Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 09:29, реферат
Мәнжазбаны жазудағы негізгі мақсат: денсаулық сақтау саласындағы басқару әдістеріне түсінік бере отырып, олардың тиімділігін және ҚР денсаулық сақтау саласын басқарудың қазіргі жағдайы мен ұзақ өмір сүру көрсеткіштерін анықтап, Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау кезеңдеріне сипаттама беру.
Мәнжазбаның мақсатына орай оған келесідей міндеттер қойылады: денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыруды, медициналық көмекті өңірлік теңестіру жолдарын қарастыру; қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әділ қол жеткізуін қамтамасыз ететін бағдарламаларға тоқталу;денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтап, оларға талдау жасау.
Кіріспе
1. Денсаулық – адам өмірінің кепілі
2. ҚР денсаулық сақтау саласын басқарудың қазіргі жағдайы мен ұзақ өмір сүру көрсеткіштері
3. Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Әлеуметтік саясаттың басты бағыты-денсаулық сақтау. Өмір сапасы және адамның жанжақты дамуы – бұл санаттар экономикалық өсу және қоғамның дамуы проблемаларының қазіргі заманғы тәсілдерінің мазмұндық сипаттамасын құрайды
Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық – техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі технологияларын еңгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін еңгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанныңденсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.
Мәнжазбаны жазудағы негізгі мақсат: денсаулық сақтау саласындағы басқару әдістеріне түсінік бере отырып, олардың тиімділігін және ҚР денсаулық сақтау саласын басқарудың қазіргі жағдайы мен ұзақ өмір сүру көрсеткіштерін анықтап, Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау кезеңдеріне сипаттама беру.
Мәнжазбаның мақсатына орай оған келесідей міндеттер қойылады: денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыруды, медициналық көмекті өңірлік теңестіру жолдарын қарастыру; қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әділ қол жеткізуін қамтамасыз ететін бағдарламаларға тоқталу;денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтап, оларға талдау жасау.
Мәнжазбаның
құрылымы келесідей
Денсаулық сақтау саласының қарқынды және сәтті дамуы –мемлекетіміздегі әлеуметтік – экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына тікелей байланысты. Мемлекет үшін халықтың денсаулығын сақтау.
Өмір сапасы адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін субъективті бағалау ретінде анықтала бастады. Өмір сапасы проблемаларына жаңа қызығушылық тоқтамаған экономикалық дағдарысқа және әлемде әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтардың ушығуына байланысты соңғы жылдары туындады, бұл негізінен әлем елдерінің көпшілігінде халықтың нақты табыстарының төмендеуінен, мүліктік сараланудың тереңдеуінен көрінді.
Өмір сапасын сондай-ақ, адам үшін өмірлік маңызды жақтардың, процестердің және еңбек қызмет аспектісіндегі сияқты жалпы тіршілік қызметі аспектісіндегі оның қазіргі болмысын көрсететін белгілі бір сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастыру керек.
Қазіргі заманғы экономикалық
сөздік«өмір сапасы» деген
Қазіргі таңда денсаулық сақтау ісін дамыту институционалдық қайта құрылу, кадр әлеуетін дамыту, сапалы медициналық қызмет ұсыну кезеңіне еніп отыр. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру басымдық ала бастады. Кәсіби менеджерлер институтын және қазіргі замаңғы басқару технологияларын қоса алғанд, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың транспаренттік нысандарын кезең кезеңімен еңгізу жалғасқан. Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерін міндетті түрде оқытуды қамтитын, денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы және тиімді әдістемелеріне ерекше назар аударылған.
Саланың экономикалық тиімділігін
бағалау жүйесін құру мақсатында
практикаға еңгізу үшін қазіргі заманғы
халықаралық әдіснамалық
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және өзге де орталық жергілікті атқарушы органдар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:
Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты мақсаты қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет саласын дамыту деп атап көрсетті.
2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдықта нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – міне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.
Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасынының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.
2015 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдық профилактикалық медицинаны күшейту мен денсаулық сақтаудың әлуметтік бағыттылығы болады.
Осы мақсатқа байланысты қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара байланыстың тиімділігі арттырылады, профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, емдеу және сауықтыру жетілдіріледі.
Жоғарыда санамаланған шаралар ана, бала және жалпы өлімнің азаюына ықпал етеді. «100 аурухана салу» жобасы шеңберінде салынып жатқан жаңа денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға қосу қолда бар төсек орнының қуатн орынды және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақтағы модельдің негізі көп бейінді ауруханалар болып табылады. Дәрі-дәрмектің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында емделушілерге дәріхана мен дәрі-дәрмекті таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуді реформалау жүргізіледі. Бұл шаралар амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуге фармацевтикалық нарық субъектілерінің көп санын, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту жолымен дәрі-дәрмек зарттарының халыққа нақты қол жетімділігін жақсартуға көмектеседі.
Тегін медициналық көмекиің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек тізбесін кезең-кезеңімен кеңейту жоспарлануда.
Медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, әсіресе алыс және жолы қиын өңірлердегі ауыл тұрғындары үшін көлік медицинасы, оның ішінде санитарлық авиация дамытылатын болады.
Медициналық, фармацевтикалық білімді дамыту, медицинада инновациялық технологияларды дамыту мен енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Бағдарламада ведомствааралық және сектораралық өзара іс-қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық , құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр.
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн.теңгені құрайды.
Жылдар бойынша |
Барлығы |
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
Басқа көздер |
2011 ж. |
65 262,7 |
64 700,3 |
562,4 |
|
2012 ж. |
79 966,9 |
75 312,1 |
454,8 |
4 200 |
2013 ж. |
74 059,4 |
69 367,9 |
491,5 |
4 200 |
2014 ж. |
79 086,1 |
74 290,5 |
595,6 |
4200 |
2015 ж. |
81 983,8 |
72 926,0 |
657,8 |
8400 |
барлығы |
380 358,9 |
356 596,8 |
2 762,1 |
21 000 |
Өмір сапасын қарастыру тұрғысынан маңыздылығы жағынан бірінші баңдарлама сөзсіз ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған құжат – 2011 – 2015 жылдар аралығында іске асырылуы есептелген «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
Осы бағдарламаның денсаулық
сақтаусаласындағы алдыңғы
Осы бағдарламаның сандық нысаналы индикаторларын қарастырамыз. Соңғыны іске асыру халықтың күтілетін өмірдің ұзақтығын 2013 жылға қарай 69,5 жасқа дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғайтуды көздейді. Бұл бағытта нәтиже айқын: егер 2010 жылдың нәтижелері бойынша көрсеткіш 68,4 жасты құраса, 2011 жылы – 69,0 болды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда жыныстар арасындағы көрсеткіштің айырмашылығы 2011 жылы 0,2 жасқа (2,4 ай) азайды.
Бағдарламаны құрастырушылар ана өлімінің төмендеуінің нысаналы көрсеткіштерін белгілеу кезінде сақ болды: 2013 жылға қарай 100 мың тірі туғандар 28,1 дейін, 2015 жылға қарай 24,5 дейін жеткізу жоспарланған болатын. Шын мәнінде бұдан бұрын қабылданған шаралар, сондай-ақ, өзге де факторлар бұл көрсеткішті күрт жақсартты және 2010 жылдың өзінде ол 100 мың тірі туғандарға 22,7, ал 2011 – 17,4 құрады, бұл ретте 2009 жылы өлім-жітім 36,8 болған еді.
Нәрестелер өлімінің төмендеуін 2013 жылға қарай 1000 тірі туғандарға 14,1 дейін, жылға қарай –12,3 дейін жеткізу жоспарланады. Іс жүзінде 2010 жылы көрсеткіш 1000 тірі туғандарға 16,54, ал 2011 – 14,84 құрады.
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2013 жылға қарай 1000 халыққа 8,14 дейін, 2015 жылға қарай –7,62 дейін төмендету жоспарланған. Шын мәнінде 2010 жылғы факт бойынша 1000 халыққа 8,9, 2011 – 8,7 өлім-жітім тіркелген.
Құрт ауруымен ауру ауруы 100 мың
халыққа 98,1 дейін, 2015 жылға қарай - 94,7
дейін төмендуге тиіс болатын. Іс
жүзінде бүгінде бұл