Көне Түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштерінің зерттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 13:26, курсовая работа

Краткое описание

ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі есім сөздер толығынан қамтылып, тілдік тұрғыдан жан – жақты сипатталды. Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты талданған нақтылы мысалдар реттелініп, белгілі әдістер бойынша жеке сұрыпталды. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер мен қазіргі қазақ тіліне ортақ есім сөздердің морфологиялық, мағыналық айырмашылықтары анықталып, айқындалды. Орта ғасыр ескерткіштер тілі мен қазіргі қазақ тілінің сабақтастығы есім категориясы негізінде көрініс тапты.

Содержание

КІРІСПЕ

КӨНЕ ТҮРКІ (ХIII-ХIV ғасыр) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ.

1.1. Көне қыпшақ жазба ескерткіші «Кодекс куманикус» және оның зерттелу тарихы
1.2. Алтын Орда дәуiрiнде жазылған жазба ескерткіштердің тарихы және зерттелуі
1.3. Көне түркі тілдеріндегі есім сөздердің зерттелу жайы




ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

тапсырма.doc

— 173.50 Кб (Скачать файл)

Бүгiнгi сөзжасам қазақ тiл бiлiмiнiң жеке бiр саласы ретiнде қалыптасу үстiнде. Оның өзiндiк зерттеу нысанасы, әдiстерi, заңдылықтары анықталуда. Сөзжасам тарихы түркiтануда өте ертеден басталады. Түркi тiлдерiнiң сөзжасам мәселесiн алғаш рет М.Қашқари «Диуани лұғат ат-түрiк»  (ХI ғ) еңбегiнде көтерiп, сөз жасауға қатысқан бiрнеше аффикстердi көрсеткен болатын.

А.Байтұрсыновтан бастап қазақ тiл бiлiмiнде сөзжасам тұлғаларын көптеген ғалымдар зерттедi. Олар: Қ.Жұбанов, Қ.Басымов, С.Аманжолов, Ә.Төлеуов, А.А.Есенқұлов, А.Хасенова, Ғ.Қалиев, А.Ысқақов, Н.Орхабаева, Ә.Керiмов т.б. 1989 жылы жарияланған «Қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi» атты авторлар тобының еңбегiнде сөзжасам жүйесiнiң теориялық мәселелерi кешендi түрде сөз болды. Ал 1999 жылы жарыққа шыққан А.Салқынбайдың «Тарихи сөзжасам» атты монографиясында аталмыш мәселе семантикалық, лингвогенездiк аспектiде сөз етiлiп, жаңа, құнды тұжырымдар ғылыми айналымға қосылды.

Жаңа сала ретiнде қалыптасып келе жатқан сөзжасамның маңызды бiр қыры оны тарихи тұрғыдан, синхрония мен диахронияны бiр бағытқа үйлестiре отырып зерттеу. Оның iшiнде қазақ тiлiне қатысты ортағасырлық жазба ескерткiштер тiлiндегi сөзжасам үлгiлерiн ашудың, кейiнгi дәуiрдегi оның жалғастығын, сабақтастығын зерттеудiң мәнi ерекше.

Сөзжасамның негiзгi обьектiсi – туынды сөз. Туынды сөз түркi тiлдерiнде көбiнесе синтетикалық тәсiл арқылы жасалады. А.Салқынбай синтетикалық сөзжасамның күрделiлiгi мынадай екi жағдайдан көрiнедi дейдi: 1. Туынды сөз жасауға негiз болатын себепшi негiздiң мағыналық жағынан күрделiлiгi. Яғни себепшi негiз тарихи тұрғыда өзi туынды тұлға болып саналады да, жаңа үшiншiлiк мағына туғызуға себепшi негiз болады. 2. Сөз туғызушы морфемалардың мағынасы да тарихи тұрғыдан  алғанда күрделi мәселе. Қосымша морфеманың денi тарихи - диахрондық аспектiден байыптағанда, түбiр сөздiң десемантизацияланып, лексикалық мағынаның грамматикалық мағынаға алмасқанынан туындаған деген пiкiр түркологияда бұрыннан белгiлi. Олай болса сөз тудырушы қосымша морфемалардың мағыналық құрылымы жөнiнде де келелi мәселелердi сөз ету қажетттiлiгi туындайды [10,225]. Осында келтiрiлгендей сөзжасам жұрнақтарының мағыналық құрылымы, семантикасы мен құрамы, даму эвалюциясы жазба ескерткiштер тiлiндегi деректермен салыстыра қарағанда көп мәселелердiң ұғымы анықталатыны сөзсiз.

Сөзжасам өзiндiк ерекшелiктерiмен  қатар қазақ тiлiнiң тарихи грамматикасымен, қазақ әдеби тiлi тарихымен, лексикологиясымен байланысты. Жеке лексикалық мағына берiп тұрған туынды сөз лексикологиясының үлесi. Ал осы туынды сөздiң iшкi семантикасының құрылымын сөзжасам қарастырады.

Туынды сөзжасамдық  тұрғыдан түбiр және қосымша морфемалардан тұратын күрделi құбылыс. Қазiргi тiл бiлiмде сөзжасам морфемаларын қалыптастырушы негiзгi 4 түрлi тәсiл бар. Олар: 1) агглютинация, яғни күрделi сөздiң немесе сөз тiркесiнiң соңғы сыңарларының сөз тудырушы жұрнақтарға айналуы; 2) жалаң жұрнақтардан бiрыңғай күрделi жұрнақтардың жасалуы; 3) адаптация, яғни сөз соңы немесе сөз таптарының соңғы сөзiнiң сөз тудырушы қосымшаларға  айналуы; 4) форма тудырушы морфемалардың сөз тудырушы қосымшаға айналуы.

Қосымшаның, оның iшiнде сөзжасам жұрнақтарының қалыптасу тарихында агглютинация құбылысының рөлi ерекше. Сондықтан да қосымшаның шығу тарихына қатысты екi түрлi пiкiр бар. Бiрiншi пiкiрге жүгiнсек қосымшалар лексикалық мағынасын жоғалтқан жеке сөздерден немесе сөз тiркестерiнiң соңғы сыңарларының дербес мағынасын жоғалтқан көрсеткiшке айналуынан пайда болған (И.А.Батманов, Н.А.Баскаков, Ф.Бопп т.б.).

Екiншi көзқарас бойынша  бiр құрамды немесе бiр фонемдi бiрнеше қосымшалардың кiрiгуi, жымдасуы нәтижесiнде күрделi тұлғалар пайда болған (В.В.Радлов, Г.И.Рамстед, А.Н.Кононов, О.Бетлинг т.б.). Ж.Тектiғұл өз еңбектерiнде белгiлi ғалымдардың тұжырымдарын саралай келiп «түркi тiлдерiнде ғана емес, өзге тiлдерде де қосымшалардың пайда болу, даму эвалюциясы өте күрделi екенi, сондықтан әлi күнге шешiмiн таба алмай отырған мәселелердiң бiрi екенiн байқаймыз» дейдi [11,302].

Туынды сөз жасауда  сөзжасам жұрнақтарының рөлi ерекше. Бүкiл түркi тiлдерiнде жұрнақтардың 4 түрi қолданылады: 1. Негiзгi түбiрге тiкелей жалғанған жұрнақтар; 2. Негiзгi түбiрге тiкелей емес, арасына жұрнақ салып барып жалғанған жұрнақтар; Демек олар екiншi кезектегi жұрнақтар. Түбiр сөздерден кейiнгi тұлғалармен бiрiгiп күрделi тұлғаға да айналуы мүмкiн; 3. Тұлғалық жұрнақтар. Ол сөздiң тек грамматикалық тұлғасын ғана айқындап тұрады да, түбiрге реляциялық мағына бередi; 4. Күрделi жұрнақ. Ол түбiрге жалғанатын бiр емес, бiрнеше жұрнақтардан құралады. Демек, түркi тiлдерiндегi жалпы жұрнақ атаулылар жалаң және күрделi болып екi үлкен топқа бөлiнедi.

Зат есімнің басқа сөз таптарының мағыналық белгілері тек заттардың атын білдіретін сөздер ғана болып қоймай, сонымен бірге әр алуан оқиғалардың, құбылыстардың аттарымен байланысты заттық, қимылдық, мезгілдік мәнді білдіреді. 

        Есімдер деп аталатын сөздердің ішінде зат есімнен кейінгі еншісі мол сөз табы – сын есім. Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де, заттардың қатыстары арқылы да білдіреді. Түркі тілдеріндегі сын есім – семантика-грамматикалық мағынасы, морфологиялық белгілері және синтаксистік қызметі жағынан да өзіне тән ерекшелігі бар сөз табы. Сөз таптарының пайда болу, қалыптасу және өзіндік даму тарихы болады. Сол сияқты сын есімдер де әлі айқындала қоймаған, көне кезде есім және етістік сөздерден қалыптасқандығын тарихи жазба деректерден көруге болады. Тілдің дамуына байланысты оның жүйесі де қатар дамиды. Тіл жүйесіндегі сын есімдер де ұзақ дамудың арқасында қалыптасып, өз қатарын көбейтті.

М. Томанов: «Түркі тілдеріндегі сын есімдер мен зат есімдердің ара жігін ашып, өз алдына саралануы Ү - ҮІІІ ғасырлардан бұрын болып өткен процесс» деп, жоғарыдағы пікірге қосылады. [12,176]. Түркі тілдерінде кездесетін сын есімдер көп болмаса да, олардың өз дербестігін сақтап сараланғанын жазба деректерден көруге болады. Сонымен бірге, түбір сын есімдермен қоса, туынды сын есімдер де сол кездерден бастап қалыптаса бастаған.

Түркi тiлдерiндегi сын есiмдердiң табиғатын ашып, оған жүйелi анықтамалар берiп, дәлелдi тұжырымдар жасау ХIХ ғасырдан бастау алды. Түркi тiлдерiнде сын есiмдердi сөз табы ретiнде зерттеу жекелеген тiлдерде жарық көрген грамматикалармен байланыстырады.

Сан атаулары - өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есімдердің көнелігіне байланысты тілдегі барлық сан атауларының қалай жасалғаны анық көріне бермейді. Түркологтар жалпы сандық ұғымның  қалыптасуын ақиқат өмірмен байланыстырады. Н.А.Баскаков «Сан есімдер – есімдерден бөлініп шыққан сөз табы, олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіреді» [13,225] - деген. Қазақ тілінде сын есімді зерттеген Ә.Хасенов осы пікірді қуаттай отырып: «Түркі тілдеріндегі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығымен, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туады деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі. Екіншіден, белгілі бір құбылыстың өткен тарихын қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі формаларын зерттей отырып ашуға, тануға болады дейтін қағиданы басшылыққа алсақ, қазіргі тілдік фактілерді  жоққа шығармайды, қайта растайды» [14,20]  - дейді.  А,Ысқақов «Сан есім – заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика - грамматикалық сөз табы» - дейді [15,193].

Сан есімдер басқа  сөздерге қарағанда тіркестірілмей жеке-дара айтылғанда, тек абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде  қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынасқа  түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады. Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір алуан сөздер бар. Олар құрамына қарай жеке-дара сөздер түрінде де, сөз тіркесі түрінде де бола береді. Мысалы: жарым, жарты сөздері бөлшектік ұғымдарды, жалқы, жалғыз, сыңар, дара сөздері бірлік ұғымдардың, адым, қарыс, шақырым, ат шаптырым сөздері аралық өлшемдердің және қас қаққанша, ет асым қас пен көздің арасында сияқты уақыт, мерзім өлшемдерінің атаулары есебінде қолданылады. Бірақ мұндай сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды. Бұларды сан есімдерге жуықтастыратын таяныш – тек олардың біршама мөлшерлік мағынада қолданылатын семантикалық белгілері ғана.

Морфологиялық сипаттары  жағынан да сан есімдердің өзіне  тән, өзге сөз таптарына ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Сан есімнің негізгі функциясы анықтау қызметі болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.

Сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана түрленіп, әр алуан өзгеріске  түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және жіктеліп те қолданыла береді.

Сан есімдер морфологиялық  құрамына қарай, негізгі сан есімдер  және туынды сан есімдер болып  екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер  қатарына тек қана есептік сандар жатады да, туынды сан есімдер осы  негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай, -тен қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: алты-алтау, бір-бірер, қырық-қырықтай, он-оныншы, бір-бірінші, екі-екеу, төрт-төрттен.

Сан есімдер іштей  дара сан және күрделі сан болып  бөлінеді. Дара сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны – жиырма шақты ғана сөз: бәр, бес, алты, жеті, сегіз, он, жиырма, елу, қырық, отыз, алпыс, сексен, тоқсан, жүз, мың.

Сан есім құрамында кездесетін көне қосымшалардың жағдайы басқашарақ. Олар: -ыз, -із (сегіз, тоғыз), -ты, -ті (алты, жеті). Бұл морфемалардың этимологиясы белгісіз. Қосымша сөзде жиі кездесетін элемент, бірақ ол басқа сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздердің құрамында кездесетін басқа жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіреледі. Бұл заңды, өйткені сан есім сөзжасамының негізі – синтетикалық тәсіл емес, аналитикалық тәсіл. Оған дәлел ретінде құрамы күрделі морфемадан тұратын алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан атауларын келтіруге болады. Н.К.Дмитриев кейбір жеке сөздердің этимологиясына келсек, алтмыш (алпыс), ете (жеті) сөздерінен -мыш, -меш жұрнақтары арқылы жасалған, ол алғаш он дегенді білдірген болу керек. Мұндай сан есім формалары көптеген түркі тілдеріне қатысты дейді. Ол сексен, тоқсан сөздерін сегіз, тоғыз сөздерімен байланыстырады да, олардың құрамындағы екінші компонентті он сөзінің өзгерген түрі деп санайды [16,90]. 

Есімдер тобына жататын  сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың  аттарын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді.

Есімдіктердің дәлді  мағыналар, егер екі я онан да көп  адам сөйлесіп отырған жағдайда қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен сөйлемдермен байланысты аңғарылады. Ал егер ондай есімдіктер монолог түрінде айтылған я жазылған сөйлемдерде қолданылса, олардың дәлді мағыналары, яғни олар туралы мәлімет, сол сөйлемдерден дұрын айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты тыңдаушы мен айтушыға ғана белгілі болады. Демек, есімдіктердің дәлді мағыналары бұрын айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты анықталады. Мысалы, Қазан астында от, ол қайнамаз му – Қазан астында от болса, ол қайнамайды ма /ХШ/ деген мысалды алсақ, сөйлемдегі ол деген сөздің дәл ненің қайнайтынын бірінші сөйлемдегі қазан деген сөзден аңғарамыз. Шынында, ол, мен деген есімдіктерді алсақ, әркім я әр адам ол да, мен де бола алады. Ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан басқаның бәрін білдіреді, демек көзбе - көз я бетпе – бет сөйлесіп тұрған екі адамнан басқаның бәрі – ол болады.

Есімдіктер мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар (есімдіктер) қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі  мағыналарына сәйкес зат не заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып  жатады. Мысалы, сен, ол жіктеу есімдіктерін, бұл, сол деген сілтеу есімдіктерін, кім? не? қай? деген сұрау есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап қарайтын болсақ, қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, олар біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер болып, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына жұмсалатын есімдіктер болып іштей өзара екі жікке бөлінеді. Сонда сен, ол, кім? не? есімдіктері  заттық ұғымды білдіретін сөздердің, ал бұл, сол, қай? деген есімдіктер белгі атауларының орынбасарлары болып шығады. Осындай екі жік сөздерді біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орынбасарлары – субстантивтенген есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары – аттрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөлінеді. Жазба ескерткіштер тілінде де есімдіктер осы сынды ұғымдардың орнына жұмсалады да, тек олардың бір - бірінен айырмашылығы дыбыстық өзгешеліктерінде ғана.

Морфологиялық жағынан  есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Ал олардың түрленуінде, жалпы алғанда, есімдерге ұқсастықтары болмағанымен, өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолдану ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те қолданыла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер дәл осы мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек, грамматикалық формаларының ешбірін де қабылдамайды.

Есімдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортақ деп есептерліктей  я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналық жікке бөлінуімен байланысты.

Жалпы түркі тілдерінде есімдіктер сан жағынан көп емес, не бары 60 – 70 сөз ғана. Бірақ олардың атқаратын қызметтері орасан зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кез келген халықтың жазба мұралары – сол халықтың тарихи дамуының, өркендеуiнiң жемiсi. Бiздiң зертеу жұмысымызға нысан болған ХIII-ХIV ғасыр жазба ескерткiштерi Алтын Орда дәуiрiнде жазылған аса құнды ескерткiштер болып табылады. Алтын Орда мемлекетiнiң негiзгi тiлi – түркi тiлi болды. Бiрақ Алтын Орда дәуiрiнiң халықтық тiлi де, әдеби тiлi де бiркелкi жүйелi сипатта болған жоқ. Ақсүйектер ұйғыр жазуы мен араб жазуына негiзделген әдеби тiлдi пайдаланды. Алтын Орда әдеби тiлiнде, көбiнесе, қыпшақ тiлiнiң элементi басым болды. Жазба ескерткіштердің табылуы мен ғылыми әлемге танылуы, мазмұнының әр түрлі басылымдары, зерттелу тарихы, бұл ғылыми мұралардың ескі жазба ескерткіштерінің ішінен алатын орны, қазіргі қазақ тілінің қалыптасу тарихына байланысты мәселелері секілді әр алуан проблемалар туралы сөз болады. Ғалымдар жазба ескерткiштердiң тiлiн зерттей келiп, қазiргi қазақ тiлiнен онша алшақ емес деп тұжырымдайды.

Информация о работе Көне Түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштерінің зерттелуі