Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 13:48, реферат

Краткое описание

Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері Абай мұрасын тереңірек таныту. Адамзаттың алыбына айналған ірі тұлғаның өскен ортасын, Абай төңірегіндегі өнер адамдарын білдіру. Абайдың гуманистік ойларын, эстетикалық көзқарастарын, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ақындық мәдениетін білдіру. Абай шығармалары қазақ әдебиетін, оның бүкіл мәдениетін ғасырлық оқшаулану, мешеулік қалпынан шығарып, жоғары тарихи сатыға көтергендігін оқушыларға таныту.Абай шығармашылығын оқыту әдебиет пен мәдениетті ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білуге, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыруға негіз болады.

Содержание

І.Кіріспе


1.1 Абай шығармашылығын оқыту білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе

1.2 Абай шығармашылығын оқытудың мақсаты мен міндеттері

1.3 Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек.

ІІ.Негізгі бөлім:

2.1 Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың
ерекшеліктері.
2.2 Абай шығармаларын орта буын сыныптарында оқытудың
ерекшеліктері.

2.3 Абай шығармаларын жоғарғы сыныптарда оқытудың
ерекшеліктері.

ІІІ.Қорытынды

Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенмен боласың тең.

Вложенные файлы: 1 файл

Абай жоба 2014ж.docx

— 725.12 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар осы кітапта абайтануға өзіндік үлес қосып жүрген ғалым Жұмағали Ысмағұловтың «Абайтану белестері» деп аталатын еңбегінің де абайтану тарихына деген өз үлесі барын байқадық. Енді осы еңбектегі келесі бір мысалдардың үлгісін келтіре кетсек: «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы — халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.

Ақынның дүниеге келгеніне біржарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді»/18.108-109/.

Абайға баратын жол – ұзақ жол. Ол ешқашан таусылмайды. Заман өзгерген сайын, халықтың сана-сезіміне еркіндік самалы есіп, ақыл-есі желпінген сайын ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа бір қырларынан ашылып, жарқырай түспек. Демек, өз жолында жаңа бір олжалар тауып, тың жемістер теруге ұмтылу Абайға қарай сапар шеккен әрбір зерттеушінің абыройлы борышы болса керек.

Абай – данышпан. Сәбит Мұқанов Абай жөніндегі зерттеуінде: данышпанның бәрі ақын емес, ақынның бәрі данышпан емес. Ал Абайда осының екеуі де бар, — деген екен. Біз осыған қосымша айтар едік: Абай — жай ғана данышпан емес, түпсіз тереңнен толғайтын, талай замандардың ақыл-ойын бір басына сыйғызған ғұлама ғалым, кемеңгер данышпан.

 

 

Оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі :

  1. Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты. 1-кітап Алматы, 1998 ж.
  2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.                     Алматы, 2002 ж.
  3. Бағдарламалар. Әдебиет. 5-7-сыныптарға арналған. Алматы, 2003 ж.
  4. Бағдарламалар. Қазақ әдебиеті. 8-9-сыныптарға арналған. Алматы, 2004 ж.
  5. Бағдарламалар. Қазақ әдебиеті. 10-11-сыныптарға арналған. Алматы, 2006 ж.
  6. Бағдарламалар. 8-11-сыныптар үшін қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға арналған. Алматы, 2001 ж.
  7. Қ.Бітібаева Әдебиетті тереңдетіп оқыту. Алматы, 2000 ж.
  8. Әдебиет. 5-сынып (оқулық). Алматы «Атамұра», 2005 ж.
  9. Әдебиет. 6-сынып (оқулық). Алматы «Атамұра», 2006 ж.
  10. Әдебиет. 7-сынып (оқулық). Алматы «Атамұра», 2003 ж.
  11. Қазақ әдебиеті. 8-сынып (оқулық). Алматы «Мектеп», 2004 ж.
  12. Қазақ әдебиеті. 9-сынып (оқулық). Алматы «Мектеп», 2005 ж.
  13. Қазақ әдебиеті (ХІХ ғасыр). 10-сынып. Алматы «Мектеп», 2006 ж.
  14. Қазақ әдебиеті. 11-сынып (оқулық). Алматы «Мектеп», 2007 ж.

 

 

  1. Қ.Бітібаева «М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту». Алматы «Мектеп», 2002 ж.
  2. Қ.Бітібаева «Абай шығармаларын оқыту». Алматы «Мектеп», 2003 ж.
  3. Т.Жолдасова «М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі». Алматы «Ғылым», 2001 ж.
  4. Н.Керімтаев «Абай шығармаларын орта мектепте тереңдете оқыту бағдарламасы». Алматы «Мектеп», 2004 ж.
  5. «Абай» журналдары.
  6. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі». Алматы, 1995 ж.
  7. Р.Сыздықова «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1995 ж.
  8. Ғ.Есімов «Хакім Абай». Алматы, 1995 ж.
  9. Р.Сыздықова «Абай шығармаларының тілі». Алматы, 1978 ж.
  10. А.Машанов «Әл-Фараби және Абай». Алматы, 1996 ж.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Абай энциклопедиясы. «Атамұра», 1995 ж.
  2. Абай. «Қалың елім, қазағым». «Жалын», 1995 ж.
  3. Қ.Салғараұлы «Таным баспалдақтары». Алматы «Қазақстан», 1993 ж.
  4. Қ.Өмірәлиев «Абай афоризмі» Алматы «Қазақстан», 1993 ж.
  5. Абай «Қара сөз» Семей, 2007 ж.
  6. Абай «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...» Алматы, 2008 ж.
  7. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы (І, ІІ том).
  8. Абай сөзіне жазылған әндер (жинақ) 1954 ж.
  9. «Абай тағылымы» журналдар топтамасы.
  10. М.Әуезов «А.Құнанбайұлының өмірбаяны».
  11. Т.Абайұлы «Әкем туралы».
  12. М.Әуезов «Абайтану» дәрістері «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. Рауан, 1994 ж.
  13. М.Әуезов «А.Құнанбаев мақалалар мен зерттеулер» 1967 ж.
  14. М.Мырзахметов «Библиографиялық көрсеткіш» Ғылым, 1988 ж.
  15. Құнанбай бейнесі «Жұлдыз» журналы №8, 1994 ж.
  16. М.Әуезов«Абай мұрасы жайында» 30-том Алм., «Жібек жолы»2007ж.
  17. М.Әуезов «А.Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері» 31-том Алматы «Жібек жолы» 2008 ж.
  18. Абай-қазақтың ұлы ақыны 29-том Алматы «Жібек жолы» 2008 ж.
  19. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 1994 (№3-4), 1995 (№1-2).
  20. М.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар»Алматы, 1988ж.
  21. М.Әуезов А.Құнанбаев (мақалалар мен зерттеулер) Алматы, 1967 ж.
  22. А.Нұрқатов Мұхтар Әуезов творчествосы. Алматы, 1965 ж.
  23. З.Қабдолов «Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі».Алматы,1986ж.
  24. М.Әуезов «Әр жылдар ойлары». Алматы, 1958 ж.
  25. Ж.Ысмағұлов «Абай ақындық тағылымы». Алматы, 1994 ж.
  26. Қ.Мұхамедханов «Абайдың ақын шәкірттері». Алматы, 1993-1995 жж.
  27. Қ.Мырзахметов «Абайтану» тарихы. Алматы, 1994 ж.
  28. Қ.Мырзахметов «Абай және қазіргі заман» (жинақ) Алматы, 1994 ж.

 


Информация о работе Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері