Адренергиялық заттар. Адренергиялық әсер етущі заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 16:04, творческая работа

Краткое описание

Адренергиялық жүйке жүйесі ағзаның қорғануы қажет жағдайлардағы әртүрлі қауіпті немесе күйзеліс кездерінде өте маңызды рөл ойнайды. Бұл кезде біз ең айқын ықпалдарын көрсетеміз: жүрек жұмысының күшеюі, жиілеуі, артериалды қысымның жоғарылауы, вазоконстрикция байқалады, гликолитикалық үрдістер күшейеді, яғни қант жоғарылайды, қарашық ұлғайады ж.т.б. Сонымен, қауіпті немесе күйзелістік жағдайлардан шығуға бағытталған реакциялар байқалады.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан-Ресей Медицина Университеті.pptx

— 146.61 Кб (Скачать файл)

Тимолол (Timololum) арутимол, оптимол. Тимолол жоғары белсенді таңдамалы емес β – адренотежегіш. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Артериялды гипертензия, жүректің ишемиялық аурулары, миокард инфарктісінің қайталануының алдын алуы үшін кезінде -10 мг-нан күніне 2 реттен, глаукома кезінде көз ішілік қысымды төмендету үшін – 0,25% және 0,5% көз тамшысы ретіндегі ерітіндіні конъюнктивалды қапшыққа енгіземіз. Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесі, жүрек жетіспеушілігі, брадикардия, атриовентрикулярлы тежелулер, жүктілік, емшекпен емізу. Жанама әсерлері. Брадикардия, артериалды гипотензия, бронхоспазм, лоқсу, іш өту, шаршағыштық, елестер. Шығарылу түрі. 0,1; 0,25 және 0,5% көз тамшысының ерітіндісі 2,5; 5 және 10 мл флаконда; 0,1% көз гелі 5 мл флаконда. Рецепт үлгісі. Rp.: Gel Timololi 0,1% - 5 ml D.S. Жоғарғы қабақ терісіне жағу қажет.  
 
 

Пиндолол (Pindololum), вискен. Пиндолол айқын белсенді таңдамалы емес β – адренотежегіштер болып табылады, ол айқын ішкі симпатомиметикалық белсенділікке ие. Антиангиналды, артмияға қарсы және антигипертензивті әсері бар. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Артериялды гипертензия, стенокардия, қарынша үстілік аритмиялар. Ішке 5-15 мг-нан тәулігіне 1-2 рет қолданады. Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесі, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлы тежелулер, айқын брадикардия, жүктілік, емшекпен емізу. Жанама әсерлері. Бронхоспазм. Атривентрикулярлы тежелулер, шеткері қан айналымның бұзылуы, ұйқысыздық, бас айналу, шаршағыштық, мазасыздық, ісінулер, диспепсиялық бұзылыстар, атралгия, миалгия. Шығарылу түрі. Таблеткада 5 мг N. 30. Надолол (Nadololum), коргард. Надолол ұзақ әсер ететін β – адренотежегіштер болып табылады. Басқа таңдамалы емес β – адренотежегіштерге қарағанда надолол бүйректік қан ағысын және шумақтық сүзгіштіктің жылдамдылығын төмендетпейді. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Стенокардия, артериялды гипертензияның ерте кезеңі, тахиаритмия. Ішке 10-40 мг-нан күніне 1 реттен тағайындайды. Кері көрсеткіштері. Декомпенсирленген жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок, айқын брадикардия, атривентрикулярлы тежелулер, шеткері қан айналымының бұзылуы, бронх демікпесі, қант диабеті, жүктілік, емшекпен емізу. Жанама әсерлері. Бронхоспазм, брадикардия, атривентрикулярлы тежелулер, ауыз құрғауы, диспепсиялық бұзылыстар, парестезия, ұйқысыздық, депрессия, елестер, бедеулік. Шығарылу түрі. 40 және 80 мг таблеткада N. 14, 20, 28, 30, 100. Проксодолол (Proxodololum) тамырларды кеңейткіш қасиеті бар β + α – адренотежегіш, гипертензияға, ишемияға және аритмияға қарсы әсер көрсетеді. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Артериялды гипертензия, стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі, глаукома. Ішке 30-120 мг-нан күніне 3-4 реттен; көктамырға 10-100 мг (1-10 мл) 1% ерітінді, сонымен қатар көз тамшысы. Кері көрсеткіштері. Айқын брадикардия, атриовентрикулярлы тежелулер, айқын жүрек жеткіліксіздігі, бронхообструктивті аурулар. Жанама әсерлері. Диспептиялық бұзылыстар, брадикардия, бас ауыруы, бас айналуы, эпигастралды аймақтың ауыру сезімі. Шығарылу түрі. 10 және 40 мг таблеткада N. 10; 1% ерітінді 5 және 10 мл ампулада және флаконда көк тамырға енгізуге арналған; 1 және 2% көз тамшысы ретінде туба-тамшыда 1,5 мл-ден және флаконда 5 және 10 мл-ден. 
 
 

Назараударғандарыңызға рахмет!!!!!!!!!!!!

 

1


Информация о работе Адренергиялық заттар. Адренергиялық әсер етущі заттар