Қазақстандағы жауынгерлердің майдандагы ерлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 16:21, реферат

Краткое описание

Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады.

Содержание

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
II.1. Қазақтар Ұлы Отан соғысында
II.2 Шығыстың қос шынары
II.3 Халық қаһарманы атанғандар
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі.docx

— 36.64 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

I.Кіріспе 
II. Негізгі бөлім 
II.1.Қазақтар Ұлы Отан соғысында 
II.2Шығыстың қос шынары 
II.3Халық қаһарманы атанғандар

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

     Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі

Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан, 219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия, 328-дивизия 30-гвардиялық дивизия болып, 75-теңіз бригадасы 27-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді.

Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бірінде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал-майор И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына (бұрынғы 316-дивизия) генералдың есімі берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кенес Одағының Батырлары - Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г. П Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы (атқыш) - Рамазан Амангелдиев қатысты.

1941 жылы Алматы, Ташкент, Фрунзе (қазіргі Бішкек) т. б. қалалардағы  әскери училищелердің курсанттарынан 39-жеке атқыштар бригадасы құрылып, 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы  тәрізді жауды Мәскеу түбінде талқандап, неміс-фашист басқыншылары басып алған қалаларды азат етті. Жауынгерлік ерлігі мен берік тәртібі үшін 79- атқыштар бригадасы 73-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, оған Сталинградтық дивизия атағы берілді. Еділ үшін болған шайқаста басқа көптеген жауынгерлермен бірге 22-артиллериялық полктық қазақ жауынгерлері де даңққа бөленді. Полк жауынгерлері неміс танкілерін жоюда ерен ерлік көрсетті. 1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары аттанды. Подольск қаласындағы мергендер мектебін бітірген соң, олар Сталинград майданына келді. Ержүрек қазақ қыздарының даңқы бүкіл майданға тарады, олардың ішінде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т. б. болды.

Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік-батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық-түлік, қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде-ақ қазақстандық 310-шы, 314-атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандык жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды III дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 24-атқыштар бригадасында қызмет еткен 3. Оңғарбаева да ержүрек жауынгер ретінде көпке танылды.

Қазақстан жауынгерлері Балтықтың теңіз шептерін табанды түрде қорғады. Қызыл тулы «Киров» крейсерінде соғыс басталғанға дейін жіберілген 156 қазақстандық ерлігімен көзге түсті. 1942 жылы жаз бен күзде соғыстың шешуші оқиғалары КСРО-ның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ мен Дон өзендерінің аралығында болды. Қазақстанда құрылған бөлімшелер Еділдегі шайқасқа да қатысты. Қаһарман-қала Сталинградтың (қазіргі Волгоград) тұрғындарының есінде Қазақстанда жасақталған, полковник Г. Сафиуллин басқарған 38-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерліктері жатталып қалды. Сталинград түбіндегі қорғаныс шайқастарында дивизияда мергендік қозғалыс өрістеді.

Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нүркен Әбдіровке, танкист Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Спатаевқа Кеңес Одағьының Батыры атағы берілді. Көптеген Қазақстандықтар Курск доғасында шайқасқан Брянск, Орталық, Воронеж және Далалық майдандардағы әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамында неміс-фашист әскерлерін талқандауға елеулі үлес қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі, үздік әскери қимыл-әрекеттері үшін 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 7 500 солдат, сержанттары мен офицерлері (оның ішінде А. Бельгиннің батальоны да бар) КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Днепрден өту шайқастарына қатысқан 73-ші гвардиялық дивизияның 210 жауынгеріне, 72-ші гвардиялық дивизияның 29 жауынгеріне, 8-ші гвардиялық дивизияның 46 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жоғарғы үкімет марапатына ие болғандардың арасында А. Әлімбетов, Ж. Сүлейменов, С. Жақсығұлов, Қ. Шәкенов, С. Шәкіров, А. Петров, В. Бреусов, Т. Вербицкийлер болды. 1943 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан еңбекшілеріне жазған хатында 25-гвардиялық атқыштар корпусының командирі былай деген: «Днепрдегі ұлы шайқаста қазақ халқының ұлдары жауға өздерінің біздің Отан-анамызға деген ыстық махаббатын тағы да көрсетті, олардың тамырларында халық батыры Амангелдінің батырлық қанының суымағанын танытты. Днепр жағалаулары мен Днепрден өту кезіндегі шайқастарда қазақтар көрсеткен ерліктердің бәрін санап бітпейсің».

Қаһарман партизандар


Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Украинаның партизандық құрамалары менотрядтарында (толық емес деректер бойынша) 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары, мен отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белоруссияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин т. б. батырларының есімі көпке танылды. Халық кекшілдерінің қатарында қазақстандық әйелдер - Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова т. б. аянбай шайқасты. Еуропа елдерінде Қарсыласу қозғалысына қатысушы қазақстандықтар фашистерге қарсы күресте батырлық пен ерлік көрсетті. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан Салтынбек Төлешов, Шығыс Қазақстан облысынан Константин Трокин, Қарағанды облысынан Михаил Авдейчик, Қызылорда облысынан Омар Тойымбетов тағы басқалары шайқасты. Словакиядағы Турея өзені бойында Қазақстандық Петр Величконың басшылығымен партизандық құрама жасақталды. Чехословакияны неміс фашистерінен азат етудегі партизандық ұрыс қимылдарына алматылық Алексей Ильин, семейлік Николай Мошкин, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Жұбандық Сұранқұлов, павлодарлық Николай Тарановтар қатысты. Югославия жерінде фашистерге қарсы шайқаста көкшетаулық Телжан Желқожинов, Ақтөбе облысының тұрғыны Арық Есентаевтар ерлік көрсетті. Грекия жерінде фашистерге қарсы күресте алматылық Петр Рев, француз қарсыласу қозғалысы сапында Дәулет Қаражұмынның батырлығымен аты шықты. 1943 жылдың жазында Бельгияда фашистік тұтқыннан қашып шыққан кеңес әскерлері партизандық бөлім құрды. Олардың ішінде қазақстандық - Ақтөбе облысынан Өтеген Абдуллин, алматылық Иван Қарасев, Ақтөбеден Борис Бондаренко, Талдықорған облысынан Федор Малаховтар болды. Қазақстандық 23 жауынгер итальяндық қарсыласу қозғалысы құрамында - Қарағандыдан Тәкіш Әлпеисов, Қызылордадан Қалданбек Дүйсенбеков, Актөбеден Жаймақ Келшіков, Целиноград облысынан Николай Дрожаков және Топай Сәдуақасов т. б. жаумен қасык қаны қалғанша шайқасты.

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары


Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі - бір орденмен, төртеуі - екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды.Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник шенінде аяқтады. Әділеттілік тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өмірден қайтқаннан кейін ғана қалпына келтірілді. «Даңқ орденінің толық иегері» атағына 110 қазақстандық ие болды. 1941 жылы 26 маусымда әуеде от-жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы үстіне шүйілтіп, жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996 жылы 2 мамырда Ресей Федерацясының Батыры атағы берілді. Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар Р. Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А. Бақтыгереев, пулеметші A.Е.Вицко, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.

Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев майданда ерліктің, елде ерен еңбектің үлгісін көрсеткен еді

 

 

    Кеңес Одағының Батыры Есен Шегірейұлы Орақбаев (1922-2002) - Батыс Қазақстанда ардақталып келе жатқан айтулы тұлғалардың бірі. Ол 1922 жылғы шілденің 3-інде Батыс Қазақстан облысы, Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданының Қарағай ауылында шаруа отбасында дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Соғысқа Фурманов (қазіргі Жалпақтал ауылы) педагогикалық училищесінің 3-курсында оқып жүрген жерінен өз еркімен сұранып аттанды. Кеңес Армиясы қатарында 1942 жылы алынып, 1943 жылы Ростов зеңбірек училищесін бітірді. 610-атқыштар полкының (2-Украина майданы, 53-армия, 203-атқыштар дивизиясы) взвод командирі Есен Орақбаев көптеген ұрыстарға қатысты, жаудың бірнеше танкісі мен өзге қаруын, адамдарын жойып жіберді.1944 жылғы қарашаның 7-сінде Е.Орақбаевтың шабуылдаушы тобы дұшпанның толассыз жаудырған оғының астымен зеңбіректерін Тисса өзенінің батыс бетіне алып өтті. Шаруд (Венгрия) елді мекенінің маңына бекініп, немістің зеңбірегін, екі пулеметін жойып, атқыштар дивизиясы бөлімдерінің алға жылжуына жол ашты. Танкке мінген фашистер кеңес әскерін өзенге қайта шегіндіруге бірнеше мәрте әрекет жасады. Осы ұрыста Есен Орақбаевтың зеңбірегі танк пен бронды транспортерді жарып жіберді. Кешке таман толас тапқан шайқас таңға қарай орасан күшпен қайта жалғасты. Ұрыста серіктерінен айырылғанына әрі ауыр жараланғанына қарамастан Есен Орақбаевтың зеңбірегі екі жау танкісін, бір өздігінен жүретін зеңбіректі, екі бронды транспортерді істен шығарды, бір ротаға жуық жаудың жаяу әскерін жер жастандырды.Әскери тапсырманы үлгілі орындағаны және асқан ерлік көрсеткені үшін Есен Орақбаевқа 1945 жылғы наурыздың 24-інде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.1946 жылы запасқа шыққан ол 1949 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітіріп, әуелі Чапаев ауданы «Алғабас» кеңшарының, сосын Жаңақала ауданы "Красногор" кеңшарының директоры болды. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған ол бейбіт кезеңде де ерге тән мінезбен екпінді еңбек еткен. Бұған өз замандастарының жылы лебіздері, естеліктері дәлел.Соғыс және еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі, биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығын Астанада тойлағалы отырған Мәжит Жадановтың айтуынша, ол 1972 жылғы наурыз айының 28-інде қайта құрылған Жаңақала ауданының ХХVІІІ партия конференциясы өтіп жатқан тұста Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаевпен кездескен.

 Сонда ағамыз батырмын  деп көкірек кермейтін, сараң  сөйлеп, ойлы пікір айтатын байсалдылығын  бірден байқатты. Кейін Есен ағамен  аралас-құралас, тіпті дос болып  кеттік.Кеңестік дәуірде маусымдық, науқандық жұмыстардың жүргізілуіне  орай шаруашылықтарға уәкіл жіберіліп  отыратын. Бірде Есен Орақбаев басқаратын "Красногор" кеңшарына  уәкіл болып бардым. Есен Шегірейұлы дереу ферма басқарушыларын, бас мамандар мен бригадирлерді жинап, жиналыс өткізді. Бәріне "Өзімізді де, келген уәкілді де ұятқа қалдырмай, жұмысқа қарқын туғызайық" деген ұсыныс айтты. Содан кейін шаруашылықта жемшөп дайындау едәуір қарқын алды. Тапсырмамен барған сайын батырмен шаруашылықты бірге аралайтын едік. Жұмыс барысында  байқалған кемшіліктерге байланысты кісі бетін жыртып, дауыс көтермейтін. Орын алған кемшіліктерді түзеу жөнінде ферма басқарушысына, сала мамандарына тапсырма беретін-ді. Кейін оның қалай орындалғанын бақылайтын. Бұл тәсіл, бір жағынан, сала мамандарының өз ісіне деген жауапкершілігін арттырса, екіншіден, жіберілген кемшіліктерді түзеу жолында әрекет жасауына мүмкіндік беретін.

Батыр басқарған шаруашылық негізінен мал өсірумен шұғылданды. Директор ауру малды бір орталыққа жинап, сауықтыру орнын ашты. Ережеге сәйкес орын жасақталды. Қажетті дәрі-дәрмек, мал азығы жеткізілді. Ем-шараларын жүргізетін дәрігер, жұмыс қолы бөлінді. Онда аудан мал мамандарының семинар-кеңесін өткізді. Жаңалық кең қолдау тауып, кейіннен ауданның барлық шаруашылықтарында емдеу-санитарлық орындары ашылып, жұмыс істеді.Сол кезде жұмыс қолының жетіспеушілігі үлкен мәселе еді. Есен Шегірейұлы мамандармен ақылдасып, үй шаруасындағы қыз-келіншектермен сөйлесті. Нәтижесінде трактор жүргізушілерін даярлайтын курс ашылды. Оқуға тілек білдірушілер аз болған жоқ. Сөйтіп, мал азығын дайындайтын қыз-келіншектердің "Сәуле" бригадасы ұйымдастырылды. Бригаданы басқару Дәмелі Өтешқалиеваға жүктелсе, тәлімгерлік жасау Күнзира Темірғазиеваға тапсырылды. Шаруашылықтағы қоғамдық малға қажетті жемшөптің 95 пайызын "Сәуле" бригадасы дайындады. Кейін бригада Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Бригада тәлімгері К.Темірғазиева Ленин, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталды. Белгілі композитор Әсет Бейсеуов 1982 жылы Есен Орақбаев 60 жасқа толғанда, кейін республикаға кеңінен тараған «Ағаларым» әнін Батырға арнаса, "Сәуле" бригадасындағы қыз-келіншектер құрметіне «Аққу қыздар» туындысын жазды. Қызылобалықтардың бастамасы қолдау тауып, аудан шаруашылықтарында қыз-келіншектердің трактор бригадалары ұйымдастырыла бастады.Қоғамдық малға іріктеу, сұрыптау, генетикалық-селекциялық жұмыстар жүргізу де Есен Орақбаевтың басшылығымен қолға алынды. Шаруашылықтағы қазақтың ақбас тұқымды етті ірі қара малы сүтті көп беретін симменталь тұқымды сиырлармен толықты. Биязы жүнді кавказ тұқымды қойлар табиғат жағдайына төзімді еділбай тұқымды қойлармен ауыстырылды. Кеңшар Көшім тұқымды жылқы өсіретін зауытқа айналды. Есен ағаның басқаруындағы шаруашылық ет, жүн, сүт тапсырудан республика көлеміне белгілі болды. Ол сондай-ақ дәнді дақылдардың егіс алқабын көбейтіп, одан жақсы өнім алуға қол жеткізді. Осылайша Есен аға өзінің еңбек майданында да ер екенін дәлелдеп еді, - деп еске алады бүгінде Орал қаласында тұратын Мәжит Жаданов.Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев 2002 жылы Орал қаласында қайтыс болды. Өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылса, биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Оралдағы Щорс көшесіне Е.Орақбаевтың есімі берілді.Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Закария Сисенғалидың хабарлағанындай, екі майданның ері Жаңақалада да құрметтеліп келеді. Қызылобадағы орта мектеп Е.Орақбаев атында болса, биыл аудан орталығындағы көшеге Батыр есімі берілді. Жеңістің 65 жылдығына орай ердің мүсіні құйылуда, ол өзінің мектебіне қойылатын болады.

Информация о работе Қазақстандағы жауынгерлердің майдандагы ерлігі