Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2015 в 22:03, реферат
Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады
1.Мақсаты
2.Құрылымы
3.Түрлері
4.Қалыптасу тарихы
5. Қазақ ертегілерінің қалыптасуы
6.Пайдаланған әдебиеттер
Толып жатқан мыстан кемпір, қазық аяқ, қарға тұмсық кемпір, жезтырнақтар да осы сияқты ұлғайтып суреттелген жауыздық бейнесі. Адамның өз ортасында бар қанаушылық, қаскөйліктей озбырлық тұлғасы болады. Тек бұл соңғылар көбінше жалмауыздай көрінеу жау емес. Сырты момын, іші зәр, монтаны аяр бейнелі келеді. Бұлар да шындық, болмыс міндерінен туған. Соны ертегі тілімен өсіріп әсірелеп, өрескел жиренішті етіп көрсеткен халық қиялының шеберлігін танимыз.
Халықтық қиял ертегілерінің енді адамға дос күштерін аңғарып қарасақ, онда да көп мағына, көп сыр бар. Жанды-жансыз, жақсы заттың бәрі де адамзаттың алыстан келе жатқан арманын танытады. Ертегінің ерін қиын қиянға апаратын алып қара құс, өзі ұшатын кілем, тұлпар ат - бәрі де қиял пырағы. Жерде жүрген жүрісі өндімеген, өзінің талап-тілегі таудай адамзат "аспанда ұшар ма едім" деген арманды ертеден ойлаған, үзбей ұзақ ойлаған. "Жалпылдап ұшқан жапалақ пен қадірсіз қарға шыққан көк күмбезге мен де сондай биік самғасам, сондай шапшаң жүйткісем" деген арман қиялы әкеп "алты айлықты алты аттайтын" тұлпарға, алып қара құсқа сайған.
Кейінірек заманда мұны батырлар жырында, қаһармандық дастандарда Тайбурылдар, Тарландар, Қарақасқа аттар деп, үзбей қиялдайды.
Қиял ертегісі адамға тәлім айтқанда, қияға құлаш сермер адам бол дейді. Суырдай ін аузындағы жайылысынды ғана танып, інде өлме дейді. Қиял-ғажайып ертегіде халық өкілі - герой аса қатерлі жаумен алысады. Ал жау күштер аса қаскөй, ерен қуатты болып отырады. Бойына біткен келбеті адам шамасынан сонағұрлым артық болу үстіне, олардың ажал жеңбейтін, оңайлықпен өлмейтін жансебілділігі басқаша келеді. Кейбір жалмауыз алыптардың жаны өз кеудесінде болмайды, не судағы балықтың ішінде, немесе кең даланы кезген киіктің ішінде, көкала үйрек ішінде болады. Бір жан емес, он жаны, қырық жаны болатындары да бар: "Ер Төстік", "Күнекей сұлу", "Елгезер батыр".
Осындай жаумен алысардан бұрын ертегінің ері әуелі жауының жаны жүрген қиуасыз қиындағы жәндікті бағады. Жаны не жұмыртқа, не балапандар түрінде, әлдеқандай үйрек түрінде болып табылып, қолға түскен соң да жаудың оңайлықпен өлмейтіні болады. Ол көп алысып барып қана қаза табады.
Аярлыққа салынған жәдігөй жау бұдан да қатерлі. Ол кейде мүләйім пішінде боп, сынықсып, кішік болып келеді. Не қойынға кірген жар болып, немесе жарымжан өлмелі кем-кетік болып келіп, кейде ұйқыда қапыда басады. Тағы бір кезекте алданған әйел, азғырылған қарындас арқылы, елеусіз жан күйер жақындар арқылы қиянат ойлайды. Немесе ердің жауына болысып, аса қатерлі қастан зат болып шығады. Тылсым сиқыр иесі сол болады. Адамды жадысымен буып, тас қып тастайтын, болмаса ит қып, есек қып құбылтып, қор ғып жіберетін болады.
Бұлар мұсылманша жаду дұғасын оқыған сиқыршылардан шығады. Мұндай жау ашық, айқын келмей, түс бояп құбылып келгендіктен және аңдаусыз, жақыннан шыққандықтан ең қауіпті қас болады. Ертегі ері көретін анық қорлық, кешетін бейнет шағы осындай дұспанға кездесумен басталады. Кейде бұндай ертегілер неше алуан ғажайып құбылыстар туғызып, ертегілік алмасулар жасайды (ертегі трансформациясы) - ертегі геройы мен жауының кезектеп құбылулары: кейде құс болу, кейде ұсақ хайуан - мысық, тышқан боп кету, кейде тары тәрізді өсімдік боп кету, осылайша әр алуан ауыса құбылу қиял-ғажайып ертегісінің жаңағыдай жәдігөйлікпен байланыс халдерінен туады: "Қанай-Жанай", "Жалмауыз кемпір", "Қарғабай".
Тағы бір ескеретін елеулі жай: бұл алуандас ертегілердің бірталайы орыс халқының қиял-ғажайып ертегілерімен де ұқсас келеді.
Мысалы, жәдігөй жаудың жанын іздеу "Ер Төстікте" Шойынқұлақ туралы болса, орыс ертегісінде - Өлмес Кащейдің жанын тауып ап, Иван Царевич алысады. "Үш қыз" деген қазақ ертегісінің түбегейлі әңгімесі Пушкиннің "Сказка о царе Салтане" деген ертегісіне ұқсайды. Әсіресе, оның халықтық варианттарына жақын келеді. "Үш ағайынды жігіт" деген қазақ ертегісінің басы әсіресе орыстың "Сивка-Бурка" деген қиял-ғажайып ертегісімен ұқсас екенін профессор Сидельников дұрыс көрсеткен. "Оренбургский листоктің" 1892 жылғы 45-санындағы "Қарғабай" деген ертек орыстың "Морской царь", "Василиса Премудрая" ертегісіне ұқсатып айтылған.
Қазақ ертегілерінде кейде Солтүстік елдерінің ертегілік әсері байқалып, "Баба яга" сияқты заттар араласады. "Тіл қататын хайуандар қатынасып жүреді" деп, Алекторов орыс ертегісі мен қазақ ертегісінің ұқсастық жайын дәл айтады. Ертегілерді әңгімелеу жөнінде қазақ халқының тіл орамында келісті байлығы бар, шешен тіл дей отырып, академик Радлов: "Сөздік жағынан қазақ тілі, әрине, солтүстіктегі орыс көршілерінің әсерімен де байи түскен", - дейді.
Жоғарыдағы аталған заттар ғана емес, орыс ертегісінде кездесетін Таусоғар (Горокат), Көлжұтар (Опиваль), неше алуан мешкейлер (Объедало), Желаяқ (Ветроган) сияқтылар қазақ ертегілерінде аумаған ұқсас қалпында кездесіп отырады. Қазақ ертегісінде Жалмауыз кемпір - Баба яга болып кеп көрінуден басқа және қазақ ертегісіндегі "Жалғыз көзді жалмауыз" орыс ертегісінде "Лихо одноглазие" болып аталады. Әрине, осы тұста аталған орыс ертегісіне қазақ ертегісінің ұқсастығы сонау көне замандар кезінде туған жоқ. Шамасы XVIII ғасыр ортасынан, соңынан бастап, Россия мен Қазақстанның шаруашылық-саясаттық, мәдениеттік қарым-қатынастары дами түскен сайын көбейе түскен ұқсастық болады.
Хайуанат жайындағы ертегілер
Хайуанат жайындағы ертегілер - барлық елдердің ауыз әдебиет қорындағы сияқты, қазақ халқының ауыз әдебиет қорында да ескі ертегілер түрінің бірі. Тарихтан бұрынғы дәуірлер мен Қазақстанда феодализмнің ең алғаш орнау стадиясынан бастап, XIX ғасыр орталарына дейін созылатын феодализм дәуірі осы ертегілерде көп елес береді. Бұл алуандас ертегінің де ұзақ ғасырлар бойындағы қоғамдық-тарихтық экономикалық жайларды, еңбек иесі болған халықтың таптық арман, мүддесін әр алуан түрде көрсетіп отыратыны мәлім. Сондайлық мән, мағына бұл үлгілерде де аса мол, терең және өзгеше қымбат қазынадай деп тану керек.
Хайуанат жайындағы ертегілер жөнінде Ленин айтқан өзгеше ғылымдық зор мәнді пікірлер бар. Добролюбов та хайуанат жайындағы ертегілерге айрықша мән беріп, көп көңіл бөледі. Бұл ертегілерде еңбек елінің жуан, содыр, айлалы, зорлықшыл әкімдеріне, неше алуан қанаушыларына қарсы арналған сын мен ызалы қарсылық ойы мол екенін ол адамдар ашып айтысқан. Әсіресе тап тартысының бітімсіз қайшылықтары, қиын, шетін түйіндер көрсетілетіні аталған. Және сатираның ең бір өтімді, көпшілік көңіліне қонымды, шебер, келісті құрылыстары осы хайуанаттар жайындағы ертегілерде тамаша тапқырлықпен көрсетілгені айтылады.
Хайуанаттар көне ертегілерін андасақ, кейбіреулерінде өте көне заманды, жанды, жансыз табиғат турасындағы бұлдыр түсініктерді байқаймыз. Ондай ертегілер хайуанаттармен байланысты туған мифтік, діндік түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсінікті аңғартады.
Бұл жөнде мифтік, діндік және ұғым-нанымдар көп ертегілердің тууына түпкі себеп болғанын есте тұту қажет. Сол ретте қазақ халқының кейбір аң, құс, хайуанат жөнінде өте ескі замандарда сол жәндіктерді ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған ескілікті, шалағай, бұлдыр ұғым-наным, жартылай діндік тотемдік түсінік бар екенін көреміз. Бұндай жәндіктерді дағдылы тіршіліктегі қалпынан, болмысынан, шындық бейнесінен өзгертіп, ауыстырып әңгімелейді. Оны жат сырлы, өзгеше сипатты етіп тандана суреттейді: "Қасқыр мен жігіт", "Сырттан", "Көгершін ертегісі", "Байғыз".
Алғашқы түрдегі әңгіменің мысалы - "Ақ қасқыр" ертегісі. Мұнда жас жігіт жат үңгірдің ішінде ақ қасқырға, қаншық қасқырға үйленеді. Қасқыр күйеуіне қырық күнге шейін шыда, не көрсең де, көнбіс бол дейді. Қырық күнге шейін ол қасқыр кейпінде болады да, артынан әсем сұлу адамзат қалпына түседі. Елден асқан ақылды, асыл жар болып шығады. Сынына шыдаған ерін бақ-дәулетке жеткізеді.
Қасқыр тағы бір ескі ертегіде адам затын құбылып алдайтын қас күш болып суреттеледі.
"Күйеу қасқыр" деген ертегіде жас, жақсы қызды қасқыр күйеу болып алады. Басында, қызды айттыра келгенде, қара жорға ат мініп, қара құлын жарғақ киіп, қара түлкі тымағы бар, әлемде жоқ сұлу сымбатты жалғыз жігіт болып, айттырып алып кетеді. Оңаша шыққан соң, аунап түсіп, көкжал қасқыр болып шығады. Бұл ертегі қазақ әйелінің халін аса аянышты қайғылы күйде суреттеумен қатар, тағы да қасқырды адамға қатал, ерекше күш иесі дұшпан қып сипаттайды. Киелі, сиқырлы жау етіп ұлғайтып көрсетеді.
Әсіресе бұл жай бұрынғы қазақ әйелінің патриархалдық үй ішіндегі халімен байланысты бір жайды еске түсіреді. Ол - үй ішінде қазақ әйелі күйеуге тию кезеңінен қатты үркіп, уайыммен жасқанатын. Өйткені қалыңмалға сатылған, ата-ананың бұйыруымен өзі білмес елге, ерге алғаш бара жатқан қыздың бәріне алдыңғы өмір тас қараңғы, қорқынышты, күдікті жұмбақ болатын. Әйел халінің осындай күйін Поль Лафарг өте дұрыс, терең күйде бейнелейді. Көп елдерде "...әйелді ерінің артынан еруге зорлап, күшпен көндіретін. Үйлену зорлықпен аралас болатын", - дейді ол. Және де осы жайдың сырын аша келіп, Лафарг: "Күйеуге тиюден қорқу патриархалдық үй ішіндегі өмірден туған ең алғашқы қатты қорқыныштан, қауіптен тарайтын", - дейді.
"Сырттандар" деген ертегіде
қасқырдың, иттің, жігіттің сырттаны,
аттың тұлпары алысқа
Хайуанаттар жайындағы ертегілерді неше алуан қасқырлар жайындағы ертегілерден бастадық. Өйткені бұл алуандас ертегілерінің саны да көп, орны да зор. Бірақ хайуанат турасындағы қазақ ертегілері тек қасқыр жайындағы әңгімелер емес. Және қасқырдың өзін де тек, осы жоғарыда айтылған түрде ғана әңгімелейді.
XIX ғасырдың орта кездеріне шейін
созылған ұзақ дәуірлер
Әсіресе фольклорды зерттеуде бұл күнге шейін өте аз ескерілген көркем тіл, көркем стилін халықтық-поэзиялық шығармалардың ерекшеліктерін талдау проблемасымен байланыстыра ұғыну қажет.
Жан-жануар мінезінен адам қоғамында болатын таптық қанаушылық, қомағайлық, қорқаулық, аярлық, долылық, кекшілдік, сотқарлық сияқты көп-көп күйлердің елесін көрген. Хайуанат тірлігімен, мінез тартыстарымен адам тірлігі, адам мінез тартысы арасында ерекше ұқсастық барын тауып таныған. Сол мінездерді ұлғайтып, адам санасындай санаға, есепке, ақыл-тәсілге жеткізіп, тіл орамға келтіріп әңгімелейтін болған.
Хайуанат жайындағы әңгіме аңыздардың бір алуаны осындай болса, мұның екі түрі бар еді. Бірінде хайуан мінез-құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа бейне, тұспал, мысқыл есебінде қолданылған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылықпен алысу үшін мысал етіп алу болған.
Хайуан мінездерін әңгіме етудің екінші бір түрі бар. Олар хайуанды анық хайуан етіп суреттейді. Оның жанды-жансыз дүние арасындағы өз қалпы, кейпімен жүрген шындығын, болмысын адам өз түсінігі арқылы анықтап, айқындап, жетілте көрсетеді. Бұл соңғы түрде де әсерлеп ұлғайту қосылатын кездер бар. Бірақ дәл бір түрдегі ұлғайту адамға айна қып көрсету емес, мысқыл емес. Хайуанаттардың ерекше сырына, жұмбақ бітім жайына, өзгеше өмір тәсіліне, жат сырына таңдану болады.
"Қотыр торғай" ертегісінде
әңгімелік құрылыс жағынан
Әңгімелену ретіндегі тіл кестесіне қарағанда, бұл ертегілер қиял-ғажайып ертегілерінен басқаша келеді. Бұнда хайуанаттарды бір-бірімен тілдестіру, әңгімелестіру көп. Әсіресе көп сөйлейтін түлкі, байғыз, қасқыр сияқтылар. Бұлардың өз мінездеріне лайық бір алуан тіл, сөз беріледі. Ертекшінің шебер не олақ айтушы екені бұл түрлі ертекте өте айқын көрініп тұрады. Шешен айтушының әңгімесінде түлкілер мәтелдеп, мақалдап та сөйлейді. "Түлкі мен маймыл" ертегісінде түлкі маймылды "патша қылам" деп алдап, қақпанға түсіреді, балықты өзі жейді, маймылға "тепкілесең кетпейтін темір бақ қонды" деп ажуалайды, "екі бақ бар - бірі басқа, бірі аяққа қонады" деп, мазағын, аярлығын соншалық шешен, терең мағыналы сөзбен жеткізеді. Өзге ұсақ жәндіктерден, құстан шыққан сүйікті заттарды да жаңағыдай шешен, білгір, ділмар етіп сөйлету - қазақ халқының хайуанаттар жөніндегі ертегілерінің үлкен бір ерекшелігі. Түр байлығымен қатар, әңгімелеген тіл байлығы бұл топтағы ертегілердің стильдік, көркемдік өзгеше қалпын танытады. Осы ретте қазақтың хайуанат жайындағы ертегілерінің ішінде үй хайуандары турасындағы ертегілердің орны зор екенін есте тұту керек. Олар жайындағы ертегілерде еңбек, тартыс үстінде адамға қанат - серік болатын малдың жайы өзгеше бағаланады. Сонымен қатар әр түлік малға қазақ халқының еңбек тәжірибесі ретімен жақсы танып белгіленген мінез әрекеттері қонымды келеді. Малға еңбек адамының, халықтың сенімі, достығы, сүйеніші аса көркем әңгімеленеді. Сол жөнінде және де қазақ халқының тілін байытуға үй хайуанатымен байланысты туған көп-көп атаулар, ұғымдар, ақындық, образдық, стильдік теңеу сөздер аса мол екенін көреміз.