Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 13:48, реферат
Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері Абай мұрасын тереңірек таныту. Адамзаттың алыбына айналған ірі тұлғаның өскен ортасын, Абай төңірегіндегі өнер адамдарын білдіру. Абайдың гуманистік ойларын, эстетикалық көзқарастарын, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ақындық мәдениетін білдіру. Абай шығармалары қазақ әдебиетін, оның бүкіл мәдениетін ғасырлық оқшаулану, мешеулік қалпынан шығарып, жоғары тарихи сатыға көтергендігін оқушыларға таныту.Абай шығармашылығын оқыту әдебиет пен мәдениетті ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білуге, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыруға негіз болады.
І.Кіріспе
1.1 Абай шығармашылығын оқыту білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе
1.2 Абай шығармашылығын оқытудың мақсаты мен міндеттері
1.3 Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек.
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1 Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың
ерекшеліктері.
2.2 Абай шығармаларын орта буын сыныптарында оқытудың
ерекшеліктері.
2.3 Абай шығармаларын жоғарғы сыныптарда оқытудың
ерекшеліктері.
ІІІ.Қорытынды
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенмен боласың тең.
1-нұсқа
р/с |
Қазақ мақалдары |
Сенің сының |
1 |
Ұялған сыбағасынан құр қалар |
|
2 |
Жаман көрген досыңа Жаман көрген малың бер Көре-көре күйінсін. |
|
3 |
Тойған үйге тоғыз бар. |
р/с |
Абайдың сөзі
|
Сенің сының немесе пікірің |
1. |
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. |
|
2. |
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. |
2-нұсқа
р/с |
Абайдың сөзі
|
Абайдың айтпақ ойын анықтап, мағыналас қазақ мақал-мәтелдерін тап |
1. |
Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың. |
Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол. |
2. |
Жаман дос – көлеңке: Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың; Басыңды бұлт шалса, Іздеп таба алмайсың. |
Жақсыға шаң жуымас Жаманға жан жуымас Басыңа іс түссе Жақсы көмек етеді, Жаман күіп өтеді.
Жақсымен жолдас болсаң Жетерсің мұратқа Жаманмен жолдас босаң Қаларсың ұятқа |
Абай қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті.
Абайға берген баға (Бейнефильмнен үзінді көрсету) (3 минут)
Эсе жазу
«Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» немесе
Абай атаға хат
Ү. Қорытынды:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
2.3 Абай шығармаларын жоғарғы сыныптарда оқытудың
ерекшеліктері.
9- сынып
«Әуелде бір суық мұз ақыл зерек»
«Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол»
«Жазғұтұрым»
Қарасөздері
«Ескендір» поэмасы
10- сынып
«Жаз»
«Күз»
«Желсіз түнде жарық ай»
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
«Мəз болады болысың»
«Сегіз аяқ»
«Ескендір» поэмасы
«6,19,25,29,33,37 қарасөздері»
«Масғұт» дастаны
Сыныбы |
Қазақ әдебиеті 10 сынып | |
Сабақтың тақырыбы |
А.Құнанбаев «Ескендір» поэмасы | |
Мақсаты |
1)Абай поэмасының шығыс
әдебиетімен, батыс тарихымен үндестігін
ашу.Бұл поэма арқылы ақын | |
Күтілетін нәтиже |
Оқушыларды әділдікке
адамгершілікке баулынады, өз бойларына
ізгілік қасиеттерді жинай | |
Керекті жабдықтар |
Үлестірме парақтар;Бағалау парағы | |
Сабақ барысы | ||
Сабақ кезендері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Кіріспе |
*топқа бөліну кім? кімдер?
не? нелер деген сөздерге жауап
беретін сөздер айтқызу арқылы
топқа бөлу топтарында
*рефлексия (эссе жазу) |
Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.Үй тапсырмаларын орындайды, сұрақтарға жауап береді Тарауды қайталау, шолу жасау. Оқушылар ассоциациялық картаға өз ойларын түсіреді. Өткен тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады, ізденеді. |
Тұсаукесер |
Қызығушылықты ояту. Ескендір Зұлқарнайын деген кім? Деген сұраққа жауап сұрау, ұялы телефон арқылы ғаламтордан мәліметтер іздету. |
Топтар қойылған сұрақтар бойынша топта жұмыстанады. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады; Бағалау парағына аты-жөндерін толтырады |
Негізгі бөлім |
1 – тапсырма.«Ескендір» поэмасын шумақтарға бөліп, әр оқушыға беру, әр кім өзіне берілген шумақты оқып, ортада шеңбер бойынша бірінен соң бірі айтып шығады. 2- тапсырма: Топтық жұмыс. І-Топ: «А.Македонский-тарихи тұлға» ІІ-топ: «Абай жасаған Ескендір бейнесі» ІІІ-топ: Аристотель туралы не білеміз? ІҮ топ: «Абай ұлы ақын» тақырыптарын ашып көрсету. |
1. Әр топ мүшесі өзіне берілген тапсырма бойынша жауап береді; Топ басшысы сәйкес бағаларын бағалау парағына түсіреді; 2. Топта оқушылар өзара ынтымақтастықта жұмыстанады; Топта көшбасшыны, белсенді оқушыны, ұсынысты дайындап барлық оқушылар алдында айта отырып формативті бағаларын береді; |
Қорытынды |
Кері байланыс бүгінгі сабақта алған білім туралы эссе жазу (2-3 балаға оқыту) Бағалау. Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі бағалайды.
Бағалау:топ басшыларынан бағалау парақтары бойынша қорытынды бағаларын түсіру Үй тапсырмасы: поэманы мазмұндау және кейіпкерлетіне талдау жасау |
Топ басшысы топ мүшелерімен ақылдасып өзара бір-бірін бағалайды; топ басшысы бағалау парағына қорытынды бағасын қойып, таныстырып өтеді |
Әдістері: 1) Ауызша баяндау әдісі
2) Иллюстрациялық әдіс
3) «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы
4) Мультимедиялық оқыту
5) Салыстырмалы әдіс
6) Жұптық технология
7) Іздендіру әдісі
8) Жекелеп оқыту технологиясы
9) Шаталовтың «Тірек - сызба» технологиясы
ІІІ Қорытынды.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенмен боласың тең.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында абайтану ғылымының бір тармағы болып абайтану тарихы да өрісін кеңейтіп келе жатыр десек қателесе қоймаймыз. Сол себепті абайтану мәселесін сөз еткенде абайтану тарихына да тоқталмай өту мүмкін емес. Осы ретте «Абайтану ғылымының бел-белестері» деп аталатын ғылыми еңбек жазған академик, филология ғылымдарының докторы, профессоры Серік Смайылұлы Қирабаевтың келесі бір пікіріне назар аударсақ, ол төмендегідей: «Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайдың алғашқы зерттеушілерінің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып, Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды»
Өткен тарауда академик Зәки Ахметовтің абайтану ғылымына қосқан үлесі жайында да аз-кем айтып өттік. Сондай-ақ ғалымның абайтану тарихына қатысты айтқан келесі бір пікірін де ескере кеткен дұрыс тәрізді. Ғалым былай деп бағамдайды: «Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп Абайды аса жоғары бағалады»
Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақын өзі қолмен жазған қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдер өте аз, сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды. Ал кейінгі жинақтарды айтсақ, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдер 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітапта жарияланды. 1922 жылы Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар сол 1909 жылы жинақта жария болған шығармаларды қамтиды.
І.Жансүгіров 1923 жылы «Тілші» газетінде Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды көрсетті.
Абай шығармаларына қатысты жеке деректер туралы айтсақ, ақынның көзі тірісінде 1903 жылы Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А.Сиделькинов жазған мақалада: Абай -қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін де қолжазба түрінде және ауызша тарап келген болатын. А.Байтұрсынов та ақын өлеңдерімен 1903 жылы Абай өлеңдері жазылған дәптер арқылы танысқанын айтады.
1914 жылы Санкт-Петербургте шыққан «По киргизской степи» деген кітабында Дм.Львович (Иванов Дмитрий Львович — кейбір кітаптарында авторын солай көрсеткен) «Татьяна хаты» ел ішінде әнге салып айтылып жүргені туралы нақтылы дерек келтірген.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов, Ғабдрахман Сағди және Н.Н.Белослюдов т. б. атсалысты. Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқанын мойындаған жөн.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған жинақтан және 1934 жылы жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады.
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М.Әуезов болды. Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүниежүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі боп табылады. М.Әуезов 1933 жылдан 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіттің бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген, М.Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Алдағы уақытта осы ғылыми басылым үнемі негізге алынуға тиіс. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, саналуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.
40-50
жылдарда Абай өмірі мен
Қазіргі кезде, әдебиеттану және басқа қоғамдық ғылымдар идеологиялық қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, кең құлаш жаюға мүмкіндік алған жағдайда абайтану ғылымы жаңа белеске көтеріліп, жалғаса, толыға беруі керек. Абай творчествосының танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін еңбектер ғана абайтану ғылымын байыта түспек.
Абайтану ғылымына, Абай шығармашылығына соқпай, қалам тербетпей кеткен зерттеуші жоқтың қасы десе де болғандай. Ұлы Абай, кемеңгер Әуезов шығармашылығын көп зерттеген ғалым Айқын Нұрқатов Абай жайында былай дейді: «Өз дәуірінің, өз халқының нағыз ұлы, шын мәнісіндегі ұлттық ақыны болған кемеңгер Абай сонымен бірге бүкіл адам баласына тұтастай тән мәңгілік тақырыптарды мәңгі өшпестік дәрежеге көтеріп жырлай алды. Сондықтан оның ғажайып мұрасы болашақ сан ықлым буындармен де бірге мәңгі-бақи жасай бермек» /16.78-79/.
Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, тағылым алу, бүгінгі күннің тұрғысынан баға беру, тану іеі, үрдісі жалғасып келеді. Мұның бәрі абайтану ілімінің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес болып қосылатыны сөзсіз құбылыс. Демек қазіргі өткізіліп жатқан семинар, конференциялар т.б. іс-шаралардың қай-қайсысы болса да абайтану әлемін кеңіте түседі. Сондай жинақтың бірі Абай өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырларын танытатын «Абай және қазіргі заман» деп аталатын кітапты атауға болады. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бір топ ғалымдары құрастырған бұл кітапта да абайтану тарихына қатысты еңбектер мол деп айтуға болады. Академик Серік Қирабаев «Абайтанудың кезектегі міндеттері туралы» деп аталатын еңбегінде былай деп баға береді: «Абайдың шығармашылық өмірі -қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы. Сондықтан оның ақындық жолын зерттеу бүкіл ұлттық әдебиеттің даму, есею кезеңдерін зерттеумен тығыз байланысты. Қазақ әдебиетінің озық, демократтық дәстүрі, ұлттық әдеби, мәдени мұрамен байланысы, кейінгі ұрпаққа әсері — бәрі де Абайдың ақындық өнерін қарастыру үстінде кең талдануға тиіс нәрселер. Алайда, бұған дейін орын алып келген біздегі ұлттық мұраға деген көзқарас бұл іске белгілі дәрежеде кедергі жасап келді. Коммунистік идеология режимі қазақ халқының ұлттық әдебиетін хандық, феодалдық, таптық көзқарастармен шектеп, оны жинап жариялауға, кең көлемде зерттеуге жол бермеді. Көне дәуірлердегі түркі халықтарына ортақ мұраларымызды пантүркистік идеялармен қорқытып жаптырып, туысқан халықтармен байланыстың жолын жапты. Абайдан кейін туып демократтық, халықтық әдебиет дәстүрлерін отаршылдыққа қарсы азаттық жолындағы күреске ұластырған әдебиет өкілдерін ұлтшылдықпен айыптады. Осылардың ортасында бүкіл ұлттық әдебиеттің даму жолынан бөлініп алынып, оқшау, онда да орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсерін, туыстығын дәлелдеу үшін Абайды ғана үзіп-жұлып әңгіме еттік (оның өзі де бір жақты). Мұның бәрі қазақ әдебиеті тарихын, оның ішінде Абай шығармашылығын ұлттық дамудың өзекті мәселелерімен байланыстыра зерттеуге қолбайлау болғаны бүгін ешкімге де жасырын емес»/17.5/.
Информация о работе Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері