Генетика және қоршаған орта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2014 в 10:57, реферат

Краткое описание

Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануының генетикалық зардаптары
Экология- тіршілік ету мекені
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.
Табиғи ластану
Жасанды ластану
Атмосфераның радиоактивтi заттармен және атмосфераның физикалық әсерлермен ластануы
Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары және Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар
Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі
Адамның тұқымқуалайтын паталогиялық аурулары
Адамдағы тұқымқуалауды зерттеу әдістері
Ең көп тараған тұқымқуалайтын аурулары
Тұқымқуалайтын аурулардың алдын-алу шаралары
Тұқымқуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері.Генотерапия
Тұқым қуалайтын аурулардың салдары
Тұқымқуалайтын ауруларға жалпы шолу
Тұқым қуалайты ауруларды емдеудің негізгі принциптері
Тұқымқуалайтын ауруларды лабораторлы диагностикалау әдістері
Тұқымқуалайтын аурулардың алдын-алу жолдары
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Бегәділ Айжан - Генетика және қоршаған орта.docx

— 419.22 Кб (Скачать файл)

     Атмосфералық  ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне  тиедi. Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк  жоқ. Ол жасыл өсiмдіктердiң тiршiлiк  əрекеттерi нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер  су мен көмiрқышқылынан фотосинтез  процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал  басқа барлық тiрi организмдер  оттектi тек пайдаланушылар болып  есептеледi. Көмірқышқыл газы атмосфераға  тiрi организмдердің тыныс алуы, отын  түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың  ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл  газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен  жануарлар организмiне зиянды  əсер етеді.

Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.

Табиғи ластану.

Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.

    Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау  жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың  өртенуi, теңiз беттерiнен судың  булануы минералдық шаңның түзiлуiне  себеп болады. Органикалық шаң  ауада аэропланктондар — бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен  өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б. түрiнде  жəне өсiмдiктер мен жануарлардың  ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде  болады. Космостық шаң жанған  метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.Атмосфералық  шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр  процестер үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы  үшiн, олай болса жауын-шашынның  түзiлуiне əсер етедi. Бұнымен қатар  күн радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды. Жер бетiндегi заттардың биологиялық  ыдырауы, оның iшiндегi топырақ бактерияларының  тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң орасан  зор мөлшерiнiң түзiлуiне əкелiп  соғады.

Жасанды ластану.

     Атмосфераны  ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт  түрлерi, əсiресе автомобильдердiң  жанармайларының жану өнiмдерi болып  табылады. Есептеулер бойынша, (слайд) автомобильдерден бөлiнген газдардың  құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек оксидi -4%, көмiрсутектер  — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер  — 0,004, азот оксидтерi — 0,06%, күкiрт  оксидтерi — 0,006% барлығы 200 ге жақын  компоненттер бар екенiн анықтады. Атмосфераға транспорттардан бөлiнген  газдардың құрамында 25-27% қорғасын  болатыны анықталған.

      Қазiргi кезде  бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса  автомобиль жүрiп тұрса, үлкен  қалалардағы атмосфералық ауаның  тазалығын сақтау адамзат үшiн  қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын  үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде  — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр  мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т.с.с  отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Яғни физико-химиялық қоспалар  тыныс алу кезiнде адам мен  жануарларға аса зиянды.Келесі  ластаушыларымыз – жылу электр  станциялары. Қуаты орташа жылу  электр станциясы 1 сағатта 80 т көмiр  жағып, атмосфераға шамамен 5т күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның тазалығына  үлкен əсер ететiн жағылатын  отынның сапасы, жағу əдiстерi, газтазартқыш  қондырғылар мен қалдық бөлетiн  трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға  көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн  бiршама азайтады. Зиянды газдарды  авиациялық транспорт та бөледi. Есептеулер бойынша, реактивтi самолеттер  ұшу кезiнде 1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көмiртек оксидi, 1,7 кг көмiрсутектер, 4,3 кг азот оксидтерi, 6,3 кг/м3 қатты  бөлшектер бөледi екен.

       Атлант  мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр  реактивтi самолет, 8 сағат ұшу кезiнде  осы уақытта 25000га жердiң орманы  бөлетiн оттектi жұмсайды екен. Атмосфераның  антропогендi ластану жолдары жылу  энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термоядролық қаруларды  сынау, т.б. арқылы жүредi. Бұлардың  əрқайсысы құрамы ондаған мың  компоненттерден тұратын түрлi қоспаларды  атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа  кеңiстiгiн ластайтын қосылыстар  көмiртек оксидтерi, күкiрт пен  азот қосылыстары, көмiрсутектер  мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна  көмiртек оксидi (СО), 20 млрд тонна  көмiрқышқыл газы, 150 млн тонна  күкiрт оксидi, 53 млн тонна азот  оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер  бөлiнедi.

        Биосфераның  ауыр металдармен ластануы —  ғылыми техникалық прогресстiң  аса маңызды проблемаларының  бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер  бойынша бүкiл адамзат қоғамы  кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген  болса, оның түрлi техника, құрал  жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға  таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген  сынап пен қорғасынның 80-90% биосфераға  таралған. Көмiр жанған кезде күл  жəне түрлi газдармен бiрге қоршаған  ортаға таралатын кейбiр элементтердiң  мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен  де асып түседi.

      Ауаның  ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды  əсерiн тигiзедi. Көмiрқышқыл газы  инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн  сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға  жеткенде қоршаған ортадағы жалпы  температураның жоғарылауына əкелiп  соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның  мөлшерi (көлем бойынша) 20%, бiрақ ол  Жер бетiн күн радиациясынан  қорғап тұрады жəне бактерицидтiк  қасиетi бар.

      Атмосфераның  күкiрттi қосылыстармен ластануы  қазiргi таңдағы аса маңызды проблемалардың  бiрi болып отыр. Қышқыл жаңбырлар  ағаштар мен ауыл шаруашылық  дақылдарының өсуiн тежейдi. Атмосфераға  бөлiнген ауыр металдар заттардың  табиғи айналымына қосылып, су  мен топырақта көп мөлшерде  жинақталып тiршiлiкке үлкен зиян  келтiредi. Мышьяк пен хром рак  ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм  өлiмге ұшырайды.

 

                           Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы

Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиациялық əсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер — радиоактивтi ыдырау кезінде бөлiнетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл сəулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адам организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесстердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.

Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қарапайым космостық сəулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi.

          Атмосфера радиоактивтi заттармен  əсiресе, атом жəне сутектi бомбалардың  жарылуы кезiнде ластанады.

Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т.с.с.

1945 жылы августа Жапонияның  Хиросима мен Нагосаки қалаларында  жарылған атом бомбаларының зардаптары  əлi күнге дейiн сақталуда. 1949жылы  Семей жеріндегі ядролық сынақтың  зардаптары да әлі сезілуде. 1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк  сүйгiш мемлекеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос  кеңiстiгiнде жəне су астында  сынауға тыйым салу туралы  келiсiмге (менорандум) қол қойды. Қазірде  Қазақстан ядролық қарудан бас  тартқан алғаш ел ретінде танылып  отыр.

                                  Атмосфераның физикалық әсерлермен  ластануы 

  Электромагниттi өрiстер

        Қазірде  электромагниттi өрiстердегі ионданбайтын  сәуле шығарулар адамзаттың қоршаған  экологиясында өте көкейкестi сұрақтардың  біріне айналды, әсіресе бұл жерде  қазiргi тұрмыстық техника, ұялы телефондар, плеер, компьютер сияқты құралдардың  әлсiз және аса әлсiз электромагниттік  өрістерді шығаратындығын ескеру  қажет.

Қазіргі қолданыста жүрген тұрмыстық техниканың шығаратын әлсіз ЭМ тербелістерінің қоршаған ортаға, сау адамға, оның организміне ұзақ әсерiн анықтаудың сенiмдi құралдары жоққа тән.

 Фондық электромагниттік  өрістер

     Электромагниттi өрiс деп ұзақ уақыт бойы  тірі және тiрi емес объектілерге  әсер ететiн жасанды және табиғи  сипаттағы ионданбайтын сәуле  шығаруды айтады.Табиғатта табиғи  сипаттағы электромагниттік өрiстер  бар. Табиғаттағы төмен жиiлiктi (жүздеген  килоГцке дейінгі) ЭМ толқындарға  мыналар жатады: атмосфералық электр, табиғи тау жыныстарының табиғи  магнетизмi; теңiз суының қайтуы  және тасуы құбылыстары; жердегi магнитосфераға күн желінiң әсерi; атмосфералық электрдiң жылжымалы  зарядтарымен әрекеттесетiн ғарыштық  бөлшектердiң әр түрлi ағындары; полярлық  жарқыраулар.Аталған электромагниттік  толқындар көздерiнің арасында, атмосфералық  электр эрісінiң көздерiн 0,003-30 МГц  жиiлiктерi аралықтарында санау керек.

       Радиоэлектронды  құралдардың ЭМ өрiстерi.

      Жасанды  сипаттағы электромагниттік толқындарға  радиоэлектронды құралдардың шығаратын  толқындарын жатқызамыз.  Радиотолқындар  басқа электромагниттік өріс  толқындарымен салыстырғанда аса  жоғары қуатты, ұзақ уақыт бойы  үздiксiз ағымда жұмыс iстеу үшiн  арналған. Радио және телестанцияның  негiзгi міндеті қоршаған кеңiстiкке  ЭМ өріс толқындарын тиiмдi шығару  болып табылады, сондықтан да  оны қоршаған ортаға және адамдарға  қолайсыз әсер етуші бастапқы  фактор ретінде қарау керек. Мұндай  ЭМ өріс шығарған толқындар  адамдардың басым көпшілігіне  әсер етеді.

Санитарлық талаптарға сай, адамдар тұратын ғимараттарда, емдiк, мәдени, бала оқытатын мектептер және орта білім беру оқу орындарында ЭМ өріс әсерін ұзақ уақыт пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Ұялы байланыс құралдарының қазiргi адамдардың күнделiктi өмiрiне жаппай енгiзілуі оның зиянды әсерін ескеру қажеттілігінен туындаған басты мәселе болып тұр.Негізінен ұялы телефондардың шығаратын әлсіз ЭМ өрістерінің адам организміне зияны бар екендігі кеңінен талқылануда.

      Энергетика  және электрлік көлiк. Электрлік  көлiк бүгiнде өмiрдiң ажырамас  бөлiгіне айналды, дегенмен оның  адам денсаулығына әсеріне басты  назар аударылмайды. Көп жағдайларда, жолаушылар электрлік көлiктiң  электромагниттiк қауiпсiздiгiнiң  дәрежесi жайлы ойланбайды.Зерттеулері  нәтижесінде электрлік көлiктiң  әсері оны пайдалану жағдайында  мүмкіндігінше өзгеретіндігі анықталған. Яғни көліктің жылдамдық алуы  мен тоқтауының 0,01 – 50Гц аралықтарында  қозғалыс кезіндегі магниттiк  индукциясының мәні төмендегідей  өзгереді: троллейбустардың жүргiзушiлерiнiң  кабиналарында – 49 – 325 мкТл, трамвайлардың  жүргiзушiлерiнiң кабиналарындағы  – 160 – 220 мкТл, жолаушылар салондарда - 265 мкТл-ға дейiн, қаладан тыс  электрлік көліктерде – 75 – 85 мкТл-ға  дейін.

       Компьютер  және кеңсе техникасы. Адам ағзасына  зиянды әсері жағынан дербес  компьютерлер ұялы байланыстың  сенiмдi бақталастары болып табылады. Зерттеулер, ДК-мен жұмыстың 45 минутынан  кейiн қолданушылар организмінде  маңызды шамадан тыс жүктеулер  айқындалатындығын көрсетедi.

      Қазiргi заманда  кеңсе үшiн маңызды техникалық  құралдар компьютер, телефон, ксерокс  – адам ағзасына өте қауіпті. Компьютердің жүйелік блогы мен  мониторынан шығарылатын электромагниттi сәулеленулер компьютердің айналасына  толық таратылады, қауіпті электромагниттік  өріс аймағы 2,5 м-ге дейін жетуі  мүмкін.

         Тұрмыстық техника. Қазiргi тұрмыстық  техника бүгінгі күнде адам  үшін электромагниттік сәуле  шығару көзі болып қалуда. Электр  тогымен коректенетін барлық  тұрмыстық техника электромагниттік  өріс көздері болып табылады. Ең қуаттысы – ультратолқынды  пештер, аэрогриль, электрлік плиткалар. Ультратолқынды пештерден (УТП) басқа  барлық тұрмыстық техника жиілігі 50Гц электромагниттік толқындарды  пайдаланады. УТП-терде жұмысшы жиілігі 24ГГЦ-тi құрайтын өрiстiк арнайы  ультратолқынды өріс генераторлары  қолданылады.

Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру  жөніндегі шаралар:

  • -қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
  • -табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
  • -мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;
  • -қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
  • -жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
  • -Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
  • -биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
  • -ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;
  • -табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
  • -антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
  • -өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
  • -экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
  • -өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
  • -халықаралық ынтымақтастықты кеңейту   жолымен іске асырылады.

        Генетикалық  өзгерген организмдердің пайдаланылуына  және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен  текті зиянды организмдердің  әкелінуін немесе өз бетімен  енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында  генетикалық өзгерген организмдердің  пайдаланылуына бақылау жасауды  ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік  және бөтен текті зиянды организмдердің  әкелінуі мен таралуын болдырмауына  бақылау жасау жөніндегі шаралардың  қабылдануы мынадай жолмен жүзеге  асырылатын болады:

  • -өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
  • -карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру;
  • -ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау;
  • -генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді бақылаусыз әкелудің алдын алу  жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру.

Информация о работе Генетика және қоршаған орта