ауған жерінде қатаң Исламдық саяси құрылыс пен өмір салты енгізіле бастады. Әйелдерге түгелдей паранжа кию міндеттелді. Тырнақ бояғандардың саусағы кесілетін болды. Радио мен теледидар таралымы тоқгатылды, музыка тыңдауға, Батыс әдебиетін оқуғатыйым салынды. Мәдени салала талибтердің Исламға қарсы дүниемен күресі Бамиан аңғарындағы Будданың алып ескерткіштерін күйретумен шетіне жетті.

ЫЫ-В ғасырларда жасалған 38,53 метрлік биік ескерткіштер БҰҰ, Ислам конференциясы ұйымы отініштеріне қарамастан талқандалды.

 

2001 жылында шығарылған  жарлық бойынша ауған ерлеріне  Батыс үлгісімен шаш қоюға,  сақал қыруға тыйым салынды.  Исламнан өзге дінді уағыздауға  қатаң шек қойылды. Жезөкшелік, зинақорлық, гомосексуализм үшін өлім жазасы белгілейді

2003 жылында АҚШ пен  оның одақтастары Ауғанстанға  басып кіріп, елдегі 19 Талибан  Қозғалысын биліктен тайдыр ды. Алайда АҚШ әскері талибтерді  толық талқандай алмады.

 

 

10 билет  3 сурак

КСРО кезіндегі қақтығыстар

 

Коммунистік империяның отаршылдық іс-әрекетін жою, мойындамау мақсатында ұйымдастырылған үлкенді-кішілі көтерілістер, наразылық акциялары, тіпті қантөгіске ұласқан қақтығыстар  Кеңестер одағының көптеген аймақтарында талай рет болған.

 Ал, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болса, бұрын бәріміздің ортақ отанымыз болған кең байтақ кеңес елінің түкпір-түкпірінде коммунистік жүйеге қарсы тұтанып, маздап жанған от-жалынның ұшқыны, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұзақ жылғы күресінің заңды жалғасы. Бұл – тарихи шындық. Мұны мойындамау, онымен есептеспеу, жоққа шығаруға әрекет жасау әділеттілікке жатпайды. Төмендегі деректер соның айғағы болса керек.

Тбилисидегі толқын. Жеке адамға табыну жөніндегі Хрущевтің  баяндамасынан кейін қолма-қол  Грузияда ұлы Сталин «халық жауы» деп жарияланды деген лақап тарады. Бұған кінәлі есебінде аталғандар – Хрущев, Булганин және Микоян. Сонымен бірге Сталиннің қазасы ұлттық дәстүрге қарама-қайшы болуы себепті көп жоқтала қоймағаны грузиндердің есінде мықтап сақталған. Көсем дүйсенбі күні жерленді, бұл да грузиндік әдет-ғұрыпқа үйлеспейтін жағдай. 1955 жылдың науырыз айында республикада Сталинді жоқтауға арналған стихиялық түрде жиналған бірен-саран тобырлар бас қосқан. Билік бұған ол кезде пәлендей назар аудара қоймады. Ал бір жыл өткен соң бірінші хатшы Василий Мжаванадзе бастаған партия басшылығы болып бүкіл Грузия ашу шақырды, зығырданы қайнады.

1956 жылдың 4-наурызынан  бастап, яғни Хрущев баяндамасынан  кейін бір жұма өтпей жатып-ақ  грузин жерінде толқу басталды. Аздап қызып алған бір сталинші сүйікті көсем ескерткішінің тұғырына шығып алып бір шөлмек шарапты асфальтқа ұрып сындырады да «Сталиннің жаулары осы бөтелке сияқты құрып кетсін!» деп айқай салады. Екі күн өткен соң грузин Орталық Комитеті КОКП ОК-нің жеке адамға табыну туралы құпия хатын оқиды. Сталинді еске алу кезінде мұндай құжатпен таныстыру асқан қорлық деп есептеп, халық көшеге шығады. Ең алдымен студенттер көтеріледі, ал 7 наурызда кешқұрым Тбилисидегі қарсылық акциясына қатысушылардың саны 70 мыңға жетеді.

9 наурызда наразылық  нағыз көтеріліске ұласты. Көптеген  мекемелер жұмысын тоқтатты –  бәрі митингіге кетті. Хрущевті  орнынан түсіріп, өкіметті ауыстыру  талап етілді. Студенттер пошта  мен телеграфты басып алуға  кірісті. Сол күні кешке Мәскеуден  келген КОКП ОК-нің хатшылары А. Аристов пен М. Суслов Закавказ әскери округінің қолбасшысы генерал И.Федюнинскийге көтерілісшілерге қарсы оқ атуды бұйырды. Түн ортасында Тбилисидегі байланыс үйінің жанында алғашқы қан төгілді. Қала ортасындағы Руставели даңғылында ашу кернеген қалың тобыр тролейбустар мен автобустардан баррикада жасай бас-тайды. Солдаттарды геспатовшылар, жауыздар деп, оларға тас, шөлмек лақтырып, темір шыбықтармен ұра бастайды. Кісі өлімі молайды. Арпалыс кезінде «орыстарды ұрыңдар!», «қанға –қан!» деп ұрандатқанымен бақайшағына дейін қаруланған әскерге пәлендей мықты қарсылық көрсете алмайды. Мұндай толқулар Грузияның түкпір-түкпіріне (Гори, Батуми, Сухуми т. т.) жайылып, жүздеген көтерілісшілер қаза тапты. Сосын жаппай қудалау, тұтқындау басталды.

Осы жантүршігерлік оқиғадан кейін грузиндер Одақтан бөлініп, тәуелсіз мемлекет орнату қажеттігін шындап ойлана бастайды. Олардың ішінде болған 17 жасар Звиад Гамсахурдия  кейін КСРО құлаған соң Грузияның  алғашқы президенті болған еді.

Месхеттік түріктер – босқындар. 1956 жылы месхеттік түріктерге олардың Отаны – Грузиядан басқа жердің бәріне көшіп-қонуға рұқсат етілді. 1968 жылғы жарлықта мұның себебі жер аударылған өңірге «сіңісіп кетуіне» байланысты деп түсіндірілді.

1961 жылдан бастап месхеттіктер  қозғалысын халықты Отанына қайтарумен айналысатын Уақытша ұйымдастыру комитеті басқарды. Комитет заң мен кеңес өкіметіне өзінің құрметпен қарайтындығын талай мәлімдесе де оның үш жетекшісі бірнеше жылға сотталып, қамауға алынды.

1968 жылы месхеттік  түріктер еліне оралуды талап етіп, Тбилисиде 7 мың адам қатысқан митингі өткізді. Грузия компартиясының басшысы В. Мжаванадзе жылына жүз түрік семьясын қабылдаймыз деді. Бірақ уәде орындалмады.

«Қайта құру» кезеңінде  олардың жағдайы тіпті қиындады. Сол жылдары Өзбекстанда жергілікті билік месхеттік түріктердің басына әңгір-таяқ орнатып, ақыры олар босқынға айналып, қаңғырып кетті.

Қырым татарларының қозғалысы. 1956 жылдан бастап қырымдық татарлар еліне  қайтуға рұқсат сұрап билікке  ұжымдық хаттар түсіре бастады. Бұған  бес мыңдай адам қол қойды. 1966 жылы жазылған бір құжатты барлық татар халқы – 130 мың адам қолдаған. Алайда, шағымға жауап берілмеді.

Кейін наразылық басқа  түрге ауысты – көп адам қатысқан митингілер мен шерулер өткізілді. Мәселен, Өзбекстанда Қырым автономиялық республикасының құрылғанына 45 жыл толуына орай болып өткен толқулар (1966) қатыгездікпен басып-жаншылды. Солай бола тұрса да, 1967 жылы жарлық шығып, билік қырым татарларына бұрын орынсыз жабылған «отанын сатты» деген жаланы алып тастады, алайда жаңа жерлерде «сіңісіп кетуіне» байланысты атақонысқа оралуға тиым салынды. Бірақ олар рұқсатты тоспай-ақ Қырымға келіп, бос жерлерге шатыр қалашығын жасап, тұрақтана бастайды. Билік ондай баспананы бульдозермен сырып тастайды. Тіпті татарлар сатып алған үйлерін де қиратты. 1978 жылы осындай бір сойқаннан кейін Мұса Мамұт деген қырым татары наразылық есебінде өзін-өзі өртеп жіберген. «Бульдозер майданы» 1990 жылдарға дейін созылды.

 

Қызыл алаңдағы шеру. 1968 жылдың 25 тамызында күндізгі сағат 12-де Мәскеудің дәл төрінде қарсылық акциясы өтті. Кеңес өкіметінің Чехословакияға әскер енгізуіне наразылық білдірген жеті адам қолдарына «Сіз бен біздің бостандығымыз үшін!», «Тарт қолыңды ЧСКР-дан!», «Басқыншылар жойылсын!», «Азат және тәуелсіз Чехословакия үшін!» деген ұрандар ұстап, Қызыл алаңға шықты. Қарапайым киінген күштік құрылым қызметкерлері наразылық білдірушілерді төмпештеп ұра бастайды, қолма-қол бәрін тұтқындайды. Екі айдан соң бесеуіне сот болады. В.Дремлюга үш жылға, В.Делона екі жылға, қалғандары (Л.Богораз, П.Литвинов, К.Бабицкий) әртүрлі мерзімге – үш жылдан бес жылға дейінгі аралық мерзімге сотталады. В.Файнберг Қызыл алаңдағы соққыдан алдыңғы төрт тісі сынғандықтан оны сотқа әкелмей, Н.Горбановскаямен бірге жындыханаға қамайды.

Литвадағы ұлттық күрес. Балтық жағалауындағы республикаларда, әсіресе Литвада, мұндай жағдай бұқаралық сипат алды. Кеңес билігі тәуелсіздік үшін күрескен партизандардың – «орман ағайындарының» – соңғы отрядын 1956 жылы ғана жойып тынды. Ал 70-жылдардың басында лттық қозғалыстың жаңа толқыны басталғанда қарулы күрес кезеңі жұрттың әлі есінде болатын.

1972 жылдың мамыр айында  Каунас қаласының дәл ортасындағы  саябақта Ромас Каланта деген  жас жігіт өзін өзі өртейді.  Ол мұндай қадамға «кеңес әскерлерінің  Литваны басып алуына қарсылық» көрсету үшін барған. Оны жерлеу (18 мамыр) үлкен манифестацияға ұласып, мыңдаған адамдар көшеде «Литва!», «Азаттық!» деген плакаттар мен ту көтеріп шеруге шыққан.

Милиция қалың топты  қуып, таратуға кіріседі. Тәртіп сақшыларына  тас атып, бір милиционер жарақаттанады. Шеру келесі күні жалғасады, билік төрт жүздей адамды тұтқындайды, оның 8-і сотталып, түрмеге қамалады. Осыдан кейін жыл сайын мамыр айында Р.Калантаның қаза тапқан жеріне гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған.

Вильнюсте 1975 және 1977 жылдары  футбол ойындарынан кейін көпшілік қатысқан митингілер өтеді. 1977 жылғы 7 қазанда «брежневтік» ата заң қабылданған күні, мыңға жуық адам «Басқыншылардың Конституциясы жойылсын!» «Литваға бостандық берілсін!», «Орыстар, тайып тұрыңдар!» деп қатты дауыстап, көше-көшелерді аралайды. Үш күннен соң шеру тағы қайталанады.

КСРО-ға үкім шығарған офицер. 1975 жылдың 8 қарашасында Рига портында тұрған Қызылтулы Балтық флотының сүңгуір  қайыққа қарсы пайдаланылатын «Сторожевой» деген әскери су кемесінде көтеріліс  болған. Мұны М. В.Фрунзе атындағы жоғары әскери-теңіз училищесін, В. И.Ленин атындағы Әскери-саяси академияны тәмамдаған, талай жыл әскери қызмет атқарған тәжірибелі теңізші, әскери су кемесінің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары үшінші рангалы капитан Валерий Саблин басқарған. Ұжымды жинап (200 адам) оның алдында сөз сөйлеген. Ол коммунистік идеалдың кеңес елінде ұмыт қалғанын тілге тиек етеді. Осыған байланысты қоғам және КСРО басшылығы алдында өз пікірін ортаға салғысы келеді. Халық есебінен өзі және өзінің жақындары үшін «өмірдің өскелең қажеттігін» өтеп жүрген партия-мемлекет басшыларының тойымсыздығын сынайды. Мемлекеттік қызметкерлердің біліксіздігін, үкіметтің өрескел сәтсіз қадамдарын, биліктегі жемқорлықты, шамадан тыс шенге бас ұрушылар (чинопочитание) оның ашуын шақырған. Валерий Саблин елде көппартиялылықтың болуын, сөз бостандығы мен пікір алысудың еркіндігін, партия мен ел ішіндегі сайлау жүйесін өзгертуді қалаған. Әскерилер арасындағы офицер абыройы деген қасиетті ұғымның құнсызданып бара жатқанына күйінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Этноқақтығыстың ұғымы