Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 10:06, реферат

Краткое описание

Мәтін
Қосымша ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Екі тілде
Көшіру
Басып шығару

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы.docx

— 264.76 Кб (Скачать файл)

1. Техникалық реттеу  және метрология саласындағы уәкілетті орган:  
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының ұлттық стандарттарын әзірлейді және бекітеді;  
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын әзірлейді;  
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;  
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:  
      1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережелерін әзірлейді;  
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру және пайдалану ережелерін әзірлейді
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық Заңымен.     

12-бап. Жергілікті  атқарушы органның құзыреті     

 Жергілікті атқарушы  орган Қазақстан Республикасы  мемлекеттік рәміздерінің тиісті  әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында  пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын  ) бақылауды жүзеге асырады.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ  ЕРЕЖЕЛЕР     

13-бап. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  
               рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру     

1. Қазақстан Республикасының  азаматтары, сондай-ақ Республика  аумағында жүрген адамдар Қазақстан  Республикасының мемлекеттік рәміздерін  құрметтеуге міндетті.  
      2. Азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына енгізіледі.  
      Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады.     

14-бап. Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Туын,  
               Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау     

 Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады.      

15-бап. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік рәміздерін 
              дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан 
              Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 
              жауаптылық     

 Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздерін дайындауды  және пайдалануды реттейтін Қазақстан  Республикасының заңнамасын бұзу  Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген жауаптылыққа әкеп  соғады. 
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.28 N 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық Заңымен.     

16-бап. Осы  Конституциялық заңды қолданысқа  енгізу  
              тәртібі     

1. Осы Конституциялық  заң ресми жарияланған күнінен  бастап күнтізбелік он күн  өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.  
      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 178-құжат; 1997 ж., N 12, 193-құжат; 2006 ж., N 1, 1-құжат) күшi жойылды деп танылсын.     

 Қазақстан  Республикасының  
      Президенті                                    

"Қазақстан Республикасының  
                                    мемлекеттік рәміздері туралы"  
                                  2007 жылғы 4 маусымдағы N 258-III  
                                      Қазақстан Республикасының  
                                        Конституциялық заңына  
                                              1-ҚОСЫМША         

 Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Туы

                                    

"Қазақстан Республикасының  
                                    мемлекеттік рәміздері туралы"  
                                  2007 жылғы 4 маусымдағы N 258-III  
                                      Қазақстан Республикасының  
                                        Конституциялық заңына  
                                              2-ҚОСЫМША      

 Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

                                    

"Қазақстан Республикасының  
                                    мемлекеттік рәміздері туралы"  
                                  2007 жылғы 4 маусымдағы N 258-III  
                                      Қазақстан Республикасының  
                                        Конституциялық заңына  
                                              3-ҚОСЫМША        

 Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік Гимнінің  
                  музыкалық редакциясы                                   

 Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов

    

 Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік гимнінің  мәтіні                         

 Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,  
                                           Нұрсұлтан Назарбаев      

 Алтын күн аспаны,  
      Алтын дән даласы,  
      Ерліктің дастаны,  
      Еліме қарашы!  
      Ежелден ер деген,  
      Даңқымыз шықты ғой.  
      Намысын бермеген,  
      Қазағым мықты ғой.     

 Қайырмасы:  
      Менің елім, менің елім,  
      Гүлің болып егілемін,  
      Жырың болып төгілемін, елім!  
      Туған жерім менің - Қазақстаным!     

 Ұрпаққа жол ашқан,  
      Кең байтақ жерім бар.  
      Бірлігі жарасқан,  
      Тәуелсіз елім бар.  
      Қарсы алған уақытты,  
      Мәңгілік досындай.  
      Біздің ел бақытты,  
      Біздің ел осындай!     

 Қайырмасы:  
      Менің елім, менің елім,  
      Гүлің болып егілемін,  
      Жырың болып төгілемін, елім!  
      Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

  • Мемлекеттік рәміздер
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Гимні

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік  Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан  Республикасының мемлекеттік рәміздері  болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік  Елтаңбасының эталондары Қазақстан  Республикасы Президентінің Резиденциясында  сақталады.

Азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын  түсіндіру мақсатында оларды оқыту  жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім  беру бағдарламаларына енгізіледі.

Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім  беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған  көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік  Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба  не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы  шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей  тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы  қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты  көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде  «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы  қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын  түстес.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары  — Жандарбек Мәлiбеков пен  Шоты Уәлиханов.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туы – ортасында  шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік  бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың  сабының тұсында ұлттық өрнек  тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың  ені мен ұзындығының арақатынасы  – 1:2.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Геральдика (гербтану) тiлiнде  — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк  қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген  ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары  үшiн қасиеттi ұғым.

Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік  тудағы көгiлдiр түс Қазақстан  халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн  тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн  — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң  және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.

Қанатын жайған қыран құс  — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.

Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш  асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң  кеңдiгiн паш етедi.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТIК ГИМНІ

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің –  Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің –  Қазақстаным!


Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы