Өндіріс шарттарындағы өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 09:02, курсовая работа

Краткое описание

Киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адам заты қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар үнемі өзгеріп отырады [1].
Киім утитарлық және эстетикалық қызметтерді атқаруға және адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйым және бұйымның жыйынтығы. Киім бағыттарын айтқан кезде костюм термині әр кезде қолданылады.
Костюм - адамның сыртқы киетін қалыптастыру мен бүтін бір утилитарлық көркемдік тұтастықты құрайтын адам денесіне киілетін киім содай-ақ сәнді шаш грим сияқты бұйым белгілі бір тәртіппен өзара келісілген тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын кешен. Көріп отырғанымыздай атқаратын қызметтің бірінші деңгейі утитарлық пен эстетикалы болып бөлінеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................. 2
1.Көркемдік бөлім...............................................................................................3
1.1.Сәннің болашақ бағыттары..........................................................................3
1.2.Жобаланған бұйымға қойылатын талаптар...............................................5
1.3.Бұйымға материалдарды таңдау және негіздеу.........................................6
1.4.Ұқсас моделдерді таңдау және талдау.....................................................10
2.Конструкциялық бөлім.................................................................................20
2.1.Құрастыру әдістемелерін таңдау және негіздеу......................................20
2.2.Конструкция сызбасында қолданылатын алғашқы мәліметтер.............23
2.3. Бұйымның базалық конструкциясының (БК) сызбасын жасау............24
2.4.Техникалық моделдеу...............................................................................29
2.5.Лекалоларды құру.......................................................................................32
2.6.Бөлшектер спецификациясы.....................................................................34
2.7.Лекалолар градациясы................................................................................35
3.Технологиялық .............................................................................................39
3.1. Бұйымдағы материалдар шығынын мөлшерлеу...............................39
3.2.Жабдықты таңдау................................................................................................45
3.3.Өңдеу тәсілдерін таңдау және негіздеу.............................................................46
3.4.Бұйым әзірлеуінің технологиялық бірізділігі ..................................................47
4.Экономикалық бөлім..............................................................................................52
4.1.1-бап.Негізгі және қосымша маталардың шығындалуы..................................18
4.2.2- бап.Қайтарым қалдықтары............................................................................18
4.3.3- бап.Өндіріс жұмысшыларының жалақылары..............................................18
4.4.4- бап.Әлеуметтік салыққа аударым..................................................................19
4.5.5- бап.Цехтың шығындары.................................................................................19
4.6.6- бап.Жалпы шаруашылық шығында...............................................................20
4.7.7- бап.Өндірістен тыс шығындар.......................................................................20
5.Өндіріс шарттарындағы өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігінің негіздері.....................................................................................................................22
5.1.Өндірістің экологиялық мінездемесі.................................................................22
5.2.Еңбек шарттарының негіздері және тігін өндірісіндегі жұмысшылардың ауырып қалуы....................................................................................................... 23
5.3.Техникалық қауіпсіздік..................................................................................... 23
5.4.Өрт қауіпсіздігі.................................................................................................. 23
6.Жоба бойынша қорытындылау........................................................................... 24
7.Ұсынылған әдебиеттер тізімі........................................................................... 25
Ұсыныстар............................................................................................................ 27

Вложенные файлы: 1 файл

dip_2350.doc

— 1.17 Мб (Скачать файл)

   Алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан Қытай мемлекетінің су саясатының әсерін сезінуі мүмкін. 1999 жылдан бастап Қытайда Ертіс өзенінің жоғарғы ағынын басқа жаққа бұру басалды. Қазірдің өзінде бұл өзеннің ластануы күшейіп, өзендегі су көлемі азайып келеді.

   Жеке елді аймақты таза сумен қамтамасыз ету проблемалары тек сол елге ғана қиындық әкелмей бүкіл әлемдік дағдарысқа үлес қосады. Сондықтанда мұндай дағдарыстық жағдайларды шешу бүкіл әлем бірлесіп іс-әрект жасауды талап етеді. Үлкен ойшылықпен және болашақтық тұрғыдан суға адамзаттың негізгі стратегиялық ресурсы ретінде қарау ХХІ ғасырдың маңызды бағыттамаларының бірі болып тұр.

 

    5.1.3. Атмосфераға әсері

Атмосфера – ауадан, химиялық қоспалардан және су буларынан тұратын  күрделі жүйе. Ол – метрологиялық  режимнің маңызды факторымен биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүру ортасы. Атмосферадағы әр-түрлі  кампоненттердің қатынасынан оның радиациялыққа, жылулыққа және ылғалдылыққа әсері, өзін-өзі тазарту мүмкіндігі қалыптасады. Атмосфераның газды құрамы, ондағы су буы менәр-түрлі заттар күн радиациясының жер бетіне өту деңгейін жер айналасындағы жылулықты ұстап тұрады. Егер де атмосферада бұл әр-түрлі қоспалар болмағанда, ол жағдайда жер бетіндегі орташа жылдық температура +150С емес, -150С болар еді.

Атмосфераның өте маңызды  қасиеттеріне оның тез араластыру мен  үлкен қашықтықтарға орын алмастыру  мүмкіншілігі, оның басқада сфералармен және мұхитпен байланыстығы жатады.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әректі нәтижесінде  ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына, тау  жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың  тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскеде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне  өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергиясы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б жатады.

Қазіргі кезде атмосферада  қалықтау күйіндегі 20 млн тоннадай бөлшектер бар деп шамаланады. Мұның көбісін өнеркәсіптік кәсіпорындар шығындылары құрайды. Басқа ластағыш бөлшектермен салыстырғанда бұлардың химиялық құрамы әр текті.

   5.1.4. Материалды ресурстарына әсері

   Атмосфера маңызды сырқылмайтын экологиялық ресурс екені ақиқат. Қаншалықты сарқылмайтын болсада біз бұл ресурсты тиімді пайдаланып қорғай білуіміз қажет.

   Табиғатта өндіріс тұйық цикл бойынша жүзеге асырылады. Одан қалдық шықпайды. Өндірістік әрекеттіліктің соңғы өнімі жаңа өндірістік цикл үшін бастама болып табылады. Табиғат өндірісінен айырмашылығы, адамзат өндірісі қалдықты болып табылады. Адамның тіршілік әрекеттілігі үшін жылына 20 т кем емес табиғи ресурстардың жұмсалу керектігі есептеліп шығарылған. Оның небары 5-10% ғана өнімге жұмсалады, ал 90-95% қадыққа кетеді.

   Ауаның тазалығымен адам баласының денсаулығы байланысты. Адамның тазалығы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де, бізді қоршаған басқада объектілерге қажет. Мысалы, ауа таза болмаса металдардан және басқа материалдардан жасалған конструкциялар, үйлер, ғимараттар, коррозия тағы басқа процестерге ұшырап зақымдалды, тез ескеріп істен шығады.осыған байланысты атмосфераның барлық қабаттарындғы энергия менауаның химиялық құрамын сақтауды қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асырып қорғап отыру әр өндірістің міндеті.

   Зиянды заттектердің ауадағы мөлшерін азайтудың ең тиімді жолдарының бірі. Қалдықсыз немесе аз қалдықты өндірістерді және технологиялық процестерді іске қосу, ауа тазалайтын істегі қондырғылардың тиімділігін арттыру, ауаны жарым-жартылай рециркуляциялау арқылы тұйықты ауа айналымдарын енгізу осы уақытқа дейін ауаға тасталатын зиянды шығындылардың көлемін азайту үшін негізгі әдіс газ тазалау жүйесін енгізу болып саналады. Әсіресе жаңадан қолдануға бағытталған өнеркәсіп огрегаттары шаң және газ ұстайтын құралдармен жабдықталған дұрыс.

 

    5.2. Еңбек шарттарының негіздері және тігін өндірісіндегі жұмысшылардың ауырып қалуы

Жарақат алумен кәсіби аурулар  себептерін зерттеу еңбекті қорғаудың  негізгі мәліметтердің бірі болып  табылады. Жарақаттануды сараптау экономикалық тұрғыдан жарақаттанумен кәсіби аурудың  негізінде пайда болды. Қоғамдық еңбектегі шығындарды анықтауға септігін тигізеді. Жеңіл өнеркәсіп мекемелерінде жарақат алу барысын зерттеу нәтижесінде келесі жағдайлар анықталады: қайғылы жағдайлар санының өсуі, жұмыс аптасының соңының және ауысым соңында байқалады. Жарақаттанудың ең көп пайызы мамандықтары бойынша ең аз уақыт бір жылға дейін жұмыс істейтін жұмысшыларға келеді. Қауіпті жағдайға көбінесе 18-20 жас аралығындағы, сондай-ақ 40 жастан асқан адамдар ұшырайды. Жиі қайталанатын жарақаттар: құлау барысындағы жарақат, отқа, ыстыққа денені күйдіру және дене мүшелерін есіп алу және т.б.

Қауіпті жағдайдың қайғылы  себептері жеке қорғау құралдарының бұзылу (көз айнек, арнайы киім, арнайы аяқкиім). Жұмыс орындарының нашар  жағдайы, өту жолдарының жабылуы, қошалуы, мамандар білімінің төмендегі технологиялық  және еңбек тәртіптерін бұзу және еңбек қауіпсіздігінің талаптарын сақтамау болып табылады. Кәсіби аурулар жұмысшыға, өндіріске байланысты зиянды еңбек жағдайларының әсер етілуі нәтижесінде пайда болады. Ауаның газбен, бумен, шаңмен ластануы, жоғарғы температура, жоғарғы ылғалдылық, шу, діріл, қалыпсыз еңбек тәртібі, бір қалыпты ұзақ уақыт жұмыс істеуі. Жеңіл өнеркәсіп өндірістік орындарының қызыметкерлері кәсіби аурулардың келесі түрлерімен ауруы мүмкін: ревматизм немесе аяқ-қол қақсауы, тері аурулары, өкпе жолдарының аурулары, көз ауруы және көру қабілетінің нашарлауы, тамырлардың варикозды түрде кеңеюі.

    5.2.1. Жұмыс процесінің мінездемесі

    Тігін өндірісіндегі өндірістік процес жұмысшылардың бір мақсатты қызыметімен өзін көрсетеді. Олар әр-түрлі еңбек құралдарының көмегімен керекті тігін бұйымдарын орындайды. Қазіргі өндірістік процес қиын процес болып келеді, мұнда әр-түрлі квалификациялы мамандарды қабылдайды. Олар әр-түрлі машиналармен, пресстермен, аппараттармен, құұралдармен әр-түрлі операцияларды орындайды. Барлық істің қосылуының барысында материалдар және жартылай фабрикаттар дайын бұйымға айналады, өндірістік процесті құрайды. Ол өзара байланысқан негізгі, қосымша және қызымет көрсететін процестердің қосылуынан құрылады. Өндірістік процес жұмысшылар ұжымымен және жабдық, машина, мекеменің механизімінің бөлінуін талап етеді: цехтер,участкілер. Ашылған бөлімшелер өндірістің құрамын құрайды. Өндірістік процесте тігін бұйымын дайындауда технологиялық процес негізгі орын алады. Оның ішінде қосымша процестер бар.

   Технологиялық процес өзімен нақты экономикалық және техникалық мақсаттың технологиялық операцияның қосылуымен олардың бөлшектерді өңдеу және бұйымды өңдеумен көрсетеді. Технологиялық процестің негізгі міндеті өнімнің жақсы сапасын, жұмысшылардың еңбегінің жоғарғы өнімділігі және тігін бұйымының төмен өзіндік құнын қамтамасыз ету. Технологиялық процес технологиялық бөлінбейтін, контрольді – учоттық және көліктік операцияларға бөлінеді.

   Тігін өндірісіндегі тігін операциялар технологиялық процестің бір бөлігі. Ол тоқтаусыз бір орында орындалады және жұмысшының кезекті жұмысымен сипатталады. Бұл операция еңбектік процесті зерттеу үшін, негізгі нормативтік бөлігі. Пішуші технологиялық өндірістің ерекшелігі оның аз операциялануында.

 

   5.2.2.Өндірістік жағдай

   Өндірістік және жанама жайлар әдеттегі жұмыс жағдайын қамтамасыз ететін жылу және желдету жүйелерімен жабдықталуы тиіс. өндірістік жайлардағы температура 18-200С болуы керек.

    Барлық станоктар мен жабдықтар нық орнықтырылып бекітілуі керек, машиналардың, станоктардың, аппараттардың және басқа қондырғылардың қауіпті жерлері қоршалып қойылуы керек. Машиналардың бәрінде іске қосатын тектер конструкциялық қоршаудан тыс жерлерде болуы тиіс. Жұмыс орындары, цехтардың ішіндегі өтетін жерлер пішінділермен, жартылай әзірленген немесе дайын бұйымдармен жабылып қалмауы керек. Жұмыс орындарының бәрі табиғи немесе жасанды жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі тиіс. өндірістік қалдықтар қол жететін жерге қойылған қақпағы бар жәшіктерге салынуы керек.

    Бөлмелер мен жайлар ауа  кіргізіп және сорып алып тұратын желдеткіш жүйесімен жабдықталуы қажет.

   Желімді қолданумен, жоғарғы температурамен, қысыммен желімдеу (престеу, қосарландыру т.б.) байланысты процестер жеке жайларда немесе оқшауланған участкілердеболуы тиіс. Желімді қолданумен байланысты (желімдеу, престеу т.б.) преске арналған жайлар жалпы ағымды желдеткішпен, ал гах және бу шығатын жерлер сорғыш қондырғылармен жабдықталуы тиіс.

   Өндірістік жайлардың эвакуацияға арналған есіктері сыртқа қарай ашылатын болуы керек.

   Өндірістік жайларда бәрі, тұрмыстық және қосымша жайлар реттеліп таза ұстауы, күн сайын едені дымқыл шүберекпен сүртілу тиіс.

   Өндірістік жайларда сыртқы кірер жерлері жаңбырдан қорғайтын шатырлы, жел кірмейтін қалқанды қондырғылар болуы тиіс.

    Әр кәсіпорын ауыз сумен, санитарлық – тазалық және шаруашылықтық, ішу қажеттілігі, технологиялық процеспен сәйкес өндірістік – техникалық, сондай-ақ өрттен сақтану қажеттілігі үшін қамтамасыз етілуі керек.

   Әр жай алғашқы көмекке қажетті дәрі-дәрмектері бар аптечкамен қамтамасыз етіледі.

    Кәсіпорын территориясында дыбыс белгісін беретін, жұмысшыларды қауіптен сақтандыратын (сәулелік, дыбыстық т.б.) қондырғылар, сондай-ақ жұмысшыларға қауіпсіздік техникасын сақтауды көрсететін, ескеру белгілер мен жазулар болуы керек.

<span class="dash04


Информация о работе Өндіріс шарттарындағы өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігінің негіздері