Пәнге жалпы кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 13:02, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы салалардың жылдам диверсификациялық дамуы және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты. Осының ішінде қоғамдық тамақтану саласының дамуы тиімді үрдіс болып табылады. Себебі, ол біріншіден халықты жұмыспен қамтамасыз етсе, екінші жағынан экономикалық өсу үшін белгілі бір мөлшердегі үлесін қосады. Жалпы қоғамдық тамақтану саласы саудалық қызметке жатады.

Содержание

Пән өзектілігі.
Мейрамхана бизнесіндегі маркетингке жалпы шолу.

Вложенные файлы: 1 файл

1 Пәнге жалпы кіріспе.docx

— 45.34 Кб (Скачать файл)

 

     

Маркетингтік  зерттеу жүргізуде ақпаратты  жинау мен өңдеу – оның әдістемелік  негізіне жатады.  

Маркетингтік  зерттеу моделі – заңнамалық дамуды анықтайтын нарықтағы үрдістердің, сонымен қатар ішкі байланыс, пропорция, тенденция және күштер мен факторларды реттеп отыратын иммитация. Практикада маркетингтік зерттеуде әдістер мен модельдер жиі қолданылады. Маркетингтік әдістер мен модельдерге Портердің 5 күшін жатқызуға болады.     

Маркетингтік  зерттеуде статистикалық әдістер  көп қолданылады:

  • Вариациялық және динамикалық қатарларды талдау;
  • Жіктеу мен топтау;
  • Индекстік әдіс;
  • Дисперсионды талдау;
  • Компонентті талдау;
  • Факторлық талдау;
  • Дискриминантты талдау;
  • Сараптық бағалау әдісі;
  • Корреляциялық-регрессивті талдау;
  • Графикалық талдау;
  • Фрейдтік моделі;
  • Көпфакторларлы-статистикалық модель;
  • Болжау;
  • Құрылымды талдау;
  • Баланстық әдіс;
  • Икемділікті талдау.

 

    Осы әдістерді қолдана отырып, регрессивтік талдау арқылы регрессивтік модель құрылады. Топтау әдісі арқылы нарық картасы құрылады.     

Практикада  маркетингтік зерттеу нақты мәселені шешуге негізделеді. Мейрамхана бизнесінде тиімді маркетингтік зерттеу жүргізу  үшін тұтынушылар пікірі құрастырылады. Ол көбінесе 90%-ға дейін жүргізіледі.  Мейрамхана бизнесінде жүретін зерттеу көбінесе нақты тұтынушыларға бейімделеді, яғни оларға қойылатын сұрақтар нақты қысқа және мағыналы болуы тиіс. Пікір сұрау келесі белгілер бойынша жіктеледі:

  • Ақпарат көздеріне байланысты:
    • Жалпы ақпарат;
    • Арнайы ақпарат.
  • Жүргізу жиілігіне байланысты:
    • Бірреттік;
    • Бірнеше реттік.
  • Қамту аумағы:
    • Жалпы;
    • Таңдаулы түрде (топ).

 

    Таңдау  бойынша жүргізілетін пікір сұрауда  фокус-топ деп аталатын әдіс қолданылады. Тәжірибе бойынша маркетингте пікір сұраудың негізгі екі формасы қолданылады:

    • Сауалнама;
    • Интервью.

 

    Сауалнама жүргізуде міндетті түрде модератордың болуы қажет емес. Жүргізу барысында сауалнама жеке және арнайы топтармен жүргізілуі мүмкін, сонымен қатар сауалнама бетпе-бет және сырттай жүргізіледі.    

Тәжірибе  бойынша жүргізілген зерттеу  нәтижесі үнемі сенімді болмайды, сондықтан зерттеу барысында модератор бақылауды күшейтуі керек.    

Сауалнама ішінде альтернативті сұрақ болуы  мүмкін. Ол сұрақ екі нұсқадан тұрады. Мысалы «сіз ішімдіксіз өнімдерді ұнатасыз ба?», жауап «иә немесе жоқ». Көпнұсқалы сұрақтарды қолдану барысында арнайы шкалалар қолданылады. Олар:

    • Номиналды шкала;
    • Ломкерт шкаласы;
    • Степел шкаласы;
    • Интервалды шкала.

 

    Сауалнамада ашық және жабық сұрақтар да кездесуі мүмкін.     

Ашық  сұрақтар түрлері

Атауы

Сұрақтың қойылуы

Мысалы 

құрылымсыз

Кез келген түрдегі  жауапты қабылдайды

«біздің қонақ  үйге келесі жолы келгенде сізге қолайлы  жағдай жасау ұшін тағы не істей  аламыз?»

Ассоциацияны  таңдау

Тұтынушыларға бір сөзді айту арқылы онда қандай ассоциация қалыптасатыны зерттеледі

«мейрамханадағы қонақжайлылық» деген сөз сіз үшін қандай ассоциация қалыптастырады?

Суреттердің әсері

Тұтынушыдан мейрамхана туралы сурет салып беруді өтіну  немесе оған мейрамхана жайлы сурет  көрсету

Суретте мейрамхананың  қызметі мені толық қанағаттандырады деген сурет тұр, ал сізді ше?

Тақырыптық  тест

Көрсетілген картина  бойынша қысқа әңгіме құрастыру  керек

Картинкада  мейрамханада отырған екі адам көрсетілген, сіз осы жағдайды әңгімелеп беріңіз


 

     

Сауалнама сұрақтарын қорытынды сұрақтар аяқтайды. Ол сұрақтар респонденттің шаршағанын басатын психологиялық тұрғыдан болуы керек. Мысалы,  «біздің  әңгімеміз сізді шаршатқан жоқ  па?» және соңында респондентке қаржылай немесе сыйлық түрінде сыйақы беріледі.      

Мейрамхана  бизнесіндегі маркетингті тиімді қолдану  үшін экономикалық және математикалық  әдістер, статистикалық ақпараттар қолданылады. Сонымен қатар кәсіби мамандардың интуициясы, алдын ала  болжау, пікір сұрау деген сияқты сараптық бағалау да қолданылады.     

Сараптық  бағалауды кейде модальдық әдіс деп те атайды. Сараптық бағалау  маркетингтік ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Олар:

  • Нарықтық жағдайды болжауда;
  • Кәсіпорынның маркетингтік мақсатын анықтауда;
  • Оңтайлы маркетингтік шешім қабылдауда қолданылады.

 

    Сараптық  әдіс тиімділігі төмендегі факторларға  байланысты:

  • Сарапшының берген бағасының дәлдігі;
  • Сарапшының біліктілігі;
  • Сарапшының берген шешімі бойынша қорытынды жасау.

 

    Осы аталған факторларды ескере отырып, сараптық әдіс кезінде оларды тиімді пайдалану керек. Бұл әдістің  артықшылығы – объект туралы ақпарат аз болса да, әдіс қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы. Кемшіліктері:

  • Объектінің сапасы дұрыс екендігін растайтын ақпараттың кепілдемесі жоқ;
  • Пікір сұрау қиындығы және қолайсыздығы;
  • Нәтижені өңдеу қиындығы.

 

    Нақты келгенде сарапшылар мен көпшіліктің  көзқарасы сәйкес келмей жатады. Осы  жағдайда сарапшыны өте қатаң  тексеруден өткізу керек және содан  кейін ғана оны сараптау әдістеріне жіберу қажет.


Информация о работе Пәнге жалпы кіріспе