Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 09:03, курсовая работа
Адам атулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндігіне байланысты және семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атаймыз. Ал, формальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов). Неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердің атауларын түгел қамтитындықтан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай ғаламзат есімдері деп атауға болады, Ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов).
КІРІСПЕ.........................................................................................
1.Адамзат және ғаламзат есімдері..................................................
1.1 Көптік мәнді есімдер...............................................................
1.2 Зат есімнің жасалуы.................................................................
2. Жалпы есімдер мен жалқы есімдер............................................
2.1 Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер ..................................
2.2 Зат есімнің құрылымы............................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1.Адамзат және ғаламзат есімдері......................
1.1 Көптік мәнді есімдер.......................
1.2 Зат есімнің жасалуы.......................
2. Жалпы есімдер мен жалқы есімдер.......................
2.1 Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер
..............................
2.2 Зат есімнің құрылымы......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы "Адамзат және ғаламзат есімдері".Тақырыптың өзектілігі айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен оқиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі- зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, айқай, тал, т.б.) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілеттерінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінетін түрлі абстракт ұғымның (наным, шама-шарық, тентектік, ырыс) аттарын да білдіреді.Тілдердің өзге жүйесінен, айталық, славян текті орыс тілінен түркі жүйелі тілдерді, соның ішінде қазақ тілінен ерекшелеп, даралап көрсетіп тұратын белгінің бірі- осы адамзат есімдері мен ғаламзат есімдеріне тән қасиеттер мен белгілер. Лексикалық мағына тек адамды, кісіні білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, ол, біз, сіз) предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімнің басқа түрлері болса, олар еш уақыт жіктеу есімдіктерінің бірінші, екінші жағымен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Солай болғандықтан да мағына жағынан «адам» деген жалпы ұғымның ішіне кіретін зат есімдерді 3 жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, зат есімнің қалған тобы І, ІІ жақта жіктелмей айтылады. Мысалға, ұстаз, көрші, адам, Арман деген секілді адамға қатысты зат есімдерді алатын болсақ, бұларды кез келген жіктеу есімдіктерімен қосып, мен ұстазбын, сен адамсың, ол көрші деген тәрізді ретпен І жақта да, ІІ жақта да, ІІІ жақта да айта беруге болады. Ал енді өзен, надандық, бұрылыс тәрізді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарға қатысты айтылатын зат есімдерге келсек, бұлардың жайы бір басқа. Мұндай зат есімдердің бірден-бірі өздерінің тура мағынасында жұмсалғанда, жіктік жалғауының І, ІІ жағын қабылдамайды.
Адам атулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндігіне байланысты және семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атаймыз. Ал, формальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов). Неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердің атауларын түгел қамтитындықтан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай ғаламзат есімдері деп атауға болады, Ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов).
Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде
кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана
емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын
әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды,
ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды (А.Ысқақов).Лексикалық-
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты зат есімнің жасалуы, Жалпы есімдер мен жалқы есімдер болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1)Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер
2) Зат есімнің құрылымы
1.Адамзат және ғаламзат есімдері
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).Көптік мәнді есімдер Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.Ескерту: Көптік мәнді есімдер кейде көптік жалғаулы формаларда да қолданылады. Бірақ бұл сөздер көптік формада көбінесе я басқа мағынада жұмсалады, я өздеріне қосымша мағыналық реңдер
1.1 Көптік мәнді есімдер
Көптік жалғауы жалғанбаған сөздің ешбіреуі көптік мағынаны білдірмейді деген қорытынды жасауға болмайды. Жекеше тұлғада тұрған сөздің лексикалық мағынасына үңіліңкірей қарау – олардың бәрінің бірдей әркез жекешелік мәнді аңғарта берілмейтіндігін көрсетеді. Мысалы: Бұл жігіт- жігіттің төресі.Затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп атаймыз (А.Ысқақов).Зат есімнің жекеше, көпше болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты болмай, сөздің ішкі лексикалық мағынасына байланысты болып келуін көптік мағына тудырудың лексикалық тәсілі дейді. Қазақ тілінде сөз тура мағынасында жұмсалғанда, көптік жалғаудың жалғануын қажет етпейтін біраз сөздер бар. Мұндай сөздердің бірқатары жалпылық мәнде жұмсалып, көптік, жекешелік мағынаға бейтарап болып келеді. Ондай сөздердің басты-басты лексикалық топтары төмендегіше:
1) Әлеуметтік кәсіп түрінің атауышы болып келетін сөздер. Мысалы: егіншілік, ақындық, т.б.
2) Жұрнақтар арқылы жасалатын мағына дерексіз зат есімдер де осы топқа кіреді: достық, сыйластық, жоқшылық.
3) Жұп нәрселердің атын білдіретін қолғап, етік, сырға, кебіс секілді сөздер.
4) Бір-бірімен жұптасып келетін егіз дене мүшелерінің атын білдіретін сөздердің кейбір контексте қолданылуында да ұқсастық бар. Мысалы: Аяғыңа етік ки. Көзі бақырайды.
5) Қимылдың, процестің, күй-жайдың атауышы болып келетін зат есімдер де көптік тұлғада жұмсала бермейді. Мысалы: күлкі, күйініш, реніш.
6) Ғылым салаларының аты да үнемі көптік жалғаусыз айтылады. Мысалы: физика, тарих, диалектология, т.б.Көптік мағына тудырудың жоғарыда аталған амалдарының бірі – синтаксистік тәсіл. Көптік мағынаның сөз өз бойындағы морфологиялық, яки лексикалық белгілеріне байланысты болмай, оның басқа сөздермен синтаксистік қарым-қатынас арқылы көрінуі синтаксистік тәсіл деп аталады.
Синтаксистік тәсіл арқылы пайда болатын көптік мағына бар есімдер:
1) Сан жағынан заттың біреу емес, бірнешеу екендігін білдіру үшін оның атауышы болып келетін сөздердің алдына септік сан есімдерді қойыпайту тәсілі. Мысалы: жүзге тарта адам, он шақты кітап, көп күн, аз кісі.
2) Есімдермен синтаксистік байланыста жиі айтылатын сөздердің бір парасы – біраз, бірқатар, бірталай, бірқыдыру, бірнеше, бірсыпыра тәрізді сөздер. Мысалы: біраз қой, бірталай жан, т.б.
3) Зат есімдер анықталушы сөз ретінде барлық, бар, бәрі, күллі, барша, һәмме секілді жалпылауыш есімдіктермен тіркесіп келгенде де көптік мағына білдіреді. Мысалы: барлық ұлт, барша мүлік, т.б.
4) Қос сөздер тұлғалы зат есімдер- а) мағына жағынан біріне-бірі жуық келетін 2 зет есімнің қосарлануы. Мысалы: ағайын-туған, құрал-сайман, т.б. б) мөлшер және бейнелеу мағынадағы зат есім түбірінің 2 дүркін қайталануы. Мысалы: үйір-үйір, қора-қора, т.б.
Көптік тұлға Көптік мағына
Көптік жалғауы арқылы - ағалар 2 бірдей грамматикалық мағына - кітаптар, киімдер, т.б. жекеше, көпше. Мысалы: он шақты бие, біраз қалам, т.б. жамап алады.Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:Сұйық заттардың атаулары: айран, арақ, боза, шай, тұздық т. б.Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т. б.Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т. б.Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т. б.Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т. б.Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т. б.Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.Көмекші есімдер.Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.
2. Жалпы есімдер мен жалқы есімдер
Қазақ тіліндегі зат есімдер семантикалық сипаты жағынан жалпы есімдер және жалқы есімдер деп аталатын негізгі екі топқа бөлінеді. Жалпы есім деп бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді атайды да, жалқы есім деп жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздерді айтады. Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер, әдетте, жалпы есімдер деп аталады (А.Ысқақов).Жеке я дара заттарға берілген белгі-ат ретінде ғана жұмсалатын зат есімдерді жалқы есімдер дейміз (А.Ысқақов).
Жалпы есімдер мен жалқы есімдер арасындағы грамматикалық ерекшеліктер:
жалқы есімдер жекеше түрде айтылып, көптік жалғауын қабылдамайды;
Жалпы есімдер 2 бірдей тұлғада, әрі жекеше, әрі көпше түрде жұмсала береді.
Жалқы есімдерге көптік жалғауы мынадай түрде ғана жалғанады:
1. Армандар Астанадан келді. Абайлар заманы, т.б.
2. ағайынды Абдуллиндер, ерлі-зайыпты Әмірхановтар, т.б.
2.1 Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер
Заттың атауы ретінде жұмсалатын зат есімдер субстантты білдіретін сөздер. Ешқандай тұлғалық ен-таңбаның көмегінсіз-ақ олар сол түбір қалпында тұрып-ақ заттың атын білдіре алады.Реңдік мәнді туынды зат есімдердің біразының пайда болуында есім сөздерге жалғанатын күрделі қосымша - -сымақ жұрнағының қызметі зор. Мысалы: батырсымақ, ақынсымақ, көлсымақ, т.б.
-сыз, -сіз, бей- : бейбақ, беймәлім, т.б.
Эмоция-экспрессия реңі бар есімдер
Зат есім құрамындағы эмоциялы-экспрессиялы сөздерді мынадай 2 топқа бөлуге болады:
1) Кісінің көңіл-күйінің кірбіңін танытатын сөздер: қайғы, ыза, намыс, зұлымдық, т.б.
2) Кісінің көтеріңкі көңіл-күйіне байланысты қолданылатын сөздер: қуаныш, күлкі, достық, құрмет.
Сол сияқты сыни реңі бар арамза, пәлекет, жексұрын, малғұн тәрізді кісінің біреуге деген кейістігін, наразылығын танытатын сөздер де І топтағы эмоция-экспрессия реңді есімдер қатарына жатады.Тілімізде өзінен жасы кішілерге, жас балаларға мейірлене, ықыластан сөйлейтін кезде олардың атына –жан, -тай секілді морфологиялық элементтерді қосып айтатын дәстүр бар. Мысалы: Армантай, Маратжан, т.б.
-жан, -тай дегендердің бұлардан басқа үлкен кісілерге айтылатын аға, апа, көке, ата сияқты есімдерге қосылып, ізет, құрмет, кейде жалыныш мәнін білдіретін реттері көп: ағатай, атажан, апатай, т.б. Қаратпа мәнінде қолданылатын сөздердің құрамы жиі ұшырайтын тәуелдіктің І жақ жекеше түріндегі қарағым, шырағым, айым, күнім, сонымен бірге –еке қосымшасымен келетін ағаеке, апеке, атеке дегендер де осы сияқты.Есімдердің эмоциялы-экспрессиялы мәнінің айқындала, саралана түсуі олардың сөйлемде, контексте қалай қолданылуымен шарттас.Көмекші есімдер
Көмекші есім дегеніміз- зат есімнің кеңістік ұғымын білдіретін бір тобы. Жеке алып қарастырғанда, олар морфологиялық тұрғыдан зат есімнің түрленуге бейімділігі бар дербес мағыналы сөздер. Көмекшілік қызметте жұмсалатын кезде бұл сөздер тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрып тәуелдеулі септіктің үлгісімен септеледі.Көмекші есім де зат есім сияқты нақтылы 1 ұғымның аты, атауышы болатын сөздер. Зат есімдерден айырмашылығы мағына дерексіз болып келеді және семантикалық тұрғыдан алғанда нақтылы 1 ұғымды өзінен бұрын тұрған есім сөзге тіркесу арқылы, соның шылауында айтылу арқылы ғана көрсете алады.