Қайта өрлеу мәдениеті және оның қалыптасу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Қайта өрлеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта өрлеу дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................................3
I бөлім. Ренессанс ұғымы, даму тарихы........................................................................4
1.1 Қайта өрлеу дәуіріндегі адам....................................................................................7
II бөлім. Қайта өрлеу дәуірінің әлем және Еуропа мәдениетіне қосқан үлесі.........9
2.1 Көркем өнер туындылары (мүсін, сурет, музыка, сәулет өнері).........................10
2.2 Әдебиет.....................................................................................................................18
2.3 Ғылым.......................................................................................................................22
Қорытынды.....................................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

ренессанс.docx

— 90.45 Кб (Скачать файл)

Ренессанстық архитектураның дамуына үлес қосқан бес шебер  бар: Филиппо Брунеллески, Леон Баттиста Альберти, Донато Браманте, Микеланджело Буонарроти, Андреа Палладио.

Мұндағы түбірлі өзгеріс  сәулет саласында болды. Сәулетшілер  Италияда етек жайған романдық және готикалық  стильдерден біржолата бас тартты. Қайта өрлеу дәуірінің ең белгілі  ғимараты — Римдегі Әулие Петр күмбезі. Бұл ғимарат жұз жылдан астам уақыт бойы тұрғызылды. Құрылыстың алғашқы жобасын жасаған сәулетшілер  — Браманте мен Микеланджело есімдерін айтуға болады. СәулетшіМикеланджело биіктігі 132 метрлік зор күмбезді салуды ойластырған. Қайта өрлеу ғимараттары түрлі бағаналармен көмкеріліп, аса күрделі жасалды. [2]

 

Мүсіндеу өнері

Қайта өрлеу дәуірінің  суретшісі, мүсіншісі әйгілі Донателло( толық аты Донато ди Николло ди Бетто Барди). (1386—1466) Флоренцияда дүниеге келген. Әйгілі мүсінші Лоренцо Гиберти шеберханасында мүсін өнерінен тәлім алып, жұмыс істеген.  XV ғасырдағы Флоренция ірі өнеркәсіп, мәдениет орталығы еді. Онда неше алуан цехтар жұмыс істейтін. Сонымен қатар олардың әрқайсысының дербес туы, гербі, қамқор әулиесі болды. Сондай қолөнер цехтарының бірі қару-жарақ шығаратын-ды. Оған Георгий әулие қамқорлық етті. Міне, осының барлығы сол кездегі өнердің басты тақырыбына айналды. Бұған дейін де, бұдан кейін де шығармашылыққа өзек болды. Мәселен, суретшілер, мүсіншілер Георгийді алуан қырынан алып бейнелеген еді. Көбіне ақбоз ат мінгізіп сері ретінде көрсететін. Ұзын сапты өткір найзамен алпауыт айдаһарды өлтірген батырдың тұлғасын тек бір қырынан беруге бейім еді. Мысалы, мүсіншілер ауыздығымен алысқан атты, сосын азу тісті алты қарыс айдаһарды мүсіндеумен шектелді. Ал, басты кейіпкер – Георгий ішкі дүниесін тереңірек ашып, кесек тұлғасын жасауға онша мән бермейтін.

Осылай ғасырлар бойы қалыптасқан  трафареттен бас тартқан Донателло  әулие Георгий образын ( қосымшадағы 23-сурет) бүтіндей басқаша бейнеледі. Ол батыр образын мейлінше шынайы етіп көрсетуге тырысты. Георгий мүсінші кескіндеуінде сұңғақ бойлы, талдырмаш жас жігіт. Ол сауыт-сайман асынбай, жеңіл киінген. Жүзінде сабырлылық пен өжеттілік бар. Болат қалқанға сәл ғана сүйеніп, әлденеге ойланған қалыпта. Жанары өткір. Тұлабойын бұла күш кернеген жас батыр қандай да болсын сыннан сүрінбей өтетініне кәміл сеніммен қарайды. «Флоренция республикасына төнген қауіпті жеңу үшін дәл осындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жауынгер, ел қамқоршысы болар азаматтар керек» деген ой туғызады. Донателло бұл туындысы арқылы ердің Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, қаһармандық бейнесін көрсетпек болды. Мүсінші еңбегінің осы қырын кезіндегі Флоренция әкімі Козимо Медичи және өнер сыншылары жоғары бағалаған еді.

1431 жылы Донателло Римге  саяхат жасады. «Мәңгі қаладағы»  көптеген антикалық ескерткіштерді  түгелдей көріп, оларды зерттеді. Тіпті соған орай арнайы альбом  жасап, оны суретке толтырды. Олардың  көбі мүсінші қиялының қағазға  түскен алғашқы бедерлері еді.  Кейін қолға алмақ шығармаларының  сұлбасы еді. Ол әулие Георгийден  кейін өз шығармашылығының бағыт-бағдарын біржола анықтап алады. Артынан өшпейтіндей із қалдырған ерлердің ерлігі, адамзат баласы асқан ұстар адамгершілік қасиеттері оның өзекті де өміршең тақырыбына айналды. Соны ең басты мақсат етіп қойды. Соның бір айғағы, талай ұйқысыз түндерден кейін туған қоладан жасалған Давид мүсіні. Бұл тақырып ежелгі еврейлердің қасиетті кітабы – Таураттан алынған. Иуда патшалығы мен филистимлян әскерін көзсіз батыр адам басқарады. Ол – екі иығына екі кісі мінгендей алып тұлғалы, айбынынан  арыстан именгендей аса сұсты Голиаф еді. Оның аты аталған кезде  сен тұр мен атайын дейтін дұшпанның тізесі қалтырап, төбе шашы тік тұратын болған. Еңіреп отырған бала жылауын қояды екен. Сондай айдарынан жел ескен қаскөй батырға қарсы келетін ел ішінен еркек кіндікті бір адам табылмай қояды. Қырық күн бойы қырғын салған ол халықты қанға бөктіреді. Ел басына нәубет төніп тұрған осындай қиын-қыстауда Саул патшаның шатырына бақташы бала Давид кіреді. Иіліп сәлем беріп болған соң: «Қатерлі жауға мен шабамын!» - деп Давид өз тілегін білдіреді. Баланың батылдығына таңқалсада бақай есептілер басындырғысы келмейді. Өзеуреп отырған жұрт оның бұл тілегіне ду күліп, мысқыл сөзбен шығарып салады.

Бірақ бала тілегін қабыл  алмасқа да шара қалмайды. Ақыры  дүлей күштің тәңірісіндей Голифқа  бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған Давидті қарсы шығарады. Бала қолына бар-жоғы таяқ пен сақпан ұстайды. Мына келемежге күйінген Голиаф долдана  ұмтылған сәтте тас салған сақпанды жас батыр айналдырып-айналдырып келіп, жауға қарсы тартып жібереді. Өткір тас сарт етіп Голиафтың  маңдайына тиеді. Жай тимейді, маңдай сүйегін парша қылып тесіп  өтеді.

Донателло шығармасына арқау  болған осы аңыздағы Давид ерлігі шынайы қалпында мүсінделген. Сіз Голиафтың  басын алған өр тұлғалы батыр  баланың семсерді жерге қадап, сол  аяғымен жауының басын басып  тұрған сәтін көргенде, осындай жұмбақ сырға тап боласыз. Давидтің кәрленген  жүзінен жауыздыққа деген өшпенділік табын, қан жұтқан халқының өшпес  кегін көргендей әсерде қаласыз.

Ғасырлар бойы көрген адамның  көңілін өсірген осынау  таңғажайып туындыны терең ашып беру үшін мүсіншіге асқан шеберлікпен қатар, сөз жоқ шығармашылық батылдық керек болды. Олай дейтініміз, адам сымбатын жалаңаш мүсін арқылы бейнелеу Қайта өрлеу дәуіріндегі өнердің айрықша жаңалықтарының бірі еді. Бұл дәстүрді бір ғасыр өткен соң атықты мүсінші әрі суретші Микеланджело одан әрі дамытты.

Өнер өлкесіне шалқар шабытпен бірге шынайы халық сүйіспеншілігін  қатар ала келген Донателло осыдан кейінгі (1443-1453 ж.ж) он жылын Падуя  қаласында өткізген. Осы жылдар ішінде қажырлы еңбек, талмас ізденіс «Гаттамелата»  сынды кесек дүниені өмірге әкеледі.

Падуя қаласының  орталық алаңындағы Базилика дель Санто ғибадатханасының алдында ауыздығымен алысқан ат үстінде қолбасшы (кондотьер) Эрамзо Нарни Гаттамелата отыр. Барлық саналы өмірін  түн қатып, күн кешкен жорықтарда, қан төгіс соғыстарда өткізген қарт жауынгердің жүзінен батырға тән айбынды аңғарасыз. Тосыннан тиер жауға айбат шеккендей, тіпті қымсыздану қыр көрсеткендей қалып танытады. Тұла бойын сарқылмас күш, жігер мен қайрат кернеп алғандай көзге шалынады. Батырдың сырт тұлғасы арқылы ішкі тылсым иірімдері осылай астасып, осылай көрініс табады. Автордың бұл статуясынан антикалық ескерткіштерге тән кейбір элементтерді де байқауға болады. Ол, сірә, Донателлоның тарихи мұралардан көп үйренгендігін көрсетеді. Және бір айта кететін жайт, Гаттамелата статуясы  Қайта өрлеу дәуірі кезінде жасалған салт аттының тұңғыш мүсіні. Осы себептен Гаттамелата  ескерткіші ғасырлар бойы көптеген мүсіншілер мен суретшілердің үлгі тұтар өнегесі болып келді.

1453 жылы 63 жастағы Донателло  туған қаласы Флоренцияға қайта  оралды. Күш-қайраты сарқылмаған   кәрі тарлан творчестволық ізденуді тоқтатпады. Көптен бері көңілінде жүрген бір тамаша ойды жүзеге асыруға кірісті. Бұл - өжет қыз Юдифь ерлігі. Миф бойынша Юдифь деген қыздың туған қаласы бір жыл бойы жау қоршауында қалады. Халық жүдеп-жадап, еңсесі түскен кезде әлі бұғанасы қатпаған жас қыз Юдифь көзсіз ерлікті көрсетеді. Түнде қаладан шығып, жау жатағына барады. Арақ пен шарапқа мас болып отырған дұшпан елінің әскер бастығы Олофернді өз қылышымен басын кесіп, елін жаудан аман алып қалады.

Осындай аңызға айналып, ұрпақтан –ұрпаққа хикая болып жеткен тамаша ерлік , жан сүйсінер батырлық талай  шеберлердің тіліне тиек, ойына өрнек  болған еді. Осы ерлікті көрсету  үшін кәрі шебер іске шабыттана кіріседі. Донателло шеберлігінің тағы да бір  қырын баяндайтын Юдифь мүсіні (қосымшадағы 24-сурет) біздің заманымызға дейін жетіп, Флоренциядағы Палаццо Векко алаңында қойылды.Ұлы мүсінші Донателло 1466 жылы 13 желтоқсан күні қайтыс болады. [11]

 

Музыка

Италиян билеушілерінің, француз  корольдері мен герцогтерінің сарайында, гуманистік интеллигенция қатарында, жеке үйлерде, қалалық өмірде, шіркеу орталықтарында, жалпы қоғамның мәдени өмірінде рөлі күннен күнге артып  келе жатқан өнер турасында сауатты  болу - ренессанс дәуірінде «көкірегі  ояу, көзі ашық» адамның міндеті  еді. Осы кезеңде  «көпшілік» санаға әсер етудің ең өтімді құралы музыка десе де болады.

Қайта өрлеу дәуірінде  профессиналды музыка шіркеулік  нышаннан арылып, халықтық нақышқа  бейімделеді, жаңа гуманистік дүниетаным енеді. 14 ғасырда Италия мен Франция, Англия, Нидерландия, Германия, Польша, Чехияда «Ars nova» («Жаңа өнер») өкілдерінің шығармашылығында вокалды және вокалды-инструменталды пофония өнері жоғары дәрежеге жетеді.

Музыка өнерінде алуан  түрлі жанрлар  - Италияда фроттола және виланелла, Испанияда вильянсико, Англияда баллада, Италияда пайда болып  барлық жерге таралған мадригал (Л. Маренцио, Я. Аркадельт, Джезуальдо да Веноза), француз көпдауысты ән (К. Жанекен, К. Лежён) кең етек алды. Мүмкіндіктерге бай ішекті аспаптар дайындау өнері Италияда дами бастады. Аристократтық ортада таралған виола мен халықтан шыққан скрипка арасында «күрес» жүрді. Қайта өрлеу дәуірі музыкада жаңа жанрлардың  - жеке ән салу, кантаттар, ораториялар мен опералар пайда болуы гомофонды стильдің қалыптасуына жол ашты.[10]

Діннің шаттық өмірден  бас тарту керек деген қағидасын  ендігі жерде ойын-сауыққа негізделеген өмірмен алмастырды. « Адамдар діннен алыстап, жалғыз қалды. Ойын-сауық арқылы көңіл көтеру керек» дегеннің жақтаушылар саны көп боды. Ал Паскаль болса «Жоқ, ойын-сауық адамды адастырады» деді. Бұл ойлардың түйінін Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Күндегі таныс-күн мен  түн,

Жалықтым мұнан, кетемін.

Қайта-қайта бір ойын

Ұялмай ойнап нетемін!

Өзгермейтін, өлмейтін

Өмірді талап етемін.

Қайталап ойын көрмейтін

Қызыққа түпсіз жетемін.

Теріс десең дәлел сал,

Түзу көрсең ұғып ал!

-деп түйеді. [17]

«Әннің де естісі бар, есері  бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда, көңілдің өсері бар» деп қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы «ұйықтап жатқан көңілді оятатын» әндер ғана өмір сүруге құқылы екенін айтады.[18]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Әдебиет

 

Гуманист-жазушылар табиғатты  жырлады, оның сұлулығына масаттанды. Жазушыларды енді ойдан шығарылған «әулиелер» емес, тірі адамдар, олардың  қуанышы мен күйініші қызықтырды. Олар өз заманының оқиғаға толы өмірін жазды, өлеңдерінде адамның күшті  сезімін жырлады.

Немістің гуманистік әдебиетінің  белгілі өкілдерінің бірі — Иоганн Рейхлин (1455—1522 жылдары) — «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды. Қайта жаңғыру дәуірінде неміс әдебиеті де айтарлықтай табыстарға жетіп, тамаша көркемсөз шеберлері, халық ақындары мен жазушылары әдебиет пен өнер сахнасына шықты. Солардың бірі — немістің атақты ақыны Ганс Сакс (1494—1576 жылдары) пен өткір сатиралық шығармалардың шебері, неміс Ренессансының соңғы өкілі Иоганн Фишарт (1546—1590 жылдары) болды.

Нидерландыдағы Қайта  жаңғыру мәдениетінің алыбы Эразм Роттердамский (1496—1536 жылдары) болды. Ол өзін «әлемнің азаматымын» деп атады. Эразмның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Испанияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен князьдердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл тұста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филип Альхонде, суретшілер Питер Брейгел (1525—1569 жылдары), Франс Хале (1580—1660 жылдары) және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының мәдени өмірінің басты ерекшелігі — қалаларда ғана емес, сонымен қатар, шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьеса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды. Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.

Англияда гуманистік идеялардың орталығы — Оксфорд университетінде өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары — Гросин, Линакр, Колет және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы Томас Мордың (1478—1553 жылдары) есімімен тығыз байланысты болды. XVI ғасыр бірінші жартысында көркем әдебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. XVI ғ. Лондонда байлар үйлеріндегі жеке меншік театрларды есептемегенде 9 театр жұмыс істеді. Солардың ішіндегі ең ірісі — «Глобус» театры — ағылшын халқының ұлы драматурга, ағылшын Ренессансының алыбы — Вильям Шекспирдің (1564—1661 жылдары) шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Ерекше атап өтетін бір жайт, ағылшын театрларына барлық сословиенің өкілдері — ақсүйектер де, шенеуніктер де, көпестер де, жұмысшылар мен шаруалар да, қолөнершілер де бара алатын, сондықтан да болар, театр өнерінің өрге басуы, оның демократиялық сипаты — ағылшын қоғамындағы демократиялық жүйенің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Шекспирдің шығармашылығы гуманистік идеяларға толы болды. Оның қыл қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих VI», «Ричард III» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, Жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің атымен тығыз байланысты. Ол театр саласындағы реалистік ағымның жаршысы болды. Дүние жүзіндегі барлық театрлар Шекспир мектебінен өтті, ал бұл тамаша дәстүр бүгінгі заманда одан әрі жалғасуда. Жаңа тарихи жағдайда театр әрбір халықтың, әрбір мәдениеттің тынысын жан-жақты беруге талпыныс жасады. Театрлар қойылымдарында, әсіресе Шекспир қойылымдарында этикалық кең құлаш байқалды, әлеуметтік сатира мен өмірлік реализм басты орынға шыға бастады. Ең бастысы — бұл қойылымдарда халықтық рух басым болды.

Информация о работе Қайта өрлеу мәдениеті және оның қалыптасу ерекшеліктері