Протей бактериясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 10:19, реферат

Краткое описание

Протей туысының барлық өкілдері - ұсақ пішінді,бастары домаланған,перитрихтар, көлемі – 0,3-3 мк таяқшалар. Полиморфизмге бейім, жіп тәрізді, жұптасып немесе тізбек тәрізді орналасатын формалары байқалады. Олар өте белсенді қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Кейде қозғалмайтын, талшықтарынан айырылған түрлері де кездеседі. Протей-хемаорганотрофтылар. Оптималды температурасы 37 C, рН 7,2-7,4; өсу шекарасы 20С-ден 38С-ке дейін Протей сонымен қатар, токсикалық (эндотоксин өндіреді) және гемолитикалық қасиеттерге ие.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
а) Протей. Жалпы мағлұмат;
б) Proteus туыстастығының дифференциалды-диагностикалық көрінісі;
в) Микробиологиялық диагноз қою және емдеу шаралары;
г) Протей тудыратын ауруларға сипаттама.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

протей бактериясы.docx

— 332.46 Кб (Скачать файл)

Менингиттiң туындауы — адамдардың тығыз орналасуынан, тазалық сақтамаудан, сонымен қатар, ауруды тарататын  ошақтардың жақын болуынан.

Сондай-ақ, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен  де пайда болады.

Аурудың барысы.

Ауру бастапқы кезеңде екi түрге  бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын  бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық  синдромы.

Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10-12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады. Дене қызуы 40-қа жоғарылап, бұлшық еттер тырыса бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда сал болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа  қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитте орын алады.

Менингит — құрт ауруының түрi —  науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт  жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады.

Белгілері.

  •  Жоғары температура;
  • Бастың қатты ауыруы;
  • Мойынның шалқаюы. Баланың өңі кірмейді, сұлық жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды.
  • Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды;
  • Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі (томпайып кетеді);
  • Менингит кезінде құсу — осы ауруға тән құбылыс;
  • Кішкентай балаларда менингиттің алғашқы кезеңінде анықтау қиын. Бала түсініксіз жағдайда, тіпті анасы емізгенде де жылай береді («менингит жылауы»). Немесе бала ұйықтай береді;
  • Кейде талып қалады (құрысу), немесе дене қозғалысы да бір түрлі болып өзгереді;
  • Көбінесе баланың жағдайы бірте-бірте нашарлай бастайды, ол мүлде есінен танған кезде ғана тынышталады;
  • Туберкулез менингиті өте жай өрбиді, ол талай күндерге немесе апталарға созылады. Бұл аурудың басқа формалары анагұрлым тез — сағаттар немесе күнде

Емдеу жолдары.

Науқасқа жедел білікті медициналық  көмек керсетіңіз — бір минут  та кешеуілдетіп тұрмаңыз! Мүмкіндік болса, науқасты ауруханаға жеткізіңіз. Дәрігер келгенге дейін:

  • әр 4 сағат сайын 500 мг апмициллин салыңыз. Немесе әр 4 сағат сайын 1 млн ед. панициллин кристаллын салыңыз. Егер мүмкіндік болса, хлорамфеникол да беріңіз;
  • Ыстығы жоғары болған жағдайда (40°-тан астам) оны ылғал компресспен немесе ацетаминофенмен не аспиринмен түсіріңіз;
  • Егер баланың анасы туберкулезбен ауырса немесе баланың туберкулез менингитімен ауыруы мүмкін деп күдік туғызатын басқа да себептер болса, онда балаға оның салмағының әр 5 килограмына шаққанда 0,2 мг келетіндей етіп стрептомицин шанышыңыз да бірден дәрігер шақырыңыз.
  • Сондай-ақ, егер туберкулездік менингит болмаса, ампициллинді немесепенициллинді пайдалануға болады.

 

 

Алдын алу.

Анасы туберкулезбен ауыратын жаңа туған сәбиде болатын туберкулездік  менингиттің алдын алу үшін сәбиге туған кезінде арнаулы вакцина  егілуге тиіс. Сәбилер үшін вакцина мелшері — 0,05 мл (қалыпты 0,1 мл мөлшердің жартысы).

 

Простатит.

Простатит- ер адамдардан несеп  шығару жолының бұзылуына байланысты түсетін шағымдарының үштен бір  себебі болып табылады. 
Созылмалы қабыну бедеулік себептерінің бірі болатыны кеңінен белгілі болса да, көпшілік адамдар «менде бәрі дұрыс» деп ойлағанды жөн көреді немесе «басылатын шығар» деп күтеді. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамдар өз денсаулығы бойынша медициналық көмекке өте сирек жүгінеді екен. «Ер адамды тексерілуге шақыру үлкен проблема тудырып отыр, өйткені тұтас қоғам сияқты, еркектер де бедеулік мәселесі тек әйелдерге байланысты деп санайды. Ал шын мәнінде бедеуліктің 50 пайызы ер адам ағзасындағы себептермен байланысты. Соңғы деректерге қарасақ, жағдай ушығып келеді. Ең қарапайым индикатор – ұрық донорларын іздеп табу. Тексерілуге келген жүз еркектің 6-7 ғана донор болуға жарайды», – деп әңгімеледі Қазақстандық өнімді медицина ассоциациясының президенті Вячеслав Локшин.

Сонымен, простатит – бұл  қуықасты безінің қабынуы (простата).

Төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1.Жедел бактериялық простатит.

 2.Созылмалы бактериялық простатит.

3.Созылмалы бактериялық простатит.

4. Қабынған созылмалы жамбас ауруының синдромы.

5.Қабынусыз созылмалы жамбас ауруының синдромы (простатодиния). 6.Ауру белгісі жоқ қабынған простатит.

 

Сырқаттың симптомдары мен клиникалық белгілері:

1.несеп шығаруда қиындық, жиі қысылу, қуықтың толық босамағанын сезіну, зәрде жүзіп жүрген жіптердің болуы;

2. жыныстық қатынастың бұзылуы, эрекция механизмінің бұзылуы – потенцияның төмендеуі немесе керісінше ұзақ уақытқы түнгі эрекция, ұрықты шапшаң шығару, оргазмның жоғалуы;

3. сегізкөзге, бұтаралыққа, әсіресе ұмаға ауырсынулар бері- 
леді;

4. бұтаралықта және үрпіде күйдіруді сезіну;

5. дефекация кезінде жағымсыз сезімдер және созылмалы үрпілік бөлінулер; 6. жалпы шаршағандықтың артуы;

7.психикалық жабырқау, тағы болатын асқынуларды күту, алаңдаушылық. Бұл симптомдардың қатар жүріп, бір уақытта байқалуы міндетті емес. Аурудың клиникалық көрінісі бір науқаста болсын, бірнеше науқаста болсын аса өзгерімпаз келеді.

 

Ауруға бейімделушілік факторлары:

1.Шығару жолдары және бұлшық ет элементтері құрылысының, простаттың қанмен қамтамасыз етілуінің туа біткен ерекшеліктері. Осыған байланысты оның бөлінділерінің қайтуы қиындап, ұсталып тұрып қалуға әкеледі де, қабынуға бейімдейді.

2.Гормон бұзылуы – жыныстық қатынассыз өмір сүретін, тіпті мастурбация жасамайтын жас адамның ағзасында дамуы мүмкін.

 

Қауіп факторлары:

- ағзаның жалпы тоңуы;

- үлкен дәреттің жиі шықпауы;

- отырып жұмыс істеу;

- ұзақ уақыт жыныстық қатынаста болмау немесе шектен тыс жыныстық белсенділік;

- аз қозғалыстағы өмір салты;

- ағзаның созылмалы қабынған аурулары және инфекцияның созылмалы ошақтары;

- венерологиялық және урологиялық аурулармен ауру;

- ағзаның иммундық жүйесін қысымға алып келетін кез келген иммундық жағдай.

Осы факторлардың барлығы микроағзалардың көбеюі мен қабыну процесінің дамуына әсер ететін микробтардың қуықасты бездерге енуін жеңілдетеді немесе кіші жамбас органдарының қанмен қамтамасыз етілуін тоқтатып, төмендетеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

  1. Протей – грамтеріс, спора түзбейтін, факультативті анаэробты  бактерия. Адамның ішек микрофлорасының қалыпты, шартты-патогенді өкілі.
  2. Протей туыстастығының үш түрі - proteus mirabilis, proteus vulgaris және proteus penneri адамдарға патогенді болып табылады, 75-90 % инфекция proteus mirabilis шақырылады.
  3. Протеймен шақырылатын ең жиі ішектік инфекциялар ерте жастағы балаларда кездеседі: иммунитеті әлсіреген немесе төмендеген. Тағы да протейндік инфекцияның себептері ешбір бақылаусыз антибиотиктерді жиі қабылдау болуы мүмкін. Ауру әдетте гастроэнтерит, гастрит, колиэнтерит түрінде өтеді. Іщектік инфекция кезінде дене қызуының көтерілуі, лоқсу, тәбеттің бұзылуымен және т.б.
  4. Басқа шартты-патогенді микроорганизмдермен қатар протей түрлі формадағы іріңді қабыну және септикалық ауруларды тудырады: цистит, пиелит, іріңді асқынулар, күйген беттер, флегмоналар, абцесстер,плеврит, пневмония, остеомиелит, менингит, сепсис.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Астана медицина университтеті» АҚ

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Протей бактериясы.

 

 

 

 

 

Қабылдаған:           

Орындаған: Қиясова А.

Тобы: 204-ҚДС

 

 

 

 

 

Астана 2013 жыл

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

а) Протей. Жалпы мағлұмат;

б) Proteus туыстастығының дифференциалды-диагностикалық көрінісі;

в) Микробиологиялық диагноз қою және емдеу шаралары;

г) Протей тудыратын ауруларға сипаттама.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Б.А. Рамазанова, Қ Құдайбергенұлы « Медициналық микробиология» Астана 2010.
  2. Бүкіләлемдік ғаламтор.

Информация о работе Протей бактериясы