Нарықтық экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 20:42, доклад

Краткое описание

Республикадағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы негізінен ұлттық экономика мен оның құрамына кіретін кәсіпорындардың тиімді қызмет етуін арттыруға бағытталған. Қазақстан экономикасы өзінің тәуелсіз азғана тарихында нарықтық қатынастарды қалыптастыруға байланысты әр түрлі жағдайлардың әсерін басынан өткізді.Ел үкіметінің жүргізген экономикалық саясатының шаралары жоспарлы экономикадан тез нарыққа көшуіне ықпал жасады. Өзгерістер көп күтпеген жағдайлар туғызды. Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі этапы нарықтық қатынастарға көшумен, өзгеріп тұратын экономикалық ортамен, және күрделі басқару проблемаларының болуымен байланысты түбірлі өзгерістермен сипатталады.Мемлекеттік кәсіпорынның орталықтан басқарылмауы қаржылық жоспарлау, баға қалыптастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жалақы төлеу сияқты көптеген мәселелерді өз бетінше шешу қажеттілігн тудырды.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 26.78 Кб (Скачать файл)

Республикадағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы негізінен ұлттық экономика мен оның құрамына кіретін кәсіпорындардың тиімді қызмет етуін арттыруға бағытталған. Қазақстан экономикасы өзінің тәуелсіз азғана тарихында нарықтық қатынастарды қалыптастыруға байланысты әр түрлі жағдайлардың әсерін басынан өткізді.Ел үкіметінің жүргізген экономикалық саясатының шаралары жоспарлы экономикадан тез нарыққа көшуіне ықпал жасады. Өзгерістер көп күтпеген жағдайлар туғызды.

Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі этапы нарықтық қатынастарға көшумен, өзгеріп тұратын экономикалық ортамен, және күрделі басқару проблемаларының болуымен байланысты түбірлі өзгерістермен сипатталады.Мемлекеттік кәсіпорынның орталықтан басқарылмауы қаржылық жоспарлау, баға қалыптастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жалақы төлеу сияқты көптеген мәселелерді өз бетінше шешу қажеттілігн тудырды.Сонымен бірге кәсіпорынға ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктелді.Көптеген кәсіпорындар қалыптасқан нарықтық экономиканың  әсерінен көптеген қиындықтарға  тап болып, дағдарыстық жағдайға ұшырауда.

Қазақстан экономикасындағы түбегейлі өзгерістер кәсіпорын басшылығының алдына қаржылық сауықтыру мәселесін қойды.Өйткені оның негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жатыр.Шаруашылық жүргізудің нысанына қарамастан кәсіпорындардың жоғары қаржылық нәтижеге қол жеткізуге, экономикалық және өндірістік потенциалын дұрыс бағалау қажеттілігіне,қаражаттарын рационалды ұйымдастыру мен оларды тиімді пайдалануға деген қызығушылықтары күннен-күнге артуда.

Қаржылық тұрақтылықты берік қылу,төлемқабілеттілігі төмен жағдайдан кәсіпорын экономикасын алып шығу, өнеркәсіптік өндірістің деңгейін тұрақтандыру мәселелері Қазақстан экономикасы үшін өзекті мәселелер қатарына жатады.

Көптеген жағдайларда кәсіпорын қызметінің тиімсіздігі есеп айырысу – төлем тәртібінің бұзылуымен,өндірістің айналмалы қаражаттармен толыққанды қамтамасыз етілмеуімен,ақшалай тапшылықтың болуымен байланысты.

Нарықтық экономикада кәсіпорынның тұрақты жағдайының негізі болып оның қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері табылады.Ол өндірістің әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың жағдайын көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылықтың төмен деңгейі кәсіпорында өндірісті дамытуға деген қаражаттардың жетіспеуіне,төлем қабілеттілігінің төмендеуіне,кейбір жағдайда банкротқа алып келеді.

Кәсіпорынның басты мақсаты – көлемді пайда табу.Ол тек қана жағымды сыртқы факторларды пайдалану есебінен ғана емес, ең бірінші

оның  меншігіндегі әр түрлі ресурстарды тиімді пайдалану есебінен де болуы мүмкін.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте  болуымен байланысты.

  Бүкіл әлемде кәсіпорындар  пайда табу мақсатымен құрылады.Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізудің негізгі принциптері түбегейлі өзгеріске ұшырады.Біздің экономика әміршіл-әкімшіл жүйеден нарықтық жүйеге өтті. Нарық жағдайында әрбір кәсіпорынның алдына қойған мақсаты неғұрлым көп пайда табу.

  Егер әміршіл-әкімшіл жүйеде  кәсіпорындардың қызметі қатаң  орталықтандырылған жоспар негізінде  жүзеге асырылса нарықтық жүйеде  әрбір мекеме тұрақты дамуы  үшін,көп көлемде пайда табуы  үшін өз бетінше тиімді қызмет  етуі керек.Яғни шаруашылықты әміршіл-әкімшіл әдіспен ұйымдастыру өндірушінің үстемділігіне негізделді.Әрине бұндай жағдайда нарықтық механизм қажет емес.Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар орталық органдардың шешімі арқылы анықталды.Бұнда барлығы алдын-ала баланс құру арқылы есептелді.Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру,кімге өндіру және қандай бағамен өндіру керектігін бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады.Ал нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген,бұл сұрақтар қарапайым түрде шешіледі:тауар өндірушілер мен тұтынушылар нарықта кездеседі,сөйтіп өндірістің көлемі мен бағасын анықтайды.

  Меншік формасының тең құқылы  және алуан түрлі болуына негізделген  нарықтық  экономика  адамды  қожайын =  кәсіпкерге айналдыра отырып,жауапкершілік  сезімін оятады,өйткені ол өз  пайдасына жұмыс істей бастайды.Ол алуан түрлі талап-тілектерімен қоса тұтынушыны алдыңғы орынға қояды.

  Кәсіпорындардың шаруашылық  қызметі сол уақытта әрекет  етіп отырған экономикалық жүйенің принциптері мен заңдылықтары  шеңберінде жүзеге асырылады  /1/ 

Әміршіл-әкімшіл жүйе кезінде тауар тапшылығы орын алған болатын.Ал қазіргі уақытта тауарлар да, ұсынылатын қызмет түрлері де артты.Бүгінгі таңда нарықтық механизмнің бәсеке принципі кеңінен таралып отыр.Әрбір кәсіпорын тиімді жұмыс істеу үшін біртектес өнім өндірушілермен бәсекеге түсіп,әлдебір артықшылықтарының негізінде озып шығуы үшін көптеген күш жұмсауда.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі оның  қаржылық тұрақтылығының кепілі болып табылады.Бұл жағдайда тұрақтылықты қамтамасыз ету механизміне оның бәсекеқабілеттілігін жатқызсақ болады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең негізгі бағыттарының бірі болып бәсекеқабілеттілігін арттыру табылады.Жалпы алғанда кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі  оның жалпы қызметінің тиімділігіне тікелей тәуелді және пайдаланылатын технологиялық процестерге, маркетингтік қызметтің кәсіби ұйымдастырылуына, менеджментке,сондай-ақ басқа да экономикалық және технологиялық жағдайларға байланысты.

Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты факторлар әсер етеді:

-  өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық деңгейі;

-  жаңалықтар енгізу мен жаңашылдықтарды пайдалану;

-  қазіргі заманға сай автоматтандырылған  өндіріс құралдарын енгізу және т.б

Бүгінгі  таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен байланысын қамтамасыз ететін бәсекеқабілетті басқару жүйесін құру.Оның негізгі қағидасы – бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдауда негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде жаңа технологияны енгізу, материалдық-техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалық бағыттарын анықтау түсініледі.Ол мақсатқа жету стратегиялық жоспарламаны талап етеді.Әрбір стратегия – бұл кәсіпорынды дамыту болжамының нәтижесі.Стратегия таңдауда көптеген факторлар әсер етеді: тұтынушылар мұқтаждығы, технологиялық өзгерістер,бәсеке күші, кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері тағы басқа әлеуметтік,саяси жағдайлар.

Кәсіпорында стратегия сыртқы орта мен ішкі мүмкіндіктері арасында тепе теңдікті табу үшін қажет.Стратегияның басты ролі күнделікті өзгермелі нарық ортасының  талаптарына кәсіпорынды икемдеу және сыртқы орта әсеріне жауап ретінде реакцияларды нақтылаумен  түсіндіріледі.Ешқандай кәсіпорын өзінің қызметінің барлық саласындағы бәсекелестеріне қарағанда бәсекелік басымдылыққа жете алмайды.Дегенмен ол қандайда  болмасын белгілі бір  нарық шеңберінде  ұзақ мерзімдік перспективада өзінің күш-жігерін бәсекелестік басымдылыққа бағыттауы мүмкін.

Сондықтан да нарық жағдайларының даму тенденцияларына сәйкес келетін және де кәсіпорын қызметінің күшті жақтарын тиімді әдістер арқылы пайдалануға мүмкіндік беретін бәсекелік артықшылық пен стратегияны анықтаудың маңызы зор.

Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін келесідей үлгіде көрсетуге болады:

-  кәсіпорынның сыртқы ортада  жүзеге асыратын атап айтқанда  тауарлық, баға белгілеу, жабдықтаушылармен  қарым – қатынас,ақша және бағалы қағаздар нарығындағы іс - әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету, сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.

-  кәсіпорынның ішкі ортасында  жүзеге асырылатын, яғни өндіріс шығындарын төмендету, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді ынталандыру, ақпаратпен қамтамсыз ету стратегиялары.

  Таурлы стратегияның негізгі  міндеттеріне  - стратегиялық перспективада  кәсіпорынның перспективті міндеттерін  өзіндік ресурстар және нарықтық  потенциалды мүмкіндіктерімен үйлесуі,тауар  сұранысының өмірлік циклдерін  талдау,кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін  жоғарылатуды қамтамасыз ететін тауар ассортиментін қалыптастырудың ережелерін әзірлеу жатады.

  Баға белгілеу стратегиясының  негізгі мақсаты – нарықтың  әр түрлі сегменттерінде кәсіпорындардың әрекетін анықтау және тиімді баға саясатының көмегімен өз тауарларына тұтынушыларды тарту,сонымен қатар потенциялды сатып алушылардың  тұрақты тұтынушылық талғамдарын қалыптастыру.

  Жабдықтаушылармен өзара қарым  – қатынас страиегиясы қағидалы  ережелер жиынтығынан тұрады.Бұл ресурстарды тиімді бөлудің негізінде шикізат,құрал-жабдықтар және басқа да өндіріс ресурстарымен қамтамасыз неғұрлым мол артықшылығы бар жабдықтаушыларды таңдауға мүмкіндік береді.

  Ақша және бағалы қағаздар  нарығындағы іс - әрекет стратегиясының  басты мақсаты – кәсіпорынның  тұрақты қаржы статусын қалыптастыруды  көздеуі тиіс.

  Трансакциялық шығындарды төмендету  стратегиясы жасалатынкелісімдер  мен келісім-шарттардың «осалдылығынан  әсер ететін әр түрлі дәлелсіз,сенімсіз заңды казустер ақпараттардың орын алуына жол бермейтін әр түрлі нарықтық трансакцияларды жасау мен дайындау процесінің регламентін құруға негізделген.

  Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық  қызметінің стратегиясы сыртқы  нарыққа тауарлар мен қызметтерді  экспорттаушы әрі импорттаушы роліндегі іс-әрекеттің әдістері мен ережелерін жасап шығаруға бағытталған .

  Өндірістік шығындарды төмендету стратегиясы өндірістік шығындарды азайту есебінен уәсіпорындардың бәсекеқабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған.

  Кәсіпорыннң инвестициялық қызметінің  стратегиясы материалды – техникалық және таурлы – материалдық қорларды кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін ұдайы жоғарылауын қамтамасыз ететіндей деңгейде ұстап тұрудың бағыттары мен әдістерін таңдауда жатыр.

  Персоналды ынталандыру стратегшиясы  тиімді, жоғары сапалы.Әрі дер  кезінде нарық талаптарын қанағаттандыратын  жағдайда персоналдың қызығушылығын  туғызатындай жағдайларды жасауға  бағытталған.Ынталандыру механизмі кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін  жоғарылатуға бағытталуы тиіс.

  Ақпаратпен қамтамасыз ету  стратегиясы өз кезегінде бәсекеқабілеттілікті  жоғарылату шараларының арасында  байланыстырушы буын қызметін  атқарады.

  Сонымен кәсіпорынның бәсекеқабілетті  басқару жүйесін қалыптастыру  кезінде кәсіпорын тиімділігінің  меншік формасымен байланыстылығын,бәсекелестік потенциялын,ұйымдастырушылық – басқарушылық қатынастардың белсенділігін және дамуын, нарықтық қатынастар жүйесіндегі кәсіпорынның стратегиялық бағыт-бағдарын,маркетингтік дамуын ескеру қажет.

  Сондықтан қатал бәсеке жағдайында кез келген кәсіпорындардың  тек ішкі жағдайына ғана емес, сондай-ақ айналасында болып жатқан өзгерістерге мүмкіндік беретін бәсекеқабілетті басқару жүйесі мен стратегиясын құрастыру және жүзеге асыру, кәсіпорындар үшін ғана емес, тұтастай алғанда мемлекеттің де дамып,өркендеуіне септігін тигізеді.

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ оригинал

Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі этапы нарықтық қатынастарға көшумен, өзгеріп тұратын экономикалық ортамен, және күрделі басқару проблемаларының болуымен байланысты түбірлі өзгерістермен сипатталады.Мемлекеттік кәсіпорынның орталықтан басқарылмауы қаржылық жоспарлау, баға қалыптастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жалақы төлеу сияқты көптеген мәселелерді өз бетінше шешу қажеттілігн тудырды.Сонымен бірге кәсіпорынға ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктелді.Көптеген кәсіпорындар қалыптасқан нарықтық экономиканың  әсерінен көптеген қиындықтарға  тап болып, дағдарыстық жағдайға ұшырауда.

Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономикалық негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.

            Нарық дегеніміз не? Басында нарық  дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын,нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған қоғамды нарық деген міндетті түрде сатышулар мен сатып алушылар кездесіп,келісім жасайтын орын емес.Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады,сатып алушылармен тікелей байланыспай–ақ, олардың тапсырыстарын телефонмен жинап, тауарларды пошта арқылы жібере алады.      Нарық – қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.

Информация о работе Нарықтық экономика