Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 16:39, курсовая работа
Қайта өрлеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта өрлеу дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.
Кіріспе...............................................................................................................................3
I бөлім. Ренессанс ұғымы, даму тарихы........................................................................4
1.1 Қайта өрлеу дәуіріндегі адам....................................................................................7
II бөлім. Қайта өрлеу дәуірінің әлем және Еуропа мәдениетіне қосқан үлесі.........9
2.1 Көркем өнер туындылары (мүсін, сурет, музыка, сәулет өнері).........................10
2.2 Әдебиет.....................................................................................................................18
2.3 Ғылым.......................................................................................................................22
Қорытынды.....................................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
ӘГП кафедрасы
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
Мәдениеттану
Тақырыбы: Қайта өрлеу мәдениеті және
оның қалыптасу ерекшеліктері
(бағасы) Қабылдаған:
Комиссия мүшелері (қолы) (күні)
(қолы, Т.А.Ә.)
(Т.А.Ә.)
(қолы,Т.А.Ә.)
Қарағанды 2012
Мазмұны
Кіріспе.......................
I бөлім. Ренессанс ұғымы,
даму тарихы...................
1.1 Қайта өрлеу дәуіріндегі
адам..........................
II бөлім. Қайта өрлеу
дәуірінің әлем және Еуропа
мәдениетіне қосқан үлесі......
2.1 Көркем өнер туындылары
(мүсін, сурет, музыка, сәулет өнері).................
2.2 Әдебиет.......................
2.3 Ғылым.........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Қайта өрлеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта өрлеу дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.
Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жағынан байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілері анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды. Сондықтан да ренессанс шеберлері көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін, болашақ ұрпақтарға тарту етті.
Осы курстық жұмыста қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипаты қаралады.Олар: гуманизм, антроцентризм, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.
I.Ренессанс ұғымы, даму тарихы
Қайта өрлеу мәдениеті (фр. Renaissance, итал. Rinascimento; «ri» — «қайта» немесе «қайта
туылған») —Батыс және Орталық Еуропа
елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық
мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту
дәуірі. Кезеңнің хронологиялық шегі шамамен XIV ғасырдың басы мен XVI ғасырдың
соңғы ширегі, кей жағдайларда XVII ғасырдың
алғашқы онжылдығы (мысалы, Англияда, әсіресе,
Испанияда). Қайта өрлеу дәуірі мәдениеттің
зайырлы қасиеті мен оның антропоцентризмімен
( яғни, назарға бірінші кезекте адам және
оның қызметі алынуымен) ерекшеленеді.
"Қайта өрлеу" деген терминИталияда XV ғасырда пайда болды, алғаш
рет бұл түсінік жазушы және суретші Джорджо Вазари еңбектерінде,
әсіресе оның "Ең атақты суретшілер, сәулетшілер және мүсіншілер" (XVI ғасыр)
атты төрт томдық кітабында қолданыла бастады. [2]
Терминнің қазіргі кездегі мағынасын
XIX ғасырдың француз тарихшысы Жюл Мишле
айналымға енгізген. Қазіргі таңда Қайта
өрлеу термині мәдени гүлденудің метафорына
айналды.[4]
XV—XVI ғасырлардағы Италиямәдениет қайраткерлері мен гуманистері
өз дәуірлеріндегі өнердің өрлеуін аса жоғары бағалады.
Антикалық мәдениет үлгілерінен соң, ұзақ уақыт
бойы Батыс Еуропа елдерінде тағылық,
кертартпа заман үстем болып келді. Олар гүлдену,
өркендеу дәуірі енді ғана басталды деп
есептеді. Италияда басталған бұл өнер,
әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы
бетбұрыс бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия, Финляндия және тағы басқа көптеген елдерге
тарады. Қайта өрлеу дәуірі немесе ренессанс,
марксизм классиктерінің айтуы бойынша, өнер, мәдениет, ғылым тарихындағы ұлы жасампаз бетбұрыс
болды.
Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда,
басқа да көптеген Батыс Еуропа елдерінде
көркем өнердің барлық дерлік салаларында
бұрын-сонды болып көрмеген гүлдену басталды.
Ренессанс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері оның дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат. Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғасыр дученто, XIV ғасыр — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Ренессанс қарсаңындағы кезең орта ғасырмен, романдық, готикалық дәстүрлермен тығыз байланысты болды. Бұл кезең екіге бөлінеді: Джотто ди Бондоне өліміне дейін және кейін (1337). Маңызды ашылулар, атақты шеберлердің өмірі мен жұмысы бірінші кезеңге тән. Екінші кезең Италияны жайлаған оба кеселімен байланысты. Барлық ашылулар түйсіктік деңгейде жасалынды. XIII ғасырдың аяғында Флоренцияда авторы Арнольфо ди Камбио болған басты құрылыс - Санта Мария дель Фьоре соборы бой көтереді, артынан оның жұмысын Джотто жалғастырады. [1]
Проторенессанс өнері бәрінен бұрын мүсіндерден көрініс тапты ( Джованни Пизано, Арнольфо ди Камбио, Андреа Пизано). Сурет өнерін 2 көркемдік мектеп: Флоренция (Чимабуэ, Джотто) и Сиена (Дуччо, Симоне Мартини) ұсынды. Қылқалам шебері ретінде Джоттоны Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері реформатор деп жоғары бағалады. [3]Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең — XV ғасыр, яғни «Бастапқы қайта өрлеу дәуірі» (кватроченто). «Бастапқы қайта өрлеу» 1420-1500 жылдарды қамтиды. Осы 80 жыл ішінде өнер орта ғасырлық белгіден толығымен ажырамады, бірақ оған антикадан алынған элементтерді араластыруға талпынды. Уақыт өте келе өнермен өмір талабына сәйкес суретшілер орта ғасырлық негіздерді тастап, антикалық өнер үлгілерін шығармаларының негізі ретінде еркін қолдана бастады. Италиядағы өнер классикалық ескілікке еліктеуге толығымен бет алып жатқанда, басқа елдерде ол готикалық үлгіде сақталған болатын. Альпіден солтүстікке қарай, сонымен қатар Испанияда Қайта өрлеу XV жүзжылдықтың аяғында басталады, оның бастапқы кезеңі шамамен келесі ғасырдың ортасына дейін созылады. Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын — «Кемелденген жаңғыру кезеңі» (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір XVI ғасырды (1500-1527жж) қамтиды. Ендігі жерде Италияндық өнерге әсер етуші орталық Флоренция емес Рим болады. Басты себеп – билік басына II Юлий келуі. Ол Италияның ең атақты суретшілерін сарайына алдыратын, сурет өнеріне деген ерекше сүйіспеншілігімен танымал болған. Папаға және оның қарамағындағыларға Рим Перикл кезіндегі Афиныға айналады: зәулім сарайлар бой көтереді, мүсіндер жасалады, қазірге дейін өнердің інжу-маржаны саналатын суреттер мен фрескалар салынады, өнердің осы үш саласы иық тіресіп бірге дамиды. Орта ғасырдың ұшқыны да көрінбейді, тек антикалық өнер тереңнен зерттеліп, кеңінен қолданысқа енеді. Бірақ суретшілердің қиялын, өзіндік ерекшелігін антикалық грек-римдік өнер өшірмеді, керісінше, олар үлкен өнертапқыштықпен ескі мен жаңаны үйлестіре білді. [4]
1530-1620 жылдардың мәдениеті
мен өнерінің көрінісі сан
алуан. Британ
Осындай ұлы мәдени бастамалардың жаршысы болған Италия елінде, алғаш рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. XVI ғасыр 40-жылдары инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында IV-ші Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана-сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккаччо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тиым салынған кітаптар отқа жағылды. Католиктік шіркеумен ымыраға келмей, өз идеяларын табанды түрде қорғап, халық арасына кеңінен насихаттаушы еркін ой иелерін қудалап-жазалау сол қоғамға тән құбылыс болды. Папа өкіметіне, шіркеуге қарсы шыққан көптеген ғалымдар, ойшылдар, өнер адамдары инквизиция құрбандығына шалынды. Мысалы, 1600 жылы Римде, «Гүлдер алаңында», «О бесконечности Вселенной и мирах» атты атақты шығарманың авторы ұлы Джордано Бруно отқа өртелді. Мұндай сындарлы кезеңде көптеген ақындар, суретшілер, сәулетшілер және т.б. гуманизм идеяларынан бас тартып, Қайта жаңғыру дәуірінің ұлы қайраткерлерінің «Үлгісін» ғана қабылдауға мәжбүр болды. Осындай «маньеризм» стиліндегі өнер адамдарының қатарына атақты суретшілер Понтормо (1494— 1557 жылдары), Бронзино (1503—1572 жылдары) және мүсінші Челлини (1500— 1573 жылдары) және т.б. жатты. Бірақ көптеген суретшілер сурет өнері саласындағы реалистік дәстүрді одан әрі жалғастыра берді. Олардың қатарына Веронезе (1528—1588 жылдары), Тинторетто (1518—1594 жылдары), Караваджо (1573—1610 жылдары) ағайынды Караччилер және т.б. қосылды. Олардың кейбірінің, атап айтқанда Караваджоның шығармашылығы Франция, Испания, Голландия елдеріндегі сурет өнерінің дамуына өз әсерін тигізді. Әрине, әр елдің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуы мен дамуының ұлттық ерекшеліктерінің болғандығы даусыз. [1]
Энгельс «Табиғат диалектикасы» кіріспесінде осы тарихи кезеңге және өнерге былай баға береді:«В спасенных при падении Византии рукописях, в вырытых из развалин Рима античных статуях перед изумленным Западом предстал новый мир - греческая древность; перед ее светлыми образами исчезли призраки средневековья; в Италии наступил невиданный расцвет искусства, который явился как бы отблеском классической древности и которого никогда уже больше не удавалось достигнуть. В Италии, Франции, Германии возникла новая первая современная литература. Англия и Испания пережили вскоре вслед за этим классическую эпоху своей литературы». [19]
Алайда Қайта өрлеуге
берілген мұндай бағаға бәрі келісе қоймады.
20 ғасырдың басында жандана бастаған
Орта ғасырлық көзқарастар ренессанс
төңірегінде жағымсыз пікірлер қалыптастырды.
«Георге мектебінің»
1.1 Қайта өрлеу дәуіріндегі адам
Қайта өрлеу дәуірінің
мәдениетінің негізгі ерекшеліктері
– шынайылық, гуманистік дүниетаным,
көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта
«көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік
мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық
дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін
қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін
болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық
талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы
өзгерді.
Тез өзгеріп тұрған дүниеде барлығы да
«құдайдың еркімен» болды дегенге сенім
азая берді. Адамның күші мен қабілетіне
деген сенім қайта жанданды. Жаңа мәдениеттің
қайраткерлері көңілдерін ең алдымен
адамға және оның ісіне аударды. Сондықтан
оларды гуманистер (латынша – «гуманус»
– адамгершіл) деп атады. Бұл жаңа дүниетанымның
қалыптасуына әртүрлі мамандықтағы, әртүрлі
әлеуметтік дәрежедегі адамдар – сол
дәуірдегі қала интеллигенциясы (зиялы
адамдар, қауым) – ақындар, философтар,
суретшілер, мүсіншілер үлес қосты. Гуманистер
озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын
орта ғасырлық моральға сүйенген дәстүрлер
мен догмалық ережелерді өлтіре сынады:
ғылыми зерттеу еркіндігіне жол ашылды.
Діннің шаттық өмірден бас тарту керек
деген қағидасы дүниеге нақты назар аударумен,
табиғатты зерттеумен алмасты. Ғалымдар
бақылау жасап, тәжірибелер жүргізіп,
табиғат құбылыстарын анықтауға, олардың
себептерін түсінуге тырысты. Соның нәтижесінде
шынайы ғылым, әдебиет пен өнер туды. Қайта
өрлеу дәуірі гуманистік рух (адамгершілік),
табиғат пен адамды зерттеуге негізделген
мінез-құлық және сұлулық нормаларын тапты.
Гуманистік рух ұлттық дәстүрді ілгері
дамытып, тарихи жаңа жағдайларға сай
жаңаша түсіндірді. Гуманистер өмірдің
мақсаты мен жоғары бақыт құдайға құлшылық
етуде немесе әскери ерлік жасауда емес,
адам мүддесі үшін еңбектенуде деп білді.
Гуманистерді жан-жақты дамыған адамдар,
рухы да, денесі де, ақыл-ойы да, сезімі
де тамаша адамдар қызықтырды.
Гуманистер феодалдық тәртіпті сынай
отырып, оны түгелімен жоққа шығарған
жоқ. Олар билеуші тапты білімдендіру
жолымен өмір сүріп тұрған құрылысты «жөндеуді»
армандады; халық олардан өз тұрмысын
жақсартуды күтуі керек. [1]
Информация о работе Қайта өрлеу мәдениеті және оның қалыптасу ерекшеліктері