Гендік модификацияланған организмдер өнімдерінің пайдасы мен зияны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 15:16, реферат

Краткое описание

Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер өнімдері (ГМО) жайлады. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Себебі ГМО-ның адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген. Әлемдегі елдердің көбісі, мысалы: Қытай, Жапония, Корея, АҚШ гендік модификацияланған азық-түлік өнімдерін өндіреді. Гендік модификацияланған тағам өнімдері жылдан-жылға еселеп өсіп келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Без имени 1.doc

— 56.50 Кб (Скачать файл)

Биология ғылымының  докторы, өсімдіктер биология және биотехнология  институтының клеткалық биология зертханасының меңгерушісі Бишембаева Нәзира Қозыкейқызы:

  • Бұл өнімдердің зиянын тексеріп жатырмыз. Қазақстанда бидайдың генін модификациялауға болмайды. Себебі, бидай — біздің экспорттық өніміміз. Егер де басқа елдер Қазақстанда трансгенді бидай шығарылады деп естісе, бізден бидайды алмай қояды. Биотехнология орталығында генді модификация бағдарламасы жасалуда. Біздің институт Қазақстанның ұлттық биотехнология орталығына жатады. Қазіргі таңда трансгенді объектілерді жасау технологиясы, бағдарламасы жасалуда. Яғни, гені модификацияланған өнімдердің адамның денсаулығына қандай зияны бар екені тексеріліп жатыр. Бағдарлама объектілері — күріш, мақта, соя, картоп т.б. өнімдерге ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда осы сала бойынша жұмыстар енді басталып жатыр. Осыған байланысты ГМО (гені модификацияланған) бағдарламасы енгізілді. Қазақстанда өндіріске ГМО өсімдіктерді шығаруға рұқсат беретін заң жоқ. Бірақ ғылыми жұмыстарға рұқсат етілгендіктен, осы салада ғалымдар жұмыс істеуде.

Биология ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменова Сәуле Ертайқызы:

  • Трансгенді өсімдіктер өсіретін жерде пайдалы жәндіктер жоғалуда. Мұндай зерттеулер міндетті түрде жүргізілу керек. Біз егер де ондай зерттеу жүргізбесек, гені модификацияланған өнім шығаратын елге тәуелді болып, бүкіл әлемнен артта қаламыз. Біздің елімізде егіс алқабы жеткілікті болғандықтан, мүмкіншілігіміз де зор. Қазіргі ұрпаққа гені модификацияланған өнімді бермеуге тырысуымыз керек. Жалпы, дәстүрлі әдіспен алған тағамды жеген дұрыс. Біздің елде отандық ГМО сорттар нарықта болмағанмен, шетелдік гені модификацияланған өнімдер бар. Мысалы, жүгері, соя, бұршақтың барлық түрі шетелден келеді. Олар айқас тозаңданатын болғандықтан, басқа өсімдіктерге беріледі. Дәстүрлі әдіспен өсірілген өсімдіктерге де ауысады. Мәселен, трансген арқылы арам шөптерге төзімді сорт алынса, бірақ одан мықты, төзімді арам шөптер шығуы мүмкін. Гендік инженериямен алынған өнім қауіпті. Трансгенді өнімнің адам ағзасына қалай әсер ететіні бірден білінбейді. Ал химиялық жолмен алынған материал аз уақыттың ішінде белгілі болады. Өзге генді енгізу арқылы жәндіктерге төзімді өсімдік алғанмен, одан да күшті зиян жәндіктер пайда болуы мүмкін. Ал трансгенді өсімдіктер өсіретін жерде ара сияқты т.б. пайдалы жәндіктер жоғалып кетеді.

Гендік модификацияланған өнімдер туралы білімі мен көзқарасын анықтау мақсатында 10-11 класс оқушылары арасында сауалнама жүргіздім.

Сауалнама төмендегі сұрақтардан  тұрды.

1. Гендік модификацияланған өнімдер  туралы білесіз бе?

2. ГМӨ-ді қолдануды қолдайсыз  ба?

3. Сатып алған азық-түлігіңіздің сақталу мерзімі мен маркасына мән бересіз бе?

4. Гендік модификацияланған өнімдерді  қаншалықты зиян деп санайсыз?

5. Гендік модификацияланған өнімдер  туралы көбірек білгіңіз келе  ме?

Сауалнаманы талдау нәтижесінде оқушылардың:

1. Гендік модификацияланған өнімдер туралы білетіні-48%

2. ГМӨ-ді қолдануды қолдайтындар-6%

3. Сатып алған азық-түлігіңіздің  сақталу мерзімі мен маркасына  мән беретіндер-60%

4. Гендік модификацияланған өнімдерді  зиян деп санайтындар-56%

5. Гендік модификацияланған өнімдер туралы көбірек білгісі келетіндер-80% құрады.

Сондай-ақ 10«А» және 10«Ә» класс  оқушыларының арасында «Жасанды өнімдер  керек пе?» тақырыбында дебат  өткіздім. 10«А» класс оқушылары  даттаушы топ, 10«Ә» класс оқушылары  жақтаушы топ болып пікір таластырды. Нәтижесінде оқушылар ГМО өнімдерінің пайдалы және зиянды жақтарын айтып, әр топ өз пікірлерін дәлелдеуге көптеген дәйектер келтірді және ГМО өнімдер туралы басқа оқушыларға көптеген мәліметтер берді.

Сонымен гендік модификацияланған  азық-түліктер XX ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі екендігін мойындай отырып, Ұлттық биотехнология орталығы, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ тағамтану академиясы ГМО-ның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға төндіретін қаупіне толыққанды баға беріп, ГМО өнімдердің адам ағзасына әсері ғылыми тұрғыда толық зерттеліп бітпейінше, әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге, жүкті аналарға ГМО өнімдерін қолданудан бас тартып, халқымыз өз денсаулығы мен тамағының сапасына аса қамқорлықпен қарауды ұсынамын.  

 


Информация о работе Гендік модификацияланған организмдер өнімдерінің пайдасы мен зияны